Freedom-ның Travel-науқанынан не таптық 👀
Астанадан Алматыға әуе билеттері 11 307₸-ден, Алматыдан Ыстамбұлға 63 679₸-ден, Астанадан Шанхайға 83 590₸-ден басталады.
Жалпы, әуе компанияларының жеңілдіктері барлық пайдаланушыларға қолжетімді: SCAT – 100 000₸-ге дейін, Turkish Airlines – 70 000₸-ге дейін, Air Astana – 50 000₸-ге дейін және т.б. Толық тізімді суреттен көре аласыздар 👆
Сонымен қатар қонақүйді қанша рет брондасаңыз да
Егер сіз 2025 жылдың 1 қаңтарынан бері әуе немесе теміржол билеттерін сатып алмаған болсаңыз, сізге қосымша ұсыныстар бар:
• Теміржол билеттерінің бағасы оның толық құнына байланысты 100₸-ден басталады. Жеңілдік автоматты түрде қолданылады.
• Әуе билеттеріне –
Барлық шарттарды 👉 мына жерден көре аласыздар.
Науқан 9 қазанға дейін (қоса алғанда) жалғасады, бірақ ұсыныстар саны шектеулі. Сондықтан кейбір тиімді нұсқалар ерте бітіп қалуы мүмкін.
https://t.me/tiimdiqazaqstan
Астанадан Алматыға әуе билеттері 11 307₸-ден, Алматыдан Ыстамбұлға 63 679₸-ден, Астанадан Шанхайға 83 590₸-ден басталады.
Жалпы, әуе компанияларының жеңілдіктері барлық пайдаланушыларға қолжетімді: SCAT – 100 000₸-ге дейін, Turkish Airlines – 70 000₸-ге дейін, Air Astana – 50 000₸-ге дейін және т.б. Толық тізімді суреттен көре аласыздар 👆
Сонымен қатар қонақүйді қанша рет брондасаңыз да
TRAVELSALE промокоды жұмыс істейді екен. Оның көмегімен 120 000₸-ге дейін жеңілдік алуға болады. Бұл промокодты тур сатып алу кезінде де қолдануға болады. Оған қоса кешбэк есептеледі. Толығырақ.Егер сіз 2025 жылдың 1 қаңтарынан бері әуе немесе теміржол билеттерін сатып алмаған болсаңыз, сізге қосымша ұсыныстар бар:
• Теміржол билеттерінің бағасы оның толық құнына байланысты 100₸-ден басталады. Жеңілдік автоматты түрде қолданылады.
• Әуе билеттеріне –
TRAVELSALE промокоды қосымша жеңілдік береді және ол негізгі жеңілдікпен бірге қолданылады.Барлық шарттарды 👉 мына жерден көре аласыздар.
Науқан 9 қазанға дейін (қоса алғанда) жалғасады, бірақ ұсыныстар саны шектеулі. Сондықтан кейбір тиімді нұсқалар ерте бітіп қалуы мүмкін.
https://t.me/tiimdiqazaqstan
👍13❤9🔥3⚡1
Air Astana press-releases
Air Astana «Жас Қыран» жол гранттары бағдарламасының үш жылдығын атап өтуде Air Astana әуе компаниясы талантты жастарға арналған жол жүру гранттары бағдарламасы - «Жас Қыран» бағдарламасының үш жылдық қорытындысын шығарды. 2023 жылдан бастап жол гранттарын…
Air Astana-да «Жас Қыран» деген өте пайдалы бағдарлама бар екен
Егер балаңыз спортпен, музыкамен айналысып, халықаралық олимпиадаларға, байқауларға немесе жарыстарға қатысатын болса, осы бағдарлама арқылы барып-қайту әуе билеттерін тегін алуға болады. Оның үстіне, бірге еріп жүретін бір адамға (ата-анасына, бапкеріне немесе мұғаліміне) билет тегін беріледі.
Бағдарлама 7–18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған.
Бұл, әсіресе, балалары спортпен немесе музыкамен кәсіби деңгейде айналысып, жарыстар мен байқауларға жиі баратын ата-аналар үшін өте тиімді мүмкіндік.
Маңызды: өтінімді құжаттармен бірге іс-шараға дейін кемінде 2 ай бұрын жіберу керек. Өтінімдер ай сайын 1-інен 25-іне дейін қабылданады. Оларды zhaskyran@airastana.com электрондық поштасына жіберу қажет.
Толығырақ 👉 мына жерде.
