iPhone жақсы ма, Samsung жақсы ма?
Негізі, Samsung дегенде Андройд дегенді білдіреді ғой.
Екеуі де жақсы. Өмірдегі қолданысына қарай әркім өзі шешеді ең соңында. Біреудің айтқаны ешқашан өтпейді. Адам түсініп болмайтын, ауызбен жеткізе алмайтын, тек өзіңе ғана белгілі болатын бір жағдайлармен ең соңында не Самсунг Галакси, не Айфон ұстап кетесің.
Қазір ЖИ саласында солай боп жатыр. Басты қарсыластар:
OpenAI Codex VS Claude Code
Бірдеңе деу өте қиын. Біреуге gpt5.2 ракета, екінші адамға opus4.6 зымыран.
Осы кезде “Қайсысы?” деп сұрамаңыздар. Айту қиын. Дұрысы, екеуін де қолданып көріңіздер. Сонда айтып болмайтын, өзіңізге ғана белгілі себеппен біреуіне тоқтайсыз.
Иииии все-таки: кімге қайсысы ұнайды?;))

👍19
Хигсфильдке қатысты жағдайдан ұққаным…
Бұл генератив ЖИ деген өте тың сала ғой. Қазіргі алтын - алтын емес, қазіргі алтын - токен! (Менің осы сөзімді принтерден шығарып, іліп қойыңыздар, әрбір ІТ маман).
Бұл жігіттердің басы қатып жатқан мәселе - токен оптимизация. Ал түсіп жатқан, негізгі шағым - unlim деп сатқан тарифтердің тез таусылуы. Яғни, токеннің тез құртылуы.
Жалпы, токен оптимизация деген бұрын-соңды ІТ салада болмаған әңгіме. Оны ешкім басынан өткізбеді. Оның плейбугы еш жерде жазылмаған.
Мысалы, кім Cursor қолданып жүр? Олар да токен жеп жатыр. Бірақ неге ешкім оған шағымданбайды? Америкалық болғандықтан ба? Токен мәселесіне неліктен тек қана қазақстандық компания жауап беру керек? Бұл - жаһандық проблема. Тек қана Хигсфильдтегі жігіттерді кінәлауға болмайды.
Сондай-ақ, көпшілікке ЖИ платформа жасап жүрген жігіттер, біз де енді осы токен экономикасына қатты мән беруіміз керек. Әйтпесе, желініп қаламыз.

Claude Sonnet 4.6 шықты.
1 млн контекст.
Тек ақылы нұсқада.
Менде тегін нұсқада шықпай тұр.
1 млн контекст.
Тек ақылы нұсқада.
Менде тегін нұсқада шықпай тұр.
🔥14
Ораза айы құтты болсын. Ауыз бекіткен жандар, қабыл болсын!
👍48🔥16🤯2
Ееее…
Сіздер әлемде не боп жатқанын білсеңіздер ғой…
“Қазақстан ЖИ бойынша дамып жатыр” деген сөзге күлер едіңіздер.
Иә, “бүйтіп жатырмыз, сөйтіп жатырмыз”.
Бірақ біздің бүйтіп жатқанымыз бен сөйтіп жатқанымыз, “Автоваз арқылы автоиндустрияны дамытып жатырмыз” дегенмен бірдей. Ешкім сенбейді, бірақ бас шұлғуға мәжбүр.
Бүгінгі таңды әлем революциялық жаңалықпен атырды. Канадалық бір шағын компания NVIDIA-ның өзін тізерлетіп қоятын ЖИ технологиясын ойлап шығарды. Олардың тікелей чипке тігіп жіберген үлкен тілдік моделі секундына 17.000 токен өңдей алады.
Ол не деген сөз?
Ол - сіз көзіңізді жыпылықтатып үлгергенше ЖИ моделі Толстойдың “Соғыс пен бейбітшілігін” оқып тастайды! 🤯🤯🤯
Сіз, көзіңізді, ашып, жұмғанша!

🔥41🤯14😱5
Обшым…
Жаңа Макбук шығады. Тачскрин болады. Динамик арал болады.
Қалай сіздерге?

