Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
710 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
Қазақстандағы ІТ саласының дамуы

Boston Consulting Group деген атақты әлемдік зерттеу институты бар. Сол мекеме жасанды интеллекті дамыту және оны экономиканың әртүрлі секторларына енгізу бойынша адаптация жасап жатқан елдерге классификация жасап шыққан.

"Ойбай, біз кереметпіз!" деп жүрген Қазақстанды тауып алыңыздар ішінен... Ең болмаса, Эфиопия мен Нигерия жақты іздеп қараңыздар...
👍14🤯6
“6 ел, 1 миллион пайдаланушы:

1Fit негізін қалаушылардың вирустық маркетинг құпиялары мен Мексикаға дейін жету жолы!”


Invest Dala Podcast жаңа эпизодты тыңдауға шақырады!

Қонақта – Қазақстандағы ең табысты стартаптардың бірі - 1Fit негізін қалаушылар Мейір Әділжанов пен Асқар Ақшабаев.

🔹 Мейір Әділжанов (Chief New Markets Officer): 1Fit-тің Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан нарықтарына қалай шыққанын айтып береді.
🔹 Асқар Ақшабаев (Chief Technical Officer): платформаның техникалық іске қосылуы мен жетілдіру құпиялары жайлы бөліседі.

Негізгі тақырыптар:
✅ Фаундерлер достықтарын сақтап қалуға не көмектесті?
✅ Неге Мейір мен Асқар бір-біріне ренжіді?
✅ Вирустық жарнама қалай іске асады?
✅ Мексикадағы алғашқы ақшалай табыс қанша болды?
✅ Халықаралық команданы кім басқарады?

EA Ventures by EA Group венчурлік бөлімінің басшысы Әділбек Камиевпен әңгімелесу барысында Мейір мен Асқар 1Fit-тің құрылу тарихын айтып берді. Одан бөлек, платформаның маркетингі қалай жұмыс істейтіні және фаундерлерге достық пен 1Fit-ті сақтауға не көмектескені туралы әңгімелесті.

1Fit және стартап туралы білгіңіз келсе, бұл шығарылымды өткізіп алмаңыз!

📺 Толық бейне YouTube-та: Сілтеме
🎧 Аудио нұсқасы: Сілтеме

Көп сұраққа жауап тапқыңыз келсе – қазір басып, тыңдаңыз! Бәлкім, 1Fit оқиғасы сізге де көмектесер;)
👍17
Наша первая Ask me anything сессия! У Мадины Абдрахмановой мы зададим вопросы как создавали первую казахстанскую LLM (KAZ-LLM) и про будущее ИИ в регионе. Это всего два вопроса я придумал. Если сообщество в комментах никаких больше вопросов не напишет.

Мадина является Deputy Director of Product and External Affairs, Senior Data Scientist at Institute of Smart Systems and Artificial Intelligence - Nazarbayev University Регистрация здесь! https://gdg.community.dev/events/details/google-gdg-cloud-almaty-presents-ask-me-anything-session-with-madina-from-issai-nu-kaz-llm-development/

Ақпарат: Асқар Айтуов (Фейсбук акаунт)
👍6
Мына видеоны Computer science немесе ІТ саласында оқып жатқан әрбір студент көріп шыққаны абзал.

Ең керемет видео🔥🔥🔥

https://youtu.be/CxGSnA-RTsA?si=kDoUNDzvoNQM8VGl
🔥7👍1
Қолыңыздағы кітапты не үшін жаздым?

“Әуелі осы сұраққа жауап берейін.

Бұл кітапты білек сыбана жазуыма түрткі болған бірнеше себеп бар.

Өзге мамандықтарға қарағанда IT жаңа сала. Елімізде енді етек ала бастағандықтан, бұл сала жайлы қазақ тілінде жазылған кітаптар жоқтың қасы.