Дереккөз | https://t.me/tiimdiqazaqstan

👍13❤7👏4⚡3🔥2👀1
Күн кеңесі – алаяқтың суретін желіге жарияламас бұрын бірнеше рет ойланыңыз
Егер біреу сізді алдап кетсе, оның суреті мен сөйлескендеріңізді дәлелдейтін скриншоттарды жариялап, басқаларды ескерткен дұрыс сияқты көрінуі мүмкін. Алайда, нәтижесінде, заң алдында жауапқа өзіңіз тартылуыңыз ықтимал 😮
Жоғарғы Сот осындай екі жағдай туралы айтып берді:
1. Өскеменде екі пайдаланушы Instagram-ға бір әйелдің суретін салып, оны қорлайтын сөздер жазып, айып таққан. Сот оларды жазбаларды өшіруге, айыптауларын теріске шығаратын жазба жариялауға және жәбірленушіге әрқайсысы 300 000₸-ден өтемақы төлеуге міндеттеген.
2. Екінші жағдайда Астана тұрғыны өз суретінің 1500 адамдық WhatsApp-чаттарда жарияланғанын анықтаған. Сот екі көршісінен суретті келісімсіз жариялағаны үшін 20 000₸-ден өтемақы өндірген.
Қорытынды: әлеуметтік желілерде «жеке пікірім» деген желеумен адамдарды дәлелсіз айыптауға болмайды. Бұл үшін жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін. Егер үстіңізден сотқа арыз түссе, айтқан сөзіңізді айғақтармен дәлелдеуге тура келеді. Біреудің суретін рұқсатсыз жариялау да өте қауіпті.
Дереккөз – Tengrinews.kz

👍14❤6🔥5😱5⚡1🤯1💯1
Forte Market-те өте тиімді мүмкіндік пайда болды – топтық сатып алулар 🔥
Енді отбасыңызбен немесе достарыңызбен бірдей тауар сатып алсаңыз, оны әлдеқайда арзан бағаға алуға болады. Жеңілдікті алу шарты қарапайым: кемінде 5 адамнан тұратын топ жинасаңыз, әр қатысушы тауарды 30%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып алады.
Бұған қоса, Forte картасымен төлеп, таңдаулы санат ретінде «Forte Market»-ті таңдаған барлық қатысушыларға +20% бонус беріледі. Яғни, тауарға бірден жеңілдік аласыз, оның үстіне қосымша бонустар есептеледі.
Ал егер топты өзіңіз ұйымдастырсаңыз, осындай әр сатып алу үшін 10 000₸-ден бастап бонус аласыз 😮
Өз тобыңызға қатысушылар жинауға немесе дайын топқа қосылуға болады. Бұл мүмкіндік жөргектер, тұрмыстық химия, киім, техника және басқа да көптеген тауарларды сатып алғанда қолданылады.
Қайдан табуға болады? Forte Market сайтындағы немесе ForteApp қосымшасындағы «Топтық сатып алулар» бөліміне өтіңіз. Егер топқа қатысушылар жиналып жатса, «Қосылу» батырмасы шығады. Жеңілдік мөлшері мен қатысушылар саны тауар сипаттамасында көрсетіледі.

👏9❤8🔥3👌1
Бас редакторымыздың тауық етінен дайындаған ЕҢ дәмді тағамы!
Белсенді түрде дайындауға тек 15 минут уақыт кетеді, ал нәтижесінде үй пастромасына ұқсайтын өте шырынды ет шығады.
Бутерброд жасауға, салаттарға қосуға немесе ақуыз мөлшерін толықтыруға өте ыңғайлы.
3 дана дайындау үшін: 6 тауық сүбесін бір түнге маринадқа салып қойыңыз (соя соусы, май, паприка, сарымсақ, тұз, бұрыш).
Екі сүбеден біріктіріп, жіппен байлаңыз. Алдын ала 230°-қа дейін қыздырылған пешке салып, 30 минут пісіріңіз. Содан кейін пешті өшіріп, есігін АШПАЙ, ет суығанша 3–4 сағатқа қалдырыңыз. Болды!
P.s. Етті байламауға да болады. Бұл тек әдемі көрінуі үшін жасалады, дәміне әсер етпейді.
Өздеріңіз білетін оңай рецепттермен бөлісіңіздер 👇

❤12👍9🔥6😍2
«7-20-25» ипотекасы бойынша 12 пайдалы кеңес 🏠
Жақында YouTube-та ипотека сарапшылары Сұлтан Елемесов пен Едіге Қасенов қатысқан «7-20-25» бағдарламасы туралы подкаст шықты. Бұл – ең тиімді бағдарламалардың бірі әрі ол әлі де жұмыс істеп тұр! Бағдарлама 2029 жылға дейін жалғасады. Біз подкастты көріп, көпшілік біле бермейтін пайдалы ақпараттарды жинадық.
• Алдымен қайда жүгіну керек – банкке ме, әлде құрылыс компаниясына ма?
Алдымен банктен алдын ала мақұлдау алып, содан кейін ғана пәтерді брондау қажет. Ипотека талаптарына сай келетініңізді алдын ала онлайн тексеруге болады. Бұл туралы төменде толығырақ айтамыз.
