Тимурдан Инфо | it&tech
3.46K subscribers
1.31K photos
110 videos
28 files
728 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
⏲ Bing Chat зерттеу уақытын қалай үнемдейді

Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуші ретінде мен өз жобаларым үшін әртүрлі құралдар мен өнімдерді жиі зерттеуге тура келеді. Кейде бұл веб-сайттарды шолуға, шолуларды оқуға және мүмкіндіктерді салыстыруға бірнеше сағат кетуі мүмкін.

Мен жаңа бағдарламалық жасақтама жобасында жұмыс істеп жатқанда Bing чатын сынап көруді шештім. Маған десктоп-бағдарламаның өнімділігін өлшеуге және оңтайландыруға көмектесетін аналитикалық құрал қажет болды. Мен көптеген нұсқалардың ішінен қайсысын таңдау керектігін білмедім.

Сондықтан мен Bing чатын ашып, «десктоп қолданбасына арналған аналитикалық құралды» тердім. Бірнеше секунд ішінде Bing чаты әртүрлі құралдар туралы кейбір тиісті ақпарат пен сілтемелермен жауап берді. Ол менің талаптарымды жақсырақ түсіну үшін маған қосымша сұрақтар қойды.

Мен Bing чатының сұрақтарына жауап бердім және аналитикалық құралда қандай мүмкіндіктерді іздейтінімді түсіндірдім. Содан кейін Bing чаты менің критерийлеріме сәйкес келетін өнімдерді ұсынды және олардың бір-бірімен қалай салыстырылғанын көрсетті. Сондай-ақ ол маған оларды қалай тиімді пайдалану керектігі туралы бірнеше кеңестер берді.

Мен Bing чаты жобам үшін ең жақсы аналитикалық құралды табуға қаншалықты жылдам және дәл көмектескеніне таң қалдым. Бұл маған зерттеу уақытын үнемдеді және саналы шешім қабылдауға көмектесті. Bing чатының арқасында мен уақытты зерттеуге жұмсамай, қосымшамды дамытуға көбірек көңіл бөле алдым.

Bing чаты тек іздеу жүйесі емес; бұл сіздің жобаларыңызға көмектесетін әңгіме серіктесі екен


Жоғарыдағы пост толығымен бингтегі chatGPT арқылы жазылған. Бірақ бұл оқиға кеше шынымен болды, біраз уақыт үнемдеп қалдым кәдімгідей. Сол туралы блогпост жазып берші деп бингтен сұрағанымда жазып берген посты мынау. Қалай ойлайсыздар, chatGPT мені осы канал авторы ретінде жұмысымды алып қоюға дайын ба?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
PHP мен Wordpress-ті жақсы көретін адам ретінде өте обидно болды;))
😁7👍1
Соңғы 5 жылда Telegram Facebook Messenger-ді басып озып, ең танымал хабар алмасу қолданбасы болды. Telegram қазір WhatsApp-тан кейін екінші орында және жыл сайын ара қашықтықты қысқартуда.
👍11🤔1
Бұл Мира Мұрати!

Соңғы жарты жылда бүкіл техноләлемді төңкеріп жіберген #OpenAI компаниясының бас технологиялық директоры.

Ол 1988 жылы Сан-Францискода (АҚШ) албан отбасында дүниеге келген.

Дартмутта машина жасау ғылымының бакалаврын құтарған.

Ол көптеген адамдар үшін, әсіресе, “ІТ, технология саласына қыз балалар барса бола ма?" деп менен үнемі сұрайтын қарындастарыма шабыт беру үшін жариялап отырмын.

@timurdaninfo
👍34
Обшым…

Прокрастинацияның көкесін көрсетіп, ақыры, ойға алғаннан 2 жылдан кейін, микрофон алғаннан кейін пәшти 1 жылдан кейін өз подкастымды жарыққа шығардым.

Мендегі проблема: аудио жазарлық тыныш жерде болу ықтималдығым мен мүмкіндігім - 0-ге тең.

Нәтижесінде, “Дұрыс микрофон керек еді…”, “Тыныш жер қажет”, “Аудиомонтаж істеу керек…” деген сияқты контент жасайтын адамды кері тартатын сылтауларға баттым да қалдым.

