𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
958 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
✅ Мешітте қайыр сұраушыларға садақа беруге болады ма? - деген сауалға Имам Бәдр әд-Дин әл-'Айни (رحمه الله):

Оның сөзі¹: "Мешітте сұраушыға (яғни садақа сұрағанға) беру харам делінген" - бұл Әбу Мути' әл-Бәлхидің пікірі. Ол әл-Хасан әл-Басриден келген мына риуаятқа сүйенеді: "Қиямет күні бір жаршы: “Аллаһқа ең жеккөрінішті болғандар тұрсын!” - деп айқай салады. Сонда мешіттерде садақа сұрағандар тұрады". Ал таңдаулы (дұрысырақ) пікір бойынша: егер сұраушы адамдардың үстінен (мойнынан аттап) өтпесе, намаз оқып тұрған адамның алдынан өтпесе, және қатты қыстап, мазаламай сұраса, онда оған садақа беруге болады. Себебі, Пайғамбарымыз ﷺ дәуірінде де мешітте садақа сұраушылар болған. Оның сөзі²: "Егер сұраушы осы үш істің бірін жасаса", яғни - адамдардың мойнын басып өтсе,
не намаз оқушының алдынан өтсе,
не кісілерді қыстап, мазаласа - онда оған беру харам. Өйткені бұл - адамдарға зиян келтіруге жәрдем беру болып саналады. Осы себепті Халяф ибн Аюб былай деген: "Егер мен қазы болсам, ондай адамға садақа бергеннің куәлігін қабыл етпес едім". Ал Исма'ил әл-Мустамли былай деген: "Бұл — бір-ақ тиын, бірақ оны беру үшін жетпіс тиын көлемінде кәффарат (өтем) қажет болады".

📚Тухфат әс-Сулук.

Canal:
https://t.me/taammul

1, 2] Автор "Оның сөзі" деп Имам Зейн әд-Дин ар-Разидің (رحمه الله) "Тухфат әл-Мулук" кітабында айтқанын шархтап жатыр.
💠 اهدنا الصراط المستقيم.


❔Егер: "Тура жол дегеніміз - Ислам, не Құран, не жәннатқа апарар жол. Ал мүміндер осы жолмен жүрушілер болса, онда олардың “Бізді тура жолға сала көр” деулері нені білдіреді? Бұл бар нәрсені қайта сұрау емес пе?" - делінсе,

❕Біз айтамыз: Мұндағы мағына - бізді сол жолда нық ұстай көр және оны ұстануда тұрақты ет, яғни жаман ақырдан (өміріміздің соңы нашар аяқталуынан) қорыққандықтан. Біз ондайдан Аллаһ Тағалаға сыйынамыз. Бұл арабтар "Тұра тұр, мен саған келемін" дегенде - орныңнан қозғалмай, тұрып тұр дегенді білдіретіні сияқты. Н/е, бұл - тура жолдағының өзіне де туралықты арттыруды сұрауы, яғни туралықтың артуын тілеу. Аллаһ Тағала айтқанындай: "Сонда олар тура жолда болған соң, Аллаһ олардың туралығын арттырды" (Мухаммад сүресі, 17-аят), және: "Аллаһ тура жолда болғандардың туралығын арттыра түседі" (Мәриям сүресі, 76-аят).

📚Әнмузәдж жәлил фи әсиләтин уә әджуибәтин мин ғарāиб әәий әт-Тәнзил¹.