Банк таңдау және кезекке тұру. Өтінім берудің ең оңай жолы – электрондық кезекке тұру. Мұндай мүмкіндік Freedom Bank, Halyk Bank, Altyn Bank және Банк ЦентрКредитте бар. Әр банктің өз ерекшеліктері бар:
• Freedom Банк: бағдарламаға банктің тізіміндегі құрылыс компаниялары ғана қатысады. Сондықтан өзіңіз таңдаған тұрғын үй кешенінің тізімде бар-жоғын алдын ала тексеріңіз. Қосымша арқылы кезекке тұру үшін депозитте кемінде 1 млн ₸ болуы керек.
• Банк ЦентрКредит: кезекке тұру үшін пәтердің кадастрлық нөмірі қажет. Сондықтан алдымен нақты пәтерді таңдап, оның нөмірін құрылыс компаниясынан сұрап алыңыз. Сонымен қатар банктен депозитке қойылатын өзекті талаптарды нақтылаңыз.
• Altyn Bank: электрондық кезекке банк менеджері арқылы тұруға болады. Ол үшін бөлімшеге бару қажет.
Дайындық:
• Заңды еңбек демалысының өзі бас тартуға себеп болуы мүмкін. Банк соңғы 6 айдағы зейнетақы аударымдарының тарихын тексереді. Егер осы аралықта үзіліс болса, жүйе автоматты түрде бас тартуы мүмкін. Мұндай жағдайға мұғалімдер жиі тап болады.
• Несие тарихы мен жүктемені тексеріңіз. Өтінім берер алдында несиелеріңізді, бөліп төлеулеріңізді және шағын несиелеріңізді тексеріңіз. Олар мақұлданатын несие сомасын азайтуы немесе банк шешіміне әсер етуі мүмкін. Несие тарихын қалай тегін тексеруге болады?
• Мерзімді барынша ұзақ – 25 жыл деп есептеңіз. Бұл міндетті ай сайынғы төлемді азайтады. Несиені мерзімінен бұрын өтеуді жоспарласаңыз да, осылай есептеу қаржылық жүктеменің ең төменгі деңгейін бағалауға көмектеседі.
Пәтер іздеу және тұрғын үй кешенін таңдау:
• Құрылыс компанияларына хабарласыңыз. Кейде олар пәтерді ресімдеуге өздері көмектеседі. Олардан 7-20-25 бағдарламасымен жұмыс істейтінін және осы бағдарлама бойынша өздерінің шекті сомаларының бар-жоғын сұраңыз.
• Танымал тұрғын үй кешендеріне ғана ұмтылмаңыз. Сұранысқа ие кешендерде бағдарлама бойынша бөлінген лимиттер тез таусылады. Сондықтан жалпы белгіленген талаптарға сай келетін пәтерлерді іздеп, оның қаланың ең үздік ауданында болмауы мүмкін екеніне дайын болған жөн.
• Шектемелер пәтердің тек несиеге алынатын бөлігіне емес, келісімшарттағы толық құнына қатысты. Яғни пәтердің бағасы белгіленген шектемеден асып кетсе, соманың бір бөлігін ипотекаға рәсімдеп, қалғанын құрылыс салушыға қолма-қол ақшамен төлеуге болмайды.
• Пәтердің нақты бағасын тексеріңіз. Кейбір құрылыс компаниялары жеңілдетілген ипотекаға байланысты баспана бағасын көтеруі мүмкін. Сондықтан сол аудандағы ұқсас пәтерлердің бағасын салыстырыңыз.
Пәтерді брондау және кезекті күту:
• Қанша күту керегін біліңіз. Сарапшының бағалауынша, 2026 жылы күту мерзімі шамамен 4–7 ай болуы мүмкін. Бірақ нақты күнді алдын ала ешкім айта алмайды. Банк менеджерінен алдыңғы кезектерде адамдар қанша уақыт күткенін сұрап, пәтер таңдағанда соған сүйенуге болады.
• Ақылы брондау кезінде абай болыңыз. Келісімшартты мұқият оқыңыз: кейбір құрылыс компаниялары мәміле жүзеге аспаса, ақшаны қайтармауы мүмкін.
• Пәтерді пайдалануға беру мерзімін ескеріңіз. Құрылыс салушыда уақыт қоры болатындай нұсқаны таңдаңыз және ипотекалық кезегіңіз келгенше 1–3 ай күте ала ма, соны алдын ала нақтылап алыңыз. Дегенмен өтімділігі төмендеу пәтерді бірден сатып алуға мүмкіндік болуы мүмкін.
Подкастта бұдан да көп кеңестер бар. Ол бір сағатқа созылады, пайдалы ақпарат көп, әсіресе бұрын ипотека рәсімдеп көрмегендер үшін. Көру.
