𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
958 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
● Он төртінші хадис: 'АбдуЛлаһ ибн 'Амр ибн әл-'Астан (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ:
يقال لصاحب القرآن: اقرأ، وارق، ورتل كما كنت ترتل في الدنيا، فإن منزلتك عند آخر آية تقرؤها.

Құран иесіне³⁰: "Оқы! Жоғары көтеріл! Дүниеде қалай мәнерлеп оқыған болсаң, дәл солай тәжуидпен оқы! Өйткені сенің дәрежең оқитын ең соңғы аятыңның тұсында болады",- деп айтылады³¹.

• Тирмизи, Әбу Дәуіт, Ибн Мәжә және Ибн Хиббан риуаят³² еткен. Тирмизи: "Хасан-сахих хадис",- деген.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


30] Құран иесі (серігі): Оны үнемі оқып және оған амал қылатын (іс жүзінде орындайтын) адам.

31] әл-Хаттаби: "Деректерде Құран аяттарының саны ақыреттегі жәннат сатыларының (дәрежелерінің) санына тең екендігі айтылған. Құран оқушыға: "Құран аяттарынан қаншалықты оқыған болсаң, сатылармен соншалықты жоғары көтеріл",- делінеді. Кім Құранды толық оқып шыққан болса, ақыретте жәннаттың ең жоғарғы сатысына ие болады. Ал кім оның бір бөлігін оқыса, оның көтерілуі сол оқығанына қарай болады. Демек, сауаптың шегі оқудың аяқталған жерінде болады (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).

32] Имам Ахмад та риуаят еткен.
● Он бесінші хадис: Ибн 'Умардан (رضي الله عنهما): Аллаһ Елшісі ﷺ:
لا حسد إلا على اثنتين: رجل آتاه الله هذا الكتاب، فقام به آناء الليل، وآناء النهار. ورجل أعطاه الله تعالى مالا، فتصدق به آناء الليل، وآناء النهار.
Қызғануға болатын нәрсе екеу ғана:
➖Біріншісі - Аллаһ оған осы Кітапты (Құранды) берген адам. Ол онымен түнде де, күндіз де құлшылық етеді.
➖Екіншісі - Аллаһ оған мал-дүние берген адам. Ол оны түнде де, күндіз де Аллаһ жолында жұмсайды³³.
• Бухари мен Муслим риуаят еткен.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


33] Мен айтамын: Бухари бұған дейін "Ілім мен даналыққа қызығу" деген тарау/бап бергені сияқты, бұл хадиске "Құран иесіне қызығу (ғыбта)" деген тарау атауын берген. Бұл хадисте айтылған "күншілдік (хасад)" сөзінің негізінде "ғыбта" екенін білдіру үшін жасалған. Ал ғыбта дегеніміз - біреуде бар нығметтің жоғалуын қаламай, өзіңде де сондай игіліктің болуын тілеу және соған ұмтылу. Бұл "бәсекелестік (мунафаса)" деп те аталады. Егер бұл құлшылық пен жақсылық жолында болса, онда ол мақтауға лайық іс. Бұған Аллаһ Тағаланың: "Жарысушылар осы (жаннат) үшін жарыссын ("Мутаффифин" сүресі, 26-шы аят)" деген сөзі және (хадистегі) "бір-біріңмен күндеспеңдер (жаман мағынада таласпаңдар)" деген тыйым дәлел болады. Ал күншілдік (хасад) болса - ол нығмет иесінен сол игіліктің кетіп қалуын қалау. Кейбір ғалымдар мұны "ол игіліктің өзіне ғана тән болуын тілеу" деп те түсіндіреді. Мұндай істің иесі жазғыруға/сөгуге лайықты (кінәлі) болып табылады (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).
● Он алтыншы хадис: Әбу Һурайрадан (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ:
لا حسد إلا في اثنتين: رجل علمه القرآن، فهو يتلوه آناء الليل، وآناء النهار، فسمعه جار له، فقال: يا ليتني أوتيت مثل ما أوتي فلان، فعملت مثل ما يعمل.
Қызғануға болатын нәрсе екеу ғана: Бір адамға Аллаһ Құранды үйреткен. Ол оны түнде де, күндіз де оқиды. Мұны көршісі естіп: "Әттеген-ай, маған да пәленшеге берілгендей берілгенде ғой! Сонда мен де оның істегенін істер едім",- дейді.

