𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
958 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
▪️ Бір адам құрбандыққа шалынатын малды сатып алып, басқа біреуге оны союды тапсырды. Ал сойған адам әдейі "БисмиЛләһ" айтпай сойды. Мұндай жағдайда малды сойған адам тапсырыс берушіге (малдың иесіне) сол қойдың құнын өтеуі тиіс. Сосын тапсырыс беруші (иесі) ол ақшасына басқа қой сатып алып, оны құрбандыққа шалады және оның етін садақа етеді, бірақ өзі одан жемейді.
📚Маджма' әд-доманат.

Canal:
https://t.me/taammul
✅ Қазір дүниенің сәндігі көздің жауын алып, майын тамызған таңдамыз. Қайбір ортаға бас сұғып, құлақ түрмесеңіз де елдің қолындағы мал мүліктің жыры. Осы нәрсенің қынжылтатыны бар еді.. Қазір ғана сүйікті тәпсір кітабым مفاتيح الغيب -тан осыған қатысты дөп басып айтылған Имам ар-Разидің (رحمه الله) сөздеріне куә бола сала үзіндісімен бөліскенді жөн көрдім. Мінекей:
Тақуалар залымдардың ғимараттары мен пасықтардың киіміне, көлігіне қызыға қараудан
өздерін қатаң тыйды. Өйткені олар бұл нәрселерді басқалар қызығып қарауы үшін істейді. Ал енді кімде-кім сол нәрселерге көзін салса, онда солардың мақсатына қол жеткізуіне ортақтасқан және солардың ары қарай да сол істерін жалғастыруына себепкер болған іспетті саналады (сөз соңы).. СубханаЛлаһ! Қоғам болып пасықтық пен азғындық иелерін шеттете алмағандықтан көз алдымызда олардың саны артып, зияны ұлғайып жатыр. Олардың иелігіндегі заттың өзіне емес, соны иелік етудегі табыс жолына зер салып, сол тараптан қарай алғанымызда қаншама кесірдің алдын алмақ екенбіз. Сол себепті ұстамды болайық! "Жаман жолға жетелейтін көз - өртке ұқсайды" демекші, аңғарып, не аңғармай болсын қоғамға зиянкес қауымның жәрдемшісі болып қалудан сақтанайық, құрметтілерім! #НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul
▫️Адамдардың сөзінен: "Кім Аллаһ Тағаланың ісінде болса, Аллаһ Тағала оның ісінде болады".
📚مفاتيح الغيب.


Canal:
https://t.me/taammul
💠وَلَا تَمُدَّنَّ عَيْنَيْكَ إِلَىٰ مَا مَتَّعْنَا بِهِۦٓ أَزْوَٰجًۭا مِّنْهُمْ زَهْرَةَ ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَا لِنَفْتِنَهُمْ فِيهِ ۚ وَرِزْقُ رَبِّكَ خَيْرٌۭ وَأَبْقَىٰ
💠Ол кәпірлердің бір бөлігіне оларды сынау үшін берген дүниедегі тіршіліктің жылтыраған сән-салтанатына қызығып көзіңді сүзбе! Раббыңның (өзіңе нәсіп еткен) нығметі мен ақиретте беретін ризық-несібесі әлдеқайда қайырлы һәм баянды (мәңгілік) болмақ ("Таһа", 131).


Аяттағы оларға дүниенің сынақ үшін берілгендігінің бірнеше түсіндірмесін келтірген Имам ар-Рази (رحمه الله):

✅ Ал үшінші түсіндірмеде Кәлби мен Муқатил былай деген: "Бұл - олардың жауапкершілігін (міндетін) күшейту үшін". Себебі дүниенің өзінде бола тұрып, одан бет бұрып, Аллаһ Тағалаға бет түзеу - дүниеден мүлде мақрұм болған кездегі бет бұрудан әлдеқайда қиын. Сондықтан да кедейлердің Аллаһ Тағалаға қызмет етіп, Оған жалбарынып, мұқтаждықпен мойынсұнуы байларға қарағанда көбірек болады. Сондай-ақ кімге дүние берілсе, соған байланысты көптеген міндеттер мен сынақтар жүктеледі; егер ол дүниеге ие болмағанда, ол міндеттер де оның мойнына жүктелмес еді. Өйткені күнә жасауға күші жететін адам үшін, олардан тыйылу - әлсіз, кедей адамға қарағанда әлдеқайда ауыр. Міне, осы тұрғыдан алғанда, дүниенің көп болуы - міндет пен жауапкершіліктің күшеюі болып саналады.
📚مفاتيح الغيب.

Canal:
https://t.me/taammul
➖'Иса бну Мәрьям (عليه السلام):
Дүниені Құдай етіп алмаңдар, әйтпесе ол сендерді өзіне құл етіп алады.

📚مفاتيح الغيب.


Canal:
https://t.me/taammul
➖ Әбу әд-Дәрда (رضي الله عنه):
Дүние - үйі жоқтың баспанасы, малы жоқтың мүлкі. Ал онда (дүниеде мал-мүлікті) жинайтындар ақылы болмағандар.

📚مفاتيح الغيب.


