Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
710 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
Блоггерлер заманы

Ютубта атақты техно-блоггер бар. Маркес Браунли (Marques Brownlee) деген. MKBHD деген никпен жүреді барлық жерде.

Осыдан 10 шақты жыл бұрын үйінде отырып қолға түскен галжеттерге шолу жасай бастаған ол осы күні Метаның бастығы Марк Цукерберг, Гуглдың бастығы Санлар Пучай деген кісілер келіп сұқбат беретін, әлемдік технобрендтер ең әуелі, жұрттан бұрын, әлі бұқараға шығып үлгермеген техникасын осы жігітке шолу жасатып алатын дәрежеге жеткен. Оның өзінде бұл жігіт шолу жасайтын дүниені мақтауға уәде бермейді. Барынша шынайы жасайды. Сондықтан да әлеуметтік желілерде оның жазылушылары өте көп. Миллиондаған оқырманы бар.

Тіпті, бұл жігіт жасаған шолудың нәтижесінде “нашар” баға алған техникалар сатылымсыз қалатын да деңгейге жеткен. Сол себепті, кейбір техногаджет жасаушылар бұл жігіттен қорқасоқтайды.

Мәселен, ЖИ арқылы істейтін Humane.AI секілді гаджетке “Бір қайнауы ішінде” деген баға бергені үшін Инстаграм, ТикТоктағы оқырмандары “$500 долларымды сақтап қалғаның үшін рахмет. Алайын деп жүргем” деп жатады. Инфлюенсер деген осындай болса керек.

Айтпағым ол емес.

Айтайын дегенім, осы жігітті кеше өзі оқып кеткен Stevens университетінің Технологиялық мектебін бітірген түлектер алдында сөйлеуге шақырған. АҚШ-та белең алған, тіпті кейде шоуға айналған бұл дәстүрді commencement деп атайды. Айталық, Steve Jobs комменсменті ютубтағы ең көп қаралған сөйлеуге жатады. Бұл да бір өте үлкен құрметке жатады.

Сол кеше бұл жігітке түлектер алдында сөйлеген сөзінен кейін университеті “Құрметті профессор” атағын беріп, мантия кигізген. Иә, бұл академиялық дәреже емес. “Мақтау қағазы” секілді шартты дүние. Дегенмен, “Құрметті профессор” атағын да екінің біріне бере бермейді. Ал бұл жігіт әлемге блоггерлік үстемдігін жүргізіп отырған соң беріп отыр.

Осыған дейін блоггерлік жасағаны үшін құрметті профессор атағын алған жағдайды кездестірмеген сияқтымын. Өте қызық жағдай…
👍52🔥11
👇👇👇

Сенбейсіздер ғой.

Бірақ қызығы сол. Әлемде генератив жасанды интеллект жасайтын ақпарат таусылып қалған. Open AI, Google - барлығы-барлығы бүкіл интернеттің мәтіндік контентін парсиң жасап, сарқып болған.

Сол үшін енді Reddit сияқты әлеуметтік желілердің комменттеріне дейін сатып алған. Мәселен, Google компаниясы Gemini деп аталатын генератив жасанды интеллектісін дамыту үшін Reddit комменттерін парсиң жасауға $60.000.000 АҚШ теңгесін төлеп рұқсат алған.

Әрине, комментарийлердің барлығын сұрыптап, дұрыс-бұрыстығын анықтап отыруға уақыт жоқ. Оны data preparation дейді data engineering тілінде. Өйткені, OpenAI, Meta, Mistral, Microsoft сияқты компаниялар жеп бара жатыр күннен-күнге.

Нәтижесінде?

Нәтижесінде, адамдар Gemini арқылы алған сұрақтарына күлкілі жауаптар ала бастаған. Мысалы, “Пиццаның бетіндегі сыр жылжып кетпеу үшін қайтпек керек?” деген сұраққа “Желімдеп тастаңыз” деген жауап алған. Өйткені, Reddit желісіндегі бір комментарий иесі солай деп қалжыңдап жазған.