Байқауымша, мектеп қабырғасында, әсіресе ауыл-аймақтағы мектептерде бұл сала туралы оқушыларға кеңінен ақпарат айтылмайды. Сәйкесінше ауыл балалары арасында ақпараттық технологияға түсем деушілер аз. Келесі себеп, көп жеткіншектен “бағдарламалауды меңгеру қиын”, “код жазу қолымнан келмейді”, “IT маманы болу үшін ерекше дарынды болу керек шығар” деген пікірлерді жиі естимін. Шын мәнінде IT маманы болу үшін вундеркинд болудың қажеті жоқ. Бағдарламалау - бұл ядролық физика ғылымы сияқты тым күрделі мамандық емес. Тіпті ақпараттық технология саласын бітірді деген дипломның да қажеті шамалы. Бәрі қабілетіңізді қаншалықты жетілдіргеніңізге байланысты. Табиғаттан берілген талантты табанды адамның еңбекқорлығы жеңіп кетуі әбден мүмкін екенін естен шығармаңыз.

Бастапқыда бағдарламалаумен айналысу қиын боп көрінуі мүмкін. Алайда барлық нәрсе басында қиын. Мәселен, жаңа аспапта ойнауды меңгеру, жаңа тіл үйрену, қарапайым жаңа ойынның өзін түсінуге шамалы уақыт жұмсаймыз ғой. Сол сияқты бағдарламалауды да араға аз-кем уақыт салып үйреніп алуға болады. Маған сеніңіз!

Бағдарламалауды үйренудің мүмкіндіктері көп. Өзіңнің қалаған ойыныңды, анимацияларды, веб-сайттарды тіпті, автономды жүргізуші автокөлік жасай аласың. Бастысы, осы салада дамуды тоқтатпасаңыз, келешекте үлкен жобаларға жетекші болып, әлемдік нарыққа қажетті бағдарламалардың авторы болуыңыз да мүмкін. Қазір әлем сапалы қызмет жасайтын, қабілетті IT мамандарға мұқтаж. Көптеген қызмет түрлері электронды нұсқаға ауысуына байланысты біздің де елімізге білікті бағдарламалаушылар қажет.

Байқасаңыздар киім-кешек, тұрмыстық заттар, косметика, кітап, тіпті азық-түліктің өзін қосымшалардың көмегімен онлайн тапсырыс беру күннен күнге дамып келеді. Міне, сондай қосымшалар мен бағдарламаларды жасайтын IT мамандары. Өз ісін жақсы меңгерген мамандар үшін әлемнің кез келген елінде есік ашық екенін ұмытпаңыз.

Мәселен, Google, Yandex, Facebook, Twitter, Booking, Opera сынды алпауыт компанияларда жұмыс жасап жүрген қазақтың қыз-жігіттері жетерлік.

Осы кітап арқылы қазақ жастарына IT саласының мүмкіндіктерін насихаттап, бағдарламалаудың алғашқы сатысын үйреткім келеді. Осы саланың қыр-сырын меңгерген маман ретіндегі ақылымды қабыл алыңыз, оқырман!” дейді Нұрәділ бауырым.

Meta (оның ішінде WhatsApp) компаниясында жұмыс істейтін Нұрәділ Қожахмет деген бауырым Python бағдарламалау тілінің әліппесін жазып шықты. Қабыл алыңыздар!

👉 https://docs.google.com/document/d/1uo0TfjhSPDE-oVvVLRPTEgDktMIeyOIwaQvq8iHoOi4/edit
🔥15👍9👎1
Жігіттер, ChatGPT деген жақсы.

Бірақ Мета өнімдерін жатып алып зерттеңіздер. Нағыз революцияны жасауға олар да өте үлкен үлес қосып жатыр.

Мета-ның OpenAI-дан айырмашылығы - Линукс пен Уиндоус сияқты.

Уиндоус - керемет операциялық жүйе. Бірақ ол проприетарлық. Ал Линукс - әлемдік инфраструктураны ұстап тұрған әупінсорс платформа.

