Тимурдан Инфо | it&tech
3.46K subscribers
1.28K photos
110 videos
28 files
721 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
Forwarded from IT bilim
🖥 Спорттық бағдарламалау федерациясы спорттық бағдарламалау бойынша Қазақстандағы екінші чемпионаты туралы жариялайды

1 тур 29 қазан ОНЛАЙН өтеді.

Жүлде қоры: 3 МИЛЛИОН теңге

✅Чемпионатқа қатысу критерийлері: 14 жастан жоғары. Қатысу тегін.

🤝Чемпионаттың бас серіктесі: Freedom Broker

📲Тіркелу (қатысу ережелері және регламент сайтта көрсетілген):

https://contest.cpfed.kz/

Бізбен хабарда болыңыздар:
- Instagram: https://instagram.com/cpfed.kz
- Telegram: https://t.me/cpfed
- Федерация: https://cpfed.kz
👍5
Forwarded from TECHOZIMIZ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Миға азық болар подкаст📺

Жұма — барлық тапсырмаларды өткізіп, уф деп арқаны кеңге жаятын күн. Алда екі күн демалыс күтіп тұрғанын біліп, әрбіріміз жоспар құра бастаймыз. Уақытты тиімді өткізу, пайдалы дүниемен айналысу, қосымша білім алу қажеттілігін айтып, ескертпесек те мейнстримге айналуда💡

🆙Ендеше, алдағы уақытта біз сендермен қызықты әрі пайдалы контент ұсынушы YouTube арналарды, әсіресе подкасттарды бөлісіп отырамыз деп шештік.

Осы ниетте ғаламторды ақтарып отырып, тамаша подкастты көзіміз шалды. Біздің айтып отырғанымыз — 7010 PODCAST арнасында жарыққа шыққан IT ағартушы Тимур Бектұрмен әңгіме. Қазақ тілді, онымен қоймай IT жайлы подкаст! Сенесіңдер ме?😍

Мұнда тек ақпараттық технологиялар жайлы ғана емес, заман талабы, цифрлы әлемдегі өзгерістер, Америкада білім алу және өзге де мықты тақырыптар қозғалған екен. Бір демде көріп шығып, біршама ой түйдік.

Біздің рекомендасьон✅️

Подкастты Apple Podcasts-тан да тыңдау мүмкіндігі бар.

Ендеше, подкастқа сілтемені бөлісейік: 👇

🔗YouTube
🔗Apple Podcasts

#tech_selection
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥19👍8
Бүгін апақ-сапақта Apple компаниясы кезектен тыс жаңалық жасады.

Scary Fast яғни "Жаман жылдам" деп аталатын бұл шарада ең соңғы үлгідегі процессорлары мен жаңа iMac, MB Pro өнімдерін таныстырды.

Көп жазуға ерініп отырмын, сондықтан, суреттерін жариялай саламын. Басты жаңалық: MB Pro енді қап-қара боп шығатын болды. M3, M3 Pro және M3 Max атты су жаңа процессорлар шықты. Дәл қазіргі таңда әлемдегі ең қымбат ноутбук - MacBook Pro 8TB қатты дискі, 128GB жедел жадымен $7200 тұрады. Жарайды, шошып кеткен боларсыздар. Бар болғаны $7199 тұрады.

Енді 14"-дік iMac линиясы да болады және M3 процессорымен келеді деп айтып қалғандай болды. Ал 14-тік Макбук Пролар M3 Pro процессорымен жарақтанады.

Әдеттегідей, M3 отбасы алдыңғыларға қарағанда жылдамырақ. M1-ге қарағанда 2,5, M2-ге қарағанда 1,8 есе жылдам жұмыс істейді. Бірақ, оған бола "M3 Мак алу керек" деп шапқыламай-ақ қойыңыз. Өйткені, M1-дің өзін 70-80% қолданып жүрсіз бе, жоқ па, күмәнді:)) Алайда, ақшаңыз көп болса, әрине, өзіңіз білесіз.

@timurdaninfo
👍24🔥6😁2
👇👇👇Жасанды интеллект дәуірі

Қазақстан құрамасының ең белді ойыншысы Асхат Тағыбергеннің Данияға соққан голы бар ойын үзігін секундтап суретке айналдырдым да ChatGPT-ге салып, "Қазақстан-Дания, 3:2" деп, комментарий жасауды сұрадым.

Нәтижесін қараңыздар🤯🤯🤯

ChatGPT, әзірге, тек суретті ғана көре (оқи) алады. Көп ұзамай видеоны да оқитын болады. Ең қызығы, басқа-басқа, жасанды интеллект спорткомментаторлардың нанына ортақтасу мүмкіндігі ойыма кіріп те шықпапты.

