Тимурдан Инфо | it&tech
3.46K subscribers
1.31K photos
111 videos
28 files
730 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
Илон Масктың Neuralink компаниясы адам миына чип имплантациясын жасауға клиникалық сынақтар жүргізу үшін FDA рұқсатын алды.

Компанияның құрылғысы сал ауруына шалдыққан немесе бас-ми жарақатына шалдыққан адамдарға тек өз ойларын пайдалана отырып, компьютерді басқаруға көмектесу үшін жасалған.
🤯22👍12😱3
#техноөсек бойынша, iPhone 16 Pro Max экраны 6,9 дюйм болады деп күтілуде. Яғни, Не айпад емес, не айфон емес, пересмартфон, недопланшет боп шығады:))

Айтпақшы, иә. Әңгіме биыл қыркүйекте шығатын iPhone 15 емес, келесі жылы 2024-те iPhone 16 туралы.
🔥17👍7🤔2😁1
📢 📢 Accepting applications for the PhD position "Deep Reinforcement Learning for Combinatorial Optimization" 💡💡 Please share with anyone looking for a position!

Be a part of the newly-funded DFG project "Automatically learning to solve optimization problems with deep reinforcement learning: The quest for feasibility" with André Hottung and me at Bielefeld University.

What we offer
- A 3 year, 100% "E13" PhD position (extremely well funded, and includes travel money for conferences, PhD schools, etc.)

- Access to two different GPU clusters with 128 Nvidia A100 and 224 Nvidia V100 GPUs, respectively. (not to mention over 126,000 CPU cores...)

- Years of experience applying DRL to CO problems

- Structured PhD program (BiGSEM) providing interaction with a large group of PhD students researching topics in operations research, management, economics and data science.

- My research group's "default" language is English, no German language knowledge is required for the position and you will feel right at home here.

Why Bielefeld?
- Live right next to the famed Teutoburger forest

- Low living cost relative to other German cities (use your salary for something fun, rather than paying for a closet-sized apartment in Munich)

- Has a castle right in the middle of the city

- It actually exists. (if this makes no sense to you... well don't worry, the "joke" will be explained to you a hundred times by non-Bielefelders)

How to apply

See: https://lnkd.in/gb2YrJhp
👍4
Forwarded from TECHOZIMIZ
🔤🔤🔤🔤🔤 🔤🔤🔤🔤🔤🔤
🗣9 маусым күні Tech Ozimiz коммюнитиінің ұйымдастыруымен Ulken Meetup нетворкиң кеші өтеді. Мұнда IT саласындағы ең, ең мықты деген 4 спикері сөз сөйлейді.

Кеш спикерлерімен таныстырып өтейік🗣️

▪️ Мейір Әділжанов, 1Fit құрылтайшысы - "Жаңа нарықта кәсіпті әлемдік масштабта қалай кеңейте аламыз? 1Fit тәжірибесі негізінде".
▪️ Алмас Тұяқбаев, Dizainger, Uxstone, nFactorial, Zero to One Labs - "Әсерлі дизайн жасаудың
қыр-сыры".
▪️ Далида Еркулиева, Орталық Азия IT буткемпінің операциялар менеджері - "IT саласындағы инфобизнес: неге онлайн курс саны артып келеді?"
▪️ Айдын Тойбаев, DAR TECH операциялық директоры - "IT-дегі мансап: кодиңнен басқаруға дейін".

Арнайы митап қатысушылары үшін кофе-брейк, Quiz ойыны және өзге де қызықты іс-шараларды ұйымдастырып жатырмыз. Бізді білесіңдер ғой 💥

📆Өтетін күні: 9 маусым;
📍Өтетін орны: Алматы қаласы, Бәйсейітова көшесі, 3. Aurora Space;
⏰ Уақыты: 17:00 (қонақтар 16:30-дан бастап жиналады) мен 21:00 арасында.

➕Митап серіктестері: DAR University мен ForteBank

🎫 Билетті мына жерден ала аласыңдар:

SXODIM ➡️ https://sxodim.com/almaty/event/ulken-meetup

TICKETON ➡️ https://m.ticketon.kz/event/ulken-meetup

🔴Тек 70 орын бар! Баға жетпес білімді игеріп, керемет көңіл-күйді бірге бөлісуге асық!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🔥2
Қызғаншақ инженерлер

Жалпы технологияның даму тарихына қарайтын болсақ, “Болмасын. Дамымасын. Менен басқа ешкім білмесін!” деген көзқараспен жүретін кімдер екенін білесіздер ме?

Олар - инженерлер. Инженер - бағдарламашы, компьютерщик (есіңде болсын, программист дегеніміз компьютерщик емес), электронщик, авиация маманы, желілік архитектор, тағысын-тағылар.

