𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
958 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
ара тұра Шейх Чубак (Шуақ) ажыны (رحمه الله تعالى) еш себепсіз де сағынып кете беру неден екен..
● Раббың ﷻ мен өз хәліңе қарайсың да мүмкін емес нәрселердің барлығының мүмкін екенін түсініп, ал мүмкін нәрселердің барлығы арман екеніне көз жеткізесің.. #НиязӘбуРумейса

📚Сыр емес, сүр..

Canal:
https://t.me/taammul
Audio
🎙муфти Бана Исхақ (حفظه الله).
☑️ Бұл ұлы тұлға - шейх, ғұлама, хадис ғалымы, әрі хадис сыншысы 'Абд әл-Мәтин әд-Деобәнди (حفظه الله ورعاه). Ол Бангладештегі Дакка қаласының "Жәми'ат әл-'Улум әл-Исламия" университетінде қасиетті хадис пәнінің ұстазы. Ол "Жәми' әт-Тирмизиді" отыз жылдан бері оқытып келеді. Соның нәтижесінде "Кифаят әл-Муғтази фи шархи Жәми' әт-Тирмизи" (яғни, "Жәми' әт-Тирмизи шархындағы білім іздеушіге жеткілікті еңбек) атты көлемді (17 том) әрі құнды түсіндірме (шарх) дүниеге келді. Аллаһу Тағала үметті ғалымдарынан ажыратпасын! Әмин!
✅Ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ мінезінің көркемдігіне көрсететін тұстардың бірі. Умм Хабиба (رضي الله عنها) анамызбен әкесінің қастасуы болуымен үйленді. Сафия (رضي الله عنها) анамызбен әкесі, көкесі, күйеуі өлтірілгеннен кейін некелесті. Егер Пайғамбарымыздың ﷺ сипатында әсемдік болмағанда аналарымыздың тарапынан жақтыртпаушылық оянатын еді. Бірақ білетініміздей олар үшін ең сүйікті жан ол Пайғамбарымыз ﷺ болды. Ал енді қазіргі таңда кейбір ерлердің сүннет қой деп көтерген шаңырағында бір әйелі болсын, бірнеше әйелі болсын берекесі жоқ. Әйелдерінің тарапынан наразылық пен өшпенділік, құрметсіздік бар. Бұның себебі ерінің бойында әйелдерінің жүрегін аулай тұрған көркемдік жоқтан болуы мүмкін. Н/е әйелдерінің бойында жақсылықты көре тұрған көз, көргеніне тояттана тұрған шүкіршіліктері жоқ. Болмаса жоғарыда айтқанымыздай аналарымыз Пайғамбарымыздың ﷺ некесіне өзгеше тағдырмен қосылса да, ол тағдырлары Оның ﷺ бойындағы ізгі қасиеттерін көруге перде болып саналары тұмшаланбады. Соның нәтижесінде Адамзат баласының ең Ардақтысы Пайғамбарымыз ﷺ олардың ең қымбаты, ең сүйіктісіне айналды. Жалпылама бір тарапты ғана айыптаудан аулақпыз. Бір шаңырақта ердің, бір шаңырақта әйелдің кесапаты тиіп жатады. Сізге "пәленше мен түгенше" деп өзгенің өткенін өсек қылу емес, өз шаңырағыңыздағы берекетсіздікке себеп болып жатқан дүниемен жұмыс атқару ләзім. Шаңырақтарыңызды сақтап қалыңыздар! Ерлердің де, әйелдердің де әр себептерді алға тартып ажырасқылары келетінін айтқанда жүрегің ауырады.. Иә, тас түскен жеріне ауыр дегендей әркімнің жанына батып жатқаны бары сөзсіз. Бірақ ол жараның емі әркез ажырасу бола бермейді. Аллаһ Тағала баршаңызды панасына алсын! #НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul
➖ Жолаушы әдетте үйінен жолдасынсыз сапарға шықпайтын болғандықтан фақиһтарымыз жолаушының намазына қатысты тарауды "муфа'аля", яғни ішінде әрекет етушісі екеу болатын баппен/сиғомен әкелген екен. Ал қазіргі таңда ондай жолдастар сирек сияқты. Әркімнің дүние тіршілігінен үзіле алуы өте ауыр. Сондықтан мусãфир емес, сâфир дейміз-ау деймін. #НиязӘбуРумейса

📚Келтек ой..