ورجل آتاه الله مالا فهو يهلكه في الحل، فقال رجل: ليتني أوتيت مثل ما أوتي فلان، فعملت مثل ما يعمل.

Және бір адамға Аллаһ мал-дүние берген. Ол оны ақиқат жолында жұмсап жатыр. Сонда басқа біреу: "Әттеген-ай, маған да пәленшеге берілгендей берілгенде ғой! Сонда мен де оның істегенін істер едім",- дейді³⁴.


• Бұхари риуаят еткен.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


34] Бұл хадисте Пайғамбарымыздың (ﷺ): "Оны ақиқат жолында жұмсайды (тауысады)" деген сөзінде шешендікпен айтылған сақтық (ескерту) бар. Мал-мүлікті "жұмсау (түгесу)" деген сөздің жалпы мағынасы ысырапшылық деп қабылданбауы үшін, ол оны "ақиқат жолында" деп шектеген. Аллаһ Тағала (бәрін) жақсырақ білуші (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).
● Он жетінші хадис: Ибн 'Умардан (رضي الله عنهما): Аллаһ Елшісі ﷺ:
ثلاثة لا يهولهم الفزع الأكبر، ولا ينالهم الحساب، هم على كثيب من مسك حتى يفرغ من حساب الخلائق: رجل قرأ القرآن ابتغاء وجه الله تعالى، وأم به قوماً، وهم راضون. وداع يدعو إلى الصلاة ابتغاء وجه الله عز وجل. وعبد أحسن بينه، وبين ربه، وفيما بينه وبين مواليه.
Үш топ адамды Ұлы Қорқыныш³⁵ үрейлендірмейді³⁶, әрі олар есепке тартылмайды. Олар бүкіл жаратылыстың есебі біткенше жұпар иісті миск төбесінің³⁷ үстінде болады:
➖Аллаһтың разылығын ғана көздеп Құран оқыған, әрі бір қауымға имам болып намаз жүргізген, ал ол қауым оған риза болған адам;
➖Аллаһтың разылығын көздеп азан шақырған адам;
➖және Раббысына қатысты міндеттерін де, қожайындары алдындағы міндеттерін де көркем орындаған құл³⁸.


• ат-Табарани "әл-Аусат" пен "әс-Са'ирде" жақсы иснадпен риуаят³⁹ еткен. "әл-Кәбирде" де осыған ұқсас нұсқасы келген. Онда мынадай қосымша бар: Ибн 'Умар (رضي الله عنهما) былай деген:
لو لم أسمعه من رسول الله إلا مرة، ومرة، حتى عد سبع مرات لا حدثت به.

"Егер мен бұл хадисті Аллаһ елшісінен ﷺ бір-ақ рет естіген болсам, оны жеткізбес едім. Бірақ мен оны одан қайта-қайта, тіпті жеті рет естідім".


"әл-Кәбирдегі" нұсқада:
ثلاثة على كثبان المسك يوم القيامة، لا يهولهم الفزع، ولا يفزعون حتى يفرغ الناس: رجل تعلم القرآن، فقام به يطلب وجه الله، ورجل نادى في كل يوم وليلة خمس صلوات يطلب وجه الله وما عنده، ومملوك لم يمنعه رق الدنيا عن طاعة ربه.
Қиямет күні үш адам миск төбелерінің үстінде болады. Оларды қорқыныш билемейді және адамдардың есебі аяқталғанша олар үрейленбейді:
➖Аллаһтың разылығын көздеп Құран үйреніп, сонымен амал еткен адам;
➖Күн сайын бес уақыт намазға Аллаһтың разылығын және Оның сыйын көздеп азан шақырған адам;
➖Және дүниелік құлдық жағдайы өзін Раббысына мойынсұнудан тосып қоймаған құл.


📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


35] әл-Фаза' (үрей): Бір нәрседен сескену, шошу. Біреуді үрейлендіру: оны қорқыту және зәресін ұшыру.

36] Оларды қорытпайды (зәресін алмайды): Бұл - істің соңы немен аяқталарын білмей, қауіптенуден туатын зор қорқыныш.

37] әл-Касиб (құм төбе/шағыл): Созылыңқы, дөңес келген құм.

38] Олар бұл дүниеде Аллаһты еске алумен көңілдері жай тауып, Оған сыйынғандықтан жүректері тынышталған болса, ақыретте де адамдар үрей құшағында қалғанда олардың сыйы - тыныштық пен амандық болады (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).