Қазір АҚШ-та осы мәселе қызық боп жатыр…

Дейтұрғанмен, күлмей тұра тұрыңыздар, қазақтар. Бізде ондай да генератив ЖИ жоқ. Ал ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді. Қателік - кез-келген әрекеттің ажырамас бөлігі. Google бұл қателіктен сабақ алып, жұмысын ертең-ақ жөндейді. Ал біз күліп-күліп, дымсыз қала береміз;))

Обшым, қателіктен қорықпайық, бастысы әрекет жасайық.
👍42🔥8🤔4😁2
- Депрессиядан қалай шығуға болады?

- Көпірден секіріп кетсейші
😁32🤯10
The asymmetry in human/AI capabilities is fascinating.

We’re all blown away when AI is able to generate photorealistic images in seconds… but then puzzled that AI still struggles with seemingly basic tasks.

Take driving as an example.

An 18-year-old can learn to drive a car with about 10 driving lessons.

Maybe 100 hours on the road to become a decent driver.

Yet despite 100,000s of hours of training data, huge investments, major computer vision breakthroughs, and decades of pioneering research… we are still not close to true L5 autonomous driving.

Or take basic chores in the house…

You can teach a 10-year-old to clear the dinner table and fill the dishwasher in minutes.

… yet, despite years of headlines with ‘the humanoid robots are coming’, we’re still nowhere near having machines who can do this.

Great slide from Yann LeCun to cut through some of the current AI hype.
👍6
Қазақтар, осындай керемет шарадан қалып қоймай, қалайда барыңыздаршы?

Әйтпесе, менің еститінім, “Сенің қазақтарың қозғалмайды!”.

Барып жатсаңыздар, бір-біріңізбен танысып, “Тимур арқылы келдім” деп айта жүріңіздер.

27 июня Yandex Qazaqstan проведет свой первый фестиваль технологий 🔥

Будет четыре ключевых трека, посвященных языку, бизнесу, городу и культуре. Трек про язык откроет участник группы Ninety One ZaQ, про бизнес — предпринимательница и блогер Асель Машанова, про культуру — режиссер Канат Бейсекеев.

В интерактивных зонах вы сможете познакомиться с роботами-доставщиками, создать картину с помощью нейросети, пройти школу безопасного вождения на самокатах, заглянуть в дата-центр, посетить умную юрту и попробовать управлять ею с помощью Алисы. Чистая техномагия, которую можно потрогать своими руками.

Завершит фестиваль концерт с участием казахстанских музыкантов 🎶

Место встречи — живописный Медеу 🏔

Для всех участников мы организуем бесплатный трансфер и обед. Участие бесплатное, регистрация здесь: https://yandex.kz/qday/

До встречи на фестивале!

Zhanar Makhmetova, CMO Yandex Cloud KZ
👍13👎3
Қанды қырғынды ұмытпайтын, соған сай әрекет ететін шенеунік керек.

Қазақ халқына жанкештілікпен қызмет ететін шенеунік керек.

31 мамырда бір пост жазып құтылып кететін, басқа уақытта қазақ деген халықтың мұң-мұқтажын, діні мен ділін, тілі мен рухын ұмытып кететін шенеунік қажет емес.

Бүгін атаулы күн емес! Бүгін, әрбір қазақ үшін әрекет етіп жүрген шенеуніктің “Мен қазақ халқы үшін не істедім?” деп өзіне жауап беруді еске салатын күн.

Қазақтың потенциалын оятуға одан әрі әрекет ету үшін жігерді қайрайтын күн!
🔥63👍22
Қайғы-программист

немесе

ChatGPT бағдарламашаларды жұмыссыз қалдыра ма?

Қайғы-программист деген мен. Яғни не программист емеспін. Программист емес те емеспін.

Иә, қайталап оқыңыз;) Таза жаңылтпаш. Мен кәдімгі қолында дипломы бар, университетте 5 жыл оқыған инженер-программистпін. Бірақ, программист емеспін. Яғни, программист боп жұмыс істемеген, істесе де келістірмеген адаммын.

Оған 2000 жылдардағы біресе Ассемблер, біресе Вижуал Бейсик деп бас қатырған, шала-шарпы оқытқан университет оқытушыларын да кінәлауға болады. Немесе, программистікті де, сисадминдікті де оқытқандықтан, не әрі емес, не бері емес боп шыққан өзімді де кінәлауға болады.

Әңгіме онда емес. Әңгіме ChatGPT және программистер туралы ғой.