👍7
ЖИ және Иран
Осыдан 2-3 күн бұрын Claude деген жасанды интеллект моделін жасаушы Anthropic компаниясы мен Pentagon арасында келіспеушілік боп қалды.
Басты мәселе: Антропик компаниясы өзінің жасанды интеллект құралын Пентагон тарапынан азаматтарды қудалау, аңдау, ізіне түсу және тағы басқа конституциялық құқықтарды бұзатын әрекеттер үшін қолданғанына наразы.
2-3 күн болған жаға жыртыстан соң Трамп әскери Антропикті қолдануға тыйым салды.
Бірақ бүгін жария болған мәліметке қарасақ, кешегі Иранға жасалған соққылар мен әскери операциялар кезінде АҚШ Соғыс министрлігінің Anthropic компаниясының Claude жасанды интеллектісін қолданғаны белгілі болды.
Қалай қолданған?
Келіп түскен құпия мәліметті (интел) анализ жасау үшін, мақсатты субъекті (таргет) яғни Иранның дереу көзін құрту керек адамдарын анықтау, шабуылдың шындыққа жақын симуляциялық жоспарын құру және ақпарат көп түсіп, шешімді дереу қабылдау кезде нақты қай шешімге тоқтауды анықтау үшін қолданылған.
ЖИ деген осы. Ол жай ғана мұғалімдер әдемі видео жасап, мультфильм жасаумен шектелмейді.
Менің бұрыннан айтып жүргенім осы. Біздің елде “ЖИ дамытып жатырмыз” деп форумдар мен конференцияларда үлкен ЛЕД экранда роботты қазақша сөйлетіп қойғанына мәз.
Ал шындығында, ЖИ-ды батыл қолданысқа енгізетін кез жетті.
Әйтпесе… Не жоясың, не жойыласың.

👍48🔥8🤯6
Apple жаңа өнімдерін шығарып жатыр.
Маған бүгінгі ұнағаны - MacBook Neo 🔥
Арзан! 8/256ГБ үшін 🤯 $599 тұрады.
Неліктен арзан? Өйткені, М емес A18 Pro чипін қолданғандықтан.
Меніңше, студенттер мен оқушылар, офис қызметкерлері, жалпы бұқара үшін әбден жеткілікті құрал.
Өйткені, тәжірибе көрсеткендей, 2020 жылы шыққан М1 процессорының өзі күнделікті шаруалар үшін айтарлықтай қуатты, overkill екені байқалды.
Алар ма едіңіз?