39] Имам әт-Тирмизи де риуаят еткен.
● Он сегізінші хадис: Әбу Һурайрадан (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ бір жасақты жорыққа аттандырмақ болды. Олар саны жағынан көп еді. Сонда Пайғамбарымыз ﷺ әрқайсысынан Құраннан не білетінін сұрай бастады. Әр адам өзінде бар сүрелерді айтып отырды. Кезек жасы ең кіші жігіттердің біріне келгенде: "Сенде не бар, ей, пәленше?"- деп сұрады. Ол: Менде мынадай-мұндай сүрелер және "Бақара" сүресі бар",- деді. Пайғамбарымыз ﷺ: "Сен "Бақара" сүресін білесің бе?"- деді. Ол: "Иә"- деп жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз ﷺ: "Бар, сен олардың әміршісісің",- деді. Олардың арасындағы беделді кісілердің бірі:
والله ما منعني أن أتعلم البقرة إلا خشية ألا أقوم بها.

"Уаллаһи, мені "Бақара" сүресін үйренуден тек соның талаптарын толық орындай алмай қаламын ба деген қорқыныш қана тоқтатты",
- деді. Сонда Аллаһ елшісі ﷺ айтты:
تعلموا القرآن، واقرأوه، فإن مثل القرآن لمن تعلمه، فقرأه، وقام به كمثل جراب محشو مسكاً، يفوح ريحه في كل مكان،

"Құранды үйреніңдер, оны оқыңдар және соған амал етіңдер. Өйткені Құранды үйреніп, оқып және сонымен амал етушінің мысалы хош иісті мискке толтырылған дорба сияқты. Оның жұпар иісі барлық жерге таралады.
ومثل من تعلمه، فيرقد، وهو في جوفه كمثل جراب أوكي على مسك.

Ал Құранды үйреніп, бірақ ұйықтап жатқан адамның, яғни Құран көкірегінде болғанымен оны жария оқымайтын адамның мысалы, аузы мықтап байланған миск толы дорбаға ұқсайды⁴⁰".


• әт-Тирмизи риуаят еткен (мәтін соныкі), әрі: "Хасан хадис",- деген. Сондай-ақ Ибн Мәжә қысқаша нұсқасын, ал Ибн Хиббан "Сахихында" риуаят еткен.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


40] Мұнда Құран оқитын адамның берекесі оны тыңдап тұрған басқа адамдарға да жететіні туралы теңеу берілген. Олар тыңдау арқылы сауапқа ие болады және жүректері тыныштық табады. Бұл ашылған кезде хош иісі айналасына тарайтын мускус салынған қапшық іспетті.Ал Құранды үйреніп, бірақ оны оқымайтын адам - берекеден мақұрым қалушы және өзгелердің де сол берекені алуына кедергі болушы. Ол хош иісі ешкімге жетпейтін, аузы байлаулы жұпар иіс толы қапшыққа ұқсайды (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).
● Он тоғызыншы хадис: 'АбдуЛлаһ ибн 'Амрден (رضي الله عنهما): Аллаһ Елшісі ﷺ:
من قرأ القرآن، فقد استدرج النبوة بين جنبيه، غير أنه لا يوحى إليه، لا ينبغي لصاحب القرآن أن يجد مع جد، ولا يجهل مع جهل، وفي جوفه كلام الله تعالى.
Кім Құран оқыса, оған уахи түспейтіні болмаса, пайғамбарлықтың бір үлесі оның көкірегіне енгізілген⁴¹ болады. Құран иесіне адамдар ашуланғанда ашулану⁴², надандар надандық көрсеткенде надандықпен жауап беру⁴³ жараспайды. Өйткені оның жүрегінде Аллаһтың сөзі бар.


• Хәкім риуаят еткен және: "Иснады сахих",- деген.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


41] әл-Истидрадж: Оның болмысына қабылданғанын білдіреді. Оған уахи (аян) түспесе де, ол Алла Тағаланың ілімдеріне ие болған.

42] Бұл жерде ашулану, кейіс білдіру мағынасында. Яғни, оған ашулануға, біреуді балағаттауға н/е солай істеген адамды жазғыруға болмайды.

