NVIDIA бұған дейін H200 график процесоорларын шығарды. 141GB жады, 4.8TB мәлімет өткізу қабілеті бар.
Қазір B300 шығарып жатыр. 288GB жады, 8TB мәлімет өткізуімен ерекшеленеді.
Менің ойымша, NVIDIA мұнымен тоқтап қалмақшы емес. Біз (біз болғанда, Қазақстан емес, жалпы әлем) оларды сатып алып, оларды қолданамыз дегенше, 500GB, 1TB деп көбейте береді-ау.
Осы жерде менің ақылыма қонбайтыны - дәл осылай жалғаса бермек пе? Меніңше, жоқ!
Бәлкім білерсіздер, бәлкім білмессіздер, қазіргі ЖИ инфраструктурасы һәм архитектурасы brute force әдісімен жұмыс істейді. Ол дегеніміз - кәдімгі “дүмпуі мықты болса, киіз қазық жерге кірер” деген таза қазақы стильдегі әдіс. Қара күшпен ЖИ жасау.
Ол қара күштің аты - computing power. Өте үлкен массив мәліметті есептеу күшінің алапат зор қуатымен қозғалысқа әкелу.
“Бұдан ары кете бермеу қажет” деп отырғаным осы. Бұл - уақытша шешім ғана болса керек.
Менің ойымша, ғалымдар, инженерлер ЖИ модельдерін кішірейтудің, аз энергия жұмсап көп нәтиже алудың, қанша көп мәлімет болса да террабайттаған компьютер қуатынсыз есептеудің басқа жолын табады.
NVIDIA сол шешім табылғанша темірлерін жеделдетіп сатып үлгеруге тырысады. Өйткені, ол шешім табылған кезде әркімнің қолында бар смартфондар мен ноутбуктер де қуатты ЖИ модельдерді алапат серверсіз-ақ жүргізе алатын болады.
Бұл - “Бізге математиктер не керек? Бізге инженерлер не керек? Бізге computer science не үшін оқу керек? Бізге Data science оқып не керек?” Бізге жалпы не үшін оқу керек?” деген сұрақтарға жауап.
Адамзат баласының дамуы LLM-дер мен transformer-лерге келіп тоқтайды, осымен ЖИ архитектурасы аяқталды дегенге өз басым сенбеймін.

1🔥10