Обшым, қазір барлығы, тіпті Nvidia сияқты үлкен компанияның бастығына дейін “Ойбай, программалауды оқытып қажет емес. ChatGPT шыққан соң, енді ол білімнің қажеті жоқ!” деп үзілді-кесілді шешіп жатыр. Соған өз ойымды тағы бір айта кеткім келген.

Бірақ, дереу қысқа қайырсам, программалауды оқыту керек!
👍26😁3
👆👆👆

Оқытқанда да, керісінше, одан сайын көбірек, тіпті программист емес адамдарға да оқыту керек.

Біз мектепте алгебра мен геометрияны оқимыз ғой? Өмірде тангенс пен котангенсті жиі қолданбасаңыз да, мал бағып кететін болсаңыз да оқисыз ғой? Онда неліктен оқиды адам? Өйткені, жалпы логиканы дамыту үшін. Мидағы нейрондарды бір-біріне байланыстырып, басымыздағы былшырақты өмірге икемдеу үшін оқимыз.

Дәл сол сияқты, ChatGPT дәуірінде адам оған сұрақ қойып, жауап алу үшін де бағдарлама жасақтаудан сауатты болғаны абзал. Яғни, ДҰРЫС сұрақ қойып, ДҰРЫС жауап алу үшін. Мейлі, бір программалау тілін білмесе де, жалпы мәліметтердің құрылымы деген не, алгоритмдер туралы түсінігі болғаны абзал.

Мәселен, қараңыздаршы.

Сіз sql мәліметтер қорымен жұмыс істеп білмейсіз. Түсінігіңіз жоқ. Сондықтан, өзіңізге қажет бір жоба үшін компьютеріңіздегі мыңдаған жаңа мәліметті сайттағы бұрыннан бар кестенің үстіне қосқыңыз келеді. Әрине, ChatGPT-ден сұрайсыз.

Ол, “Ок” дейді де өзіңіздегі sql жазбаны сайттағы sql жазбаға қосу үшін әрбір қатарға INSERT енгізіп береді. Сіз мәзсіз. “Кезінде уақыт құртып, SQL оқымағаным дұрыс болған екен” дейсіз. Шындығында солай. Барлығын ChatGPT сіз үшін жасап берді.

Алайда…

Алайда, сіз егер бағдарламалаудан көзі қарақты жан болсаңыз, мәліметтер қорына жаңа жазба енгізу кезінде топтап жүктеуді теориялық тұрғыдан түсінетін адам болсаңыз, онда сіз ChatGPT-ге жай ғана “Менің мәліметімді біртіндеп енгізу қажет емес. Маған барлығын дереу топтап жүктеп беруге көмектесші” деп айтар едіңіз. Сонда ол bulk import statement жасар еді.

Айырмашылығы қандай?

Теориялық тұрғыдан айырмашылығы жоқ. Екеуі де бір жұмыс.

Ал практикалық жағынан, білмейтін адам мыңдаған жаңа жазбалар қатарын бір-бірден түйірлеп INSERT жасап отырады. Ол уақыт алуы мүмкін, сеанс кезінде интернет үзіліп, байланыс жоғалып кетсе, деректер қорында ақау шығуы мүмкін, тағы сол сияқты.

Білетін адамның сценариінде ол мыңдаған, он мыңдаған, жүз мыңдаған жазбаны дереу жүктей алады.

Өйткені, менің байқағаным, ChatGPT сияқты жасанды интеллект чатботтары стандарт жауаппен шектеледі. Көптеген жоғары деңгейдегі үздік әдістерді ескере бермейді. Оған себеп, сұрақ қоюшының талабын дұрыс жазбауы тікелей әсер етеді.

Осындай мысалдар өте көп. Сондықтан да, программалау негіздерін үйреніңіздер. Ол қабілет сізді әлі талай тығырықтан аман-есен алып шығады һәм басқа адамдар миллион жерден ChatGPT қолданса да сізді олардың қасында ерекшелендіріп тұрады. Өйткені, сіз де ChatGPT қолданасыз. Бірақ, дұрыс қолданасыз.

Жасанды интеллект дәуіріндегі бағдарламашының бағдарламашыдан артықшылығы осыдан байқалады.
👍43🔥7
“Мдааа” деуге ғана шамамыз келеді.