7-20-25 арқылы ипотека рәсімдегендер, өз кеңестеріңізбен бөлісіңіздер 👇

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍17❤11🔥5⚡1🏆1
Қазір сатып алып, ақшасын бөліп төлеу – ал егер бұл үшін жүлде ұтып алуға болса, тіпті керемет!
Bereke Bank-те ALGA бөліп төлеу картасының иелеріне арналған науқан өтіп жатыр. Бұл картамен сатып алуларды бөліп төлеп қана қоймай, бағалы жүлделер ұтысына қатысуға болады.
Жүлделер қатарына – смартфон, ноутбук, құлаққап кіреді. Ал бас жүлде – автокөлік.
Ұтысқа қатысу үшін әр кезеңде карта бойынша бірнеше қарапайым шартты орындау қажет. Әр кезең үшін ұтыс ойынына қатысу билетін алуға болады. Барлығы төрт кезең қарастырылған.
Науқан 25 желтоқсанға дейін жалғасады.
ALGA картасы мен науқан шарттары туралы толығырақ:
ALGA КАРТАСЫН РӘСІМДЕУ | PR*

❤10👍10🔥5
13 үздік науқан мен промокодтар топтамасы 🔥
• New Balance – 80$-ға екі жұп түпнұсқа кроссовка алуға болады. Бір жұбы 20 000₸-ден арзан шығады (жеткізу құнын есептемегенде). Тауарларды осы бөлімнен таңдауға болады. Онда ересектер мен балаларға арналған 31 үлгі бар. Жеңілдік себетте автоматты түрде қолданылады. Өз бетіңізше қалай тапсырыс беруге болатыны туралы 👉 біздің нұсқаулық.
• BI Group|Отбасы банк – Threads желісінде жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылатыны туралы жазып жатыр. Пәтер құнының 50%-ын депозитке салып, алты ай күтпей-ақ баспана сатып алуға болады екен. Бұл BI Group-тың бастапқы нарықтағы тұрғын үйлеріне арналған бағдарлама. Бұл алдын ала ақпарат, ресми шарттары әлі жарияланған жоқ.
• Freedom SuperApp – ақылы сауалнамаға қатысқаныңыз үшін 400₸ береді. Freedom SuperApp-та шахмат туралы 16 сұраққа жауап беру керек. Сауалнаманы толтыруға 5 минутқа дейін уақыт кетеді. Қосымшадан табу жолы: «Қызметтер» → «Сауалнамалар» бөлімі.
• Bereke Bank – 2 млн ₸-ге дейінгі шегі бар Alğa бөліп төлеу картасы пайда болды. Онымен кез келген дүкенде және интернетте сатып алуларды 6 ай бойы тең бөліктермен төлеуге болады. 25 желтоқсанға дейін карта иелері арасында смартфон, ноутбук, құлаққап және бас жүлде – автокөлік ойнатылады. Шарттары.
• MonAmie – 14 қазанға дейін онлайн және офлайн сатып алулардың барлығына 50% бонус есептеледі. Бонустар 30 күн бойы жарамды. Егер сіз MonAmie-ден сирек сатып алсаңыз немесе жақында ғана тіркелсеңіз, бонуспен келесі сатып алу сомасының 30%-ына дейін төлеуге болады. Шарттары.
• Estée Lauder – ресми сайтта 12 өнімнен тұратын жиынтық $90-ға (шамамен 40 600₸) сатылып жатыр. Ішінде сәндік және күтім жасауға арналған косметика, соның ішінде әйгілі сарысу бар. Жиынтықты науқандық бағамен алу үшін толық өлшемдегі өнімдердің бірін сатып алу жеткілікті. Қалай тапсырыс беруге болады?
• METRO – желінің Қазақстаннан кетуіне байланысты соңғы жаппай сатылым басталды. Жеңілдіктер 70%-ға дейін жетеді. Науқан 8 қазаннан бастап Қарағанды, Павлодар, Өскемен және Шымкентте жүріп жатыр. Ал Алматы мен Астана үшін күндері әзірге жарияланған жоқ. Толығырақ.
• Freedom Travel – әуе билетін алғашқы рет сатып алуға 5000₸ жеңілдік беретін жаңа
• Anytime (Алматыдағы каршеринг) – қызметке бұрын тіркелмеген және көлік жалдамаған пайдаланушыларға алғашқы сапарға
• Qazaq Oil | GASENERGY – осы жанармай құю бекеттерінде жанармай құйсаңыз немесе 10 000₸-ден жоғары сомаға сауда жасасаңыз, гибридті ROX 01 автокөлігін ұтып алу мүмкіндігіне ие боласыз. Науқан 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Толығырақ.
