Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
710 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali 예르갈리)
Бәріне сәлем!

Сіздер қарапайым информатика олимпиаданы үйренейік деп жүргенде, Қазақстанда Жасанды Интеллект (ЖИ ~ AI) олимпиадасы басталып жатыр.

Ең алғашқы оқушылар арасында ЖИ олимпиадасына тіркелу жүруде. Оны РФМШ (физмат) ұйымдастыруда, тіркелу үшін сілтеме:
https://faio.kz

Пайдалы кеңестер ретінде мына тақырыптарды дайындалуды ұсыныпты.
https://faio.kz/advices.html

Жалпы атап өтетін жайт, Оқушылар үшін 2-інші Халықаралық Жасанды Интеллект Олимпиадасына (IOAI) да тіркелу ашылыпты. Бұйыртса, ол келесі жылы тамызда Қытайда болмақ.
https://ioai-official.org/

PS. Өзіме де келесі жылы сол AI саласына толықтай өтемін деп жоспарлап жүр едім, сұрағанға береген болуда… Тез бастауыма да жақсы мотивация болуда)
🔥8👍4
Forwarded from ai.edu.kz
📰 ЖАҢАЛЫҚ
📢 Ақпаннан бастап алғашқы Қазақстандық AI Олимпиадасына дайындық курсы басталады!
🇰🇿 Курс тілі: Қазақша
👨‍🏫 Негізгі тренер: Кореядағы AI компаниясының инженері, әрі "Үздік Білім", "Үздіктер" жобаларының жетекшісі - Ерғали ағай.
🎯 Мақсат: AI олимпиадасына жүйелі дайындық
✔️ Тіркелу үшін: https://forms.gle/hG4S3sRLtXEXboWM8
📍 Толығырақ: https://ai.edu.kz
__________________________

📰 НОВОСТИ
📢 С февраля стартует подготовительный курс к первой Казахстанской AI Олимпиаде!
🇷🇺 Язык курса: Казахский
👨‍🏫 Главный тренер: Инженер AI компании в Корее, а также руководитель проектов "Үздік Білім" и "Үздіктер" – Ергали агай.
🎯 Цель: Систематическая подготовка к AI олимпиаде
✔️ Регистрация: https://forms.gle/hG4S3sRLtXEXboWM8
📍 Подробнее: https://ai.edu.kz
__________________________

📰 NEWS
📢 Starting in February, a preparation course for the first AI Olympiad in Kazakhstan begins!
🇰🇿 Course language: Kazakh
👨‍🏫 Main trainer: AI engineer in a Korean company and leader of the "Үздік Білім" and "Үздіктер" projects – Yergali Trainer.
🎯 Goal: Systematic preparation for the AI Olympiad
✔️ Register here: https://forms.gle/hG4S3sRLtXEXboWM8
📍 More details: https://ai.edu.kz
👍14🔥3
Обшым...

Sam Altman яғни OpenAI компаниясы gpt5 шығарамыз дейді. Бұған дейінгі "о" нұсқаларының барлығын біріктіріп, бір мультимодал жасамақшы.

Бәрі ештеңе емес, біз қолданып жүрген Plus нұсқасын қымбаттатып жібермесе болды:))
🔥16👍4
🚀 “Қазақстандық стартаптар қалай дамып жатыр?

MOST Holding негізін қалаушы Мират Ахметсадықовпен эксклюзив сұхбат!”
🚀

🌟 Invest Dala Podcast-тың жаңа шығарылымын қарсы алыңыз!

Бұл жолы қонағымыз – кәсіпкер, венчурлық инвестор және MOST Holding-тің құрылтайшысы Мират Ахметсадықов. Оның командасы соңғы 3 жылда 500+ стартапты акселерациядан өткізіп, 45 жобаға 20 млн доллардан астам инвестиция тартқан! 💸

Подкастан не білесіз:
❓ “Қазақстандық стартап” деген кімдер?
❓ Необанк құру идеясы қалай пайда болды және ол сіздің бизнесіңізге қалай көмектесе алады? 🏦
❓ Неге Мират жаңа қызметкерлерге алғашқы айда тапсырма бермейді? 🤯
❓ MOST бағдарламасының жаңа жобасы мен “дара мүйіз” (Unicorn) арасында қандай байланыс бар? 🦄
❓ Қазақстан таланттарын сақтап қалу үшін қандай қадамдар жасау керек? 🎯