Мәселен, әлемдегі ең алғашқы компьютер деуге болатын Чарльз Бэбидждің арифметикалық машинасына әлемдегі ең алғашқы программист деп атауға болатын Ада Лавлейс атты жас келіншек оны әрбір қарапайым адам қолдануға бір табан жақындатқысы келді.

Ал жеке компьютерлер дәуірі басталған 70-ші жылдары Стив Возняк сияқты инженерлер әлемдегі ең алғашқы дербес компьютерді жасап шығарса да оны қарапайым адамдар қолдануға лайықтамаған. Оған Стив Джобс сияқты жылпос-іскер кезікпегенде, Құдай біледі, әлі күнге дейін процессорды бөлек, клавиатураны бөлек сатып алып, оны үйдегі теледидарға қосып жүрер ме едік…

Инженерлер кастасы сондай каста, олар - қатыгез! “Біз сонда математика оқимыз. Физика заңдылықтарын жаттаумен таңды атырамыз. Емтиханға кітап оқып дайындаламыз. Әлдебір теоремаларды дәлелдейміз. Үйленбейміз. Қызға бармаймыз. Ырду-дырду кештерде көңіл көтермейміз. Ал жұрт қаңғып-қыдырып алып, біздің маңдай тер, жетістігімізді оңай пайдалана салғысы келеді, ә?” дегендей, елдің барлығы олар ойлап тапқан дүниені қиындықпен меңгергенін қалайды.

Сіздер білесіздер ме, ассемблер сияқты ең төменгі, машиналық деңгейдегі бағдарламалық тіл шыққанда барлық перфокарташылар ду көтерілген. “Ойбай, сонда перфокартасыз қалай болады? Адамдар машинамен тілдесе алмай қалады ғой? Бұйрықта (Ол кезде тесілген лента арқылы бұйрық беретін болған, компьютерлік бағдарламалық код деген сөз әлі ене қоймаған кез) қате кетсе, қолмен лентаны жөндей салуды адамдар білмейтін бола ма сонда?” деп қарсыласқан.

Кейін ассемблер адырам қалып, Фортран, Си тілдері келе бастағанда енді ассемблершілер қарсы шыққан. “Өздеріңді программистпіз деп ұялмай қалай айтасыңдар, төменгі регистр, жоғары регистр дегенді ұқпайсыңдар. Қалай программа жазасыңдар сонда?” деп артын ашып күлген. Солай осы күнге дейін жалғаса береді.

Байқаймын, осы күнгі біраз true програмер (Java, C# білетін деген сияқты) біртіндеп No Code программистерді мойындап келе жатқан сияқты. Алайда, тарихқа көз салсақ, кітапханалармен жан сақтайтын қазіргі прогерлерді кезіндегі прогерлер көзіне де ілмес еді.

Айтпағым не?

Айтпағым, Стив Джобс қалай алғашында компьютер әлемін, артынан смартфон әлемін ештеңеден хабарсыз қара халық пайдасы үшін дамыта білсе, Илон Маск та әлемнің бүкіл ракета жасаушы инженерлері күліп тұрған жерден енді бұдан былай ғарыш нарығын тек мемлекеттер ғана емес, қарапайым жекелеген компаниялар да игере алатынын көрсетті.

Ал енді… Инженерлер қарсы болсын-болмасын, үлкен тілдік модельдер архитектурасын адамзат пайдасына жарата білген Open AI компаниясының негізін қалаушылар Сэм Олтман мен Илья Сутскевичтер әлемдегі кез-келген адамның программист болуына жол ашып жатыр. Яғни, өзіңнің қазақ тіліңде қарапайым бұйрық беру арқылы боттардан бастап аз-кем қарапайым статикалық (егер дұрыс сұрақ қоя алсаң, тіпті динамикалық) сайттар жасап алуға болады. Локально. Ешбір ноукод сервис пен маманға ақша төлеместен.

Иә, білем. Осы жерде әдетте инженерлер тағы қарсы шығады. “ГПТ-мен хайлоад жүйені жасай алмайсың, бірнеше сатылы архитектураны құрай алмайсың, пәлен-түген…” деп. Иә. Бірақ…

1) Хайлоад, ентерпрайз деңгейдегі программаны ГПТ түгіл әрбір 3-4-ші тру программист жасай алады деп те ойламаймын.

2) Ол кемшілік уақыт еншісінде. Тарих көрсеткендей, программистерге яғни адамдарға қарағанда жасанды интеллект тезірек дамиды екен. Қазірдің өзінде Гуглдың Вертексі мен Амазонның Кодсыбырлағышы кез-келген клауд программисті алмастыруға таяу келе жатыр.