Бүгін барлық сылтауыма қол сілтедім де азан-қазан, у-шу боп жатқан кафенің ішінде отырып, “Бисмиллә” деп алғашқы эпизодымды жаздым да тастадым. “Мә саған студия!” деп;))

Сосын, Adobe Podcast арқылы шудың барлығын өшіріп, Podcastle арқылы тағы да үстеме монтаж жасап, аз-кем эффектілер қосып, “Бүйткенде жақсы болатын еді, сөйткенде жақсы болатын еді, мынау не?” деген сияқты ішкі дауыстарыма пысқырып та қарамастан, Anchor-ға бардым да жүктей салдым.

Сонымен, “Тимурдан Инфо” техноподкастын қабыл алыңыздар!

ІТ және технология бағытында жүрген қыздар мен жігіттерді подкастыма қонақ болуға шақырамын. Ал оған дейін өзім монолог форматта жаза тұрамын.

Сәттілік тілеп қойыңыздар. Дыбыс сапасы көңілден шықпаса, еш реніш болмасын. “Не контент, не сапа” деген бойымдағы лжеперфекционизмді осылай жеңуге тура келді;))

Spotify әлі жарияламады. Көп ұзамай Google мен Apple Podcast-қа да шығып қалады.

ПыСы: ерінбей тыңдап шыққандарыңыз болса, фидбәк қалдырыңыздар;)
https://anchor.fm/timur-bektur
👍39🔥15😁1😱1
Қыздар мен жігіттер, мынадай шарадан құр қалмаңыздар!

Қазақтарға да стартап жасау керек!

🤙 Резидент Y-Combinator про "Стартапы и выход на международные рынки.
Опыт Федора Пака, СЕО Chatfuel (Y Combinator, партнер Meta)"
Наш спикер поделится своим опытом запуска и экспансии проектов и стартапов на зарубежных рынках, в т.ч. США, Бразилии, Индии, Индонезии и др.

Федор Пак является СЕО no-code чат-бот платформы Chatfuel (выпускник акселератора Y Combinator и официальный партнер Meta), имеющегося интеграцию с Facebook Messenger, Instagram и WhatsApp. Chatfuel используют уже более 7 миллионов клиентов, от небольших местных предприятий до крупных компаний, таких как Adidas, Netflix, Nissan, Visa, T-Mobile, LEGO и многие другие.

До прихода в Chatfuel, Федор запустил и привлек 4 млн. долларов в coincom.ru (производство и обслуживание терминалов по приему монет), был региональным директором inDrive (ранее - inDriver) по региону Asia Pacific, а также операционным директором в Shoplio (маркетплейс для инфлюенсеров в США и Бразилии).

Дата и место:
- 23 февраля 19:00 (Назарбаев Университет, здание правой Пирамиды, 2 этаж)
- 24 февраля 16:00 (КБТУ, Алматы)

Участие- бесплатное, но нужно пройти регистрацию:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScVqUiOVyQfOuaaEDxXFQKPIOvnoQul8gJ3VRmyg8gMgbMKjg/viewform?usp=sharing
👍7
Фейсбук пен Инстаграмға таргет үшін ақша төлеп жүрміз ғой, алайда олардан ақша алған бір қызық дүние екен.

Мынау - қазан, қараша, желтоқсан айындағы Инстаграмда контент жасағаным үшін төленген ақша. Негізі, $8000 дейін табуға болады. Алайда, оған мән бермей, “Бұл не қылған батпан құйрық? Өтірік шығар?…” деп қатты күш салмағам. Сөйтіп, бұйырғаны осы болды.

Яғни, біз Қазақстанда жүріп бар күшіміз бен уақытымызды осы желілерге сарп етіп жатсақ, бұлар АҚШ-та отырып, аудитория есебінен пайда тауып жатыр екен…

@timurdaninfo
👍17
Мына жерде дуолингвоны қолданып көрмеген оқырман кемде-кем шығар. Сол жасыл үкінің күнде алқымнан алып 10 минут болса да жаттығу жаса деп шыға келетіні кейде шаршатып жібереді. Ойбай, пәленбай күндік streak күйіп кетеді деген қысымы тағы бар. Сондықтан көп адам дуолинвоны тастап кетеді. Әйтпесе, үкінің кәдімгідей тұтқыны болып қалғандайсың.