43] Надандыққа надандықпен жауап бермеу. Яғни күнә жасамау (бұзақылыққа бармау). Ол салиқалы жандардың мінез-құлқын ұстануы, Аллаһ Тағалаға қарсы келмеуі, Оның ашуын тудырмауы және мінез-құлқының бұзылуына жол бермеуі керек (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).
● Жиырмасыншы хадис: Сол кісіден (яғни, 'АбдуЛлаһ ибн 'Амрден (رضي الله عنهما)): Аллаһ Елшісі ﷺ:
الصيام، والقرآن يشفعان للعبد، يقول الصيام: رب إني منعته الطعام، والشراب بالنهار، فشفعني فيه - ويقول القرآن: منعته النوم بالليل، فشفعني فيه - فيشفعان.
Ораза мен Құран Қиямет күні құл үшін шапағат⁴² етеді. Ораза: "Уа, Раббым! Мен оны күндіз тамақтан және сусыннан тыйдым. Ендеше, менің оған қатысты шапағатымды қабыл ал⁴³",- дейді. Ал Құран: "Мен оны түнде ұйқыдан айырдым. Ендеше, менің оған қатысты шапағатымды қабыл ал",- дейді. Сөйтіп, екеуінің де шапағаты қабыл етіледі.

• Ахмад, Ибн Әбу-д-Дүния "әл-Жуғ" кітабында, ат-Табарани "әл-Кәбирде" және әл-Хаким риуаят еткен. Бұл мәтін Хакимнің нұсқасы болып табылады. Ол: "Муслимнің шартына сай сахих",- деген.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


42] Екеуі шапағат етеді: яғни, оған сауап (сый) тілейді.

43] "Мені оған шапағатшы ет": Яғни, олар (Аллаһтан) оған шапағат етуге рұқсат сұрайды және Аллаһ Тағаланың кеңшілігімен оған кешірім болуын үміт етеді. Аллаһ Тағала "Оның рұқсатынсыз Оның құзырында кім шапағат ете алады? (Бақара сүресі, 255-аят)" деп айтқанындай (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).
● Жиырма бірінші хадис: Әбу Зәрр (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ:
إنكم لا ترجعون إلى الله تعالى بشيء أفضل مما خرج منه - يعني القرآن - ظهر منه.

Сендер Аллаһ Тағалаға Одан шыққан нәрседен артық ешбір нәрсемен жақындай алмайсыңдар. Яғни, Құранды меңзеп тұр⁴⁴.


• Имам әл-Хаким риуаят⁴⁵ етіп, хадистің сахих екенін айтқан. Сондай-ақ Әбу Дәуд оны өзінің "әл-Мәрасил" еңбегінде келтірген.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


44] "Одан шыққан" дегеннің мағынасы: Аллаһтан пайда болды және Оның Пайғамбарына түсірілді дегенді білдіреді. Сондай-ақ, бұл "пендеден оның тілінде бар болуымен, көкірегінде жатталуымен н/е қолымен жазылуымен шыққан нәрсе" деп те айтылған. Тағы бір пікір бойынша: "Оның шариғаттары мен сөздерінен көрінген нәрсе н/е Оның анық Кітабынан шыққан нәрсе". Мұндағы "мә (ما)" сөзі теріске шығару (нәфи) мағынасындағы сұраулы (истифһам) шылау болуы мүмкін, сонда мағынасы: "ешнәрсе ол (Құран) сияқты жақындата алмайды" дегенге саяды. Әбу ан-Надр (Әбу Умама хадисін жеткізушілердің бірі) былай деді: "Яғни, Құранды меңзеп тұр, бұл меніңше ең дұрыс тәпсір". әл-Мубаракфури: "Одан" дегендегі есімдік Аллаһқа қайтады, ал "Одан шыққан" дегеннен мұрат - Оның Пайғамбарына ﷺ түсірілген нәрсе, яғни Құран",- деген (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).

45] Имам әт-Тирмизи, Имам Ахмад және Имам әл-Мунзири де риуаят еткен.
● Жиырма екінші хадис: Әнас ибн Мәлик (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ:
إن لله أهلين من الناس. قالوا: من هم يا رسول الله؟ قال: أهل القرآن هم أهل الله، وخاصته.

Ақиқатында, адамдардың арасында Аллаһтың ерекше жақын құлдары бар. Сахабалар: "Уа, Аллаһтың Елшісі ﷺ! Олар кімдер?",- деп сұрады. Сонда Ол ﷺ: "Олар - Құран иелері. Олар Аллаһтың ерекше құлдары әрі таңдаулылары⁴⁶",- деп жауап берді.

