Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
710 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
ICPC-2024 World Finals Astana

ICPC – әлемдегі ең беделді спорттық бағдарламалау жарыстарының бірі!

ICPC университет студенттері мен мектеп оқушыларына кәсіби өсу, халықаралық жобаларға қатысу және әлемнің жетекші компанияларының назарын аудару үшін бірегей мүмкіндіктер береді.

Алдыңғы күні “Қазақтелеком” басшысы, Қазақстан спорттық бағдарламалау федерациясының басшысы Bagdat Mussin Digital Nomads өкілдерімен онлайн-кездесу өткізіп, қыркүйектің 15-20 күндері өтетін 2024 ICPC World Finals халықаралық шараның абыроймен өтуін пысықтады.

Меніңше, мұндай шараларға өңірдегі жастардың да көптеп қатысуына әр облыстың жауапты мекемелері белсенді ат салысып, оқушылар мен студенттердің тасада қалып қоймауын қадағалау керек.

Әдетте, халықаралық һәм үлкен техкомпанияларда қызмет еткісі келетін, болашағынан үміт күттіретін жастардың баспалдағы осындай жарыстардан басталады.
🔥16👍5
Обшым…
👍7
Кейбіреулер:

- Жасанды интеллект деген далбаса!

Жасанды интеллект:

- Hold my beer…
🔥12👍6
Жұмысқа шақырамыз!

Вакансия атауы: DevOps және инфрақұрылым инженері (DevOps + Infrastructure Engineer)

Рөл туралы:
Ол жоғары жүктемелі жүйелер мен маңызды қосымшаларды жобалау, орнату және қолдауға жауапты болады. Кандидат операциялық жүйелерді басқару, виртуализация, бұлтты технологиялар саласында терең білімі болуы, процестерді автоматтандырып, жүйелердің істен шығуына төзімділігін қамтамасыз етуі тиіс.

Негізгі міндеттері:
- ОЖ әкімшілігі: Linux және Windows операциялық жүйелерін басқаруда терең дағдыларға ие болу.
- Виртуализация және бұлтты технологиялар: Әр түрлі виртуализация жүйелерімен және бұлт технологиялармен (VMware, KVM, OpenVZ, Docker) жұмыс істеу, операциялық жүйелерді, қосымшаларды және деректер базаларын автоматты түрде орналастыру.
- Деректер базасын басқару: Деректер базасын сенімді түрде басқару.
- Инфрақұрылымды жобалау: Жоғары жүктемелі қосымшалар мен маңызды деңгейдегі жүйелер үшін желілік өзара әрекеттесуді, аппараттық орта мен деректерді сақтау жүйелерін ескере отырып, инфрақұрылымды жобалау.
- Процестерді автоматтандыру: Скрипт тілдерін және RESTful API-мен жұмыс істеуді қолданып, процестерді автоматтандыру. Процестерді автоматтандыру үшін (Bash, Python, JavaScript, Perl, Ruby) скрипт тілдерінің бірін білу.
- Мониторинг: Инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін мониторинг жүйелерін орнату және басқару.
- Желілік өзара әрекеттесу: Желілік өзара әрекеттесу және деректерді сақтау жүйелері бойынша сараптамалық білім.
- Орнату құралдары: Қосымшаларды автоматты түрде орналастыру және конфигурация жүйелерінің құралдарымен (Puppet, Chef, Ansible, SaltStack) және CI жүйелерімен (TeamCity, Jenkins) жұмыс істеу тәжірибесі.
- Мониторинг: Мониторинг жүйелерімен жұмыс істеу дағдылары.
- Бэкап: Сенімді резерв көшіру жүйелерін құру.
- Веб-серверлерді басқару: Nginx, Apache сияқты веб-серверлерді орнату және басқару, оларды инфрақұрылымға интеграциялау.

Жұмыс Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" мекемесінде.

Компания туралы: Тіл-Қазына – қазақ тілін және мәдениетін инновациялық технологиялар арқылы дамытуда маңызды рөл атқаратын ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталық.

Орталықтың негізгі қызмет бағыттарына табиғи тілді өңдеу (NLP), автоматты сөйлеуді тану (ASR) және ірі тіл модельдерімен (LLM) жұмыс салаларында заманауи шешімдерді әзірлеу және енгізу жатады.
Орталық қазақ тілін латын графикасына көшіруге, оқу-әдістемелік материалдар мен бағдарламаларды әзірлеуге, сондай-ақ қазақ тілі мамандарын оқыту және біліктілігін арттыруға белсене қатысады.

Біздің мақсатымыз – қазақ тілінде оқытуды және қарым-қатынасты жақсартатын заманауи құралдар мен қосымшалар жасау.