Адамдарды жасанды интеллект алмастырмайды. Жасанды интеллекті бүгін меңгеріп үлгерген адамдар, ертең жасанды интеллекті меңгермеген адамдарды алмастырады.

Біз, адамзат баласы, ресми түрде, күтпеген жерден, ЖИ мен адамның симбиозы салтанат құрған дәуірге топ ете түстік!

Соңғы 10 жылда смартфон біздің 13-ші мүшемізге айналып, онсыз түк бітіре алмайтын боп қалсақ, енді табиғи миымыздың қасына жасанды ми қосылып, 14-ші мүшеге ие болдық.
🔥46👍22🤯7
Forwarded from Zhanbolat Raimbekov
Ассалаумағалейкум. Келе жатқан Құрбан айт құтты болсын! Садақаларыңызды мұнда жіберсеңіздер болады:
https://gaza.kz
Алла қабыл етсін.
Ссылкамен бөлісіп қойыңыздар
👍19
ЖИ дамуымен датацентрлер саны көбейіп келеді.

Қазірдің өзінде әлем бойынша 7000-нан астам датацентр бар екен. Кейбіреуі енді салынып жатыр, кейбірі іске қосылған.

Мәселе онда емес. Мәселе, осының барлығы тоққа сұранысты еселеп арттыру үстінде. “Әгәрәки, бұл 7000 датаорталықтың барлығы бір мезетте тоққа қосылып, жұмыс істей бастаса, 508 терауат электрді қажет етеді” дейді Bloomberg.

Салыстырар болсақ, Қазақстан 2023 жылы 115 млрд квт сағат энергия қолданған. Яғни, 115 терауат.

Енді ойланып қараңыз, Қазақстанның бүкіл көмір-темір, зауыт, 20.000.000 халқы, мұнай-газ өндірісі мен барлық қала-аудан, өңірді жарықтандырып тұрған электр қолданысы - 115 терауат, ал мына 7000 датацентрдің қолданысы - 508 терауат⚡️⚡️⚡️

Бұл не деген сөз?

Бұл - ЖИ дамыту үшін қуатты датацентр керек. Қуатты датацентр үшін тоқ керек.

Айналып келгенде, “Біздің елде жасанды интеллект қашан дамиды?” деген сұрақты қоймас бұрын оған жететін тоғымыз бар ма, инфраструктурамыз бар ма деп сұрау керек.

@timurdaninfo
👍32🤯6
🚀 Join Us for an Info Session on AlchemistX & Silicon Valley Residency Program!

Are you a startup founder or entrepreneur looking to take your business to the next level? Don't miss this exclusive opportunity to learn more about the prestigious AlchemistX and Silicon Valley Residency Program.

🗣️ Speakers:

▫️ Asset Abdualiyev - CEO and Founder of Silkroad Innovation Hub;
▫️ Rysty Issagulova - Manager of Business Programs Office, Astana Hub.

📅 24 June at 17:00

🔗 Register via the link.
👍2
If you are a startup from Central Asia interested in Gemini AI / Google Cloud you can leave your details here and we could discuss how Cloud / AI tech can help your business

https://goo.gle/3SO23r9
👍4
Программистер қажет емес!

Естеріңізде болсын, қандай да бір "анау қажет емес, мынау қажет емес" деген сияқты бұрынғы дәстүрлі түрде қалыптасқан, біз үйренген ережелерге қарсы сұқбаттар, жаңалықтар мен подкастар туралы естіген болсаңыз, онда оны кім айтып, кім адвокат боп жатқанына қараңыздар.

Айталық, Nvidia басшысының осыған дейін бірнеше рет "Бағдарламалық тілдерді үйренудің уақыты өтті, енді ЖИ барлығын өзі программалайды" деген сияқты пікір айтқан болатын. Ал енді The Verge сайтына сұқбат берген Zoom компаниясының басшысы "5 күндік жұмыс уақыты өткен заман. Енді 3 күндік жұмыс күніне өту керек" деген сипатта сұқбат берді.

Иә, бұл кісілердің барлығының айтып жатқан идеялары бізге ұнайды. Мұндай өзгерістер түбі болатыны анық. Алайда, менің айтып отырғаным, әрбір есірткі сатушы барон өзінің ұнтағы нарықты жаулап алғанын қалайды. Сол үшін ол барлық күшін салады. Өз өінімін көпшілік тұтынғанын қалайды. Тек соған алданып қалмау керек.