• Имам ән-Нәсаи, Ибн Мәжа және әл-Хаким риуаят⁴⁷ еткен. Әл-Мунзири хадистің сахих екенін айтқан.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


46] Аллаһтың адамдары және Оның таңдаулылары: әл-Мунауи айтқан: Яғни, Оған қызмет етуге арналғандар. әл-'Аскари айтқан: Бұл метафора және кеңейтілген мағынада қолданылған, өйткені олар Оған жақын болғандықтан, Оның өз адамдары (отбасы) іспетті болды. Осыдан барып Мекке халқына "Аллаһтың адамдары" деп айтылған, өйткені олар Оның үйінің (Қағбаның) тұрғындары болды және оның айналасында болғандар Оның адамдары (жақындары) санатында болды (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).

47] Имам Ахмад және Имам әд-Дәрими де риуаят еткен.
● Жиырма үшінші хадис: Ибн 'Аббас (رضي الله عنهما):
من قرأ القرآن لم يرد إلى أرذل العمر، وذلك قوله تعالى: (ثُمَّ رَدَدناهُ أَسفَلَ سافِلينَ إِلّا الَّذينَ آمَنوا) قال: إلا الذين قرأوا القرآن.
Кім Құран оқыса, ол ең әлсіз кәрілік жасына ұшырамайды⁴⁸. Бұл Аллаһ Тағаланың мына аятында: "Содан соң Біз оны ең төменгі дәрежеге қайтардық. Бірақ иман келтіріп, ізгі амал жасағандар басқа... (әт-Тин сүресі, 5-6-шы аяттар)". Бұл жердегі ерекшеленгендер - Құран оқитындар",- деген.
• әл-Хаким риуаят етіп: "Иснады сахих",- деген.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


48] "Ең нашар жасқа ұшырамайды" деген мағына: ол кәрілікке, алжығандыққа және әлсіздікке жетпеді; керісінше, Аллаһ оған денсаулықтың балғындығын, күш-қуаттың толықтығын және ақыл-ойдың кемелдігін нәсіп етті (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).
● Жиырма төртінші хадис: Ибн 'Аббас (رضي الله عنهما) Аллаһ Елшісі ﷺ:
أشراف أمتي حملة القرآن، وأصحاب الليل.

Үмбетімнің ең абзал, ең құрметті адамдары - Құранды алып жүргендер (оны жаттап, үйреніп, амал етушілер) және түнді құлшылықпен өткізушілер⁴⁹.

• Әл-Бәйһақи "Шу'аб әл-Иман" кітабында және Ибн Әбу Дунья риуаят⁵⁰ еткен.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


49] "Құран иелері (жаттаушылары)" - оны жатқа білетіндер, оны көкірегінде сақтағандар, оқуын (тиләуатын) жетік меңгергендер және оның үкімдеріне сай амал етушілер. Ал "түн иелері"- түнді намаз оқу, зікір айту, Құран оқу, истиғфар айту және жалбарыну сияқты құлшылық түрлерімен тірілтетіндер. Міне, бұл - ұлы мәртебе (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).

50] Оны "әл-Джами' ас-Са'ирде (1063)" ат-Табаранидің "әл-Кәбиріне" сілтеме жасап келтірген. Мен оны онда 12662 нөмірі бойынша таптым. әл-Хайсами "Мәжма' әз-Зәуаидте (7/161)": "Оның тізбегінде Са'д ибн Са'ид әл-Джурджани бар, ол әлсіз (рауи)",- деген. Мен айтамын: "Онда Нахшаль бар, ол "мәтрук (хадистері алынбайтын тұлға)". әс-Суюти де оның әлсіздігіне нұсқаған. Сондай-ақ, оны әл-Хатиб әл-Ба'дади "Тарих Бағдадта (4/124) және (8/80)" келтірген. әл-Албани "Да'иф әл-Джами'те (972)": "ойдан шығарылған (мәуду')",- десе, "Тахриж әл-Мишкәттә (1239)": "өте әлсіз",- деген.


❕Өте әлсіз және ойдан шығарылған/тоқыма деген үкімге иә хадистерді тек осы үкімге ие екенін айтумен ғана ескерту мақсатында жеткізуге болады.
● Жиырма бесінші хадис: 'Абд ар-Рахман ибн Шибл әл-Ансари (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ:
اقرأوا القرآن، واعملوا به، ولا تجفوا عنه، ولا تغلوا فيه، ولا تأكلوا به، ولا تستكثروا به.

Құран оқыңдар әрі оған амал етіңдер. Одан алшақтап кетпеңдер. Оның мәселесінде шектен шықпаңдар. Оны дүниелік пайда табудың құралы етпеңдер. Сондай-ақ оның арқасында байлық пен атақ-даңқты көбейтуді мақсат етпеңдер⁵¹.