Мета - әупінсорс арқылы болашақтың инфраструктурасын қолына ұстайтын болады. Ақшаның барлығы сол жерде.

Датацентрлер, серверлер, сайттар, маршрутизатор - барлығы-барлығы Линукс білетін адамның бітпейтін табыс көзі болса, енді робототехника, смарт гаджеттер, заттар интернеті - барлығы-барлығы Метаның llama-сын конфигурация жасай білетін мамандардың нанына айналады.
👍27
Марк Цукерберг

..деген жігітті барлығыңыз білесіздер. Сол жігіттің қазақ көршілері бар екенін білесіздер ме?

Қазіргі таңда АҚШ-та, Майкрософт, Мета, Амазон, Гугл тәрізді әлемдік техно-компанияларда біраз қазақтар жұмыс істейді.

Сондай-ақ, дәл сол компаниялар топтасқан Кремний Алқабында бүкіл Орта Азияның стартапшыларын қолдау орталығы да бар. Оны біздің Әсет Абдуалиев деген жігіт негізін құрған. Silkroad Innovation Hub деп аталады. Әгәрәки, АҚШ-қа, оның ішінде Калифорния жеріне бара қалсаңыздар, міндетті түрде соға кетіңіздер.

Сол Әсеттің жұбайы, журналист Ақсәуле Әлжан мен Гугл компаниясында қызмет еткен Арай Сабыржан қарындасымыз екеуі “Цукербергтің көршілері” атты тамаша подкаст бастады.

Қазірдің өзінде 5-6 эпизоды шығып үлгерген бұл подкаста біздің қаракөз қыздар мен жігіттер істеп жатқан жұмыстарын, тәжірибесін бөлісіп, дүниежүзілік трендтер бастауынан хабар жеткізеді.

АҚШ-қа барып оқып келдім ғой, қанша дегенмен индивидтің жетістігін біреудің көлеңкесінде қалдыруды құптамаймын. Яғни, Ақсәуленің бастаған подкастын Әсет арқылы жеткізгеніме бола, қазақ қыздарының қоғамдағы рөлін төмендеткенім емес. Жай ғана, күйеуі де, келіншегі де Америкада құр жатпай, қазақ технобағытының дамуына отбасылық тұрғыда үлес қосып жатқанын айтқым келді. Тіпті, осы подкастың өзі де дәл сол Silkroad Innovation Hub шаңырағында жазылып жатыр. Меніңше, тамаша симбиоз!

Обшым, Америка деген, алпауыт технокомпанияларға жұмысқа тұру деген, ол жерде халықаралық деңгейде зерттеулер жасау дегеніміз - алынбас қамал емес екенін біліп, ол жақтағы жастарымыздың ой-пікір, көзқарастарын білгілеріңіз келсе, осы подкасты тыңдауға шақырамын.

https://podcasts.apple.com/us/podcast/%D1%86%D1%83%D0%BA%D0%B5%D1%80%D0%B1%D0%B5%D1%80%D0%B3%D1%82%D1%96%D2%A3-%D0%BA%D3%A9%D1%80%D1%88%D1%96%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96/id1777542191?i=1000675417326
👍32🔥6
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мұндай да болады екен;))

“Өнер-білім бар жұрттар, Тастан сарай салғызған” деп Ыбырай атам айтпақшы, ана тілінде проблема жоқ, контент тапшылығы жоқ, өмірі жайлау елдердің адамдары ерігіп отырып видео-ойынды PDF-ке айналдыра салады екен.

Бір қуғынбай Doom деген ойынды толықтай PDF-ке айналдырып шығыпты. Это полностью рабочая версия игры. Ол үшін С кодын Emscripten арқылы asm.js-ке компиляция жасап шыққан дейді. Ал ойынның сорскоды ретінде doomgeneric форкын қолданған.

Қатырады, ә?
👍9
AliExpress сайтынан Android құрылғылар мен құрамалар алғанда байқау керек екен. Істеп жатқандарын қараңыздаршы;((
😱6👍3
Google Ads қолданатындарға тамаша жаңалық!

