Тимурдан Инфо | it&tech
3.46K subscribers
1.31K photos
110 videos
28 files
728 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
nFactorial AI Cup c призовым фондом в 1 млн тенге!

7-9 апреля nFactorial School проводит первый хакатон по генеративному искусственному интеллекту. Приглашаем креативных разработчиков, а также школьников/студентов с базовыми навыками в программировании. Будут 2 трека для участия: 1) app track - нужно создать полезное веб- или мобильное приложение поверх технологий в Generative AI; 2) game track - нужно написать алгоритм для победы в популярной игре (которую анонсируем во время хакатона), затем ваш бот будет биться против ботов других участников по системе плей-офф. В начале хакатона проведем лекции, как пользоваться OpenAI API, покажем примеры продуктов, которые можно реализовать за 2 дня, а также поделимся большим кол-вом идей для приложений.

Даты: 18:00 7 апреля (пт) - 18:00 9 апреля (вс)
Место проведения: Satpayev University, г. Алматы

Подать заявку: https://form.typeform.com/to/HcCVJFgQ
👍7🔥3
Білім берудегі үлкен тілдік модельдердің (LLM - large language model) мүмкіндіктері

Біз оқып жатқан Бостон Университеті де, АҚШ-тағы біраз өзге университеттер де ChatGPT пайдалануға тыйым салды немесе тыйым салмаса, барынша қолданбауға шақырады. Тіпті, студенттерге (яғни маған да) ол туралы бірнеше мәрте емайл жазылды.

Бірақ сарапшылар бұл қателік дейді. Олар LLM білім берудегі теңсіздікті шешіп, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесе алады және персонификациялық білім алу мүмкіндігін береді деп сенеді.

ChatGPT тек медициналық сынақтан ғана емем, МВА секілді біраз тестен сәтті өткенін көпшілігі жазған еді. Сондықтан, мамандар “ChatGPT материалды жақсы түсінуге және емтихандарға дайындалуға көмектесетінін” атап өтті.

Мәселен, Open AI ChatGPT-4 технологиясын
Khan Academy де қолданып, Khanmigo атты көмекшісін әзірледі дейді. Ол оқушылар үшін виртуал тәрбиеші және мұғалімдер үшін сынып көмекшісі қызметін атқарады.

Мысалы, ол білім алушыларға тереңірек оқуды ынталандыру үшін жеке сұрақтар қоя алады. Мұғалімдер әрбір студент үшін жеке бағдарламалар жасай алады, сондай-ақ олардың үлгерімін бақылай алады.

Сондай-ақ, тіл үйренуге арналған Duolingo қолданбасы GTP-4 көмегімен пайдаланушы қателескен кезде ережелерді түсіндіретін «Жауапты түсіндір» тетігі жасалыпты.

Бұл мүмкіндік әзірге испан және француз тілдерінде, кейінірек басқа тілдерді қосу жоспарланып отыр.

Демек, біз бұл технологияның әлеуетін орнымен қолдансақ, көп мүмкіндік пен жетістікке ие болар едік…
👍32👎2😁1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Microsoft корпорациясы Microsoft 365 жүйесіне арналған Copilot қолданбасын таныстырды.

[ Бұлар қоймайды енді;)… ]

Ол пайдаланушыларға Excel, Word, PowerPoint қолданған кезде қуатты LLM-ді пайдалануға мүмкіндік береді.

Copilot мүмкіндіктері:

Word-тағы копилот: құжаттарды жазуға, өңдеуге, қорытындылауға және жаңадан жасауға көмектеседі. Мысалы, абзацты қысқарту немесе құжаттың реңкін өзгерту сияқты ұсыныстарды бере алады.

Excel-дегі копилот: формулаларды пайдаланудың орнына табиғи тілде деректер жиыны туралы сұрақтарға жауап беріп, деректерді талдауға және зерттеуге көмектесе алады.

PowerPoint-тағы копилот: құжатты презентацияларға түрлендіре алады немесе жаңасын жасауға көмектеседі.

Teams копилот: айтылған ойларды қорытындылау және талқылау тақырыптарын ұйымдастыру арқылы пайдаланушыларға кездесулерді тиімдірек өткізуге көмектеседі.

Іскерлік чат: Microsoft сонымен бірге барлық қолданбада үздіксіз байланыс тәжірибесін ұсынатын Business Chat атты инновациялық жаңа өнімін де ұсынды.

👉👉👉 @timurdaninfo
🔥26👍5🤯2
Кай Фу Ли деген кісі Project AI 2.0 деп аталатын ChatGPT-дің қытайлық нұсқасын жасап жатқанын айтты.
🔥22
Қазақ жастары, осындай шаралардан еқашан қалмаңыздар!