Nvidia компаниясы ЖИ нарығындағы басты ойыншылардың бірі. Ол өзінің видеокартасы көбірек сатылғанын қалайды. Сол кезде адамдар көбірек ЖИ қолдана бастайды. Бағдарламалар тілін үйрену үшін, мың-миллион долларға татитын бағдарлама жасау үшін сізге Nvidia картасы қажет емес. Бар болғаны бағдарламалық тілді үйренсеңіз жеткілікті. Ал график карта аса қажет болса, бұлт технологиясы арқылы уақытша жалға ала бересіз. Nvidia-ға ол қажет пе? Жоқ, ол бүкіл әлемнің тек өз клиенті болғанын қалайды.

Дәл сол сияқты Zoom компаниясы да бүкіл әлемнің тек өзінің платформасын қолданып, барлық қызметкерлердің онлайн жұмыс істеп кеткенін қалайды. Сондықтан, жұмыс күнін азайтып, адамдардың қашықтан жұмыс істеу уақыты келді деп уағыздайды. Әгәрәки, сіз кәсіпкер болсаңыз, жұмысыңыздың жүруі қызметкерлердің офисте таңертеңнен кешке дейін, аптасына 5 күн отырғанына тәуелді болса, бұл идея сізге тікелей қарсы келеді.

Жоқ, мен бұл жазбам арқылы жұмыс күні қысқарғанына да, қашықтан жасауға болатын жұмыс түрлерінің көбейгеніне де, жалпы халықтың ЖИ үйреніп алып, бағдарлама жасаудың арнайы тіл үйренбей-ақ мүмкін болғанына еш қарсы емеспін. Керісінше, арзан маркетиң манипуляцияларға түсіп қалмауларыңызды сұраймын. Өйткені, "5 күн жұмыс істеп не керек? әне, америкалықтардың өзі соны айтып жатыр. Бағдарламалау тілін үйреніп не керек, әне америкалықтардың өзі ЖИ арқылы барлығын жасап отыр" деп жүргенде, біз өнімді жұмыс істеу, тіл үйрену, компьютер ғылымдарын меңгеру секілді аса маңызды қабілеттерден кенже қалуымыз әбден мүмкін.

"Өнерді үйрен де жирен" деп Абай атамыз айтпақшы, бағдарламалау тілін де, басқасын да бірінші үйреніп алайықшы. Жирену оңай ғой. Оған да жетеміз әлі. ✊✊✊

@timurdaninfo
👍30🔥9
Мен телеграм канал ашқалы 10 жыл болған шығар.

Не өшпейді, не өспейді;))

Өздеріңіз тығылып оқи бермей, басқаларға да айтып, жан-жаққа таратып, әрқайсыңыз 5-10 адам болса да әкелсеңіздер, жүдә жақсы болар ед;)

Иә, жалпы адам саны дегенге аса мән бермеймін. Өйткені, офлайн кездесулерге де жиі шығып тұрамын ғой. Сол кезде залда 500, 1000 адам отырса, ол - өте үлкен аудитория екенін білемін.

Дегенмен, офлайн ол - офлайн. Ал онлайнда көбірек оқырманға жеткен жақсы ғой. Сондықтан, кішкене асарлатып жіберейік, иә?;)

✊
👍78🔥11😁7
Ютубтан мәтін алу

MacOS-та, нақтырақ айтқанда Safari браузері арқылы Youtube видео қарап отырсаңыз, презентациялар мен слайдтардан, мәтін жазылған суреттерден маңызды ақпарат көріп қалсаңыз, оны скриншот жасап алып, кейін қолмен жазып жүрмей-ақ, оң жақ төменде шығатын live text (тірі мәтін) функциясы арқылы бірден көшіріп ала беруге болады екен.

Ерекше пысық адамдарға ескерту: Иә, жаңа біліп жатырмын )))
👍37🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мен сияқты ақпарат қиын жететін адамдарға арналған керемет вижуал!🔥

Нейрожелі модельдерімен, машинаны үйретумен айналысқан кезде активация не үшін екенін ұқпай жүрсеңіз.
👍17🔥1