Енді онда Уатсапқа тікелей жіберетін кампания жасауға болады.

@timurdaninfo
👍10
Мынадай қызық бар…

Жақында бір адамға әдеттегідей жасанды интеллектің қуатын, пайдасын, ChatGPT-дің мүмкіндіктерін айтып отырсам, ол маған “Енді неліктен осыны қолданып, ағылшын тіліндегі контентті қазақша аудармайсың?” дейді.

Бұл сұраққа біраз тосылып қалдым…

Сосын контент аударуға қатысты өзімнің ұстанымымды айттым. Яғни, “аударатын контентті бірінші өзім оқып алу, сосын аударсам, өз стиліммен аударамын, машиналық аударма жасап беруге оқырмандардан ұяламын” десем, “Неге ұяласың? Машиналық аударма болса да аударма ғой? Бастысы аударылса болды емес пе? Оны сен аудар не, машина аударды не бәрібір емғюес пе?” дейді.

Содан отырмын енді басым қатып…

Әрине, өзім аударып шыққаным жақсы ғой. Қазақы, жатық, күнделікті тілмен. Бірақ оның барлығына уақыт қайда?

Ал аудармашымен топырлатып, мыңдаған контентті әп-сәтте аударып тастаса, контент көп болмай ма?

Не дейсіздер?

Машиналық аударманы оқыр ма едіңіздер?
👍18
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Сәлем. Қалайсың, нестеп?"

ChatGPT енді адамдға диалогты өзі бастай алады. Тапсырма деген фича шығыпты. Мысалыға бір тақырып бойынша жаңалықтардың қорытындысын күн сайын осындай уақытта маған жіберіп тұр деп тапсырма қоясың. Өзі сосын жазып отырады.

Жаңа бір тіл немесе машық үйренгенге әдемі кететін сияқты. "Күн сайын маған ағылшынша жаңа 5 сөз үйретіп тұр, сөйлеммен мысал келтір, үй жұмысын бер" дегендей тапсырма бересің. Болды, тегін тренер
👍18🔥11
Қазақ тілі мен ЖИ саласындағы керемет жаңалық!

⚜️ Жасанды интеллектіге негізделген «Tilqazyna» қазақ тілін оқыту моделі» жарияланды

Өздеріңіз білесіздер, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетіне қарасты Ш. Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы қазақ тілінің ғылыми һәм негіздемелік тұрғыдан дамуына жұмыс істейді. Әрине, қазіргі заманның талабы - жасанды интеллект болғаннан кейін, орталықтың басым бағыттарының бірі де осы технологиялық тұрғыдан ана тіліміздің тынысын ашу боп саналады.

Сол бағыттағы іргелі жұмыстардың бірі туралы бүгін қуана жариялаймыз!

Яғни, жасанды интеллектіге негізделген Tilqazyna қазақ тілін оқыту моделін жариялауға рұқсат етіңіздер!

Бұл Tilqazyna моделінің қолынан не келеді?

Қазақ тілінің лексика, морфология және семантика салаларындағы:

- мәтінді генерациялау,
- перифраз жасау,
- контекстпен жұмыс істеу,
- ықшамдау, сонымен қатар
- грамматикалық және
- пунктуациялық қателерді түзету,
- фразеологизмдердің мәнін ашу,
- терминдерді аудару сияқты тапсырмаларды орындай алады.

Модельді жасау барысында «Тіл-Қазына» орталығының ЖИ мамандары табиғи тілді өңдеу алгоритмі арқылы

● қазақ тілінің 35 ГБ өңделген корпусы;
● сөздерді тексеру мақсатына 684 876 сөзқолданысы (лексикалық бірлік);
● сөз тіркестерін тексеру жүйесін жетілдіру үшін 20 212 қатар сөз тіркесінің дұрыс және қате нұсқалары;
● пунктуациялық қателерді түзету мақсатында 5 558 мәтін;
● мәтін құрылымын түзету үшін 3 000 мәтіннің дұрыс/бұрыс нұсқасы;
● сөйлемді ықшамдау функциясы үшін 6 000 сөйлемнің толық және ықшамдалған нұсқасы;
● перифраз функциясы үшін 14 790 синонимдік қатар қолданылды.