🔥 Неліктен бұл шығарылымды тыңдау керек?
• Егер жеке бизнесіңізді бастау немесе кеңейту жоспарыңыз болса
• Инвестиция тартудың құпияларын білгіңіз келсе
• Қазақстандағы венчурлық нарықтың болашағы туралы нақты деректер іздесеңіз

💥 Инсайдерлік ақпарат пен мотивацияға толы сұхбатты өткізіп алмаңыз!
Бұл тек подкаст емес – бұл сіздің шабытқа толы келесі үлкен қадамыңыз:))

🎥 YouTube-та көріңіз: Сілтеме
🎧 Аудио тыңдаңыз: Сілтеме

Стартапер болғыңыз келсе, кейінге қалдырмай қазір қараңыз! 🎧🔥
👍11🔥3
“Қазақ тілін дамыту” деген сөз бар.

Ол сөз не мағына береді? Қалай дамытылады?

Көп сөйлеу ме, көп жазу ма, әлде қатесіз жазу ма?

Егер қатесіз жазу болса, қазақ тілінің болашағы - оның сауатты жазылуында болса, онда қазақша сөйлейтін бірақ орысша ойлайтын адамдардың тілді бүлдіруіне жол бермеу, соған ат салысу, қолдау білдіру - тіліміздің дамуына қосқан үлесіміз болар еді.

Көп жылдан бері көз майын тамызып, бүгінгі тіл қолданысымызға еніп кеткен әрбір қате мен кальканы түгендеп шыққан Назгүл Қожабек өзінің “Калькасыз қазақ тілі” телеграм каналының PRO нұсқасын ашты.

Қосылу құны, бар болғаны - 20 000 теңге.

Ол ақыға не аласыз:
- Калькаға грамматикалық талдау - өз жұмысыңызда пайдаланып, мәтініңіздің сапасын арттырасыз
- Авторға сұрақ қойып, пікір жазып, дауласуға болады 😅

Қосылу үшін мына сілтеме арқылы https://pay.kaspi.kz/pay/9zm7z0xi ақысын төлеп, Назгүл Қожабекке @Nazgulinka хат жазыңыз.

P.S. иә, өзім де ақылы каналға жазылдым

P.P.S. ең болмаса қазақ тілінің жанашырына демеушілік жасау мақсатында, жұмысын әрі қарай тоқтатпай жалғастыра беруі үшін, қазақ тілінің тазалығын сақтап қалудағы әрекетінің баянды болуы үшін жазылып қойсаңыз да болады .

P.P.P.S. Мына жерде 3000 оқырманым бар екен. Соның ішінде қазақ тілінің дамуына құр сөзбен емес, құр тілмен емес, нақты іспен көмектесетін ең болмаса 1 пайызы - 30 адам шығып, “Калькасыз қазақ тіліне” жазылады деген пәк сенімдемін;)
👍47🤯1
Қараңыздаршы?

Мәәә, мынау енді пайдалы ақпарат болды маған.

iPhone фотолары HEIC типінде сақталады да біреуге жіберген кезде қалай jpeg типке көшіруге болады?

macOS-те CLI утилита бар екен:

sips -s format jpeg input.heic --out output.jpg

Әсіресе, бүкіл папканы (қалта?) түрлендіру үшін пайдалы. Барлық файлдарды осы сценариймен аударып шығаруға болады.
👍24🔥3
ЖИ адамнан артық па?

Білмедім.

Бірақ OpenAI компаниясы (ChatGPT жасаушылар) өзін ақылды деп санайтын адамдар мен “Жасанды интеллект менің қызметкерлерімнен артық емес” деп ойлайтындар үшін жаңа белесті ұсынды.

OpenAI премиум AI-агенттерін іске қосады – оны жалдау құны айына 20 000 долларға дейін болмақ.

OpenAI чат-боттарды былай қойып, бизнес пен ғылымға арналған жаңа буын AI-агенттерін дайындауда.

OpenAI ауқымды ЖИ-агенттерін ұсынып, оларды бизнес пен ғылымдағы күрделі мәселелерді шешуге бағыттамақшы. Бұл чат-боттардан гөрі дамыған жасанды интеллект жүйелері ретінде енді олар тапсырмаларды басқарудан бастап, код жазу мен ғылыми зерттеулер жүргізуге дейін көмектесе алады.

Ол ЖИ-көмекшілерін жалдау үшін баға құрылымы төмендегідей.

