This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Кодты бір бағдарламалау тілінен екіншісіне аударуға арналған ChatGPT негізіндегі құрал.
Идея - кодты бір тілде жазып, оны ЖИ көмегімен бірден қалаған тілге аударуға болады.
Бұл құрал тегін, бірақ оны пайдалану үшін сізге OpenAI API қажет болады.
http://github.com/0xpayne/gpt-migrate

👍16
Google Gemini
ChatGPT деген Айфон сияқты. Қазір жаңа Самсунг Галакси, Оппо-Моппо-Шмоппо, Шаомилер шыққан сайын “Ойбай, бұл - нағыз айфон киллер” деп жарнамалайды.
Бірақ, нақты жұмыс істеуге, қолданысқа келгенде бүкіл Андройд әлем жабылып Айфонға жететін сапа көрсете алмай жүр.
Google де, басқасы да күн сайын “ChatGPT киллер” шығарып жатыр. Бірақ, ешқайсысы ChatGPT-дің маңына да жуымайды.
Тіпті, мықты болған күннің өзінде, ChatGPT сияқты бірдеңе жазсаң, мұрсатта пайдалы дүние шығарып беретіндей қарапайым қолданысқа келмей тұр. Өйткені, Google бізге Gemini Ultra нұсқасын көрсетті. Ал қолдануға ұсынғаны Gemini Pro.
Мына Гуглдың Gemini дегенін Bard арқылы қарап көрдім.
1) Әлі қалың жұртшылыққа жетпеді.
2) Қазақстанға тем более 3) Әлі шикі сияқты. Асып бара жатқан ештеңесін көрмедім.
Әзірге, бірден қолданып кету жағынан кемшіліктері көп.
Әрине, біз үшін жан-жақтан дами бергендері жақсы ғой, дегенмен. Бағалары арзандайды, генератив ЖИ қол жетімді бола түседі дегендей.
https://www.youtube.com/watch?v=UIZAiXYceBI

YouTube
The capabilities of multimodal AI | Gemini Demo
Our natively multimodal AI model Gemini is capable of reasoning across text, images, audio, video and code. Here are favorite moments with Gemini Learn more and try the model: https://deepmind.google/gemini
Explore Gemini: https://goo.gle/how-its-made…

👍10🔥6👎1
Gemini vs GPT4
“Біз биыл жалақыны 10%-ға көбейттік” деген, сонда 150.000 теңге айлықты 165.000 қылғанымен мақтанатын, оның өзін 2024 жылда бастайтын қазақ өкіметі сияқты, бұлар да ChatGPT-ден асып түстік деп мақтанып жатқандағысы көзге көрінбейтін 1-2% проценттер ғана.
Бұл проценттік көрсеткіштер - Gemini Ultra көрсеткіштері.
Ал Bard арқылы қолдануға ұсынғаны - Gemini Pro. Оның қуаты - GPT3.5-пен бірдей.
Ең қуантатыны және өзім асыға күтіп отырғаным - Gemini Nano деген шықпақ. Өйткені, 1,8 және 3,24 млрд параметрден тұратын бұл ең шағын Gemini моделі смартфон секілді құрылғылар арқылы жасайтын бағдарламалардың қозғалтқышы болмақ.

👍21
Алмас Нақыпбек деген бауырыма жазылып қоярсыздар.
Таргет және маркетиң жөнінде қызық жазбалар жариялап тұрады👇👇👇
https://t.me/nakhypbek

Telegram
almasnahypbek
Алмас Нахыпбектің маркетинг блогы
👍11🔥2
"Genius Inventions: Technical Marvels That Will Shape Tomorrow" тақырыбындағы түрлі саладағы инновациялық шешімдер мен техникалық жетістіктер туралы айтылады.
- Киттерден шабыттанған турбиналар мен желдеткіштер, су үнемдеуге көмектесетін душтар (себезгі?), жағалау және теңіздегі энергия өндірісі үшін ротор қанаттары туралы айтылады.
- Ультра жылдамдықта жұмыс істейтін импульстік лазерлер, HoloLens: аралас шындықтың (MR ғой) ақылды көзілдіріктері, экстремал ультракүлгін литография сияқты технологиялар талқыланады.
- Аммиак блоктарының азотқа үлес қосуы, энергия үнемдеуге көмектесетін компрессорлар және ESC (Электронды тұрақтылық бақылауы) туралы баяндалады.
- Өсімдік негізіндегі пластик, судан мұнай сіңіргіш жаңа мақта жібі және гидродинамикалық турбиналар сияқты экологиялық таза шешімдер қарастырылады.
- Шифрланған байланыс (криптография, обшым), электрондық қағаз және ми қысымын қауіпсіз өлшеуге арналған ультрадыбыс сияқты басқа да технологиялар туралы ақпарат беріледі.
- Глютенге альтернатив шешімдер, жаңа идеялар үшін шығармашылық ұжым және антибиотик күшейткіші сияқты медициналық және денсаулық сақтау салаларындағы инновациялар талқыланады.
Бұл ақпарат сізге не үшін керек?
- Бұл ақпаратты жаңа технологиялар мен инновациялардың әлеміне үңіліп, олардың өмірімізді қалай жақсарта алатынын түсіну үшін пайдалануға болады.
- Экологиялық тұрақтылыққа қосылу және қоршаған ортаны қорғау үшін жаңа шешімдерді қолдануға болады.
- Білім беру, кәсіпкерлік және ғылыми зерттеулерде осы жаңалықтар мен технологияларды пайдалануға болады.
- Жеке және кәсіби дамуда жаңа идеялар мен шабыт алу үшін бұл ақпаратты пайдалануға болады.
👉@timurdaninfo👈
https://www.youtube.com/watch?v=iLj8ttLqfEI