Canal:
https://t.me/taammul

1] Құран аяттарының ғажайып мағыналары жайлы сұрақтар мен жауаптардан тұратын тамаша үлгі.
💠إِنَّ كَيْدَ الشَّيْطَانِ كَانَ ضَعِيفًا

💠إِنَّ كَيْدَكُنَّ عَظِيمٌ


❔Егер: Аллаһ Тағала шайтан туралы: "Шайтанның айласы әлсіз" (ән-Ниса, 76) - десе, ал әйелдер туралы: "Шынында, сендердің айлаларың зор" (Юсуф, 28) - деген болса, ал шайтанның айласы әйелдердікінен күштірек екені белгілі болса, бұл қалай түсіндіріледі? - делінсе,

❕Біз айтамыз: Мұндағы мағына - шайтанның айласы Аллаһ Тағаланың жәрдемі мен Өзінің сүйікті құлдарын қорғауының қасында әлсіз дегенді білдіреді. Аллаһ Тағала айтқандай: "Менің құлдарыма сенің үстемдігің жүрмейді" (әл-Хижр, 42), және Ібілістің өз аузымен айтқаны секілді: "Олардың ішіндегі Сенің ықыласты құлдарыңнан басқаға мен жол таба алмаймын" (Сад, 83). Ал екінші аяттағы "әйелдердің айласы зор" деген сөз - ерлерге қатысты тұрғыда айтылған, яғни ерлерге әсері күшті деген мағынада. Сонымен қатар, бұл сөзді айтқан - Мысырдың әзізі (патшасы), Аллаһ Тағала емес. Сондықтан екі аяттың арасында ешқандайда сөздік және мағыналық қарама-қайшылық жоқ.

📚Әнмузәдж жәлил фи әсиләтин уә әджуибәтин мин ғарāиб әәий әт-Тәнзил.

Canal:
https://t.me/taammul
💠وخلق منها زوجها


❔Егер: Аллаһ Тағаланың: "Ол одан жұбын жаратты" (ән-Ниса, 1) деген сөзінде, Хауа анамыз Адам атамыздан (عليهما السلام) жаратылған болса, ал біз де Адам атамыздан (عليه السلام) жаратылсақ, онда Хауа анамыз Адам атамыздан тарағандықтан, оның баласы іспетті есептеліп біздің "әпкеміз" не "қарындасымыз" болып, анамыз емес болмайды емес пе? - делінсе,

❕Біз айтамыз: Бірінші пікір бойынша, кейбір тәпсіршілердің айтуынша, мұндағы "مِن" (одан) сөзі бөлшекті білдіру үшін емес, түрлік ортақтықты білдіру үшін айтылған.
Яғни мағынасы: Ол оның өз түрінен жұбын жаратты, — деген сөз.
Бұл Аллаһ Тағаланың: "Сендерге өз іштеріңнен бір Елші келді" (әт-Тәуба, 128) деген аятындағы сияқты, яғни - сол тектен, сол түрден деген мағынада. Екінші пікір - және ол көпшіліктің (джумһур) көзқарасы - "من" сөзі бөлшекті білдіру үшін келген. Алайда Хауа ананың Адам атадан жаратылуы, әке мен баланың арасындағы туу жолымен болған жоқ. Сондықтан одан қызы н/е әпке - қарындасы деген үкім туындамайды.

📚Әнмузәдж жәлил фи әсиләтин уә әджуибәтин мин ғарāиб әәий әт-Тәнзил.

Canal:
https://t.me/taammul
💠ثُمَّ لَتُسۡـَٔلُنَّ یَوۡمَىِٕذٍ عَنِ ٱلنَّعِیمِ

💠"Сонда әлбетте сол күні нығметтер жайында сұрауға тартыларсыңдар".

❔Егер: "Әрбір адам дүниеде бір рет болса да қандай да бір нығметке ие болады, сонда құлдан сұралатын “нығмет” деген не?" - делінсе,

❕Бұл жайында жеті түрлі пікір бар:
1) Ол - амандық пен денсаулық,
2) Салқын су,
3) Бидай наны мен таза (тұщы) су,
4) Барлық дәмді тағам мен сусын,
5) Денсаулық және бос уақыт,
6) Дүниедегі барлық ләззат,
7) Тамақ пен кешкі асты үзбей ішіп тұру.