👍37
Қызық қой…
2022 жылдың желтоқсаны, ChatGPT жарыққа шыққалы қолданып келемін. Сол арқылы код жазып, жобалар құрастырып жүрдім. Андрей Карпатый оны вайбкодиң деп атағанша, істеп жүргенім вайбкодиң екенін білмедім.
ЧатГПТ-ден код аласың, IDE-ге саласың, қатені апарып кері ЧатГПТ-ға саласың. Сосын IDE-ден ГитХабқа жіберіп, деплой, DB, Auth барлығын қолмен жасайсың. Сол кезде “Мынаның барлығын арлы-берлі тасып отырғанша, автоматтандыруға болмас па еді?” деп ойлайсың. Бірақ, істемейсің. Сол қиналған күйі жүре бересің.
Арада 2 жыл өтеді. Біреулер VS Code-ты форк жасайды да, OpenAI API байлап, сенің әуре боп жүрген шаруаңды автоматтандырып қояды. Сөйтіп, миллиондаған доллар тұратын стартаптар қатарына енеді…
Ал сен отырасың. “А че так можно было?” деп.
Айтпағым не?
Жігіттер мен қыздар, біз кейде стартап жасағымыз келеді. Сол үшін бір қиын, бұған дейін ешкім істемеген, “Уау!” проект жасағымыз келеді. Былай қарасаң, барлық проблема шешіліп қойған сияқты. Қытайлар мен үнділерден ештеңе қалмағандай көрінеді. Сөйтсек…
Құдайдың құтты күні бізді не жалықтырады, қай жұмысты қайталаудан жалығып кетесің, мұрныңның ұшындағы миллион долларлық стартап сол екен ғой!
Яғни, мейлі программист бол, мейлі дәрігер бол, мейлі агроном бол, қандай да бір жауыр болған, сен де, сенің әріптестерің де жалыққан бір шаруаны байқадың ба, ендеше дәл сол жұмысты ал да автоматта. ЖИ арқылы процесті жеңілдет!
Мәселен, мен локалхост жобаны ГитХабқа пуш жасау, қандай да бір ДБ-ға жалғау, сосын Версель бола ма, басқа ма серверге деплой жасау, аутентификация енгізумен күнде айналысамын. Сол жұмыстар қазіргі IDE-лер, MCP-лар арқылы біраз жеңілдеп, автоматтанып қалғанын да білемін. Бірақ соның өзінде де ұсақ-түйек жұмыстары көп-ақ. Оңай, бірақ жалықтырады. Істегің келмейді.
Өйткені, бәрібір ана сервистерге тіркелу керек, құпия кодтарды, API-ларды жазу керек, т.с.с. Ал осының барлығын бір көзден автоматтандырып беретін адамға ақша төлеуге дайын жандар көп деп ойлаймын. Себебі, бізге оңай, үйреншікті жұмыс келесі бар адамдарға кәдімгідей күрделі шаруа. Осындай идеяны алыңыздар да интегратор жасап жіберіңіздер. Айына 10.000 теңгеден, 1000 адам анық сатып алады. Қарап отырып 10 млн табуға болады. Жасаңыздар.
Өткенде $10 ма, $20 ма есімде жоқ, бір сервис көрдім. Бар атқаратын шаруасы: ЖИ арқылы (Кәдімгі чатгпт враппер) PRD шығарып береді. Болды. Басқа түк функциясы жоқ.
Иә, кез-келген адам кез-келген ЖИ чатботты ашып, теп-тегін жасап ала салатын дүние. Бірақ адамдар PRD дегенді білмейді, оның құрылымын білмейді, толыққанды, дұрыс PRD шығарып алу үшін оған қандай промпт жазуды білмейді. Дегенмен қанша жылдан бері ойында жүрген арманын ЖИ арқылы вайбкодиңмен өмірге әкелудің мүмкіндігі туғанда болмайтын бір $10-20 төлей салудан қашпайды.
Ал біз осындай қаншама мүмкіндіктерден айрылып жатырмыз. Бүкіл әлем LLM API қызығын көріп, враппер жасап жатқанда, әлі жүрміз. Әлі жүрМІН…
Эххх… Көз алдымызда осылай мүмкіндіктер терезесі жабылып бара жатыр. Неге істемейміз? Неге істемейМІН? Білмеймін. Ұяламыз ба? ҰялаМЫН ба?

👍49🔥9😱1
Vibecoding туралы естідіңіздер ғой?
ChatGPT-ге сұрақ қойып, жауап алсаңыздар, вайбкодиң дегеніміз, ешқандай программист болмай-ақ, ойыңыздағы идеяны қазақ тілінде жазып, өзіңіз қалаған интернет сайт, приложение, ЖИ чатбот, ойын жасауға болатын дүние.
Қазіргі таңда компьютерге ештеңе қондырмай, тегін жасай беруге болатын ең оңай жолдардың бірі Lovable деген сайт арқылы.
Оған мына сілтеме арқылы тіркелсеңіздер, қосымша 10 кредит аласыздар. Қазірден бастап кетіңіздер. Балаларыңызға үйретіңіздер, өздеріңіз де үйреніңіздер.
https://lovable.dev/invite/3K6OWN1