Canal:
https://t.me/taammul
➖Хасан әл-Басри (رحمه الله):
Адамдардың ақымақтығы болмағанда, дүние сөзсіз қирар еді.

📚مفاتيح الغيب.


Canal:
https://t.me/taammul
✅ Мешітте қайыр сұраушыларға садақа беруге болады ма? - деген сауалға Имам Бәдр әд-Дин әл-'Айни (رحمه الله):

Оның сөзі¹: "Мешітте сұраушыға (яғни садақа сұрағанға) беру харам делінген" - бұл Әбу Мути' әл-Бәлхидің пікірі. Ол әл-Хасан әл-Басриден келген мына риуаятқа сүйенеді: "Қиямет күні бір жаршы: “Аллаһқа ең жеккөрінішті болғандар тұрсын!” - деп айқай салады. Сонда мешіттерде садақа сұрағандар тұрады". Ал таңдаулы (дұрысырақ) пікір бойынша: егер сұраушы адамдардың үстінен (мойнынан аттап) өтпесе, намаз оқып тұрған адамның алдынан өтпесе, және қатты қыстап, мазаламай сұраса, онда оған садақа беруге болады. Себебі, Пайғамбарымыз ﷺ дәуірінде де мешітте садақа сұраушылар болған. Оның сөзі²: "Егер сұраушы осы үш істің бірін жасаса", яғни - адамдардың мойнын басып өтсе,
не намаз оқушының алдынан өтсе,
не кісілерді қыстап, мазаласа - онда оған беру харам. Өйткені бұл - адамдарға зиян келтіруге жәрдем беру болып саналады. Осы себепті Халяф ибн Аюб былай деген: "Егер мен қазы болсам, ондай адамға садақа бергеннің куәлігін қабыл етпес едім". Ал Исма'ил әл-Мустамли былай деген: "Бұл — бір-ақ тиын, бірақ оны беру үшін жетпіс тиын көлемінде кәффарат (өтем) қажет болады".

📚Тухфат әс-Сулук.

Canal:
https://t.me/taammul

1, 2] Автор "Оның сөзі" деп Имам Зейн әд-Дин ар-Разидің (رحمه الله) "Тухфат әл-Мулук" кітабында айтқанын шархтап жатыр.
💠 اهدنا الصراط المستقيم.


❔Егер: "Тура жол дегеніміз - Ислам, не Құран, не жәннатқа апарар жол. Ал мүміндер осы жолмен жүрушілер болса, онда олардың “Бізді тура жолға сала көр” деулері нені білдіреді? Бұл бар нәрсені қайта сұрау емес пе?" - делінсе,

❕Біз айтамыз: Мұндағы мағына - бізді сол жолда нық ұстай көр және оны ұстануда тұрақты ет, яғни жаман ақырдан (өміріміздің соңы нашар аяқталуынан) қорыққандықтан. Біз ондайдан Аллаһ Тағалаға сыйынамыз. Бұл арабтар "Тұра тұр, мен саған келемін" дегенде - орныңнан қозғалмай, тұрып тұр дегенді білдіретіні сияқты. Н/е, бұл - тура жолдағының өзіне де туралықты арттыруды сұрауы, яғни туралықтың артуын тілеу. Аллаһ Тағала айтқанындай: "Сонда олар тура жолда болған соң, Аллаһ олардың туралығын арттырды" (Мухаммад сүресі, 17-аят), және: "Аллаһ тура жолда болғандардың туралығын арттыра түседі" (Мәриям сүресі, 76-аят).

📚Әнмузәдж жәлил фи әсиләтин уә әджуибәтин мин ғарāиб әәий әт-Тәнзил¹.

Canal:
https://t.me/taammul

1] Құран аяттарының ғажайып мағыналары жайлы сұрақтар мен жауаптардан тұратын тамаша үлгі.
💠إِنَّ كَيْدَ الشَّيْطَانِ كَانَ ضَعِيفًا

💠إِنَّ كَيْدَكُنَّ عَظِيمٌ


❔Егер: Аллаһ Тағала шайтан туралы: "Шайтанның айласы әлсіз" (ән-Ниса, 76) - десе, ал әйелдер туралы: "Шынында, сендердің айлаларың зор" (Юсуф, 28) - деген болса, ал шайтанның айласы әйелдердікінен күштірек екені белгілі болса, бұл қалай түсіндіріледі? - делінсе,

❕Біз айтамыз: Мұндағы мағына - шайтанның айласы Аллаһ Тағаланың жәрдемі мен Өзінің сүйікті құлдарын қорғауының қасында әлсіз дегенді білдіреді. Аллаһ Тағала айтқандай: "Менің құлдарыма сенің үстемдігің жүрмейді" (әл-Хижр, 42), және Ібілістің өз аузымен айтқаны секілді: "Олардың ішіндегі Сенің ықыласты құлдарыңнан басқаға мен жол таба алмаймын" (Сад, 83). Ал екінші аяттағы "әйелдердің айласы зор" деген сөз - ерлерге қатысты тұрғыда айтылған, яғни ерлерге әсері күшті деген мағынада. Сонымен қатар, бұл сөзді айтқан - Мысырдың әзізі (патшасы), Аллаһ Тағала емес. Сондықтан екі аяттың арасында ешқандайда сөздік және мағыналық қарама-қайшылық жоқ.