🚀Қазақ тілінің дамуаны серпін беретін бұл салалық LLM моделі бүгінде HuggingFace платформасына жүктелді.

Яғни, ол барлық қолданушыға ашық. Осы модельдің негізінде көптеген қазақша IT өнімдер дайындауға болады. Сілтеме: https://huggingface.co/TilQazyna/llama-kaz-instruct-8B-1

Осы жерде бұл жұмыстың ҚР Президенті Қ-Ж Тоқаевтың Жолдауында баса айтқанындай, “жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналу” бағытындағы алғашқы нәтиже деуге болады.

Орталығымыздың трансформацияланып, ЖИ технологияларын дамытатын жетекші ұйымға айналуына сенім және қолдау білдірген министр Саясат Нұрбекұлына және Тіл комитетіне, сондай-ақ Мақпал ханымға өз атымнан алғысымды білдіремін!
🔥13👍7
Жазда Шымкент қаласында өткен TedX шарасына қатысқан едім. Соның видеосы жарық көрді.

Жариялау ұзақ уақыт алған себебі - бұл әлемдік Ted платформасының ютубтағы каналына жарияланады. Модерация мен монтаж жасалады.

Менің бұл сөйлеу сәтімде 2 қызық жағдай бар:

1) Қазақстан тарихында TedX шарасына 2 рет спикер болған 2-ақ адам бар екен. Соның біреуі Дәмелі Мектепбаева, екіншісі мен. Оған дейін TedX Semey шарасында сөйлегенмін.

2) Видеоны мұқият қараған кезде тұмсығымның асты қызарып тұрғаны көрінеді. Себебі, спикерді шақырамыз деп менің атымды атағанда залдан асығып шығамын деп, дәл төбемде шараны түсіріп жатқан камераның кранын байқамай, маңдайымды оңдырмай соғып алдым. “Уах-уах” деп тас төбемді 1-2 уқалап жібердім де сахнаға жақындай берсем, маңдайым, бетім жып-жылы боп кетті. Ұстап қарасам, қан;))

Сөйтсем, басым жарылып, содан қан саулап жатыр екен. Жалма-жан сол жерден табылған қағаз, сүлгі бірдеңемен тазалап, сөйлеуге шығып кеткем. Сол сөйлеп тұрып та маңдайымды қайта-қайта сүртіп тұрғам. Аққан қанның тұмсықтың ұшындағы қалдығын байқамай қаппын;))

Обшым, “қанмен жазылған” сөзімді қарап шығып, таратып, лайк басып, пікір қалдырып кетерсіздер;))

https://youtu.be/f8Adt8gBxBw
🔥30😁16👍7
Дата аналитика және қазақ әдебиеті

Жалпы байқағаным, біздің әдебиет мағыналық тұрғыдан зерттелсе зерттелген болар, бірақ цифрлық және визуалдық тұрғыдан үңілуі кемшін салалардың бірі. Шіркін-ай, филология мен лингвистикадағы, әдебиетті ғылыми тұрғыдан зерттеп жүрген қазіргі жастар біздің барлық әдебиетімізді шетінен алып аналитика жасап шықса... Өте қызық мәліметтерге тап болар еді. Әдебиетімізге жаңа бір тыныс берер еді.

Мысалы, "Абай жолының" 4 томына дата аналитика жасай салғам ғой. Қызық енд...

Цифрлар не дейді?