lovable.dev
Create account
Create account for Lovable
🔥29👍6😁2
Программист жастарға ақылым
Қазір маған ең жиі қойылып жүрген сұрақ: “ЖИ заманда программист мамандығын оқу керек пе? Ертең жұмыс таба алам ба?”.
Жауап:
1) Иә, оқу керек. Бірақ, бұрынғыға қарағанда көбірек оқу керек. Сондай-ақ, тереңірек оқу керек. Мысалы, бұрын HTML, CSS, JS оқып алып та адамдар фронтенд разработчик боп жұмысқа орналаса беретін. Өйткені, соны оқудың өзіне ешкім бармайтын. Қазір ол аздық етеді. Менің ойымша, фронтенд бағдарламалау (бағдарламалаудың ішіндегі ең оңайы ғой деп айтып отырғаным) дамымаса, әлі өлмейді. Ал ол өлмейтін болса, әлі дамитын болса, онда жұмыс табылады.
2) Бұл қойылған сұрақ неліктен пайда болды деген сұрақты зерттеу керек. Неліктен? Өйткені ЖИ кодты адамға қарағанда тез жазады. Яғни, мәселе жылдамдықта.
Бірақ…
ЖИ код жазып, бағдарлама жасағанда тек прототип жасаудан ғана жылдам. Ал оны продакшн деңгейде жазу мен деплойға - бәрібір уақыт кетеді. Мысалы, мен Клод Опус дегеннің өзімен кемінде 2 ай жүремін. Прототип, тест, деплой, барлығын-барлығын қалыпқа келтірем деп жүргенде. ЖИ заманда ол тым көп уақыт. Опус айына $100, 2 айда $200 алады. Демек, ЖИ-де жұмыс істей алам дегеннің өзінде мен үшін оның уақыт құны - 2 ай, ақша құны - $200.
Ал енді білмейтін, Марғұлан Сейсенбаев сияқты адамдар үшін ше? Менің ойымша, кемінде 6 ай, кемінде $600. Оның өзінде ол ЖИ арқылы вайбкод жасаған сайын кэш деген не, хайлоад деген не, поллиң деген, хук деген не, АРІ деген не, докер деген не, порт деген не, прокси деген не, анау не, мынау не дегенді шұқыған сайын тереңдеу керек тақырыптар көбейе беріп, көбейе беріп, ақыры ол кісі бұл тірлігін тастайтынына толық сенімдімін. Егер оның жеке сағаты қымбат екені рас болса. Яғни, бір консультация алу үшін 3-5 млн теңге алатын адамның жарты жыл алтын уақытын вайбкодиңге жұмсауы - ешқандай ақылға сыймайды. Жай ғана қызықтап жүрген адамның тірлігі.
Қысқасы, жай адам да вайбкод жасай алады. Программалауды меңгерген адам да вайбкод жасай алады. Мәселе, сол вайбкод жасаудағы 2 адамның жылдамдығында. Біреу вайбкод жасаған сайын тереңдей береді. Ал сіз тереңінен бір-ақ бастайсыз. Ол үшін сізге оқу керек. Көбірек оқу керек.
Тоқетері: программистік жойылмайды. ЖИ тек өнім шығару уақытын қысқартады. Бұл - сіз Марғұланға барып “Сіз 6 ай, $600 доллар құртатын, соның өзінде де продакшнға дайын емес қылып жасаған жобаны мен 6 күнде, $60-ға продакшнға дап-дайын жасап берем” дейсіз. Ақылды адам сол кезде программистік дегеннің не екенін ұғатын болады.
Естеріңізде болсын: оқығандар мен оқымағандар ешқашан тең емес!

👍67
UX/UI - саласында түк білмеймін.
Ешқандай дизайнерлік талғамым да жоқ.
Ал енді сұрақ: қазір Apple Liquid Glass дегенді тықпалап жатыр. Өзіме түк ұнамайды. Бірақ, соны қолдансаң, бәрібір трендтесің.
Бірақ, UX/UI дегенді қайта-қайта өзгерте бергенді де ұнатпаймын. Яғни, қазір сұйық шөлмекті жасап қойғанымен, маған ол құдды бір, күні ертең маңызын жоғалтатын сияқты болады да тұрады. Одан басқа нені қолдануға болады өзі?