JAS Ventures Limited и JAS Ventures Almaty, совместно с Генеральным спонсором, системным интегратором полного цикла из США, объявляют о старте нового хакатона - JAS AI Hackathon!

Станьте обладателем призового фонда в 2 000 000 тенге и не упустите шанс трудоустройства в прогрессивную Американскую компанию!

С 7 по 10 апреля Вы будете создавать проект по основному треку AI-Powered Video Analytics: предлагать свои идеи в области видеоаналитики, реализовывать их с помощью технологий компьютерного зрения.

Приглашаем участников со всего Казахстана!

Допускаются как индивидуальные участники, так и команды до 5 человек.

Конкурс пройдет в гибридном формате (онлайн, офлайн), с доступом на офлайн-площадки в городах Астана и Алматы.

Длительность регистрации: до 5 апреля 2023 включительно.

Для регистрации проходите по ссылке: https://forms.gle/DgnYhtBEbVVhQai66

Для более подробной информации:
- заходите на сайт хакатона по ссылке: https://jas.vc/index.php/ru/hackathon
- добавляйтесь в телеграм-канал хакатона: https://t.me/jas_ai_hackathon
- телеграм-чат хакатона: https://t.me/jas_ai_hack_chat    

Также, все новости по хакатону доступны в нашем инстаграме: @jas.ventures
👍8🔥3
Жасанды интеллект жасап шыққан суреттер: Дональд Трамптың тұтқындалу сәті

Дипфейк осылай пайда болады.
👍14
Нейрожелілер сабағымыздың бүгінгі лекциясы:

Қазіргі таңда әлемді шулатып жатқан ChatGPT қолданатын NLP әдістері мен токенизация жайында болмақ.

Қызық әрі қиын тақырып.

Бұл сабақты өткен семестрде алғанымда “Құрсыншы, мыжыңбай бірдеңе” деп дұрыс мән бермес едім. Енді, бүкіл әлем трансформеризация боп кеткенде, бұл сабақ ең маңыздылардың бірі боп шыға келді. Демек, сәл мән беріп, шама келгенше үйреніп, меңгеріп алуға тура кеп тұр…
👍11
Ағай айтады:

“Open AI компаниясының Chat GPT технологиясынан кейін NLP бағытындағы көптеген зерттеушілер мен ғалымдар аз-маз депрессияға түсіп кетті.

Олар осы уақытқа дейін жасап келе жатқан жұмысының маңызынан айрылып, бағытын жоғалтып алды. Қазір енді зерттеу траекторияларын қайтадан жаңартуға көшті”.

Ойланып қараңыздаршы, бұл соңғы уақытта мен естіген ең қызық та шыжық инсайттың бірі болды.
👍13🔥4
Google өзінің Bard деген LLM моделі негізіндегі Generative AI өнімін ресми түрде көпшілікке жариялады.

Техникалық тұрғыда атышулы ChatGPT-дің бәсекелесі боп саналады. Ал факт жағынан алғанда, бірдеңе деу әлі қиындау…

https://goo.gle/3naF4e3
Айтпақшы, мана қызық болды.

Нейрожелілер бойынша келесі апта мидтерм емтихан тапсырамыз.

Open book болады деді. Ол сабақ слайдтарын, кітаптарды, шпаргалканы қолдануға болады деген сөз. (Иә, АҚШ-та сондай дәстүр бар екен).

Яғни, оқыған адамға шпаргалка тек көмекші болады, еске түсіреді. Ал оқымаған, түк қақпайтын адамға жүз кітап әкеліп қараса да қай сұраққа жауапты қай жерден қарауды білмей, барлығын парақтап отырғанда не дұрыс жауап бермейді, не уақыты далаға кетеді деген мағынаны ұстанады. Ұққаным.

Ол ештеңе емес. Оны жай айтып жатырмын. Қызығы мынау. Сабақ нейрожелілер, NLP, LLM-дер туралы болған соң оның алдында ЧатГПТ-ны ағаймен бірге әбден талқылаған едік. Соған байланысты бір курстасым “ChatGPT қолдансақ бола ма?” деп еді, “Пажалыста! Не қолдансаң, оны қолдан. Модель құрып үлгерсең, қатесіз жасай алсаң, сенің қолыңнан келсе, оның қолынан келсе, менің сұрағыма жауап бере алса, уай нот?” деп жауап берді ғой.