📌 Тағы бір пікір бойынша, бұл сұрақ кәпірлерге ғана қатысты делінген. Алайда дұрысы - ол барша адамға және барлық нығметке қатысты. Кәпір - жазғыру үшін сұралады, ал мүмін - сол нығметке қатысты шүкірі үшін сұралады. Бұны Пайғамбарымыздың ﷺ мына хадисі де қуаттайды: "Аллаһ Тағала: “Үш нәрсе үшін құлымнан шүкір сұрамаймын, ал басқа нәрселер үшін сұраймын. Олар: баспана болар үй, арқасын тік ұстауға жетерлік азық, және ұят жерін жабар киім”.

📚Әнмузәдж жәлил фи әсиләтин уә әджуибәтин мин ғарāиб әәий әт-Тәнзил.

Canal:
https://t.me/taammul
💠 تَبَّتۡ یَدَاۤ أَبِی لَهَبࣲ وَتَبَّ


❔Егер: "Неліктен Аллаһ Тағала оны (Әбу Ләһәбті) өз есімімен емес, кунясымен (лақап аты) атады? Ал бұл әдетте құрмет пен ілтипат белгісі емес пе?" - делінсе,

❕Біз айтамыз: Мұның бірнеше жауабы бар: Біріншісі: Оның шын есімі белгілі болмаған н/е көпшілік арасында таралмаған, сондықтан Аллаһ Тағала оны халық арасында кең танылған кунясымен атады. Бұл - оған қарғыс атағын (жаман атақты) кеңінен жайып, масқара ету үшін. Екіншісі: Риуаят бойынша, оның аты 'Абд әл-‘Узза (пұттың құлы) болған, ал ол шын мәнінде Аллаһтың құлы, ‘Уззаның құлы емес. Егер оны есімімен атаса, бұл шындыққа қайшы болар еді. Үшіншісі: Оны кұнясымен атау - оның ахиреттегі хал-жағдайына сай. Өйткені оның барар жері - жалындаған тозақ, және оны "Әбу Ләһәб" (Жалын иесі) деп атауы - оның бетіндегі жалынға ұқсас қызару мен жарқыраудан туындаған.

📚Әнмузәдж жәлил фи әсиләтин уә әджуибәтин мин ғарāиб әәий әт-Тәнзил.

Canal:
https://t.me/taammul
💠وَيْلٌۭ لِّكُلِّ هُمَزَةٍۢ لُّمَزَةٍ

Әрбір (ел­-жұртты менсінбей) сынап-­мінеуші, ишарамен ымдап келемеждеп, кемсітушінің жағдайы қандай өкінішті!


❔Егер: "Һумәзә мен лумәзә арасындағы айырмашылық неде?" - делінсе,

❕Біз айтамыз: Бірнеше пікір бар:

1) Кейбіреулердің айтуынша, олар бір мағынаны білдіреді, айырмашылық жоқ; екіншісі - бірінші сөзді күшейту үшін.

2) Басқаларының айтуынша, олар әртүрлі:
➖Һумәзә - артынан мінезін сынау, айыптау;
➖Лумәзә - артынан тілімен айыптау (яғни, қырынан сын айту).

3) Тағы бір пікір:
➖Һумәзә - бетіне айыптау;
➖Лумәзә - артынан, арқасынан айыптау.

4) Тағы бір пікір:
➖Һумәзә - адамдарға тістей шабу (әділетсіз сынау);
➖Лумәзә - адамдардың тегіне (ұрпақ) тіл тигізу.

5) Тағы бір пікір:
➖Һумәзә - көзбен жасалады;
➖Лумәзә - тілмен жасалады.

6) Соңғы пікір: керісінше. Осылайша, барлығы алты түрлі түсінік бар.

📚Әнмузәдж жәлил фи әсиләтин уә әджуибәтин мин ғарāиб әәий әт-Тәнзил.