👍18
Жасаймын деген адамдарға менен бір ақыл:
Өтінемін, колескз, крышакз деген сияқты сайттарға парсиң жасаңыздаршы? Ақшаның астында қаласыздар.
Мен соны ойластырғалы 4-5 жыл болды. Бірақ әлі жүрмін жасамай. Тіпті әлі де жасайтын ойым да, уақытым да жоқ.
Бұл неліктен ақша әкеледі?
Өйткені, бұл сайттардың барлығы тек бүгінгі мәліметті ғана береді. Осыдан біраз уақыт бұрынғы мәліметті бермейді. Көлік былтырғыға қарағанда арзандады ма, қымбаттады ма? Камрилер қазір сұраныста ма, жоқ па, ешкім білмейді. Үйге қатысты да солай.
Ал енді кемі бір жылдық не 4-5 жылдық дата жинап алсаңыз, нарықта сіздің сөзіңіз жүреді.

👍40🔥8
OpenClaw
Шынымды айтайын, Open Claw шыққалы бақылап келем. ClawdBot болды, Moltbot болды, енді OpenClaw.
Түсінбегенде қалай, техникалық тұрғыдан емес. Бірақ менде әрдайым “Енді онсыз да белгілі, онсыз да өзіміз ЖИ агенттер арқылы жасап жүрген заттар ғой?” деген ой болды.
Енді түсіндім. Сөйтсем…
Мынау америкалық менеджментте bottleneck деген термин бар. Орыстар оны “Узкое горлышко” деп аударған. Қазақша қалай болады? “Жіңішке тұс” дейміз бе, әйтеуір, жаза кетерсіздер.
Қысқасы, OpenClaw деген сол ботлнек проблеманы шешуші құрал екен ғой. Ал ботлнек кім? Ол - мен. Яғни, сен. Яғни, адам.
Ол қалай?
Ол - солай. Сен ЖИ-мен жұмыс істегенде ғана жобаң алға жүреді. Ал сен демалғанда, компьютерді жапқанда, ЖИ де тоқтайды. ЖИ ешқашан шаршамайды, тоқтамайды, ұйықтамайды. Ал адам шаршайды, ұйықтайды, жалығады, басқа да жұмыстары болады. Міне, ботлнек деген осы.
ЖИ не үшін ойлап табылған? Дұрыс! Адам баласынан тыс өзі жұмыс істей беру үшін. Осы жерден келіп OpenClaw пайдасы шығады ғой.
Әлі де түсінбеген болсаңыздар: мәселе - оның адам өзі ЖИ қолданған кезде де істей алатын нәрсені істегенінде емес. Мәселе - адам жоқ кезде де жалғастырып жасай бергенінде.
Осыны түсіну үшін 2 ай кетті ғой🧐🧐🧐
Қартаяйын деппін…
Бұдан шығатын қорытынды: құрметті жастар! Адам мен компьютер қарым-қатынасы, интерфейс өзгеріп жатыр. Осыны тезірек түсініп, осы бағытта қозғалсаңыздар, ақшаның астында қаласыздар.
Интерфейсті өзгерту керек.

🔥20👍9🤔6🤯3😁2
☄️ Comet Browser
Қыздар мен жігіттер!
Perplexity дегенді білесіздер ғой? Соның Comet деген браузері бар. Соны қолданыңыздар. Керемет дүние!
Одан да кереметі - оның мобайл нұсқасы шықты. Атап айтқанда, iOS Perplexity Comet Browser.
Ол тек сұраққа жауап беріп қоймайды. Сенің орныңа жүгіріп барып шаруа тындырып қайтады. Өзі сайтты ашады, батырмаларды басады, сұраған затыңды тауып әкеледі.
Мысалы мен оған “Астанадан Тайота Хайландер (2022) гибрид тауып берші дедім. Ол дереу тауып берді.
Бұрын қалай еді? Бұрын мен КолесаКЗ ашып, көлік моделін таңдап, әрбір хабарландыруды ашып оқып, сосын “Жаңағы қанша теңге деп тұр еді?” деп кері қайтып, қайтадан қарап, ми ашып отыратын еді. Ал енді, міне. Құдайдың рахаты!

👍37🔥6