Genius Inventions: Technical Marvels That Will Shape Tomorrow | Full Series | FD Engineering
Genius Inventions: Technical Marvels That Will Shape Tomorrow | FD Engineering
Watch more 'Genius Inventions' here: https://youtu.be/S0zoxyuxo_Y
Step into a world of innovation and brilliance with Genius Inventions. Showcasing the most brilliant inventions…

👍8
Кеше екі атақты адаммен кездестім.
Біріншісі, өзіміздің Нұрлан Имам. Бостондық қазақтармен басқосу өткізіп, аз-маз әңгіме жасады. Адам өте көп келді.
Екіншісі, Кремний алқабының Илон Маск, Марк Цукерберг, Джеф Безос деген сияқты барлық алпауыттарынан сұқбат алған Лекс Фридман құрдасым. Аңыз адам.
Құпия инсайт: Лекс наурыз айларында біздің Президентпен кездесіп қалуы мүмкін екен… Ешкімге айтпаңыздар;)

👍51🔥9🤯5
Химия пәнінің мұғалімдері, сіздерге арналады! 🧑 🔬
Жаңа 🧪 ChemLLM.
Химиядан #GPT3.5 және #GPT4-тен озып шапқан әлемдегі алғашқы #opensource #LLM
ChemLLM доменге тән бірқатар тапсырмаларды орындау үшін пайдаланылуы мүмкін. Соның ішінде молекулалық талдауға, реакцияны болжауға, химинформатиканы бағдарламалауға, молекулалық көріністерді аударуға, химиялық реакцияларды болжауға және оңтайландыруға және химиялық әдебиеттерді аударуға көмектеседі 😲
🧬 7b InternLM-2 негізінде
🔬 Екі сатылы нұсқаулықты баптау құбырымен оқытылған (Instruction tuning pipeline).
1️ Stage 1 - жалпы мүмкіндіктерге арналған баптау
2️ Stage 2 - химияға арналған нақты тапсырмалар үшін ChemData көмегімен баптау
🧫 ChemData - молекула, реакция және домен тапсырмаларына арналған нұсқаулық деректер жинағы
⚗️ Бағалау үшін жаңа ChemBench эталонын ұсынады
🧪 Барлық ChemBench тапсырмалары бойынша GPT3.5-тен асып түседі
🧑 🔬 Chembench Тапсырмаларының 2/3 бөлігі бойынша gpt4-тен асып түседі
🆓 Apache 2.0
Model 👉 https://lnkd.in/gEF7DNgz
Деректер жиынтығы 👉 Қол жетімді, бірақ мен оны таба алмадым. ️ ️
Paper 👉 https://lnkd.in/gM25Pya4