Canal:
https://t.me/taammul
💠فَأَمَّا ٱلْإِنسَٰنُ إِذَا مَا ٱبْتَلَىٰهُ رَبُّهُۥ فَأَكْرَمَهُۥ وَنَعَّمَهُۥ فَيَقُولُ رَبِّىٓ أَكْرَمَنِ

💠Ал адам баласы болса, Раббысы оны сынау үшін нығметке бөлеп жарылқаса, (Раббым мені осынау нығметтермен сынап жатқан шығар деп ойламастан, өзін соған лайық көріп) "Раббым мені нығметке бөледі" - деп (масаттанады).


❔Егер: "Аллаһ Тағала адамды: “Раббым мені нығметке бөледі” - дегені үшін қалай сөкті? Ол айтқанында шындық бар ғой, өйткені Аллаһ Тағала оны расында нығметке бөледі ғой. Бұған “Сонда Ол оны жарылқап, нығметке бөлейді” деген сөзі дәлел. Әрі бұл нығметті айтып, Аллаһтың бергенін еске алу емес пе, ал ол бұйырылған нәрсе ғой?" - делінсе,

❕Біз айтамыз: бұдан мақсат - адамның бұл сөзді өзгелерге қарсы мақтанып, өзін жоғары санап, Раббысына қатысты бұл нығметке лайықпын деп ойлап айтуы. Бұл жайында Аллаһ Тағала “Маған бұл дүние өз ілімімнің арқасында берілді” (Қасас, 78) - дегендерді мысал еткен. Сондай-ақ, ол адам бұл нығметті ақыреттегі дәрежесінің биіктігіне дәлел етіп санауы да кіреді. Мұның бәрі - тыйым салынған істер. Ал егер адам оны Аллаһ Тағалаға шүкіршілік ретінде, Оның нығметін еске алу ниетімен айтса - онда бұл сөгіске лайық емес және тыйым салынбайды.

📚Әнмузәдж жәлил фи әсиләтин уә әджуибәтин мин ғарāиб әәий әт-Тәнзил.

Canal:
https://t.me/taammul
💠ثُمَّ لَا يَمُوتُ فِيهَا وَلَا يَحْيَىٰ

💠Ол онда (қанша азап шексе де) әсте өлмейді, рақат өмір де сүрмейді.


❔Егер: "Аллаһ Тағала “Ол онда (тозақта) өлмейді де, тіршілік те етпейді” (әл-Аъла, 13) - деді. Ал тірі жаратылыс өлу мен тірі болудың бірінен ажырамайды емес пе?" - делінсе,

❕Біз айтамыз: бұл аяттың мағынасы - ол тозақта демалып жеңілдейтіндей өлім таппайды, әрі пайда мен рақат әкелетін өмір сүрмейді. Ибн Джәрир былай деген: "Оның жаны өңешіне дейін көтеріліп барады да, бірақ денесінен шығып кетпейді - сондықтан ол өле алмайды. Сондай-ақ, ол орнына (денеге) қайтып кірмейді - сондықтан тірі де бола алмайды". Бұл сұрақ бұған дейін "Таһа" сүресінде¹ де келтірілген.

📚Әнмузәдж жәлил фи әсиләтин уә әджуибәтин мин ғарāиб әәий әт-Тәнзил.

Canal:
https://t.me/taammul


1]❔Егер тағы да: "Аллаһ Тағала “Ол онда өлмейді де, тіршілік етпейді де” - деді. Ал өлім мен өмір - адамның сипаттарындағы екі қарама-қарсы нәрсе ғой, екеуі бір мезгілде жойыла алмайды емес пе?" - делінсе,

❕Біз айтамыз: мұндағы мағына - ол жерде демалыс әкелетіндей өлім болмайды, және рахат пен пайдалы өмір де болмайды. Екінші түсіндіру: ол жерде үздіксіз бір өлім де, толық бір өмір де болмайды. Қайта, әр сәт сайын азаптың ауырлығынан өліп жатқандай болады, бірақ қайта тіріліп, азаптың дәмін татуы үшін өмірге келтіріледі. Бұл осылайша дүние күндерінің өлшемімен әр күні жетпіс рет қайталанады.