• Имам Ахмад, Әбу Я'ла, ат-Табарани және әл-Бәйһақи риуаят еткен.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


51] Одан алшақтамаңдар: яғни, онымен байланысты үзбеңдер (үнемі қайталап тұрыңдар) және оны оқудан алыстамаңдар. Шектен шықпаңдар: "Ғулу (шектен шығу)"- белгіленген шекарадан асу дегенді білдіреді. Бұл жердегі мағынасы: бар күш-жігеріңізді тек оны оқуға жұмсап, басқа құлшылықтарды тастап қоймаңдар. Себебі, оған немқұрайлы қарау - кемшілік, ал шектен шығу - тым тереңдеп кету. Бұл екеуі де жағымсыз (орынсыз) нәрсе. Аллаһ Тағала барлық істе орташа болуды (қоңыржайлылықты) бұйырған
(Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).
● Жиырма алтыншы хадис: 'Имран ибн Хусайн (رضي الله عنه): Бір күні ол Құран оқып отырған бір кісінің жанынан өтті. Әлгі адам оқып болған соң адамдардан бір нәрсе сұрай бастады. Сонда 'Имран: "Иннә лиЛләһи уә иннә иләйһи раажиғун⁵²",- деп, өкініш білдірді. Сосын былай деді: Мен Аллаһ Елшісінің ﷺ былай дегенін естідім:
من قرأ القرآن، فليسأل الله به، فإنه سيجيء أقوام يقرأون القرآن يسألون به الناس.

“Кім Құран оқыса, сол арқылы Аллаһтан сұрасын. Өйткені кейін сондай қауымдар келеді: олар Құран оқып, сол арқылы адамдардан дүние сұрайтын болады⁵³”.

• Имам әт-Тирмизи риуаят⁵⁴ етіп: "Хасан хадис",- деген.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


52] Яғни, ол: "Шын мәнінде, біз Аллаһқа тиесіліміз және Оған қайтамыз" деді. Бұлай деуінің себебі - қаридың (Құран оқушының) Құранды пайдаланып адамдардан нәпақа сұрау сынды бақытсыздыққа тап болуы н/е 'Имранның осындай жиіркенішті жағдайды көріп, соған куә болу арқылы сыналуы. Бұл - нағыз қайғы (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).

53] Аллаһтан сол (Құран) арқылы сұрасын" дегені - Құранның құрметімен Аллаһ Тағаладан дүние мен ақыреттің қалаған жақсылығын тілесін деген сөз. Сондай-ақ, бұл "егер рақым (мейірім) аяттарын оқыса, Аллаһтан мейірім сұрасын, ал азап аяттарын оқыса, сол арқылы Аллаһтан пана тілесін" дегенді білдіреді. Не болмаса, Құран оқып болғаннан кейін Пайғамбарымыздан ﷺ жеткен дұғалармен тілек тілеуі керек (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).

54] Имам Ахмад та риуаят еткен.
● Жиырма жетінші хадис: Әбу Һурайра (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ:
ليس منا من لم يتغن بالقرآن.

Құранды көркем дауыспен⁵⁵ оқымайтын адам бізден емес.

• Имам әл-Бухари риуаят еткен. Сондай-ақ Ахмад, Әбу Дәуд, Ибн Хиббан және әл-Хаким Са'дтан да риуаят еткен. Ғалымдардың көпшілігі бұл хадистегі "тәғанна" сөзін: "Құранды әсем дауыспен оқу" деп түсіндірген. Ал кейбір ғалымдар: "Құран арқылы өзгенің дүниесіне мұқтаж болмау, онымен қанағаттану" деген мағына берген.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


