Tiek
391 subscribers
2.29K photos
772 videos
2 files
412 links
Маңызды жаңалықтар Tiek.kz сайтында
Download Telegram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Үкіметте Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы таныстырылды
Құжат 12 бағыт бойынша 96 іс-шараны қамтиды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
11 БАНКТІҢ НЕСИЕ БЕРУ ТӘРТІБІ ТЕКСЕРІЛЕДІ

Екінші деңгейлі 11 банктің қарыз алушылардың борыш жүктемесін есептеу тәртібі тексеріледі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады. Тексерудің мақсаты – азаматтардың шамадан тыс несие алуына жол бермеу және банктердің жауапты кредит беру талаптарын сақтауын бақылау. Борыш жүктемесінің коэффициенті адамның ай сайынғы несие төлемдерінің орташа айлық табысына қатынасы арқылы анықталады. Бұған дейін агенттік сегіз банкте пилоттық тексеру жүргізген. Оның нәтижесі тұрақты бақылау қажет екенін көрсеткен. Енді реттеуші анықталған заңбұзушылықтардың сипаты мен маңызын бағалап, қажет болған жағдайда банктерге түзету шараларын қабылдауды міндеттеуі мүмкін. Тексеру қорытындысы несие беру талаптарын жетілдіруге де негіз болады.
САЛЫҚ КОДЕКСІНЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ ҰСЫНЫЛАДЫ
 
Салық кодексіне өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Тиісті түзетулер пакеті биылғы жылдың соңына дейін Құрылтайдың қарауына ұсынылады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, өзгерістер кәсіпкерлердің ұсыныстарын ескере отырып әзірленген. Сонымен қатар жыл соңына дейін «Капитал нарығы туралы» заң жобасы да парламентке енгізілмек. Ал 2027 жылы қаржы нарығын дамытудың бірыңғай стратегиясын бекітетін жарлық қабылдау көзделген. Құжат Қазақстан қор биржасы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы және Alatau City арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталады.
АСТАНАДА ВАКЦИНАЛАРДЫ СЫНАҚТАН ӨТКІЗЕТІН ЗЕРТХАНА САЛЫНАДЫ

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, жаңа нысан биологиялық қауіпсіздіктің жоғары талаптарына сай болады. Кешен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізуге, вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігін тәуелсіз бағалауға мүмкіндік береді. Министрліктің мәліметінше, қыркүйекте зертханалары бар сараптама орталығының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу туралы келісімшарт жасалған. Құжаттаманы келесі жылдың отызыншы сәуіріне дейін аяқтау көзделген. Ал құрылыстың басталу мерзімі әзірге нақтыланбады.
Tiek
«АТЫРАУ – САМАРА» ҚҰБЫРЫМЕН МҰНАЙ ТАСЫМАЛДАУ ҚАЙТА БАСТАЛДЫ

«Атырау – Самара» магистральдық құбыры арқылы Қазақстан мұнайын тасымалдау қайта басталды. Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаеваның мәліметінше, үшінші қарашадағы жағдай бойынша мұнай айдау қалыпты режимде жүріп жатыр. Мамандар инфрақұрылымның техникалық жағдайын тексергеннен кейін мұнай айдау қайта қалпына келтірілді. Қазір құбыр штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ АППАРАТ БАСШЫСЫ ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ

Дәурен Болатұлы Мұратбеков Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Тиісті өкімге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Қызметтен босатылу себебі ресми хабарламада көрсетілмеген.
ШЕТЕЛГЕ ЖҰМЫСҚА ШЫҒАТЫН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЕСЕПКЕ АЛЫНБАҚ

Бұл шара Үкімет бекіткен 2027-2029 жылдарға арналған адам саудасына қарсы іс-қимыл жоспарына енгізілген. Жаңа тетікті келесі жылдың екінші тоқсанында іске қосу көзделген. Ол үшін migration.enbek.kz порталында азаматтарды хабарлама негізінде есепке алу мүмкіндігі жасалады. Сондай-ақ шетелге жұмысқа орналастырумен айналысатын жеке агенттіктердің тізілімі қалыптастырылып, олардың қызметі бақыланады. Мемлекеттік органдар интернеттегі адам саудасына ықпал ететін хабарландыруларды да анықтайды. Қажет болған жағдайда мұндай ақпаратқа қолжетімділік шектеледі. Үкімет бекіткен жоспарға барлығы отыз екі іс-шара енгізілген.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
АҚТАУДАҒЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНДА БОЛҒАН ЖАҒДАЙҒА МИНИСТР ПІКІР БІЛДІРДІ

Оқиға 31 қазанда Ақтау қаласындағы облыстық көпбейінді балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде болған. Балалар хирургі әрі онколог Қанат Измаилов пен науқас баланың әкесі арасында жанжал шыққан. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады.

Әкесінің айтуынша, ауруханада медициналық көмек көрсету ұзаққа созылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жамбыл облысында мектептегі әлімжеттіктен ес-түссіз жатқан 14 жастағы бала ұшақпен Астанаға жеткізіледі

Осы жағдайға қатысты түсініктеме берген Денсаулық сақтау министрлігі осылай деді.
НҰРЛАН САУРАНБАЕВ ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ

Нұрлан Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды.
ӘСЕЛ ЖАНАСОВА ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ – КӨЛІК МИНИСТРІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жанасова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа қызметке тағайындалуына байланысты ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
РЕСЕЙЛІК ХОСТИНГКЕ ЖАСАЛҒАН КИБЕРШАБУЫЛ САЛДАРЫНАН ДЕРЕКТЕР ЖОҒАЛДЫ

Ресейлік Beget хостинг-провайдері ауқымды кибершабуылға ұшырап, бұлттық инфрақұрылымындағы деректердің жоғалғанын растады. Компания мәліметінше, шабуыл 1 қарашадан 2 қарашаға қараған түні жасалған. Зиянкестер инфрақұрылымды басқару жүйесіне қол жеткізіп, деректерді жоюға арналған бағдарламаларды іске қосқан. Соның салдарынан VPS, S3 және Kubernetes жүйелеріндегі ақпарат, сондай-ақ IP-мекенжайлар мен CDN баптаулары жоғалған.

МЫҢНАН АСТАМ СЕРВЕР ҚОЛМЕН ТЕКСЕРІЛЕДІ

Компанияның хабарлауынша, физикалық серверлердегі файлдардың басым бөлігі сақталған. Сондай-ақ резервтік көшірмелер бар, алайда оларға әзірге қол жеткізу мүмкін емес. Мамандар мыңнан астам серверді қолмен тексеріп, жүйелердің қауіпсіздігін қалпына келтіруі керек. «Коммерсантъ» басылымының дерегінше, Beget Ресейдің .RU домендік аймағындағы домендердің шамамен 14,7%-ына қызмет көрсетеді. Бұл 540 мыңнан астам домен. Компания жүйелерді толық қалпына келтіру мерзімін әзірге жариялаған жоқ.