Жұмыс орны: Астана, Қазақстан.
Жұмыс түрі: Толық жұмыс күні, офлайн.
Ықтимал икемді кесте: Қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі (Сөйлесуден соң анықталады).
Бәсекеге қабілетті жалақы: Әңгімелесу кезінде талқыланады.
Amazon және Meta сияқты әлемдік деңгейдегі мамандардан білім алу мүмкіндігі.

Түйіндемені info@tilqazyna.kz поштасына немесе whatsapp бойынша мына нөмірге жіберіңіз +77085430672
👍7
Жұмысқа шақырамыз!

Вакансия атауы: Машинаны үйрету маманы (ML Engineer)

Рөл туралы: Біз жоғары білікті және мотивациясы жоғары машинаны үйретуші инженер (ML Engineer) іздейміз. Ол біздің тілдік жобаларымызды қолдау үшін машинаны үйрету модельдерін әзірлеуде және оңтайландыруда маңызды рөл атқаратын болады. Мінсіз үміткер қолданыстағы машинаны үйрету модельдерін қолдау және жетілдірумен қатар, біздің жобаларымыздың талаптарына сәйкес келетін жаңа модельдерді әзірлеуге жауапты болады.

Негізгі міндеттері:
- ML модельдерін қолдау: Қолданыстағы машинаны үйрету модельдерінің өнімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету.
- Жаңа ML модельдерін әзірлеу: NLP, ASR, TTS және LLM саласындағы міндеттерді шешуге арналған жаңа модельдерді жобалау және енгізу.
Талаптар
- Классикалық ML: Машинаны үйретудің классикалық әдістерін терең білу.
- Тәжірибе: Машинаны үйрету (ML) немесе деректерді талдау (DS) саласында 3 жылдан астам жұмыс тәжірибесі.
- MLOps: Өндірістік ортада машинаны үйрету модельдерін қолдау және сүйемелдеу тәжірибесі.
Білені абзал:
- NLP, ASR, TTS, LLM: Табиғи тілді өңдеу, сөйлеуді автомат тану, қазақ тілін синтездеу және ірі тіл модельдерімен жұмыс тәжірибесі.
- MLOps / AIOps: MLOps/AIOps құралдары мен тәжірибесін білу.
- Оңтайландыру: Машинаны және тереңдетіп үйрету модельдерін оңтайландыру техникасын терең түсіну.
- Тәжірибе: ML немесе DS саласында 5 жылдан астам жұмыс тәжірибесі.

Жұмыс Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" мекемесінде.

Компания туралы: Тіл-Қазына – қазақ тілін және мәдениетін инновациялық технологиялар арқылы дамытуда маңызды рөл атқаратын ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталық.
Орталықтың негізгі қызмет бағыттарына табиғи тілді өңдеу (NLP), автоматты сөйлеуді тану (ASR) және ірі тіл модельдерімен (LLM) жұмыс салаларында заманауи шешімдерді әзірлеу және енгізу жатады.
Орталық қазақ тілін латын графикасына көшіруге, оқу-әдістемелік материалдар мен бағдарламаларды әзірлеуге, сондай-ақ қазақ тілі мамандарын оқыту және біліктілігін арттыруға белсене қатысады.

Біздің мақсатымыз – қазақ тілінде оқытуды және қарым-қатынасты жақсартатын заманауи құралдар мен қосымшалар жасау.

Жұмыс орны: Астана, Қазақстан.
Жұмыс түрі: Толық жұмыс күні, офлайн.
Ықтимал икемді кесте: Қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі (Сөйлесуден соң анықталады).
Бәсекеге қабілетті жалақы: Әңгімелесу кезінде талқыланады.
Amazon және Meta сияқты әлемдік деңгейдегі мамандардан білім алу мүмкіндігі.

Түйіндемені info@tilqazyna.kz поштасына немесе whatsapp бойынша мына нөмірге жіберіңіз +77085430672
👍2
Жұмысқа шақырамыз!

Вакансия атауы: Деректерді өңдеу инженері (Data Engineer)

Рөл туралы:
Біз жобаларымыз үшін деректерді өңдеу бойынша ETL-пайплайндарын құруға және оңтайландыруға, сонымен қатар деректер архитектурасын әзірлеуге және қолдауға жауапты болатын тәжірибелі деректерді өңдеу инженерін (Data Engineer) іздейміз.
Үміткер мәліметтерді қолжетімді және сапалы ету үшін машинаны үйрету процестерімен жұмыс істейтін болады.

Негізгі міндеттері:
ETL-пайплайндарын құру: Жобаларымызды қолдау үшін деректерді шығару (extraction), түрлендіру және жүктеу процестерін әзірлеу және енгізу.
Деректер архитектурасы: Деректердің сенімділігі мен ауқымдылығын қамтамасыз ететін деректер архитектурасын жобалау және іске асыру.