55] Бұл жердегі мақсат - кімде-кім Құранды көркем дауыспен оқымаса біздің жолымызбен, сүннетімізбен жүрушілерден емес. Өйткені, көркем дауыс жанға қаттырақ әсер етеді, тыңдауға ыңғайлы, әрі зейінді баурап алады. Бұл жердегі басты шарт - (дауысты көркемдеймін деп) сөз жүйесін бұзбау, әріптерді жасырып қалмау н/е артық әріп қоспау. Олай істеу бірауыздан (ижма' бойынша) харам болып табылады. Ибн Әбу Муләйкә айтқан: "Егер адамның дауысы табиғатынан көркем болмаса, оны барынша жақсартуға тырыссын". Әбу 'Убайд "йатәғанна" сөзіне "қанағаттану (бай болу)" деп тәпсір беріп: "Бұл араб тілінде рұқсат етілген мағына",- деді. Ал Бухари болса, бұл сөзді "басқа кітаптардан тыйылып, тек сонымен (Құранмен) қанағаттану" деп таңдаған. Тағы бір пікірде: "Мақсат - кімге Құран иман тұрғысынан жеткілікті болмаса, ондағы уәделер мен ескертулерге сенбесе..." және т.б. делінген. Ибн әл-Жәузи "йатәғанна (يتغنى)" сөзінің мағынасы туралы төрт түрлі пікірді атап өткен:
• Біріншісі: Дауысты көркемдеп оқу.
• Екіншісі: Қанағаттану (басқа нәрсеге мұқтаж болмау).
•Үшіншісі: Мұңданып оқу (әл-Шафиғи айтқан).
•Төртіншісі: Онымен шұғылдану. Арабтар бір жерде тұрақтап қалса "тәғанна бил-мәкән" дейді. Хафиз айтады: Ибн әл-'Анбари "әз-Заһир" еңбегінде тағы бір пікірді келтірген: "Мұндағы мақсат - Құраннан ләззат алу, оны жағымды санау, тура әншілердің әннен ләззат алатыны сияқты". Тағы бір жақсы пікір бар: Бұл - адамның Құранды өзінің тұрақты әдетіне (серігіне) айналдыруы. Саяхатшының әнді өзіне серік еткені сияқты. Ибн әл-'Араби айтады: "Арабтар түйеге мінгенде, аулаларында отырғанда н/е көптеген істерінде әндетіп (өлең айтып) жүретін. Құран түскенде, Пайғамбарымыз ﷺ олардың ән айтқанның орнына Құранды серік еткенін қалады". Ең дұрысын Аллаһ Тағала біледі (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).
● Жиырма сегізінші хадис: Бурайда (رضي الله عنه): Аллаһ Елшісі ﷺ:
من قرأ القرآن يتأكل به الناس، جاء يوم القيامة ووجهه عظم ليس عليه لحم.
Кім Құранды адамдардан дүние табу үшін оқыса, Қиямет күні оның жүзі ешбір ет қалмаған құр сүйек қана болып келеді⁵⁶.
• Әл-Бәйһақи риуаят⁵⁷ еткен.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal: https://t.me/taammul

56] Яғни, оны (дінді н/е білімді) дүниелік билеушілерге қол жеткізу үшін сылтау және құрал қылды. Кімде-кім солай істесе, Қиямет күні қорлықпен жазаланады және осы қорлық пен төмендікті көрсететін бейнеде келеді (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).

57] "Шу’абта": әл-Мунауи "Файд аль-Қадир" еңбегінде (6/196) былай деген: Ибн Әбу Хатим: "Аллаһ Елшісінің ﷺ хадистерінің ішінде бұның негізі жоқ", - деді. Ибн әл-Джаузи былай деді: "Оның ішінде (жеткізушілер тізбегінде) 'Али ибн Қадим бар, оны Яхья әлсіз (сенімсіз) деп санаған. Сондай-ақ Ахмад ибн Дәмбир де бар, оны әл-Дарақутни әлсіз деген. әз-Зәһәби оны "хадистері алынбайтындардың (мәтрук) тізіміне қосқан және: "Оны Ибн Ма’ин әлсіз деп атаған, ол шектен шыққан шиит болған",- деді. Шейх әл-Альбани "Да'иф әл-Джами’" жинағында (5775) бұл хадисті: "Ойдан шығарылған (мәуду’)",- деп бағалаған (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).
● Жиырма тоғызыншы хадис: 'Айша анамыз (رضي الله عنها): Аллаһ Елшісі ﷺ:
قراءة القرآن في الصلاة أفضل من قراءة القرآن في غير الصلاة،

Намаздағы Құран оқу - намаздан тыс уақытта Құран оқудан артық.

وقراءة القرآن في غير الصلاة أفضل من التسبيح والتكبير،

Намаздан тыс уақытта Құран оқу - тәсбих пен тәкбир айтудан артық.

والتسبيح أفضل من الصدقة،

Тәсбих айту⁵⁷ - садақа беруден артық.

والصدقة أفضل من الصوم،

Садақа беру - оразадан артық.

والصوم جنة من النار.

Ал ораза - тозақтан қорғайтын қалқан⁵⁸".