Апам да аң-таң, біз де аң-таң боп қалдық. Бүкіл әлем “Ойбай, ЧатГПТ-ны құрту керек! Студенттер сабақ оқымай кетті” деп жатқанда, neural networks ағай осылайша айды аспанға бір шығарды;)))
👍20😁9🔥6
Ең бірінші ГитХабта копилот шыққаны естеріңізде ме?

Себебі, GPT3-тің ерте тестілеуі басталған болатын. Соған Майкрософт өзінің қол астындағы Гитхабты қолданды.

Оған біраз быраграмист уау дегенімен, көпшілігі күңкілдеп-күңкілдеп қойған болатын. Себебі, өзі бірдеңе білетін адам анау-мынау жаңалыққа ах ұрып, жүгіріп кете қоймайды. Скептик болады.

Дәл сол GPT араға уақыт сап, чат боп жетіліп шығып еді. Қарапайым бұқара халық, міне, осымен 4-ші айға жақындады әлі гуілдеп жатыр.
👍6🔥2
Системный аналитик немен айналысатынын біле жүріңіздер.

Сондай-ақ, мына жұмысқа резюме жіберіп көрсеңіздер болады.

#вакансия #аналитик #IT #проект #Россия #Удаленно  #удаленка #Работа #системныйаналитик #москва #удаленно #Job #vacancy #Казахстан

Привет, мы Webtronics. В настоящий момент ищем в команду системного аналитика для составления технических заданий и документации для создания веб-сервисов и мобильных приложений, а также для работы с микросервисной архитектурой (иногда с high load системами). Ищем специалиста на фуллтайм, но возможен и проектный подход или решение точечных задач по почасовой оплате.

Требования к кандидату

МЫ ИЩЕМ ЧЕЛОВЕКА С ОПЫТОМ ИМЕННО СИСТЕМНОГО АНАЛИТИКА УРОВНЯ НЕ НИЖЕ MIDDLE И ОПЫТОМ С МИРКОСЕРВИСНОЙ АРХИТЕКТУРОЙ.

Обязанности:
- Сбор требований от заказчика по проекту при необходимости;
- Разработка, оформление и согласование проектной документации: технические спецификации, технических заданий на разработку и тестирование мобильных приложений и веб-сервисов;
- Создание качественных диаграмм, поясняющие требования (макеты, логические модели, диаграммы взаимодействия, последовательностей и т.д.);
- Проверка выполненных работ дизайнеров;
- Взаимодействие с заказчиками, разработчиками, QA-инженерами на протяжении всего процесса разработки продукта, для отслеживания его соответствия ТЗ и/или доработке технического задания под новые вводные и нюансы;
- Построение информационных систем с микросервисной архитектурой;
- Построение ER-диаграмм для проектов.
- Построение модель данных;
- Проектирование архитектуру (взаимодействие с архитектором);
- Описание взаимодействия сервисов и ролевой модели;

Hard skills:

- Знание принципов формирования технической документации и технических заданий;
- Умение грамотно писать и оформлять мысли;
- Понимание принципов работы сайтов, веб-сервисов и мобильных приложений;
- Понимание принципов построения баз данных;
- Знание процесса разработки и сопровождения ПО;
- Знание SQL и принципов построения баз данных;
- Знание основ дизайна и рисования диаграмм и схем, умение рисовать в Figma или аналогичных онлайн-сервисах.

Опыт работы:
от 2 лет

Плюсом будет:
Со всем перечисленным ниже, можно не уметь работать, но суметь быстро разобраться при необходимости, но если вы уже работали с этим, то очень хорошо.

- Опыт работы в в Jira & Confluence
- Опыт работы с ГОСТ (34,19);
- Опыт работы с репозиториями для хранения кода: GIT.

Условия работы:

- график работы Пн-Пт, 8 часовой рабочий день, начало рабочего дня в любое время с 8 до 12 по Московскому времени. Гибкий график для оптимального баланса работы и личной жизни;
- работа удаленная (местоположение исполнителя значения не имеет);
- можем помочь с релокацией и получением РВП в Казахстане.

ЗП:

100 000 - 250 000 р в месяц на руки (оклад + премия по KPI) в зависимости от скиллов и результатов собеседования. Перспективы роста ЗП в 1,5-2 раза пропорционально профессиональному росту.

Если вакансия Вам подходит, пришлите, пожалуйста Ваше резюме и примеры работ. @midnightsk
👎5👍3😱1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қарсы алыңыздар:

GitHub Copilot X

Мұның қасында бұрынғы ГитХаб Копилот бала сияқты дейді.
👍18🤯4🔥3