Талаптар

Жұмыс тәжірибесі: Үлкен көлемдегі деректерді өңдеу үшін ETL-пайплайндарын құру тәжірибесі.
Деректер архитектурасы: Деректер архитектурасын жобалау және іске асыру негіздерін түсіну.
Осыларды білсе абзалырақ болады:
AWS: Деректерді сақтау және өңдеу үшін AWS бұлттық қызметтерімен жұмыс тәжірибесі.
Data Lake: Data Lake және Data Warehouse технологияларымен жұмыс істеу білімі мен тәжірибесі.
ML-командаларын қолдау: Машинаны үйретуде жұмыс тәжірибесі, оларды деректерді дайындау және өңдеу мәселелері бойынша қолдану.

Жұмыс Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" мекемесінде.

Компания туралы: Тіл-Қазына – қазақ тілін және мәдениетін инновациялық технологиялар арқылы дамытуда маңызды рөл атқаратын ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталық.
Орталықтың негізгі қызмет бағыттарына табиғи тілді өңдеу (NLP), автоматты сөйлеуді тану (ASR) және ірі тіл модельдерімен (LLM) жұмыс салаларында заманауи шешімдерді әзірлеу және енгізу жатады.
Орталық қазақ тілін латын графикасына көшіруге, оқу-әдістемелік материалдар мен бағдарламаларды әзірлеуге, сондай-ақ қазақ тілі мамандарын оқыту және біліктілігін арттыруға белсене қатысады.

Біздің мақсатымыз – қазақ тілінде оқытуды және қарым-қатынасты жақсартатын заманауи құралдар мен қосымшалар жасау.

Жұмыс орны: Астана, Қазақстан.
Жұмыс түрі: Толық жұмыс күні, офлайн.
Ықтимал икемді кесте: Қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі (Сөйлесуден соң анықталады).
Бәсекеге қабілетті жалақы: Әңгімелесу кезінде талқыланады.
Amazon және Meta сияқты әлемдік деңгейдегі мамандардан білім алу мүмкіндігі.

Түйіндемені info@tilqazyna.kz поштасына немесе whatsapp бойынша мына нөмірге жіберіңіз +77085430672
🔥5👍2🤯1
Forwarded from AI & Digital Ministry
Спорттық бағдарламалау спорттың басым түрлерінің республикалық тізіміне енгізіледі

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі спорттық бағдарламалау саласында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бұл ынтымақтастықтың мақсаты – жастар арасында спорттық бағдарламалауды насихаттау және оны Республикадағы басым спорт түрлерінің тізіміне енгізу.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/848984?lang=kk
👍11
⭐️CRM CONF 2024 – Орталық Азиядағы кәсіпкерлерге арналған онлайн форум

Іс-шара 2024 жылдың 11 қазанында «БИЗНЕСТІ ӨЗГЕРТЕТІН ТЕХНОЛОГИЯЛАР» тақырыбымен онлайн режимде өтеді.

🗓️11 қазан, 11: 00 (Астана уақыты бойынша)
📍онлайн
🎫қатысу тегін


✨CRM CONF – бұл жыл сайын әртүрлі саладағы кәсіпкерлер мен сарапшыларды біріктіретін ауқымды іс-шара. Ағымдағы CRM CONF 2024-те кәсіпкерлік, сауда, маркетинг және HR саласындағы инноваторлар мен мамандар сөз сөйлейді.

Спикерлер бизнес-процестерді түрлендіретін озық технологиялар мен шешімдерді талқылайды.

• Адам факторын қалай азайтуға болады және бұған қандай технологиялар көмектеседі;
• HR-бизнес ұрпақтар тоғысында: дәстүрден инновацияға;
• Account Based Marketing: үлкен клиентті қалай табуға болады.
Конференция спикерлері осы мәселелер жайында, сондай-ақ нақты бизнес-кейстер туралы айтады.

Битрикс24 Қазақстан тарапынан тоғызыншы рет өткізіліп отырған CRM CONF 2024 қонақтары сарапшыларға сұрақтар қойып, пайдалы байланыс орнатуға мүмкіндік алады.