Содан?

Содан сол…

“Жасанды интеллект туралы айта бермеші, жалығып кеттік!” демеңіздер. Оның қаншалықты деңгейде жаңа мүмкіндіктер әкелетінін ұғуға тырысыңыздар. Пайдаға асыруға тырысыңыздар. Керісінше, “Бізге жасанды интеллект туралы айта түсіңізші?” деңіздер.
👍25🔥12
Өйткені, мына АҚШ-та күн тәртібінде дәл қазір жалғыз ғана тақырып бар: Жасанды Интеллект!

Әлем дүрлігіп жатқанда, “Өй…” демеңіздер!

ЕСКЕРТУ: Алайда, осының барлығын жасайтын инженерлер. Өте қызық парадокс, ә?;))

ЕСКЕРТУ 2: Шама келсе, инженер болыңыздар. Себебі, жұрттың барлығы жасанды интеллект арқылы жасай салатын дүниеге аз жалақы төлейді. Кәсіби инженер жасайтын жұмысқа өте көп айлық береді.
👍13
Кез-келген тақырыпта әдемі қылып тарихи таймлайн жасап беретін сайт тауып алдым.

https://historytimelines.co/
👍20
Нақты қайсысын оқиын деп сұрамаңыздар. Өйткені, барлық материалы тамаша! Мынаны-мынаны деп бөліп-жарып көрсете алмай отырмын.

Өтінемін, https://freecodecamp.org деген сайтты жаттап алыңыздаршы. Тамаша ресурс!
👍19🔥1
Жасанды интеллект бойынша қазақша курс дайындап жатырмын.

Ақпан айында бастағам… Бірақ әлі дайындап жатырмын. Күрделі жағына өтпей, сауаташар деңгейде жасағым келген. Бәрібір оңай шаруа емес екен.

Бірақ айтайын дегенім, біліңіздер, егер ол курс жарыққа шығып жатса, оны әлемдегі ең үздік университеттер мен ең мықты профессорлардан алдым деген сөз. “Қандай ал?” десеңіз, мінеки:

📚 Stanford University
🔹 CS221 - Artificial Intelligence: Principles and Techniques by Percy Liang and Dorsa Sadigh: https://lnkd.in/grECwbD4
🔹 CS229 - Machine Learning by Andrew Ng: https://lnkd.in/gY8a2yZN
🔹 CS230 - Deep Learning by Andrew Ng: https://lnkd.in/gTk-gKPm
🔹 CS231n - Convolutional Neural Networks for Visual Recognition by Fei-Fei Li and Andrej Karpathy: https://lnkd.in/gGUMZH_G
🔹 CS224n - Natural Language Processing with Deep Learning by Christopher Manning: https://lnkd.in/giWDZGVX
🔹 CS234 - Reinforcement Learning by Emma Brunskill: https://lnkd.in/gwZKQ-28
🔹 CS330 - Deep Multi-task and Meta Learning by Chelsea Finn: https://lnkd.in/gvVr_Y4M
🔹 CS25 - Transformers United by Divyansh Garg, Steven Feng, and Rylan Schaeffer: https://lnkd.in/gEtKgHGC

📚 Carnegie Mellon University
🔹 CS/LTI 11-711: Advanced NLP by Graham Neubig: https://lnkd.in/gSt29ZVt
🔹 CS/LTI 11-747: Neural Networks for NLP by Graham Neubig: https://lnkd.in/gRRrY8uq
🔹 CS/LTI 11-737: Multilingual NLP by Graham Neubig: https://lnkd.in/g8QkaTfy
🔹 CS/LTI 11-777: Multimodal Machine Learning by Louis-Philippe Morency: https://lnkd.in/gKFJDbU4
🔹 CS/LTI 11-785: Introduction to Deep Learning by Bhiksha Raj and Rita Singh:
https://lnkd.in/gVp96GdB
🔹 CS/LTI Low Resource NLP Bootcamp 2020 by Graham Neubig: https://lnkd.in/grYqa3YZ

📚 Massachusetts Institute of Technology
🔹 6.S191 - Introduction to Deep Learning by Alexander Amini and Ava Amini: https://lnkd.in/gWMUpMQg
🔹 6.S094 - Deep Learning by Lex Fridman: https://lnkd.in/gcDgqbH6
🔹 6.S192 - Deep Learning for Art, Aesthetics, and Creativity by Ali Jahanian: https://lnkd.in/gEyRbEZx

📚 University College London (UCL)
🔹 COMP M050 Reinforcement Learning by David Silver: https://lnkd.in/gEpkWmqh

Өтінемін, ағылшынша үйреніңіздер. Сонда барлық ақпаратты 1) ешкімге жалынбай, 2) әрі қайнар көзден, 3) әрі тегін алу құрметіне ие боласыздар.
🔥33👍14
Қытайға сүйсінуге болады. Жек көруге болады. Дос болуға болады. Жауығуға болады. Алайда, ешқашан оған игнор жасауға болмайды. Ешқашан!