❗️Ұлы Раббымыздан ﷻ тозақ отының азабынан пана сұраймыз!
💠أَفَلَا يَنظُرُونَ إِلَى ٱلْإِبِلِ كَيْفَ خُلِقَتْ

💠Олар түйенің қалай жаратылғанына қарамайды ма?!


❔Егер: "Аллаһ Тағаланың “Олар түйенің қалай жаратылғанына қарамайды ма?” (әл-Ғашия, 17) деген сөзі алдыңғы аяттармен қалай байланысқан? Аспан, түйе, таулар мен жердің арасында қандай байланыс бар, әрі не үшін осылардың бәрі бірге айтылған?" - делінсе,

❕Біз айтамыз: Аллаһ Тағала жұмақты сипаттап айтып болғаннан кейін, кәпірлер оған таңғалды. Сол кезде Аллаһ Тағала Өзінiң жаратқан керемет істерін естеріне салды. Қатада (رضي الله عنه): "Аллаһ Тағала жұмақтағы биік төсек-орындарды айтқанда, олар: “Оларға қалай көтерілеміз?” - деді. Сонда Аллаһ Тағала: “Олар түйеге қарамайды ма?” деген аятты түсірді". Яғни, түйеге ғибрат көзімен қарасын: Аллаһ Тағала оны ауыр жүктерді көтеріп, алыс елдерге жеткізетіндей етіп жаратқан. Ол шөгіп отырып жүктелуге және мінуге ыңғайлы, содан кейін өзіне артылған жүкті көтеріп, оңай тұрып кетеді. Төрт түліктің ішінде тек түйе ғана осылай шөгіп жатқан күйінде жүк арқалап тұра алады. Сондай-ақ Аллаһ Тағала оны кішкентай бала да жетелей алатындай мойынсұнғыш етіп қойған. Түйе жер бетіндегі кеме болғандықтан, оған шөлге төзімділік қасиеті берілді. Ол он күн, тіпті одан да көп уақыт сусыз жүре алады. Ол шөл далалардағы басқа жануарлар жемейтін өсімдіктермен қоректене алады. Ал неге Аллаһ Тағала түйе орнына піл, керік (жираф) н/е мүйізтұмсық сияқты одан да ірі жануарларды айтпады? Себебі арабтар ондай жануарларды көрмеген және оларды білмеген. Түйе болса - олардың ең қымбат малы, ең көп тараған және олармен бірге өмір сүрген жануары еді. Аллаһ Тағала түйені аспан, таулар және жермен қатар айтуының себебі - арабтардың назары мен өмірі осы төрт нәрсеге тығыз байланысты болған. Яғни аспанды, түйелерін, тауларды және жерлерін күнделікті көріп жүрген. Сол себепті Құранда да осылайша олардың көру тәртібіне сай тізбектеліп айтылған. Ал “түйе” дегенді “бұлт” деп түсіндіргендер - шынайы мағынада емес, ұқсату (تشبيه) тұрғысынан айтқан. Олар түйені бұлтқа жүрісі мен кейбір кездердегі сыртқы ұқсастығы бойынша теңеген. Шынында, араб ақындарының өлеңдерінде бұлтты түйеге теңеу көп кездеседі. Ибн Дурейд те өзінің бір қасидасында бұлтты түйеге ұқсатқан. Ал Убай ибн Ка‘б және Айша (رضي الله عنهما) “әл-ибл” (الإبل) сөзін ләм әрпін шәддамен оқыған. Әбу ‘Амр “Бұл - жаңбыр алып жүретін бұлттың аты” деп анықтама берген.

📚Әнмузәдж жәлил фи әсиләтин уә әджуибәтин мин ғарāиб әәий әт-Тәнзил.