🖊️Виртуалды байланыс қазірден қолжетімді

📌Конференцияға тіркелу.
🔥4👍3
Forwarded from Sergek Group
🗣Sergek Group приглашает на ежеквартальную IT-среду/Сәрсенбі IT күні – «Back to School»

Это уникальная возможность получить вдохновение и новые знания от экспертов, которые меняют правила игры в IT-образовании и карьере🔥

🔻Когда: 25 сентября в 18.00
🔻Где: г.Астана, пр.Кабанбай батыра, 53 (Инновационный кластер Назарбаев Университета, NURIS, здание Пирамиды)

📌Спикеры:

- Даурен Ахметов, Product Manager Sergek Academy: Как выделиться среди сотен джуниоров

- Тимур Бектур, ІТ ағартушы: IT саласында білім алудың disrupt жолдары

- Данай Даиров, Chief Мanager Astana Hub: Tech Orda открывает новые возможности в IT-образовании

- Азат Есенов, основатель и управляющий партнер консалтинговой фирмы Yessen & Company: Как заработать $20 тысяч онлайн

- Айгерим Аргимбаева, медиа руководитель Astana IT University: Новый медиа сезон в AITU


🔗Регистрируйтесь по ссылке
🔥3👍2
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali 예르갈리)
Қазақ тіліндегі GenAI
https://uzdik.github.io/gen-ai/
👍5
Бостон🔥

Стартаптарға венчур капитал құю жағынан АҚШ-тың Бостон қаласы Америкада 4-ші, әлем бойынша 6-шы орында екен. Соңғы 6 жылда $114.000.000.000 жұмсалған. Ойлап қараңыздаршы, 114 млрд!

Оның жарқын көрінісін Бостонға бара қалсаңыз айқын көресіз. Құдайдың құтты күні Гугл, Майкрософт компаниялары немесе Харвард, МІТ, Бостон университтеттері стартапшыларға арналған түрлі басқосулар ұйымдастырып жатады. Бір сөзбен айтқанда, қайнап тұрады.
👍8
Сонымен…
OpenAI компаниясын құрған негізгі жасақтың келесі мүшесі Мира Мурати де қызметтен кеткенін мәлімдеді. Сама жалғыз қалды…
👍5🤔5
📢 Набираем в Sales Academy Qazaqstan от Yandex Cloud

Yandex Cloud запускает полугодовую оплачиваемую программу для молодых специалистов, которые хотят развиваться в сфере IT-продаж. Sales Academy Qazaqstan — это возможность стать частью бизнес-команды облачного лидера в Казахстане.

Участники программы будут изучать облачные технологии, инициировать и развивать коммуникацию с клиентами, участвовать в деловых встречах и решать реальные бизнес-задачи. По итогам программы лучшим кандидатам будет предложен бессрочный контракт в Yandex Cloud.

Программа предлагает:
🚀 6 месяцев оплачиваемого обучения и работы
🚀 40 часов в неделю полного погружения в продажи IT-продуктов
🚀 Участие в проектах, влияющих на рост бизнеса
🚀 Обучение облачным технологиям и навыкам ведения переговоров
🚀 Прозрачные цели и конструктивную обратную связь

Заявки принимаются до 1 октября. Подробнее об условиях участия: https://lnkd.in/g4HNMc9Y
Не упустите шанс стать частью Yandex Cloud: https://lnkd.in/giGFKVww
👍5
ChatGPT TOP статистика (2024)

2024 ж. қыркүйегі бойынша chatgpt-дің аптасына 200 млн астам белсенді қолданушысы бар.
АҚШ-та айына 77 млн белсенді қолданушы бар.
Дүние жүзінде 7,7 миллион адам ChatGPT Plus қолданады.
ChatGPT іске қосылғаннан кейін 5 күн ішінде 1 млн пайдаланушыны қамтыды.
Fortune 500 компанияларының 92% астамы ChatGPT пайдаланады.
ChatGPT кірісі 2024 жылы $1 млрд құрайды деп болжануда.
OpenAI ChatGPT-ді ұстап отыруға күн сайын ~$700,000 жұмсайды.

Маған жазылыңыз: @timurdaninfo
👍12
ChatGPT maker OpenAI has closed the largest VC round of all time.

The startup today announced that it raised $6.6 billion in a funding round that values OpenAI at $157 billion post-money. Led by previous investor Thrive Capital, the new cash brings OpenAI’s total raised to $17.9 billion, per Crunchbase.

Microsoft, Nvidia, SoftBank, Khosla Ventures, Altimeter Capital, Fidelity, and MGX also participated.

Read more on OpenAI's latest funding round here: https://tcrn.ch/3ZPEJi6
🤔4👍3
Major academic publishers' revenue and what they pay authors and reviewers:

Revenue:
Elsevier: $3.9 billion
Springer Nature: $2 billion
Wolters Kluwer: $1.6 billion
Wiley: $1.8 billion
Taylor & Francis: $800 million
Sage: $500 million

They pay:
Authors: $0
Reviewers: $0
🤔5👍1
Әлемдегі ең үздік университеттердің бірі - Харвард университетінің бағдарламалау курсына теп-тегін және тікелей эфирде лайв қатысқың келе ме? Ендеше, дәл қазір Ютубқа жүгір!
🔥8👍5