Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
709 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
🤯🤯🤯

Мынадай концептке қалай қарайсыздар, қыздар-жігіттер?

🔥 қой, иә?
🔥22
Неге екенін білмеймін, осы кейбір “тех эксперттер” Google Vertex, Amazon Bedrock, Microsoft Azure сияқты клауд ортада ЖИ агент, бірдеңе құрастыруды көрсетіп жатса, қарамай өтіп кетеді екем.

Неліктен?

Өйткені, low code тіпті now code деңгейіндегі дүниелер ғой. Барлығы дайын. Оның үстіне удай қымбат бұлт провайдерлер. Оны кім істей алмайды, сонша ақшаң болса?

А вот, ылғи тегін немесе тегінге жақын, әупінсорс құралдармен, бірнеше сервистің басын қосып жасап көрсетсе, онда “Отыр, саған 5!” деп айтуға болады.

Мысалы, фронт ана жақта, бәк мына жақта, дб келесі бір жақтан әкеліп api арқылы қосып, langchain, crewai сияқтылармен оркестрация жасап, memory мен кэшты қалай байлайтынын көрсетсе…

Вот это другое дело!
🔥18
Whaaaat???🤯

Definitely check out, қыздар мен жігіттер!
🔥16👍4
Шынын айту керек…

Универдегі Computer Science немесе Бағдарламалау мамандықтарын оқып шыққан адамдар сол білімдерін толық қолданып бірдеңе жасаса, Lada Priora сияқты өнім жасай алады. Ал нарыққа Tesla керек. Бүкіл проблема осыны түсінбегеннен боп жатыр. Не істеу керек?

1) Әгәрәки, өте мықты инженер болғыңыз келсе, онда сізге ұнасын-ұнамасын, Lada Priora жасайтын тапсырмалар мен жаттығуларды орындауыңыз қажет. Өйткені, сол арқылы жалпы механизмді, алгоритмді, әйтеуір 4 аяғы айналатын, рөлі бұрылатын бірдеңе жасайсыз.

2) Сосын оны меңгеріп алған соң барып, Tesla секілді нарыққа қажет өнім жасауды компанияға жұмысқа тұрғанда немесе өзіңіз қосымша өте көп оқу, өте көп іздену арқылы үйренесіз. Оны ешкім үйретпейді. Барлығы Lada Priora жасауды ғана үйретеді.

3) “Сонда бірден Tesla жасай алмаймын ба?” - иә, жасай алмайсыз. Өйткені, бәрібір фундаментал базаны, минимумды, пәлсапаны оқыған жоқсыз. Tesla-дағы көп дүниенің қайдан, қалай, қашан, не үшін шыққанын түсінбестен кетесіз.

4) Бірден Tesla жасай аласыз. Онда сіз инженер болмайсыз. Жай ғана продакт менеджер ретінде өзге инженерді жалдайсыз, дайын өнімді сатып аласыз, қытайлар сияқты читиң жасау керек болады. Бұл, бірақ, инжинириң жолы емес.

5) Сондықтан, сіз не стартап бастап, фандрейзиң жасап, ақша тартып, шапқылап, инвесторларға көрсетіп, инженер жалдап, Стив Джобс, Илон Маск сияқты продакт менеджер боласыз.

6) Немесе 4/5 жыл өміріңізді осы бастан қиып, “Білім - инемен құдық қазғандай” екенін мойындап, көндігіп, инженерлік деңгейге жетесіз де қазақтың Tesla-сын жасап шығасыз.

7) Қазіргі ІТ мамандықты бітіруші студенттер осыны 1-ші курстан немесе түлектер 11-ші сыныптан бастап түсінуі керек. Ал “Мен 4-курс бітірдім, енді жұмыс қайдан тапсам болады?” дегендер мемлекеттік жұмыссыздыққа немесе Глово мен Яндекс Едаға курьер боп тіркеле берсе болады. Өйткені, 4 жыл бакалавр уақыты текке кетті деген сөз.

8) Жұмысқа орналасатын адам максимум 2-ші курстың соңында белгілі болады. Сондай-ақ, жұмыс табатын адамның 11 сыныптан немесе 1 курстан бастап:

- GitHub акаунты,
- LinkedIn акаунты,
- портфолиосы,
- pet project-і болады.