• Phin Tokyo Plaza – Астанада жапон азаматы жапон тәттілерін, азық-түлігін мен күтім косметикасын сататын дүкен ашыпты. Мысалы, онда нағыз жапон раменін немесе балалар өздері пішінді мармелад жасай алатын жиынтықтарды табуға болады. Сонымен қатар 18 қарашаға дейін 10% жеңілдік жұреді. Мекенжайы: Бектұров көшесі, 9.
• iHerb –
• BI Group-тың Qonys Fest фестивалі – 16–18 қазан аралығында Астана, Алматы, Шымкент және Атыраудағы пәтерлерге, коммерциялық үй-жайларға, автотұрақ орындары мен қоймаларға жеңілдіктер беріледі. Шарттары мен жеңілдік мөлшері қалаға және таңдалған нысанға байланысты. Толығырақ.
https://t.me/tiimdiqazaqstan
• New Balance – 80$-ға екі жұп түпнұсқа кроссовка алуға болады. Бір жұбы 20 000₸-ден арзан шығады (жеткізу құнын есептемегенде). Тауарларды осы бөлімнен таңдауға болады. Онда ересектер мен балаларға арналған 31 үлгі бар. Жеңілдік себетте автоматты түрде қолданылады. Өз бетіңізше қалай тапсырыс беруге болатыны туралы 👉 біздің нұсқаулық.
• BI Group|Отбасы банк – Threads желісінде жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылатыны туралы жазып жатыр. Пәтер құнының 50%-ын депозитке салып, алты ай күтпей-ақ баспана сатып алуға болады екен. Бұл BI Group-тың бастапқы нарықтағы тұрғын үйлеріне арналған бағдарлама. Бұл алдын ала ақпарат, ресми шарттары әлі жарияланған жоқ.
• Freedom SuperApp – ақылы сауалнамаға қатысқаныңыз үшін 400₸ береді. Freedom SuperApp-та шахмат туралы 16 сұраққа жауап беру керек. Сауалнаманы толтыруға 5 минутқа дейін уақыт кетеді. Қосымшадан табу жолы: «Қызметтер» → «Сауалнамалар» бөлімі.
• Bereke Bank – 2 млн ₸-ге дейінгі шегі бар Alğa бөліп төлеу картасы пайда болды. Онымен кез келген дүкенде және интернетте сатып алуларды 6 ай бойы тең бөліктермен төлеуге болады. 25 желтоқсанға дейін карта иелері арасында смартфон, ноутбук, құлаққап және бас жүлде – автокөлік ойнатылады. Шарттары.
• MonAmie – 14 қазанға дейін онлайн және офлайн сатып алулардың барлығына 50% бонус есептеледі. Бонустар 30 күн бойы жарамды. Егер сіз MonAmie-ден сирек сатып алсаңыз немесе жақында ғана тіркелсеңіз, бонуспен келесі сатып алу сомасының 30%-ына дейін төлеуге болады. Шарттары.
• Estée Lauder – ресми сайтта 12 өнімнен тұратын жиынтық $90-ға (шамамен 40 600₸) сатылып жатыр. Ішінде сәндік және күтім жасауға арналған косметика, соның ішінде әйгілі сарысу бар. Жиынтықты науқандық бағамен алу үшін толық өлшемдегі өнімдердің бірін сатып алу жеткілікті. Қалай тапсырыс беруге болады?
• METRO – желінің Қазақстаннан кетуіне байланысты соңғы жаппай сатылым басталды. Жеңілдіктер 70%-ға дейін жетеді. Науқан 8 қазаннан бастап Қарағанды, Павлодар, Өскемен және Шымкентте жүріп жатыр. Ал Алматы мен Астана үшін күндері әзірге жарияланған жоқ. Толығырақ.
• Freedom Travel – әуе билетін алғашқы рет сатып алуға 5000₸ жеңілдік беретін жаңа
IWSM29 промокоды пайда болды. Freedom SuperApp қолданбасын ашып → «Қызметтер» → «Саяхаттар» → «Әуе билеттері» бөліміне кіріп, промокодты төлем бетінде қолданыңыз.• Anytime (Алматыдағы каршеринг) – қызметке бұрын тіркелмеген және көлік жалдамаған пайдаланушыларға алғашқы сапарға
ПРОСТО промокоды бойынша 6000 бонус беріледі. Бонустар белсендірілгеннен кейін 90 күн бойы жарамды. Ал ПЛЮС промокоды қызметті бұрын пайдаланғандарға 1000 бонус береді. Олар белсендірілгеннен кейін бір апта бойы жарамды.• Qazaq Oil | GASENERGY – осы жанармай құю бекеттерінде жанармай құйсаңыз немесе 10 000₸-ден жоғары сомаға сауда жасасаңыз, гибридті ROX 01 автокөлігін ұтып алу мүмкіндігіне ие боласыз. Науқан 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Толығырақ.