🔥5👍4
Балаңды программалауға оқытпа!
Соңғы кезде барлық желідегі парақшаларда (америкалық та) NVIDIA компаниясының басшысы Jensen Huang атты адамның "Осы күні жұрт баласын компьютерлік бағдарламалауға оқыту үшін барып салып жатыр. Ал шындығында, керісінше, оқытып қажет емес. Өйткені, жасанды интеллект арқылы ендігі барлығы да программалай алатын болады" деген сөзі желдей есіп кетті.
Бұл сөзге қосылуға да болады, қосылмауға да болады.
Ал жалпы, "Не ғой, сен мотор қайық сатып алсай малти алмасаң" деген Туканың кейіпкері секілді сөз.
Біздің қоғам АҚШ-тағы түсінікпен өмір сүруді қою керек. Олар "жасанды интеллект қауіпті" десе, біздің елдегілер "Ойбай, жасанды интеллект қауіпті деп жатыр" деп неге өре келетінін ұқпай қойдым. Бірінші, сол жасанды интеллект дегеннің не екенін түсініп, үйреніп, күнделікті өміріңді, кәсібіңде пайдаланып алсайшы. Оның қаупі мен этикасы туралы дамыған елдер айналыса берсін.
Өйткені, біздің қоғамда уақыт жоқ. Біз оны тездетіп үйреніп, пайдамызға жаратып үлгермесек, мыналар жасанды интеллект арқылы келетін барлық пайданың қаймағын сыпырып алып, енді біз сияты кенже қалған жұрттар қызығын көргелі жатқанда пәлен-пәштуан ережелері мен стандарттарын енгізуге әрекеттеніп жатыр.
Қазақтар, уайымдамаңыздар, бұл дамыған елдер сіз бен біз үшін бұлтартпайтын жасанды интеллект ережелерді әртүрлі ұйымдар мен меморандумдар арқылы әлі-ақ бізге шегелеп енгізіп тастайды.
Ал компьютерлік бағдарламалауды үйреніп қажеті жоқ дегенге келіспеймін. Өйткені, логика мен алгоримтді үйрену - баланың барлық салада жақсы ойлана алуына, аналитикалық шешім қабылдай алуы қабілетінің дамуына әкеледі. Мейлі, әрбір қазақ программист болмай-ақ қойсын. Бірақ, әрбір қазақ логикалық қисынды білсе, жаман болмасы анық.
ChatGPT алғаш шыққан кезде бүкіл әлем - "Болды, енді, программалауды үйренбесе де болады!" деп еді. Қайдағы... ChatGPT арқылы программист боп кеткен қазақ көрмедім. Мәселе технологияда емес екен.
Мәселе - сол ChatGPT-дің өзіне не сұрақ қоюды білмей басы қатып жүрген адамдарда екен. айтып тұрсаң да, көрсетіп тұрсаң да, түсіндіріп отырсаң да әлі күнге ChatGPT-ге сұрақ қоя алмай жүрген адамда есеп жоқ.
Ал сұрақ қоя білу қабілеті қайдан келеді? Әрине, логикасы жұмыс істейтін адамның миынан келеді. Кеңістікте ойлана білу қабілетінен келеді. Миы тақтай боп қалған адамға ChatGPT тұрмақ, жасанды интеллектің көкесін әкелсең де миы тақтай боп тұра бермек.
Сондықтан да "Жаңа заман балаларын программалауға оқытып қажет емес" деген сөзбен келіспеймін.

👍57🔥10
👆️️️️️️👆️️️️️️👆️️️️️️ ЖИ дәуірінде балаңды программалауға оқытпау керек пе?
NVIDIA басшысының осы бір сөзі әлі талай пікірталасқа арқау болары анық.
Алайда, айдаладағы біреудің сөзіне бола "Ойбай, жасанды интеллект біз үшін барлығын жасап береді екен. Енді ІТ мамандығына оқытып қажеті жоқ" деп далақтап жүгірмес бұрын, АҚШ-тағы ең ірі вакансия аггрегаторы Lightcast жүйесінің репортына бір көз салып жіберелік.
2010-2022 жылдар аралығындағы жұмыс берушілердің қойған талаптарын қараңыздаршы.
ЖИ саласына тікелей қатысты вакансиялардың ең негізгі 10 квалификация мынадай:
- Python бағдарламалау тілін білу
- Компьютер ғылымдарын меңгеру
- SQL мәліметтер қорын білу
- Дата аналитиканы білу
- Дата ғылымдарын білу
- Amazon секілді бұлттық технологияларды білу
- Agile деп аталатын заманауи методологияны білу
- Автоматизацияны білу (скриптер, макростар)
- Java бағдарламалау тілін білу
- Бағдарламалау инженериясы
Бұл - нақты бүгін қажет қабілеттер жинағы.
Сондықтан, "ұйықтататын" сөздерге қатты құлай сене бермеңіздер.
Жалпы, қазір техно-әлемде үш саты бар.
1) Инфраструктарын жасаушылар (Үлкен тех компаниялар). Біз олардан қалғанымыз қалған. Ешқашан жете алмаймыз деп айта аламын. Қанша жерден оптимист болғым келсе де. Мәселен, Қазақстан ешқашан Amazon Web Services, Google Cloud Platform, Microsoft Azure сияқты бұлт технологиясының инфраструктурасын жасай алмайды. OpenAI секілді әлемдегі ең үлкен тілдік модель жасай алмаймыз. Сондықтан, бұл сатыда біз тек оларды қолдану деңгейіне жетіп алсақ та біраз олжа.
2) Дайын өнімдерді өз игілімізге жарату. Біз осы сатыға ұмтылуымыз керек. "Үйреніңіздер, біліңіздер, қолданыңыздар" деп айтып жүргеніміз осы саты. Яғни, жұрт жасап берген құралдарды денсаулық, білім, қаржы, заң, өзге де салаларда ел игілігі үшін қолдану.
3) Бірінші және екінші сатыдағы елдер жасап берген дап-дайын дүниені ақшаға сатып алып, "Ештеңе оқып, үйреніп қажет емес екен ғой" деп, өзгеге тәуелді технологиялық бодан болу. Бұл - санасы да, білімі де, басқасы да дамымай артта қалған мешел қоғамның көрінісі.
@timurdaninfo

👍39