Кемінде 1 стартапы болады.

Кемінде 1 хакатонға қатысады.

Кемінде 10 (он) рет ІТ форумға қатысқан болады.

Осы әңгіменің аясынан 2 топ адам тыс қалады. Статистиканы түсінетін адамдар үшін - bel curve оң және сол жағындағылар:

а) халықаралық математика, олимпиада һәм физ-маттан халықаралық жобалар қорғағандар. Олардың, әдетте, өмірлік траекториясы әлден сызулы.

б) толықтай білім сіңбейтіндер. Мәселе, олардың топастығында емес, мәселе олар мамандықты не грант үшін таңдағандар, не өзі қалауынсыз түскендер. Олар өзін қинамай, әлемдегі басқа 1045 мамандықтың бірін таңдағаны дұрыс.
👍29🔥15
Фото менікі емес, бірақ, осы кітапты мақтап жатыр. Өзім әлі оқымадым. Енді оқимын.
👍18
Harvard’s elite AI training just went public for $0.

Most executives talk about AI, but very few understand how the engine works.

This curriculum moves past the surface level to show you exactly how to build specialized tools using your own data.

You can skip the theory and go straight to the high-leverage frameworks used by top-tier researchers.

Key Takeaways:

• World-class prompting knowledge is now available for free.
• Mastering clear instructions is your biggest professional lever.
• Watching just two lectures puts you ahead of most leadership teams.
• Success depends on how strategically you communicate with machines.

The gap between those who use AI and those who direct it is widening fast.
🔥10
Ал саған керек болса… 😳

Meta компаниясы Manus.AI-ды сатып апты.
😱12🔥3
Жігіттер мен қыздар!

ІТ саласында жетістікке жеткіңіз келе ме?

Жаңа жыл алдында келесі жылды жақсы өткізуге бел будыңыз ба?

Ендеше, тыңдаңыз!

Әлеуметтік желіден 1 жылға бас тартыңыз.

Сосын Coursera-ның 1 жылдық ақылы жазылымын сатып алыңыз да Харвард, Стэнфорд курстарына құнығып, баспен кірісіңіз!

Келесі жылы осы уақытта сіз бойыңызда алапат күш пайда болғанын білесіз. Ал 2027 жылды ерекше сезіммен қарсы алып, Google, Meta сияқты компанияларға жұмысқа тұруға кірісіп кетуге болады.

Сіздің арманыңыз 12 айлық белесте тұр. Соған әрекет етіңіз.

“Анау қалай, мынау қалай?” деп телеграм каналдарда, әлеуметтік желілерде әркімнен әр нәрсені сұрап отыра бермеңіз. Адамдар 1-2 нәрсені айтуы мүмкін. Бірақ кемі 1 жылдық мәліметті ешкім де айта алмайды, айтса да сіз түсінбейсіз!

Егер менің осы ақылымды алып, жетістікке жеткен (мыс, шетелдік болсын, отандық болсын, бір ІТ компанияға жұмысқа тұрған) адам болса, Coursera ақшасын мен қайтарып беремін. Ол жобамен $150.
🔥64
Жетістік…

Жыл соңында адамдар соңғы 12 айын қорытындылап, бүйтіппін, сөйтіппін деп қуанып жатады ғой.

Ал жетістікке ұмтылған елдердің адамдарының жетістік көрсеткіші мынадай болады екен.

Manus.AI компаниясының басшысынан емайл-хат кепті. Сөйтсе, біраз нәтижелі жұмвстарын айта келе:

“Біз биылдыққа 147.000.000.000.000 (триллион) токен өңдеп, 80.000.000 (миллион) виртуал компьютер құрдық” дейді. 🤯🤯🤯

Шіркін-ай, деп тамсандым. Шіркін-ай… Осындай күнге біз де жетсек қой…
🔥23👍3
Шедевр!!! 🔥🔥🔥

Мына керемет картиналардың барлық авторлық құқы Jung Hoon Son деген авторға тиесілі.

Не деген креатив!

ІТ экономика һәм ЖИ нарығы деген осы, ағайын!

Қараңыздаршы…
🔥10