Іргеңде алпауыт айдаһар мүмкін емес жылдамдықпен дамып жатыр. Бейқам жатпауымыз керек.
👍34🤔5
Только представьте: вы можете сесть на заднее сиденье автомобиля, он сам доставит вас в нужное место; у вас есть чат-бот, который может составлять отчёты по работе, и кроме того, с ним можно вести беседы; вы ходите в больницу к роботизированному врачу. Самое интересное, что это и представлять уже не надо. Это уже наша реальность. Готов ли Казахстан к революции в области искусственного интеллекта? Orda.kz постаралась ответить на эти вопросы вместе с экспертами

По словам IT-аналитика Тимура Бектура, сейчас, хотим этого или нет, мы уже не можем сдерживать развитие искусственного интеллекта (ИИ). Именно он является одним из главных двигателей четвёртой промышленной революции, о которой говорят на мировых экономических форумах. Хотя надо понимать, что искусственный интеллект термин не новый: он обсуждается уже несколько десятилетий.

https://orda.kz/gotov-li-kazahstan-k-revolyuczii-v-oblasti-iskusstvennogo-intellekta/
👍13🔥2
Apple-ден жаңалық
Әлемдегі ең мықты 15" нотубук!
Дәл қазір Әпіл компаниясы тікелей эфирде өзінің жыл сайынғы WWDC шарасын өткізіп жатыр. Әңгіменің піссімілләсін MacBook Air сериясындағы жеңіл ноутбуктардан бастады.
Осыған дейін 13" дъюм айналасында ұсынылып келген Air отбасы енді 15"-тік өлшеммен де толықты.
Үш бағада ұсынылады:
$1199
$1099
$999

Ойлап қараңыздаршы, бар болғаны 1 смден сәл қалың
👍7🔥1
Apple-ден жаңалық
Әлемдегі ең мықты 15" нотубук!
Дәл қазір Әпіл компаниясы тікелей эфирде өзінің жыл сайынғы WWDC шарасын өткізіп жатыр. Әңгіменің піссімілләсін MacBook Air сериясындағы жеңіл ноутбуктардан бастады.
Осыған дейін 13" дъюм айналасында ұсынылып келген Air отбасы енді 15"-тік өлшеммен де толықты.
Үш бағада ұсынылады:
$1199
$1099
$999

Ойлап қараңыздаршы, бар болғаны 1 смден сәл қалың
🔥10👍2🤯2
Әлемдегі ең мықты процессор!
Естеріңізде болса, осыдан 2 жыл бұрын Әпіл компаниясы революциялық технологиясын таныстырған болатын. Қанша дегенмен әріден ойлайтын, бүгіні 2010 жылдары ойластырып қойылған, ал 2030 жылғы бағыты қазір жасалып жатқан компания ғой.
Мәселен, ол өзінің M деп аталатын Apple Silicon - яғни Әпіл процессорларын таныстырған кезде сөз арасында UltraFusion технологиясын тілге тиек еткен еді. Алайда, көзі қарақты технобұқра болмаса, жалпы халық оған қатты мән бере қоймады. Өйткені, жалпы халық архитектуралық жаңалықтан көрі, көбінесе Айфон мен Айпадқа қатты мән береді.
Міне, жүгаяғына салып қойған сол архитектуралық жаңалық Әпілге көмекке кеп жатыр. Неліктен? Өйткені, бұл жасанды интеллект және нейрожелілер мен машинаны үйрету технологиясы бойынша жұмыс істегенде пайдаға асатын мүмкіндікті ұсынып отыр.
Сонымен, UltraFusion дегеніміз, екі бірдей процессорды өзара тігіссіз жалғау технологиясы. Яғни, онсыз да қуатты екі бірдей М2 процессорларын өзара жалғап, Ultra процессор жасаған.
Оны iMac компьютерлеріне қосатын болды.
Ескерту: мессенджер, автожауап, телефон бағдарламасы, анимация стикерлер сияқты Қазақстан халқы үшін аса маңызды емес, "косметикалық" мақсаттағы жаңалықтарын да айтып жатыр. Олар туралы жазбай аттап өтіп кетіп жатырмын.

@timurdaninfo
🔥10👍3