OpenAI әртүрлі деңгейдегі қажеттіліктерді ескеріп, AI-агенттерін үш категорияға бөлген:

$2 000/айына – қарапайым һәм негізгі бизнес ассистент қызметкері түрінде.
$10 000/айына – бағдарламалаушылар мен автоматтандырушыларды алмастыру үшін.
$20 000/айына – ғылым мен терең зерттеулерге арналған AI.

Қазірдің өзінде бұл шаруаға SoftBank $3 млрд инвестиция құйып, AI-агенттердің үлкен нарықтық әлеуетке ие екенін көрсетті.

Мақсат: AI-агенттер рутиналық процестерді оңтайландырып, сарапшылар мен мамандардың жұмысын жеңілдетуге көмектеседі.

Яғни, OpenAI енді тек чат-бот емес, нақты бизнес пен ғылымда қолданылатын интеллектуалды AI-шешімдерді ұсына бастады.

Ал ендеше… “Түкке қажет емес. Адамнан артық емес” бұл ЖИ-көмекшілер айына $2000 доллардан бастап “жалақы” қажет ететін болса… онда сіз де өз қызметкерлеріңізге кемінде сондай жалақы төлеуге дайын болыңыз.

“Мен мықтымын!” деген қазақтар ондай жалақы төлей алмаса, сондай-ақ, сол ЖИ-көмекшілер секілді тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн тоқтамай жұмыс істейтін, ауырмайтын, ұйықтамайтын, ұмытпайтын, салғыласпайтын, той-садақаға бармайтын, көтеріліске шықпайтын, ешқандай сылтау айтпайтын, әлемнің ақпаратын лезде қорытып бере алатын деңгейде жұмыс істей алмаса, онда еңбек тұрғысынан келгендегі артықшылық қай жерде?

Бұл технологияларды қазірден қолдана бастаған компаниялар мен мемлекеттер қай жерде болмақ? “Барлығын тыю керек. Тоқтату керек. Құрту керек. Жабу керек. Шектеу керек!” дейтін біздер қай жерде болмақпыз?

Тимур Бектұр
Телеграм канал: @timurdaninfo
🔥26😢9👍5🤔4🤯4😁2
Вопрос времени

немесе

ЖИ + Ғылым: 1500 ғалым зерттеулерді жеделдету үшін жасанды интеллектіні қалай пайдаланды ?

Өткенде Qazaq Tili Qogamy өзінің кезекті Құрылтайын өткізіп, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысқан бұл шараға Рауан Кенжеханұлы спикер ретінде шақырған болатын.

Сөзімнің басын “ХІХ ғасырда Карл Маркс “Еуропаны елес кезіп жүр. Ол - коммунизм елесі” деп бастаған едім. Ол жерде айтпағым, идеология, бұған дейінгі қатып-семген ойлардың енді басқаша шешілуі қажеттігін, оған бей-жай қарамау қажеттігін меңзеген едім. Білмедім енді, оны кім түсініп, кім ұққанын. Бәлкім “Мынау не айтып тұр?” деген де болар…

Қазіргі дәл осындай қуатты елес, әлемдегі әрбір адам мен мемлекеттің назарын былай тұрсын, санасын жаулайтын жаңа бір елес пайда болды. Енді ештеңе бұрынғыдай болмайды. Ол - генератив жасанды интеллект деген қарудың елесі. Кім оны игереді, қолданады, тіпті Қытай секілді идеология ретінде пайдаланады, сол жеңеді.

Мына қараңыздаршы? Бұл деген бомба!

Өткен апта, ғалымдарға арналған тарихтағы алғашқы һәм өте ауқымды ЖИ-сессия болып өтті.

OpenAI (ChatGPT жасаушы) компаниясы мен АҚШ Энергетика министрлігі бұрын-соңды болмаған іс-шара ұйымдастырды:

9 ұлттық зертханадан жиналған 1500-ге жуық үздік ғалым жасанды интеллектінің ғылыми зерттеулерді қаншалықты жеделдете алатынын тексеру үшін бас қосты. Ойлап қараңыздар, әлемдегі ең үздік, бір мың бес жүз (!) ғалым бір мезетте, бір жерде!

Ғалымдар OpenAI-дың ең жаңа модельдерін (оның ішінде жаңа o3-mini моделін де) қолдана отырып, бір күнде 4000-нан астам ғылыми сұрақ қойып, 20 мыңнан астам AI-промт жазып шықты!