Canal:
https://t.me/taammul
💠وَإِذَا ٱلۡمَوۡءُۥدَةُ سُىِٕلَتۡ 💠بِأَیِّ ذَنۢبࣲ قُتِلَتۡ

💠وَإِذۡ قَالَ ٱللَّهُ یَـٰعِیسَى ٱبۡنَ مَرۡیَمَ ءَأَنتَ قُلۡتَ لِلنَّاسِ ٱتَّخِذُونِی وَأُمِّیَ إِلَـٰهَیۡنِ مِن دُونِ ٱللَّهِۖ قَالَ سُبۡحَـٰنَكَ مَا یَكُونُ لِیۤ أَنۡ أَقُولَ مَا لَیۡسَ لِی بِحَقٍّۚ إِن كُنتُ قُلۡتُهُۥ فَقَدۡ عَلِمۡتَهُۥۚ تَعۡلَمُ مَا فِی نَفۡسِی وَلَاۤ أَعۡلَمُ مَا فِی نَفۡسِكَۚ إِنَّكَ أَنتَ عَلَّـٰمُ ٱلۡغُیُوبِ


❔Егер: "Аллаһ Тағала: “Тірідей көміліп өлтірілген қыздан: "Қай күнәсі үшін өлтірілдің?" - деп сұралғанда” (әт-Такуир, 8–9)
- деп айтты.Ал сұрақ, әдетте, өлтірушіге қойылады ғой, неге өлтірілгенге қойылған?" - делінсе,

❕Біз айтамыз: бұл сұрақ оған емес, оны өлтірген адамды әшкерелеу және ұялту үшін қойылады. Сонда ол: "Мені ешбір күнәсіз өлтірді" - деп жауап береді. Мұндай мысал айыптау мен ұялту мақсатында басқа аятта да бар. Мысалы, Аллаһ Тағала ‘Иса (عليه السلام) пайғамбарға: “Сен бе адамдарға: "Мені және шешемді Аллаһтан өзге екі құдай етіп алыңдар" - деген?” (әл-Мәида, 116) - деп сұрайды. Сонда ол: “Сен пәксің! Маған өзіме тиесілі емес нәрсені айту жараспайды” - дейді. Яғни бұл сұрақтардың мәні - жауап алу үшін емес, қылмыскерді әшкерелеу және ұялту үшін қойылғандығында.

📚Әнмузәдж жәлил фи әсиләтин уә әджуибәтин мин ғарāиб әәий әт-Тәнзил.

Canal:
https://t.me/taammul
✅ Яғни, сағыз¹ мисуактың орнын (сауап тұрғысынан) басады, егер ниет болса². Өйткені мисуакты жиі қолдану әйелдің тісін әлсіретеді, сондықтан оған оны (мисуак орнына сағыз шайнауды) істеу мұстахабб болады (әл-Бахр). Ал бұл сөздің сыртқы мағынасы - бұл үкім тек ауыз шайған кезге ғана шектелмейді дегенге саяды.

📚Радд әл-Мухтар.

Canal: https://t.me/taammul

1] Сағыздың құрамы адал емес, әрі зиянды қоспалардан таза болуын қадағалаңыз.
2] Мисуактың орнына соның мақсатында сүннетті орындау үшін ниетті болыңыз.
✅ Автордың¹ насихаты.

Біл, аса құрметті бауырым! Аллаһ Тағала Өзінің жақсы көріп, разы болатын істеріне бізге де, Сізге де тауфиқ берсін. Дүние бақыты өткінші, ал ақырет бақыты мәңгі. Пайғамбарымыз (ﷺ) : "Егер дүние алтын болып, бірақ пәни болса, ал ақырет қыш болып, бірақ мәңгі болса - мен дүниеден гөрі ақыретті таңдар едім" - деді. Ондеше, ақылды адам үшін дүниеден гөрі ақыретті таңдау міндет. Ал ақырет бақыты тек Аллаһ Тағалаға тақуалық сақтаумен келеді. Тақуалық - Аллаһ Тағала тыйым салған нәрселерден аулақ болу. Бұл барлық үмбеттерге арналған Аллаһ Тағаланың өсиеті. Құранда: {Біз сендерден бұрын Кітап берілгендерге де, сендерге де: "Аллаһтан қорқыңдар" деп өсиет еттік} делінеді. Олай болса, бауырым, тақуалыққа берік болып, Аллаһтың ﷻ алдында кездесу үшін дайындал. Ақыреттің нығметін ойла. әс-Сәлям.