• Phin Tokyo Plaza – Астанада жапон азаматы жапон тәттілерін, азық-түлігін мен күтім косметикасын сататын дүкен ашыпты. Мысалы, онда нағыз жапон раменін немесе балалар өздері пішінді мармелад жасай алатын жиынтықтарды табуға болады. Сонымен қатар 18 қарашаға дейін 10% жеңілдік жұреді. Мекенжайы: Бектұров көшесі, 9.
• iHerb –
AYE2949 промокоды алғашқы тапсырысқа 10% және барлық келесі тапсырыстарға 5% жеңілдік береді. Ол жерден дәрумендер, косметика және басқа да тауарларға қалай тапсырыс беруге болатынын 👉 мұнда оқуға болады.• BI Group-тың Qonys Fest фестивалі – 16–18 қазан аралығында Астана, Алматы, Шымкент және Атыраудағы пәтерлерге, коммерциялық үй-жайларға, автотұрақ орындары мен қоймаларға жеңілдіктер беріледі. Шарттары мен жеңілдік мөлшері қалаға және таңдалған нысанға байланысты. Толығырақ.
https://t.me/tiimdiqazaqstan
👍9❤7🔥6👌1
Балаңызды АҚШ-қа тегін оқуға қалай жіберуге болады? 🇺🇸
Қазақстандық оқушылар FLEX Global мемлекеттік бағдарламасы арқылы АҚШ-та бір жыл тегін оқи алатынын көп адам әлі де біле бермейді. Бұл бағдарлама 30 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Грант барлық дерлік шығынды өтейді:
• АҚШ-қа барып-қайту әуе билеттері;
• виза;
• америкалық мектепте оқу;
• медициналық сақтандыру;
• қабылдаушы отбасында тұру және тамақтану;
• бұған қоса, балаға жеке шығындарына ай сайын 200$ беріліп тұрады.
Бұл мемлекеттік бағдарлама жыл сайын өтеді және қазір, 22 қазанға дейін, 2027–2028 оқу жылына өтінімдер қабылданып жатыр.
Кімдер қатыса алады?
→ Биыл өтінімді 2010 жылғы 1 қаңтар мен 2011 жылғы 31 желтоқсан аралығында туған 14–16 жастағы балалар бере алады. Егер балаңыздың жасы кішірек болса, бұл мүмкіндікті болашаққа түртіп алыңыз.
→ 9–10-сынып оқушылары және 9-сыныптан кейін колледждің бірінші курсында оқитындар қатыса алады. НЗМ-де оқитындардан тек 10-сынып оқушылары қатыса алады.
→ Соңғы 5 жылда АҚШ-та 90 күннен артық болмаған балалар қатыса алады. Бұл шектеу ата-аналар мен туыстарға қатысты емес.
Нені ескеру керек?
• Қатысушылар конкурстық негізде таңдалады – ол үшін іріктеудің үш кезеңінен өту қажет. Баланың үлгерімі жақсы және ағылшын тілін білу деңгейі жоғары болуы тиіс.
• АҚШ-тағы қабылдаушы отбасыны, қаланы және мектепті өзіңіз таңдай алмайсыз.
• Қазақстандағы оқу жылының қалай есептелетінін алдын ала нақтылап алыңыз. Мектепке байланысты экстернат, академиялық демалыс рәсімдеу немесе АҚШ-та оқыған оқу жылын есепке алу мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.
• Бітіруші сынып оқушыларының тәжірибесі бойынша, ҰБТ-ны 10 шілдеге дейін тапсырып үлгеруге немесе тамызда тапсыруға болады. Бұл жайлы да Қазақстандағы мектебіңізбен алдын ала келісіп алған жөн.
• Бағдарлама аяқталғаннан кейін бала АҚШ-та бірден қала алмайды. Ол Қазақстанға оралып, елде кемінде 2 жыл болуы керек.
Қалай қатысуға болады?
22 қазанға дейін тіркеліп, сауалнаманы толтырып, ағылшын тілінде үш эссе жазу қажет. Сауалнама белсендірілгеннен кейін эссе жазуға ең көбі 5 күн беріледі. Бірақ барлық жұмысты міндетті түрде 22 қазанға дейін аяқтау керек. Содан кейін 24 сағат ішінде ағылшын тілінен тест тапсыру қажет. Тесттің өзіне 20 минут беріледі. Өтінім беру үшін шетелдік паспорт талап етілмейді.