Canal:
https://t.me/taammul
Әйел адамға салихалы қауыммен махрамсыз да жолға шығуына болады деген қоул имамдарымыздың бірінен риуаят етілген десем, соны көрсетуім үшін турфирмалар бастап, басқалары қостап қанша ұсынады екен?)
мәзһабымызда соңғы отырыста Пайғамбарымызға ﷺ салауат айту уаджиб деген де көзқарас бар десем, иланатындар бар ма?
☑️ Мус'аб ибн әз-Зубәйр¹ адамдардың ішіндегі жүзі ең көркем жандардың бірі еді. Бірде оның Басрада үйінің ауласында отырғаны баяндалады. Сол кезде бір әйел келіп, оның алдында оған қарап тұрып қалды. Сонда Мус'аб оған:
- Аллаһ саған рақым етсін, неге бұлай тұрсың?- деді. Сонда әйел:
- Біздің шамымыз сөніп қалды. Сондықтан сіздің жүзіңізден шам жағуға² келдік,- деп жауап берді.

📚 Әрбір көркем өнер мен қызықты ғылым саласындағы таңдамалы дүниелер.

Canal:
https://t.me/taammul


1] Сахаба 'АбдуЛлаһ ибн әз-Зубәйрдің (رضي الله عنهما) інісі.
2] Тура мағынасында "жүзіңнен бір шамның жарығын алуға (шам жағуға) келдік»" деген сөз. Яғни әйел Мус'аб ибн әз-Зубайрдың жүзінің ерекше нұрлы әрі көркем болғанын әзіл-қалжыңмен, астарлап мақтаған.
☑️ Бірде көрікті әрі тапқыр бір бәдәуи әйелден:
➖"Ернің неге жарылып кеткен?"- деп сұрапты. Сонда ол:
➖"Інжір піскен кезде жарылып кетеді, ал раушан гүліне шық тигенде бүрісіп, жарылғандай болады",- деп жауап беріпті.

📚 Әрбір көркем өнер мен қызықты ғылым саласындағы таңдамалы дүниелер.

Canal:
https://t.me/taammul
☑️ Лубәба бинт 'АбдулЛлаһ ибн 'Аббас (رضي الله عنهم) адамдардың ішіндегі жүзі ең көріктілердің бірі болған. Ол әл-Уәлид ибн 'Утба ибн Әбу Суфиянға тұрмысқа шыққан еді. Ол былай дейтін: "Қайсыбір адамның жанында тұрып, айнадан өз жүзімe қарасам, жүзімнің сұлулығынан әлгі адамды аяйтынмын. Бірақ әл-Уәлид бұған кірмейді. Өйткені онымен бірге айнаға қарағанымда, оның жүзінің сұлулығынан өз жүзімді аяйтынмын".

📚 Әрбір көркем өнер мен қызықты ғылым саласындағы таңдамалы дүниелер.

Canal:
https://t.me/taammul
☑️ Сондай-ақ былай деп айтылатын:
"Кімде-кім әйелге үйленсе н/е күң алса, оның шашының әдемілігіне де мән берсін. Өйткені әдемі шаш - сұлулықтың екі жартысының бірі".

📚 Әрбір көркем өнер мен қызықты ғылым саласындағы таңдамалы дүниелер.

Canal:
https://t.me/taammul


❕Сұлу шаш әйелдің екінші көркі екені араб өлеңдерінде де келген екен. Ес білгелі табиғатым мән берген дүниеге маңыздылық берілгенін Имам Шиһаб әд-Дин әл-Әбшиһидің (رحمه الله) кітабынан кезіктіргеніме таңқалыс білдіріп отырғаным бар..