Streak арқылы мотивация бергеннен гөрі commit арқылы мотивация беру әлдеқайда сауатты шешім сияқты. Арасында бір екі күн жасамай қалсаң ешнәрсе қылмайды, маңыздысы мүлдем тастап кетпесең болды. Осындай принцип ұстанған Commit деген жақсы апп шығыпты. Күнделікті жақсы әдетті гитхабтағы жасыл шаршылар сияқты белгімен көрсетеді. Әдеттеріңді күнделікті орындап жүрсең, ай соңында еңбегіңнің әп-әдемі визуализациясы шығады. Общым өздеріңіз сілтемені ашып көріңіздер. Маған ұнады

Авторлары өзіміздің жігіттер, product hunt сайтында қолдап апвоут жасап жіберейік.

https://www.producthunt.com/posts/commit-habits-consistency
👍13
Forwarded from Narikbi LIVE
Достар, жақында мен Forbes журналына сұхбат берген едім. Бүгін міне осы сұхбатымыз жарыққа шықты. Қазақстандағы IT мамандары, мен жұмыс істеген жобалар, әлемдік трендтер және т.б. жайлы сөйлестік.

Өте қызық әрі пайдалы шықты деген ойдамын. Бұл жолы орыс тілінде. Форбстың жақын арада қазақ тілді де контент жасай бастайтынына сенімдімін.

https://youtu.be/U-piv3GX2Kc
👍6
Жұрттың соңын ала маған да Notion AI кезегі кеп жетті.

Қуанып отырмын.
👍18
Бомба лекция!

Жігіттер мен қыздар, қараңыздаршы?!

Стефен Уолфрам деген ғалым кісі бар. Гений. Кәсіпкер. Сол кісі өте қымбат уақытының бақандай 3 сағатын бөліп, ChatGPT туралы егжей-тегжей түсіндіріп беріпті.

Сіздер анау жарнамаға ілесіп, миллион бір пәле теңгеге Скилбокс дегендердің курстарын сатып алып жатасыздар ғой? Қажет емес. Мына кісі сондай ақшаға да дұрыс оқытпайтын білімді асықпай отырып басынан соңына дейін түсіндіріп шыққан.

Нейрожелілер дегеніміз не, ол қалай жасалады, архитектурасы қандай, модель қалай жасалады, оның қандай түрлері бар деген сияқты миллион сұраққа жауапты теп-тегін аласыз.

Өзім 2-ші сағатына келдім. Әлі 1 сағат қарауым керек. Алайда, контенттің құндылығы мен өзектілігі, оны жеткізу шеберлігі мен керемет қарапайым дайындалған материалды сіздерге айтпауға тұра алмадым. Обшым, өздеріңіз қараңыздаршы…

@timurdaninfo

https://www.youtube.com/live/flXrLGPY3SU?feature=share
🔥35👍14
Жұмыс іздеу деген де жұмыс екенін айттым ғой?

Ол жұмыстың ішіндегі ең маңызды жұмыс - резюме жасау екенін де айтқан болуым керек.

4 ай болды, 1 жапырақ қағазды әлі мыжғылап жатырмын.

Бүгін резюмемді тексерген адамнан жауап келді. Обшым, “Далбаса мынау, резюме емес!” дейді;))

Мына пунктер сіздерге де пайдалы болатынына сенімім мол. Сондықтан аямай бөлісіп жатырмын. Пайдаға жаратыңыздар. Мен сияқты уақытты текке жіберіп, 4 ай бойы бір парақ қағазбен алыспаңыздар…

Қызық болғанда, ойланып отырсам… Мен жалпы резюмемен жұмысқа кірген адам емес екенмін. Сондай-ақ, жалпы бір жерге “Мені жұмысқа алшы?” деп қиналған да адам емес екем. Жұмыс бірінен кейін бірі табылып жүре бергем ғой.

