Тимурдан Инфо | it&tech
3.46K subscribers
1.31K photos
110 videos
28 files
728 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
Inside China's AI Micro-Drama Machine | Afra Wang
🔥2
IT саласында оқимысың?

ЖИ дәуірінде енді қайтпек керек?

Мына видеоны қарап шығыңыздар. Сұмдық керемет нұсқаулық!

https://www.instagram.com/reel/DfPXktYM4aI/?xtok=OXd3NWxiYmg3Mndt
🔥12
ЖИ дәуірінде жылдамдық пен жаңа заманға адаптацияны 100000% қылып қоспасаңыздар, 20 жылдық программистік тәжірибемен де жұмыссыз қала бересіздер.

Сосын, жұмыссыз қалу деген барлық елде, тіпті, АҚШ-та да бар. Адамдар Гуглден де, Амазоннан да шығып жатыр. Бірақ әңгіме тек қана жалақы жұмыс емес, өзіне жұмыс істеуге де икемделу керек. Ол үшін софт скилл мен кәсіпкерлік ойлау жүйесі де керек.
👍12🤔3😱3
Forwarded from 
Программист енді код жазбайды / Жомарт Аралбайұлы, Темірұлан Мұсаев / Pop culture & tech / #145

Жасанды интеллект адамның жұмысын жеңілдете ме, әлде мамандықтарды біртіндеп алмастыра ма? Программистер неліктен код жазуды азайтты және кез келген адам vibe coding арқылы өз өнімін жасай ала ма?

Culture & Tech форматындағы бұл шығарылымның қонағы — DeepInfra компаниясында жұмыс істейтін software engineer, математик әрі AI маманы Темірұлан Мұсаев.

Нәрікби, Жомарт және Темірұлан жасанды интеллект әлемін қарапайым тілмен талқылайды. DeepInfra қалай жұмыс істейді, GPU, токен және LLM деген не, Кремний алқабындағы IT мамандары қанша табады және стартап қызметкерлеріне компания акциялары не үшін беріледі — осы сұрақтардың барлығына жауап іздейді.

Сонымен қатар шығарылымда:
— OpenAI, Anthropic, Google, Meta және Қытайдың AI жарысы;
— жасанды интеллектке қажетті деректер және авторлық құқық;
— Higgsfield және қазақстандық AI индустриясы;

https://www.youtube.com/watch?v=9Te45a5Vlhs
🔥15
Қыздар мен жігіттер...
Google Flow Studio деген қосылыпты. n8n сияқты автоматизациямен айналыспақшы. Әрине, барлығымыз gmail поштаны, google slides, google drive құралдарын, басқа да осы экожүйесінің өнімдерін қолданамыз. Тиісінше, қауіпсіздік, тегіндік, қазақ тілін қолдау тұрғысы жағынан жақсы көмекші болуы ықтимал.
Неліктен ықтимал?
Өйткені, Google компаниясы бүгін бір құралды шығарады, ертең өлтіре салады.
👍14🔥6
Құрметті тіл жанашырлары!

Құлақ салуды өтінеміз!

Google Ads қазақ тілін қолдамайды.

Сондықтан қазақ тіліндегі жарнамалар мен беттер қабылданбайды, ал Google Ad Grants бағдарламасы қазақ тілінде жұмыс істейтін ҰЕҰ мен медиаға іс жүзінде жабық.

Біз «Мінбер» қоғамдық қоры ретінде Google-ға ресми өтініш жібердік және Google Ads Help Community форумында қазақ тілін қосу туралы ұсыныс жарияладық.

Google сұраныстың қаншалықты кең екенін көруі керек.

Сондықтан сізден қолдау сұраймыз:

Мына сілтемені ашыңыз: https://support.google.com/google-ads/thread/476516667
Google аккаунтыңызбен кіріңіз.
«I have the same question» батырмасын басыңыз және/немесе ағылшынша қысқа жауап қалдырыңыз. Мысалы: "[Ұйым атауы], [қала], Kazakhstan. We also work in Kazakh and support this request. Our audience needs to be reached in Kazakh through Google Ads."

Бұл бар болғаны 2–3 минут алады. Хатты қазақ тілінде жұмыс істейтін басқа ұйымдарға да жіберсеңіз, қуанышты боламыз

Құрметпен, Мінбер» қоғамдық қоры
🔥24👍9
Antigravity де енді remote agents деген функционалды іске қосты.
👍7🔥2
Қазақ еліне +1 миллиардер

Алекс Машрабов - Higgsfield компаниясының кофаундері. ҚР азаматтығын алды.

Ақпарат: министр Ж.Мадиев
👍25🔥8
How to Train Your own Decision Model like Jev using Unsloth

In this article, you will learn how to turn an open-weight language model into a decision model that classifies user intent, by fine-tuning Qwen3.5-4B on the CLINC150 dataset with Unsloth.

Topics we will cover include:

• What decision models are, and how Unsloth’s FastDecisionModel scores a fixed set of choices instead of generating text.

• How to convert CLINC150 into Unsloth’s decision format and fine-tune Qwen3.5-4B with 4-bit LoRA in Google Colab.

• How to evaluate, calibrate, test, and save the resulting intent classifier.

https://machinelearningmastery.com/how-to-train-your-own-decision-model-like-jev-using-unsloth/
🔥2
Біз мында Codex, Claude Code деп жатамыз ғой.

Бірақ, ештеңеге бас қатырғысы келмейтін, ЖИ-ге өз қалауын жазып, көздеген сайтын, немесе жобасын, презентациясын жасап алғысы келетін қалың жұртшылыққа ең бірінші кезекте ұсынатын құралым - Lovable.

Осыны қолданыңыздар. Құдайдың құтты күні 5 кредит тегін береді. Яғни, әр күні бір жоба, бір сайт жасауға болады. Тіпті 5-10.000 теңгеге сатуға да болады.

Осыдан 5-6 жыл бұрын сіз қазір теп-тегін әрі ешқандай тіл білместен ойыңызға келген идеяңызды жүзеге асыратын мұндай құралдар жоқ кезде 100.000-нан 1 млн теңгеге дейін ақша төлейтінсіз. Ал қазір... Рахат кезең келді.

Мұғалімдер, заңгерлер, қаржыгерлер, зерттеушілер, кім болса да осы құралды қолдануға болады. Себебі, сайтты интернетке өзі тегін шығарады. Сервер, домен деп бас қатырудың да қажеті шамалы.

Төмендегі сілтемені қолданып тіркелсеңіз, тегін 10 кредит аласыз менің атымнан.

https://lovable.dev/invite/3K6OWN1
👍12