Әрине, олар тікелей эфирде отырады. Бірақ, уақыт дәлелдегендей, адамдарға қарағанда технология жылдам дамитынын байқадық. Сондықтан, күндердің күнінде жасанды интеллект тікелей ойынды қарап отырып та сүйемелдейтін күнге әні-міне кеп қалуымыз әбден кәдік. Менің ойымша, енді ФИФА болсын, бокс, гольф, теннис сияқты барлық спорттық ойындарда екі дауыс ұсынылатын болады. Адам комментатор және ЖИ комментатор. Әгәрәки, сізге адамның даусы мен сөзі ұнамаса, онда ЖИ-ге ауыса алатын функция болады. Ал одан да кішкене уақыт өткен соң, яғни, жасанды интеллект моделінде эмоция пайда болғанда, адамды толық алмастыруы әбден кәдік.

Таңғажайып заман...

@timurdaninfo
👍14
Әрине, ЖИ технологиялардың қазақша жақсы түсіне бастағаны, жақсы нәтиже бере бастағаны қуантады. Бірақ, біз бұлардың барлығына ақша төлейміз ғой. Яғни, өз тіліміздегі жауапты алу үшін өзгеге ақша төлейміз. Сонда, ана тіліңді сатып алғанмен бірдей. Өкінішке қарай, бұл салада да біз кенже қалғанымыз соншалықты, артта қалып қойдық:((
Мынау менің "жасаған" чатботым. МақалБОТ деп аталады. Неліктен "жасаған"? Өйткені, мен саусақ ұшын қимылдатқаным болмаса, өзегі (ядро) мен қозғалтқышы (модель) ChatGPT.

@timurdaninfo
👍21🤔2
Language agnostic сhunking, tokenizing, vectorizing and embedding as well as retrieval technology in full force.
🤯10👍3🤔2
Amazon SageMaker (AWS) дегенге жоламаңыздар. Барлық сервисті тоқтатсам да ит өлген жерге көрінбейтіндей етіп тығып тастаған функциялар үшін $340 шот шығарыпты. 2-ақ күнге.

Оның қасында Google Cloud пен MS Azure дұрыстау екен.
😱26👍2😢2
Қош келдіңіздер!

Замана деген қызық қой. Туиттер, Инстаграм, одан кейін Инстаграм канал, Тредс, Телеграм канал, Фейсбук аздай, енді Уатсап канал деген келді.

Амал жоқ, бұны да қолдану керек.

Бұл каналда кейде телеграмдағы "Тимурдан Инфо" атты каналымда жарияланған постарды бөлісіп отыратын боламын. Кейде, арнайы осы канал үшін ақпарат шығарып отырамын. Қалай болғанда да қазақ қоғамының технологиялық дамуына үлес қосатын уатсап канал болады деген ойдамын.

Сондықтан, жазылыңыздар. Таратыңыздар: https://whatsapp.com/channel/0029VaEOETS9MF92aBum3z1U
👍18👎1😢1
Бүгінгі күннің бомба жаңалығы!
Бүгінгі күннің бомба жаңалығы!
ChatGPT-ді жасаған OpenAI компаниясының негізін қалаушылардың бірі, СЕО қызметін атқарып жүрген Sam Altman деген жігітті акционерлер алқасы жұмыстан қуып жіберді.
Иә, қуып жіберді.
Әдетте, "Басқа да жеке жобаларын дамытқысы келгендіктен" немесе "Өз еркімен қызметтен кетті, енді уақытын отбасына арнағысы келеді" деген сияқты сыпырыпсалма, алайда, этика сақтаған сөзбен емес, "Алқа мүшелері оның компанияның басқарып жүре алатынына күмән келтіреді" деп, дәл жұма күні кешкісін алды да жұмыстан қуып жіберді.
Оның ізін ала OpenAI компаниясының негізін қалаушылардың келесі бірі және президенті Greg Brockman деген азамат та жұмыстан кетуді ұйғарды.
Тарих қайталанатыны рас болса, өзі құрған компаниядан қуылған Стив Джобс көкеміз еске түсіп отыр. Apple-дің жағдайы қиындаған соң, 10 шақты жылдан кейін қайта оралған ол, әні-міне банкротқа кеткелі жатқан "тістелген алманың" бойын тіктеп алған еді.
Бұл жолы да солай бола ма, жоқ па, қызық сонда.
Ал қазір, әлемдегі ең заманауи, ең технологиялық компаниялардың бірі боп саналатын OpenAI компаниясының уақытша тізгінін Мира Мұрати деген қыз бала ұстады.
Иә, кейбір адамдар "Оның қыз бала екендігіне акцент қоймай жазуға болмас па еді?" дер еді. Жоқ, мен әдейі жаздым. Неліктен? Өйткені, қыз-қарындастарымыз күш-қуат алсын, мотивация алсын деп.
Мира бұған дейін СТО боп жасап жүрген еді. Енді, Google, Amazon, Meta, Apple, nVidia, IBM сияқты техно-алпауыттардың тізесін қалтыратып жіберген компанияны 1988 жылғы қарындас басқаратын болады. Мейлі, уақытша болса да. Бәлкім, ұзағынан қалуы да ықтимал.