• Имам әд-Дарақутни "әл-Әфрад" еңбегінде және әл-Бәйһақи "Шу'абул-иман" кітабында риуаят еткен.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


57] "уәт-Тәсбих (және тәсбих айту)" сөзі қолжазбада жоқ, оны "әл-Жами' ас-Са"ир" жинағынан алдық.
● Отызыншы хадис: Аус ибн Әби Аус әс-Сақафи (رضي الله عنه) жеткізген риуаятта:
قراءة الرجل القرآن في غير المصحف ألف درجة، وقراءته في المصحف تضاعف على ذلك إلى ألفي درجة.

Адамның Құранды жатқа оқуы үшін мың дәреже сауап бар. Ал Құранды мусхафқа (Құран кітабына) қарап оқуының сауабы бұдан да еселеніп, екі мың дәрежеге жетеді⁵⁸.
• ат-Табарани және әл-Бәйһақи риуаят еткен.
📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


58] әл-Мунауи: Құранды (кітаптан) қарап оқу - оған қарау, оны ұстау, қолға алу, сондай-ақ мағынасына терең бойлап, одан ғибрат алуға мүмкіндік беретіндігімен артық саналды (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).
● Отыз бірінші хадис: 'АбдуЛлаһ ибн 'Амр ибн әл-'Астан (رضي الله عنهما) жеткен риуаятта:
اقرإ القرآن في كل شهر، اقرأه في عشرين ليلة، اقرأه في عشر، اقرأه في سبع، ولا تزد على ذلك.

Құранды бір айдың ішінде толық оқып шық.

Оны жиырма түнде оқып шық.

Оны он күнде оқып шық.

Оны жеті күнде оқып шық. Бірақ бұдан да жылдам оқуға тырыспа⁵⁹.

• Бұл хадисті имам әл-Бухари, имам Муслим және Әбу Дәуд риуаят⁶⁰ еткен.

📚Файд әл-Му'ин.

Canal:
https://t.me/taammul


59] Бұл хадисте бір күн мен бір түнде оқылуы тиіс ең аз мөлшердің баянына дәлел бар. Әбу Дәуд (1349), Тирмизи және Нәсәи келтірген Ибн 'Амрдың хадисінде ең аз мөлшер - қырықтан бір бөлігі (джуз) екені айтылған. Бұл Исхақ ибн Раһауайһ пен ханбалилерден жеткен пікір. Алайда, Бухари бұл баптың хадисіне "Құран қанша уақытта оқылады?" деген тақырып беріп, соңынан Аллаһ Тағаланың: "Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар" деген сөзін келтірген. Демек, бұл олардың айтқандарынан да аз. Кімде-кім нақты бір шектеу бар десе, оған дәлел келтіруі керек. Хадисте: "Кімде-кім "әл-Бақара" сүресінің соңғы екі аятын бір түнде оқыса, оған жеткілікті болады" делінген. Сондай-ақ, Құранды оқудың ең аз мерзімі жеті күн екені туралы да баян бар. Әбу Дәуд (1348), Тирмизи, Нәсәи және Ибн Мәжә келтірген Ибн 'Амрдың хадисінде (Тирмизи бұл хадисті хасан-сахих деген): "Құранды үш күннен аз уақытта оқыған адам оны түсінбейді" делінген (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).

60] Хадис мұнда қысқаша келтірілген, оның мәтіні: "Құранды бір айда оқып шық",- деді. Ол: "Менің күш-қуатым жетеді...",- деді (хадистің соңына дейін). Онда сан айтылғаннан кейін: "Шын мәнінде, менің күш-қуатым жетеді",- делінген. Фатх аль-Бари (9/95), Муслим (3/162-163), "Өмір бойы ораза тұтуға тыйым салу..." бабы, Мухтасар Әби Дәуд (1342). Айтарым: Оны ән-Насаи де шығарған (4/210), "Бір күн ораза ұстап, бір күн ауыз ашу" бабы. Сондай-ақ Ибн Маджа (1346) осыған ұқсас нұсқасын келтірген. Бұл хадисті әс-Суюти мен әл-Мунауи 'АбдуЛлаһ ибн 'Умар ибн әл-Хаттабтың хадистерінен деп санаған, бірақ дұрысы - бұл 'АбдуЛлаһ ибн 'Амр ибн әл-'Астың хадисі. Аллаһ Тағала жақсырақ білуші (Шейх Мухаммад Шакур әл-Хажи).