Ғалымдар нақты қандай мәселелерді зерттеді?

Зерттеушілер уақытты босқа өткізбей, қоғам үшін аса маңызды нақты мәселелерге бірден кірісті:

• Жаңа дәрілер мен табиғи пестицидтер жасау мақсатында бактерияларды анықтау
• Энергетикалық желілердің киберқауіпсіздігін арттыру
• Ядролық энергетика саласындағы зерттеулерді жетілдіру
• Кванттық механиканы жетілдіріп, МРТ және лазерлік хирургияны дамыту
• Ауа райын болжау мен ядролық криминалистика дәлдігін арттыру

Осының нәтижесінде ғалымдар жасанды интеллектінің көмегімен бұрын бірнеше ай жұмсаған мәселелерді әлдеқайда жылдам шешуге болатынын атап өтті.

Ал OpenAI президенті Грег Брокман мен АҚШ Энергетика министрі Крис Райт ЖИ дамуы, қазіргі таңда, “Манхэттен жобасымен” бірдей ауқым мен маңызға ие екенін баса айтты. Олардың пікірінше, мұндай әріптестік АҚШ-тың технологиялық көшбасшылығының кепілі боп саналады. (Осы сөзді 3 қайтара оқуды өтінемін).

OpenAI-дың бас экономисі Ронни Чаттерджи болса “ЖИ ғалымдарға бұрын-соңды болмаған жаңалықтарды ашуға және оларды күнделікті тәжірибеде табысты қолдануға мүмкіндік бергенде ғана өнімділікке барынша әсер етеді” деді.

Әрі қарай не күтеміз?

Бұл шара – OpenAI мен ұлттық зертханалар арасындағы ауқымды ынтымақтастықтың басы деп отыр. (!!!).

Бірлесіп тізе қосқан шараның негізгі мақсаты – тек технологияларды дамыту ғана емес, сонымен қатар жаңа ғылыми жаңалықтар, медицина, білім беру және қауіпсіздік салаларын жетілдіру арқылы адамдардың өмір сапасын айтарлықтай жақсарту (әрине, мемлекеттік келісім-шарттар да бар).

Мінекиіңіз… “Өнер-білім бар жұрттар” деген осы, ағайын.

Ал сіздің ойыңызша, ЖИ
көмегімен біздің елімізде қандай ғылыми ашылуларды жеделдету керек? Пікірлеріңізді төменге жаза кетіңіз.

P.S. Сөзімнің басын “вопрос времени” деп әдейі бастадым. Орыстардың осы бір сөзін жақсы көремін. “Бұйыртса, болашақта, жақын болашақта” емес. “Әні-міне кеп қалды, сәл күтіңіз!” деген сөз. Оны неге орысша айттым? Өйткені, біздің елде ЖИ қатысты бір қарсылық, негізсіз скептицизм бар. Иә, ЖИ - панацея емес. Оның ешкімге түсініксіз ЖИ деген атауынан бастап, өне-бойы толған сұрақ. Дегенмен, оны қолдану, игеру, дұрыс мақсатта қолданудың орнына шектеуге тырысу, құмға басын тыққан түйеқұстай өтірік елемеу - абырой бермейді. Керісінше, бізді тежейді.
🔥33👍15
Өйткені, сіз бен біз қарсы болайық-болмайық, оның барлық салада қолданысқа ене бастауы - только вопрос времени.

@timurdaninfo
👍22
🗣️Al Olymp – жасанды интеллект бойынша республикалық олимпиада.

Олимпиада мектеп оқушыларының жасанды интеллект саласындағы құзыреттерін дамытуға бағытталған және білім алу мен кәсіби өсуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

🎓 Қатысуға 9-12 сынып оқушылары шақырылады.
📅 Олимпиаданың іріктеу кезеңі 2025 жылғы 6 сәуірде онлайн форматта өтеді.
📅 Қорытынды кезең 2-4 мамыр аралығында Астана қаласында өтеді.

Толығырақ ақпаратты пост-карусельде оқыңыз🙌🏼

https://cpfed.kz
👍11🔥1
Қазақстандағы IT нарығының көлемі қанша?

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және онымен байланысты қызметтерге жұмсалған шығындар 1,48 трлн теңгеге жетті (2025 жылғы 13 наурыздағы бағам бойынша $3,02 млрд). Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,3%-ға өскенін көрсетеді.

Қазақстанда қанша IT-компания бар?