Тіркелу үшін 👉 мына сілтемеге өтіңіз
Толығырақ ақпарат: @flex_global_kz немесе
Осындай бағдарламалармен барғандар бар ма? Тәжірибелеріңізбен бөлісіңіздер 👇
Дереккөз: @erlanman | https://t.me/tiimdiqazaqstan

Келесі кезеңге өткендерді қосымша тапсырмалар, сондай-ақ онлайн және офлайн сұхбаттасулар күтеді. Кеңес: ЖИ құралдарын пайдаланбаған жөн – бұл бірден бағдарламадан шеттетілуге әкелуі мүмкін. Өз сөзіңізбен және жеке тәжірибеңіз туралы жазған дұрыс.
Тіркелу үшін 👉 мына сілтемеге өтіңіз
Толығырақ ақпарат: @flex_global_kz немесе
+77272919226 нөмірі бойынша.Осындай бағдарламалармен барғандар бар ма? Тәжірибелеріңізбен бөлісіңіздер 👇
Дереккөз: @erlanman | https://t.me/tiimdiqazaqstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10🔥9❤6👏1👌1
Арнамыздағы көпшілік біле бермейтін пайдалы бөлім
Көбі біздің арнайы тақырыптарға бөлінген «Тиімді Суперчатымыз» бар екенін біле бермейді. Ол жерде кеңес сұрауға, сондай-ақ автокөлік, саяхат, маркетплейстердегі тиімді олжалар мен басқа да тақырыптар бойынша пікір алмасуға болады.
Чаттың ішіндегі ең басты мүмкіндіктер:
• Заңгерлерден, ипотека сарапшыларынан және техника таңдауға көмектесетін мамандардан тегін кеңес алуға болады. Олар өз еркімен көмектеседі, сондықтан сұрақтарға мүмкіндігіне қарай жауап береді және жеке жағдайларды егжей-тегжейлі қарастырмайды.
• Отбасылық жазылымдар – онда жазылымдар мен тарифтерді бірлесіп төлеу үшін топтарға бірігуге болады
• Науқандар мен промокодтар – біздің арнада және барлық парақшаларымызда жариялайтын жеңілдіктер, промокодтар мен арнайы ұсыныстар алдымен осы бөлімде шығады.
• Жаңалықтар – елдегі басты оқиғалар туралы қысқаша ақпарат. Елде не болып жатқанынан хабардар болу үшін тек осы бөлімді оқып отыруға болады.
Басқа да тақырыптық чаттар:
• «Тегін беремін» және хабарландырулар;
• Саяхат және демалыс;
• Қытайдан тапсырыс беру және Uniqlo-дан табылған тиімді тауарлар;
• Балалар, денсаулық және спорт туралы;
• Рецепттер;
• Үй жануарлары және басқа да тақырыптар.
Навигация бойынша лайфхак: егер бөлімдердегі жазбалар араласып көрсетілсе, қарау режимін тақырыптар бойынша көрсетілетін етіп ауыстырыңыз.

Сонымен қатар, әр бөлімнің бекітілген хабарламаларын қарап шығыңыз. Онда ережелер мен қолмен іздеп әуре болмай-ақ табуға болатын басқа да пайдалы ақпараттар жинақталған.
https://t.me/tiimdiqazaqstan
👍8🔥6❤5
2026 жылы қай планшетті таңдаған дұрыс?
Оқырманымыз @StanisS11 кез келген қаражатқа планшеттер топтамасын дайындады: күнделікті қарапайым тапсырмаларға арналған үлгілерден бастап, кәсіби құрылғыларға дейін. Әртүрлі нұсқаларды салыстырып, не үшін қосымша ақша төлеуге тұратынын, ал қай тұста үнемдеуге болатынын түсінуге болады.
Мазмұны:
• Android әлде iPad?
• Қандай мақсатқа қажет: балаға мультфильм көруге ме, әлде барынша өнімді жұмысқа ма?
• Үлгілердің артықшылықтары мен кемшіліктері
• Әр баға санатындағы үздік нұсқалар
• Ozon-нан табылған 3 тиімді нұсқа
• Сатып алғанда ескеру керек 8 жайт
• Тауарды алған кезде нені тексеру қажет?
Толық шолуды 👉 сілтемеден оқи аласыздар. Ал төменде ең үздік нұсқаларды жинадық (*дәйексөзді ашыңыз):
Барлық үлгілер мен сатып алғанда ескеру керек маңызды жайттар 👉 осы кестеде жинақталған.
Сондай-ақ @StanisS11 ноутбуктар мен MacBook үлгілеріне де шолулар жасаған. Осындай пайдалы талдаулар қызық болса, авторды LinkedIn-де оқи аласыздар.
Ал сіздер қандай планшеттерді ұсынар едіңіздер? Пікірлерде бөлесе отырыңыздар 🙌

Android:
• Мультфильмдер мен YouTube үшін – 77 000₸ тұратын Galaxy Tab A11 8.7″ немесе 83 000₸ тұратын POCO Pad C1. Қарапайым тапсырмаларға арналған қолжетімді үлгілер.