@timurdaninfo
👍43
#ІТ-өсек

Обшым, Илья Суцкевер дейді барлығын бастап жүрген. Борды өз жағына шығарып, Джефри Хинтонның AI Doomers тобына қосылған. Ал Сэм Олтман ChatGPT-ді дамыту бойынша агрессив көзқарас ұстанған. Илья соған қарсы болған дейді-мыс
🔥7😁1
Қыз-қарындастар үшін мүмкіндіктер:

ТАРАТЫҢЫЗДАР!

Айгерим Избасарова:

50 СТИПЕНДИЙ И ДРУГИХ ВОЗМОЖНОСТЕЙ ДЛЯ ДЕВУШЕК И ЖЕНЩИН ЗА РУБЕЖОМ

Для девушек и женщин 50 стипендий, грантов, стажировок, проектов и возможностей за рубежом. Здесь собраны только рабочие программы и которые подходят кандидаткам из Казахстана, а также других стран СНГ, Грузии и Украины.

Все они лично отобраны мной: есть программы, на которые еще открыт прием заявок, а есть те, что будут на следующий год. Главное, что они ежегодные, то есть список будет актуален не один год. Делитесь, учитесь, развивайтесь!

1. STEM scholarship for women from British Council, https://www.britishcouncil.org/study-work-abroad/in-uk/scholarship-women-stem

2. TechWomen, https://www.techwomen.org/participants/eligibility-and-application

3. Generation Google Scholarship (EMEA), https://buildyourfuture.withgoogle.com/scholarships/generation-google-scholarship-emea

4. AFS Global Stem Accelerators, https://afs.org/global-stem/accelerators/

5. AIAS Foundation Scholarships WomenIN supported by Intel, https://www.aiasfoundation.org/programs/scholarships.asp

6. AIAS Foundation Scholarships Girls for Gaming Scholarship Fund, https://www.aiasfoundation.org/programs/scholarships.asp

7. Aurora Tech Award for Women Founders, https://auroratechaward.com/

8. Apple Entrepreneur Camp for Female Founders, https://developer.apple.com/entrepreneur-camp/female-founders/

9. AWS CloudUp for Her Cloud Practitioner, https://awsshebuildscloudupcpe.splashthat.com/, детали https://www.scholarshiptab.com/scholarships/aws-2022-she-builds-presents-aws-cloudup

10. Johnson & Johnson WiSTEM2D Scholars Award, https://www.jnj.com/wistem2d-university-scholars

11. The New York Academy of Science, 1000 Girls 1000 Futures, https://www.nyas.org/programs/global-stem-alliance/1000-girls-1000-futures/

12. BMGA Fellows Program, https://bmgafoundation.org/apply/

13. AAUW International Fellowships, https://www.aauw.org/resources/programs/fellowships-grants/current-opportunities/international/

14. Schlumberger Foundation scholarships for women, https://www.slb.com/about/who-we-are/schlumberger-foundation

15. Margaret McNamara awards, https://www.mmeg.org/programs

16. PEO International Peace Scholarships for Women, https://www.peointernational.org/about-peo-international-peace-scholarship-ips

17. Forte MBA, http://www.fortefoundation.org/site/PageServer?pagename=mba_fellows

18. FINCAD Women Scholarship, https://fincad.com/about

19. Goldman Sachs 10,000 Women Growth Fellowship, https://www.goldmansachs.com/citizenship/10000women/growth-fellowship/index.html

20. MPower Financing Women in STEM Scholarship, https://www.mpowerfinancing.com/scholarships/women-in-stem

21. Online News Association Women’s Leadership Accelerator, https://journalists.org/programs/womens-leadership-accelerator/

22. International Women’s Fund Media Foundation The Howard G. Buffett Fund for Women Journalists (FWJ), https://www.iwmf.org/programs/fund-for-women-journalists/

23. McKinsey Next Generation Women Leaders EMEA, https://www.mckinsey.com/next-generation-women-leaders/emea

24. ICLD (Swedish International Center for Local Democracy) Women’s Political Leadership, https://icld.se/en/international-programmes/the-programmes/itp-local-political-leaders-capacitating-women-in-politics/

25. Cartier Women Initiatives Regional Awards (Central Asia), https://www.cartierwomensinitiative.com/awards

26. Cartier Women Initiatives Science and Technology Pioneer Awards, https://www.cartierwomensinitiative.com/science-technology-pioneer-award

27. Cartier Women Initiatives Diversity, Equity and Inclusion Award, https://www.cartierwomensinitiative.com/diversity-equity-inclusion-award

28. Cartier Women Initiatives Impact Awards, https://www.cartierwomensinitiative.com/impact-awards

29. Cartier Women Initiatives Fellowship program, https://www.cartierwomensinitiative.com/fellowship

30. L’Oréal-UNESCO For Women in Science (FWIS) International Awards, https://www.unesco.org/en/prizes/women-science ежегодно присуждается

31.
👍3🔥3