ҚР ЦДИАӨМ (Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі) деректеріне сәйкес, 2024 жылдың қараша айының соңында Қазақстандағы IT-компаниялардың саны 18 683-ке жетті. Бұл соңғы үш жылда 16%-ға өскенін білдіреді.

Қазақстанның жылдық бюджеті қанша?

Мемлекеттік бюджет шығындары 2024 жылы 21,5 трлн теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 19,9%-ға артты. 2021 жылы бұл көрсеткіш 18 трлн теңге болған, яғни алдыңғы жылға қарағанда 7,3%-ға көп. Мемлекеттік кірістің негізгі бөлігі – 73,3% – салық түсімдерінен құралған.

Қазақстандағы IT мамандары қанша табыс табады?

2024 жылы Қазақстандағы IT мамандарының орташа айлық жалақысы 54%-ға өсіп, 673 мың теңгеге жетті. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму министрлігі хабарлады.

Қазақстан IT саласы бойынша қай орында?

2024 жылғы рейтингке 2022–2023 жылдары жиналған мәліметтер енгізілген. Қазақстан онлайн-қызметтер (OSI индексі) бойынша 10-орынға көтеріліп, Оңтүстік Корея, Дания және Эстония сияқты жетекші елдердің қатарына енді.

Қазақстанда қанша IT маманы бар?

2019 жылы Қазақстанда 5,8 мың IT маман жұмыс істеген болса, 2024 жылдың шілдесіне қарай бұл көрсеткіш 17 мыңнан асты. Сонымен қатар, IT саласындағы орташа жалақы 1,5 есе артты.

Қазақстандағы онлайн-білім беру нарығының көлемі қанша?

2023 жылы Қазақстандағы білім беру технологиялары нарығы 52,4 млрд теңгеге дейін қысқарды. Бұл 21%-дық төмендеуді көрсетеді. Негізгі себеп – цифрлық білім беру платформаларын әзірлеу сегментіндегі кірістің азаюы.

Қазақстан IT дамуы бойынша әлемде нешінші орында?

БҰҰ деректеріне сәйкес, 2024 жылы Қазақстан телекоммуникациялық инфрақұрылым деңгейі бойынша 193 елдің ішінде 42-орында тұр. Ел халқының 93%-ы интернетті пайдаланады.

Қазақстанда IT мамандықтарына қанша грант бөлінді?

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша 10 903 грант бөлінді.

IT-компаниялар немен айналысады?

IT-компаниялар цифрлық өнімдер мен шешімдерді әзірлеу және енгізу саласына маманданған. Олардың қызметіне веб-сайттар, мобильді қосымшалар, бизнеске арналған бағдарламалық қамтамасыз ету, бұлттық сервистер, киберқауіпсіздік, деректер аналитикасы және басқа да технологиялық шешімдер жатады.

Қазақстан цифрландыру деңгейі бойынша қай орында?

БҰҰ бағалауына сәйкес, Қазақстан цифрландыру саласында ілгерілеу көрсетіп отыр. Қазіргі таңда еліміз 193 елдің ішінде 24-орында, сондай-ақ онлайн-қызметтер индексі бойынша үздік 10 елдің қатарына кіреді. Мемлекеттік қызметтердің интернет арқылы қолжетімділігі 92%-ға жеткен.

Тимур Бектұр

@timurdaninfo
👍26🔥5
Астанадағы Coventry University Kazakhstan тұңғыш британ университеті оқу грантына өтінімдер қабылдай бастады.

Құжаттар 2025 жылдың 26 наурызын қоса алғандағы мерзімге дейін қабылданады. Грант оқу мерзімінің 4 жылын толықтай қамтиды, сондай-ақ, «Бизнес» және «Компьютерлік ғылымдар» мамандықтары бойынша тағайындалады. Оқу аяқталған соң, түлектерге британдық диплом беріледі.

🔗 Толығырақ ақпарат coventry.edu.kz сайтында.

Өтінімді қалай беруге болады?�
💻 Университеттің www.coventry.edu.kz сайтында онлайн түрде;
📍 Coventry University Kazakhstan қабылдау комиссиясының келесі мекенжайында: Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 13А

📞 Call Centre: +7(700) 317 3333
👍13🔥6
Обшым…
🔥26
WhatsApp now has an MCP server to talk to Claude directly.

It connects to your personal WhatsApp account directly. All messages are stored locally in an SQLite database and only sent to the client when it accesses them through tools.

100% open-source.
👍5