Сөзі ең көп том: Абай жолы. 2 кітап (196835);
Сөзі ең аз том: Абай жолы. 3 кітап (117908);

Сөз байлығы жағынан ең көбі: Абай жолы. 3 кітап (0.211);
Сөз байлығы жағынан ең азы: Абай жолы. 2 кітап (0.102);

Бір сөйлемде қолданылған сөз саны ең көп: Абай жолы. 2 кітап (15.2);
Бір сөйлемде қолданылған сөз саны ең аз: Абай жолы. 3 кітап (10.2);

Оқылуға ыңғайлы индекс бойынша жоғары: Абай жолы. 4 кітап (23.069);
Оқылуға ыңғайлы индекс бойынша төмен: Абай жолы. 2 кітап (22.128);

Сондай-ақ, мына төмендегі графикте 4 томның өне бойындағы Абай мен Құнанбайдың аталу көрсеткіші. Қызық, ә?

Қазақ дәуірінің, қазақтың бай-сұлтандарының, қазақтың кешегі арқыраған заманының көмескіленіп барып өшіп бара жатқанындай, Құнанбай атының аталуы 4 томға қарай 20-ақ рет кездесіп барып бітеді...

(Ескерту: менің қолымда бары өте нашар PDF нұсқа. Арасында "і" кейде "ә" деген әріптер өз алдына бір сөз боп кеткен. Сондықтан, аналитика жасау барысында кейбір сәйкессіздіктер болу мүмкін. Мәселен, әр томдағы сөздерді санаған кезде осы кемшін (погрешность) әсер етті деген ойдамын.)
👍20🔥3
https://youtu.be/5uSA9jkLqtE?si=zpeIEl9begN0HuUj
Қазақ тілінің иллюзиялары және таза болмысы | Назгүл Қожабек | TEDxArgynbekov Street
Назгүл өз баяндамасында қазақ тілінің қазіргі ахуалын, оның қолданылу аясының шектеулігін және қоғамның қазақ тіліне қатысты иллюзияларын талқылады. Ол ең үлкен иллюзия ретінде "Біз қазақ тілін бәрібір білеміз ғой, оны ары қарай тереңдетіп оқудың не керегі бар?" деген көзқарасты атап өтті. Сондай-ақ, филология саласына қатысты қалыптасқан стереотиптерге тоқталып, "Филология тең қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі" деген түсініктің шеңберінен шығу қажеттігін айтты.

Спикер қазақ тілінің шынайы болмысы мен қолданыстағы нұсқасының арасындағы алшақтықты көрсетті. Оның айтуынша, қазақ тілінің табиғи әуезі мен ырғағы жоғалып барады, ал қазіргі қолданыстағы тіл орыс тілінің ықпалында қалып отыр: "Қазақ тілінің нағыз әуезі мен ырғағы орыс тілінің көлеңкесінде жатыр"...
🔥10😢2
NU ACM-Women Student Chapter қуанышпен біздің бөлімшенің басты іс-шараларының бірі – Women’s Hack Day туралы жариялайды! 🎀

🩷 Women’s Hack Day – бұл жыл сайынғы 3 кезеңнен тұратын командалық сайыс, онда қыздар бағдарламалық қамтамасыз ету және әзірлеу саласында өздерін сынап көре алады ✨

🎀 3-4 достарыңызбен команда құрып, бірлесе отырып келесі тапсырмаларды орындаңыздар:
✶ өнімді жобалау ⚡️
✶ математика 🧮
✶ бағдарламалау тапсырмалары 💻

🤩500 000 тг жүлде қоры! Women’s Hack Day тарихында алғаш рет жүлде қоры болады! Оған қоса сіздерге арнайы дайындаған мерчтеріміз де бар. Қыздар, бұл сіздің уақытыңыз!

📅 Өтетін күні: 2025 жылғы 25 қаңтар
📍 Өтетін орны: Назарбаев Университеті, Астана, Қазақстан
❗ Тіркелу мерзімі: 22 қаңтар, сағат 23:59-ға дейін
🔗 Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/Mfng2jpzEy3K1SBM7

Толығырақ ақпарат: https://t.me/nu_acm_w/784
👍5🔥1