• Видео, оқу және балаға – 110 000₸ тұратын Redmi Pad 2 8/256 ГБ. Kaspi-дегі ең танымал Android планшеттерінің бірі. 2.5K экран, microSD ұясы және құлаққап жалғайтын ұясы бар.
• Қолмен конспект жазуға – 161 000₸ тұратын Galaxy Tab S10 Lite. Жинақта S Pen стилусы бар. Ал Galaxy телефоныңыз болса, Samsung экожүйесін бірге пайдалану ыңғайлы.
• 200 000₸-ге дейінгі ең тиімді нұсқа – 168 000₸ тұратын Xiaomi Pad 7 8/256 ГБ. Экран жиілігі 144 Гц, ал чипі ойындарды орташа және жоғары баптауларда іске қосуға жетеді.
• Ең жоғары өнімділік – 327 000₸ тұратын Xiaomi Pad 8 Pro 12/512 ГБ. Ойындарды ең жоғары баптауларда ойнауға және құжаттармен ноутбук сияқты жұмыс істеуге арналған.
• AMOLED экран, стилус және судан қорғаныс – 428 000₸ тұратын Galaxy Tab S11. Флагмандық чип, жинақтағы S Pen және Android планшеттерінің ішіндегі ең толық мүмкіндіктер жиынтығы.
iPad:
• Көпшілік тапсырмаларға арналған нұсқа – 225 000₸ тұратын iPad A16 128 ГБ. Оқу, видео көру және ойындардың көпшілігі үшін қуаты жеткілікті.
• Сурет салу, монтаж және пернетақтамен жұмыс істеу – 361 000₸ тұратын iPad Air 11″ M4. Ноутбук деңгейіндегі чипі LumaFusion және CapCut-та жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
• Үлкенірек экран қажет болса – 501 000₸ тұратын iPad Air 13″ M4. Экранда екі терезені қатар ашып жұмыс істеуге, нота жазуға, сызбалармен жұмыс істеуге және сурет салуға ыңғайлы.
Барлық үлгілер мен сатып алғанда ескеру керек маңызды жайттар 👉 осы кестеде жинақталған.
Сондай-ақ @StanisS11 ноутбуктар мен MacBook үлгілеріне де шолулар жасаған. Осындай пайдалы талдаулар қызық болса, авторды LinkedIn-де оқи аласыздар.
Ал сіздер қандай планшеттерді ұсынар едіңіздер? Пікірлерде бөлесе отырыңыздар 🙌
https://t.me/tiimdiqazaqstan
👍12❤6🔥4
Айына 100$. Балаңыз 18 жасқа толғанша қомақты капиталды қалай жинауға болады?
Демалыс күндері әріптесіміз әрі инвестор Тұрар Әбдидің осы жазбасын оқуға кеңес береміз. Жазбаның басы:
Балаңызға қомақты капитал жинау үшін қаржы саласының маманы болудың, күні-түні графиктерді бақылаудың немесе «сол бір» акцияны табуға тырысудың қажеті жоқ.
Бір ғана жаһандық инвестициялық құралды – VT ETF-ін (Vanguard Total World Stock Index Fund) тұрақты түрде сатып алып отырсаңыз жеткілікті
18 жылдағы күрделі пайыз есебі. Егер сіз VT қорына ол құрылған сәттен бастап, яғни 2008 жылғы маусымнан 2026 жылғы қыркүйекке дейін ай сайын 100$ инвестициялап, алған барлық дивидендті тұрақты түрде қайта инвестициялап отырсаңыз, бүгінгі капиталыңыз шамамен 68 497$ болар еді. Бұл 2008 жылдың күзіндегі дағдарысты, 2020 жылғы пандемияны, 2022 жылғы нарықтың құлдырауын есепке алғандағы көрсеткіш.
👉 Жалғасын оқу (5 минут).
P.S. ETF деген не екенін 👉 мына жерден оқи аласыздар. Бұл – Тұрардың инвестицияны жаңадан бастаушыларға арналған толықтай тегін курсының бір бөлігі. Сондай-ақ олардың «Теңгеден миллионға дейін» атты инвесторлардың мықты қауымдастығы бар.

VT ETF дегеніміз не? Осы ETF-тің бір ғана бағалы қағазын сатып алсаңыз, әлемнің 47 еліндегі 9000-нан астам ірі компанияның шағын үлестеріне автоматты түрде ие боласыз. Оның ішінде АҚШ, Еуропа, Жапония, Қытай және басқа да ондаған дамыған әрі дамып келе жатқан елдердің алпауыт компаниялары бар. Яғни сіз бірден бүкіл әлемдік экономиканың үлесін сатып аласыз.
Әлемдік экономика өссе, капиталыңыз да өседі.

👍5❤3🔥2