Уа, Аллаһым, Мұхаммедке, Оның отбасына және сахабаларына салауат пен сәлем нәсіп ет! Бізге Аллаһ жетеді, Ол - нендей жақсы Уәкіл етуші!

"Тухфат әл-Мулук" кітабының жазылуы жеті жүз алпыс бірінші жылдың раби'ул-әууәл айының оныншы күнінде аяқталды.

📚Тухфат әл-Мулук.

Canal:
https://t.me/taammul

1] Зәйн Әд-Дин ар-Рази (رحمه الله).
➖ Тірі құспен бүркітті (аңшылыққа) үйрету - мәкруһ, ал сойылған құспен үйрету - мубах (рұқсат).

📚Тухфат әл-Мулук.

Canal:
https://t.me/taammul
✅ Садақа бергенде барлық мүмін ерлер мен мүмін әйелдерге ниет етудің абзалдығы.

Сен біл! Садақа беру - адамның өз қажеттілігі мен өзіне бағынышты адамдардың қажеттілігін толық өтегеннен артылған малдан берілуі мустахабб. Егер адам садақа беріп, өзіне бағынышты адамдардың қажеттілігін кемітсе - күнә жасайды. Ал кім бүкіл малын садақа еткісі келсе және өзінде шынайы тәуекелге сүйену мен сұраудан (тіленуден) сабыр ету қасиеттері бар екенін білсе, онда оған рұқсат етіледі. Ал егер ондай қасиеттер болмаса, онда малын түгел садақа етуге болмайды. Сонымен қатар, таршылыққа шыдай алмайтын адамға өз нәпсісінің шығынын толық жеткілікті мөлшерден төмендетуі - мәкруһ. Бұл туралы "Шарх Дурар әл-Бихар" кітабында айтылған. Ал Татарханияда әл-Мухиттен келтіріліп "Нәпіл садақа беруші үшін ең абзалы - оны барлық мүмін ерлер мен мүмін әйелдерге ниет ету. Өйткені сауабы оларға да жетеді, әрі өзінің сауабынан ештеңе кемімейді" делінеді. Аллаһ Тағала жақсырақ білуші.

📚 Хашия Ибн 'Абидин.

Canal:
https://t.me/taammul
𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
✅ Яғни, сағыз¹ мисуактың орнын (сауап тұрғысынан) басады, егер ниет болса². Өйткені мисуакты жиі қолдану әйелдің тісін әлсіретеді, сондықтан оған оны (мисуак орнына сағыз шайнауды) істеу мұстахабб болады (әл-Бахр). Ал бұл сөздің сыртқы мағынасы - бұл үкім…
📌 Осыдан кейін әйелдердің сағыз шайнауында ешқандай айып жоқ екендігіне ғұламалар арасында ешбір келіспеушілік жоқ. Ал ерлердің сағыз шайнауы туралы ғалымдардың пікірлері әртүрлі. Олардың кейбірі оны мәкрүһ (жағымсыз) деп санаса, ал басқалары: егер ер адам сағызды әйелдер сияқты шайнап, оның қимыл-қалпы әйелге ұқсайтын болса, онда мәкрүһ; ал бірақ ол оны нан шайнағандай (яғни байыппен, ерге лайық түрде) шайнаса, онда мәкрүһ емес деген. Шәмс әл-Әийммә әл-Хәлуани (رحمه الله) "Китаб ас-Саум" шархында: "Дұрыс көзқарас бойынша, ерлер мен әйелдер үшін де егер ол (сағыз шайнау) орынды, дұрыс мақсатпен жасалса, онда еш айып жоқ" - деген.

📚 әл-Мухит әл-Бурһани.

Canal:
https://t.me/taammul