📚Әнмузәдж жәлил фи әсиләтин уә әджуибәтин мин ғарāиб әәий әт-Тәнзил.

Canal:
https://t.me/taammul
💠وخلق منها زوجها


❔Егер: Аллаһ Тағаланың: "Ол одан жұбын жаратты" (ән-Ниса, 1) деген сөзінде, Хауа анамыз Адам атамыздан (عليهما السلام) жаратылған болса, ал біз де Адам атамыздан (عليه السلام) жаратылсақ, онда Хауа анамыз Адам атамыздан тарағандықтан, оның баласы іспетті есептеліп біздің "әпкеміз" не "қарындасымыз" болып, анамыз емес болмайды емес пе? - делінсе,

❕Біз айтамыз: Бірінші пікір бойынша, кейбір тәпсіршілердің айтуынша, мұндағы "مِن" (одан) сөзі бөлшекті білдіру үшін емес, түрлік ортақтықты білдіру үшін айтылған.
Яғни мағынасы: Ол оның өз түрінен жұбын жаратты, — деген сөз.
Бұл Аллаһ Тағаланың: "Сендерге өз іштеріңнен бір Елші келді" (әт-Тәуба, 128) деген аятындағы сияқты, яғни - сол тектен, сол түрден деген мағынада. Екінші пікір - және ол көпшіліктің (джумһур) көзқарасы - "من" сөзі бөлшекті білдіру үшін келген. Алайда Хауа ананың Адам атадан жаратылуы, әке мен баланың арасындағы туу жолымен болған жоқ. Сондықтан одан қызы н/е әпке - қарындасы деген үкім туындамайды.

📚Әнмузәдж жәлил фи әсиләтин уә әджуибәтин мин ғарāиб әәий әт-Тәнзил.

Canal:
https://t.me/taammul
💠ثُمَّ لَتُسۡـَٔلُنَّ یَوۡمَىِٕذٍ عَنِ ٱلنَّعِیمِ

💠"Сонда әлбетте сол күні нығметтер жайында сұрауға тартыларсыңдар".

❔Егер: "Әрбір адам дүниеде бір рет болса да қандай да бір нығметке ие болады, сонда құлдан сұралатын “нығмет” деген не?" - делінсе,

❕Бұл жайында жеті түрлі пікір бар:
1) Ол - амандық пен денсаулық,
2) Салқын су,
3) Бидай наны мен таза (тұщы) су,
4) Барлық дәмді тағам мен сусын,
5) Денсаулық және бос уақыт,
6) Дүниедегі барлық ләззат,
7) Тамақ пен кешкі асты үзбей ішіп тұру.

📌 Тағы бір пікір бойынша, бұл сұрақ кәпірлерге ғана қатысты делінген. Алайда дұрысы - ол барша адамға және барлық нығметке қатысты. Кәпір - жазғыру үшін сұралады, ал мүмін - сол нығметке қатысты шүкірі үшін сұралады. Бұны Пайғамбарымыздың ﷺ мына хадисі де қуаттайды: "Аллаһ Тағала: “Үш нәрсе үшін құлымнан шүкір сұрамаймын, ал басқа нәрселер үшін сұраймын. Олар: баспана болар үй, арқасын тік ұстауға жетерлік азық, және ұят жерін жабар киім”.

📚Әнмузәдж жәлил фи әсиләтин уә әджуибәтин мин ғарāиб әәий әт-Тәнзил.

Canal:
https://t.me/taammul
💠 تَبَّتۡ یَدَاۤ أَبِی لَهَبࣲ وَتَبَّ


❔Егер: "Неліктен Аллаһ Тағала оны (Әбу Ләһәбті) өз есімімен емес, кунясымен (лақап аты) атады? Ал бұл әдетте құрмет пен ілтипат белгісі емес пе?" - делінсе,

❕Біз айтамыз: Мұның бірнеше жауабы бар: Біріншісі: Оның шын есімі белгілі болмаған н/е көпшілік арасында таралмаған, сондықтан Аллаһ Тағала оны халық арасында кең танылған кунясымен атады. Бұл - оған қарғыс атағын (жаман атақты) кеңінен жайып, масқара ету үшін. Екіншісі: Риуаят бойынша, оның аты 'Абд әл-‘Узза (пұттың құлы) болған, ал ол шын мәнінде Аллаһтың құлы, ‘Уззаның құлы емес. Егер оны есімімен атаса, бұл шындыққа қайшы болар еді. Үшіншісі: Оны кұнясымен атау - оның ахиреттегі хал-жағдайына сай. Өйткені оның барар жері - жалындаған тозақ, және оны "Әбу Ләһәб" (Жалын иесі) деп атауы - оның бетіндегі жалынға ұқсас қызару мен жарқыраудан туындаған.

📚Әнмузәдж жәлил фи әсиләтин уә әджуибәтин мин ғарāиб әәий әт-Тәнзил.

Canal:
https://t.me/taammul