Нәтижесінде осы;))
👍17🔥12😁3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Redmi жаңа 300 Вт зарядтағышты көрсетті. Смартфон батареясын толық зарядтау бес минутты алады.
🔥12🤯1
I recently started to study "GPT-NeoX-20B", an interesting open-source project, which aparently can be installed and tested locally. However, doing so isn't exactly easy, for several reasons. It, for example, requires a specific Python-release (3.8) and the devs warn, that it won't run on the newest (3.10). Furthermore, the hardware-demand is sort of extreme - I read several discussions, where testers recommend the sixth generation of nVidia's RTX GPU - ideally two (!) of these in one system. Also, there's different language-models, a user can download, a "small" one is around 40 GiB in size (and that's heavily compressed data). Even on a mediocre computer (12 core CPU, 64 GiB RAM, RTX 3060 12 GiB, 2TB M.2), so I read, the response time to a simple question is roughly 30 seconds.

Their currently newest creation (20B) operates at 20 billion parameters (OpenAI's ChatGPT 3.5 is at 175 billion, and the upcoming release 4 may be at one trillion). I can understand that this needs a lot of processing power and memory, however it should be doable to reduce the workload, maybe by loading the database only partially or changing the mentioned parameter-value, in order to run this whole thing more smoothly. I could live with the consequences (less "creative" and/or shorter responses ect).

My question is: Has anyone here installed and run it (GPT-NeoX-20B) successfully? I want to learn more about this amazing breakthrough in AI-development, for which we'd been waiting decades. A deeper understanding of what's going on "under the hood" may enable me to contribute new ideas.
Мынаң қараңыздар 💥💥💥
🤯10🔥3😁2
Жігіттер мен қыздар!

Дата аналитика, жасанды интеллект, Пайтын-Майтын деп жүрген соң, Инстаграм дайректіме де, жекеге де бағдарламалау курсын сұраушылар көбейіп кетті.

Оларға дата аналитика не мен үйретіп жүрген басқа да бағыттар түк қызық емес. Оларға кәдімгі есеп шығаратын Пайтон, Джава, С++ курстары керек сияқты. Себебі, сұрақтары оқушының сұранысына сай. Ал мен ондай бағдарламалау курстарын өткізбеймін. Сондықтан…

Біреу білсе, біреу білмес, негізі менің каналымда жарнама жасау - ақылы. Иә, кәдімгідей ақша аламын. Ол үшін мүлдем ұялмаймын. Өйткені, қанша жылдан бері канал жүргізіп, ақпарат ұсынып, қазақша ІТ контент жасап жүрген соң, құқым бар деп есептеймін.

Айтайын дегенім, жарнама ақылы жариялайтыныма қарамастан, көпшілікке жеке-жеке жауап беруден жалығып кеткендіктен, өздеріңіз білетін бағдарламалау тілдері бойынша ҚАЗАҚША курстарды комментарийге жазып қалдырсаңыздар, мен барлығын жинақтап, канал болса канал, сайт болса сайт, инстаграм болса инстаграмына сілтеме беріп, тізім ретінде өз каналыма тегін жариялағым кеп отыр.

Мен арқылы оларға 1 клиент барса да келесі қазаққа көрсеткен қызметім болсын. Әрі көп сұраққа бір жауабым болсын деген ойым.

Сонымен, 👇👇👇 жазсаңыздар. Тегін жарнамадан құр қалмаңыздар.
👍9🔥3
Айтпақшы, менің осы каналымның арнайы чаты да бар. Сұрақ қойып, сөйлесіп, басқалармен қарым-қатынас жасау мақсатымен сол чатқа қосылуға да шақырамын:

https://t.me/timurdaninfochat
👍2
Алматыдағылар үшін хабарландыру.

Данияр Мұқанов інім ChatGPT, жасанды интеллект секілді тақырыптар аясында “Еркін адамдар” клубының спикері болмақ. Барыңыздар. Пайдалы болатынына кепілдік беремін.

Тіркелу үшін: https://instagram.com/erkinadamdar?igshid=YmMyMTA2M2Y=
👍7