Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
710 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
Forwarded from Narikbi LIVE
Жанәділ Талдыбаев: әлем оқушыларын IT оқытатын 100 млн стартап / Narikbi LIVE #101

Бүгінгі шығарылым қонағы Codiplay халықаралық стартапының негізін қалаушы - Жанәділ Талдыбаев.

Codiplay - бұл әлемнің 13 елінде 300 астам мектептерде жұмыс істеп жатқан, оқушылардың IT сауаттылығын көтеретін платформа.

4 жыл бұрын ғана басталған бұл компания қазіргі күні $100 млн valuation (оценка), қазіргі тартып жатқан инвестициясы $20 млн.

Жанәділ бұл идеяның қалай келгені, ақша жоқ болып тұра, ковид кезінде пәтері мен көлігін сатып компанияны бастағанын баяндап берді. Одан бөлек Корей мемлекетіндегі мединица саласындағы бизнесін талдап, бұл елді де талқылап шықтық.

Одан бөлек еліміздің өңірлерінде қалай білім сапасын арттыруға болатынын да айтып шықтық. Қысқасы, бұл эпизод әлемді өзгерткісі келетін адамның қандай жол өтіп шығуы керек жайлы деп ойлаймын.

https://youtu.be/GoB7TfVUP-A
👍9🔥2
Мен сияқты AWS-тың қаптаған сервисінен басы қатып, біреуін қолдандым деп ойлап, удай қымбат екінші сервисін қосып жіберіп, соңында мыңдаған доллар қарыз боп қалғандарға арналған шпаргалка.

Ненің не екенін біліп жүргейсіздер;))
👍13😱1
Ал мынау Дата аналитиканв меңгере бастаған питончиктерге арналады;))
👍19
Республика күнімен, егемендік алған күнімізбен құттықтаймын! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
👍26😁13
ChatGPT Search

OpenAI енді Google-дің нарығына бұзып-жарып кірді.

Қазіргі заман өте қызық қой. Google компаниясы трансформер архитектурасының негізін қалап, генератив жасанды интеллекті зерттеуді алғаш қолға алса да OpenAI компаниясының шаңын жұтып қала жаздады. Апыл-ғұпыл Bard деп, Gemini деп конверсейшн чат һәм генератив ЖИ жасаудан қуушы рөлінде келеді.

Ал OpenAI болса, генератив ЖИ сферасы өз алдына, мызғымас Google-дің Іздеу жүйесі сияқты бизнес-моделіне аяқ басты.

Америкалық ақпарат көздері: “Гугл ЖИ жасағаннан, OpenAI іздеу жүйесін іске қосқаны оңайырақ болған сияқты” деп жатыр. Қызық, ә?

Бәрі ештеңе емес, Google оңайлықпен өлмес OpenAI далада қалмас. Менің жаным ашып отырғаны: Perplexity. Жігіттерге қиындау болатын сияқты. Меніңше, ауыр соққы.
🔥13👍7
Ал мынау - Google қалай ақшаны табатыны туралы.

“Қуардықтақтың көкесін түйе соғанда көресің” демекші, қызықтың көкесі ChatGPT Seach Ad қосылғанда болатын сияқты🤔

Қалай ойлайсыздар?
🤔11👍4
Вакансия Backend Golang Developer (remote, full time)
Компания: Sagi

Какие задачи предстоит решать:
- Разработка веб-сервисов и микросервисов
- Разработка новых и поддержка существующих сервисов
- Участие в разработке архитектурных решений
- Покрытие кода unit и интеграционными тестами
- Поддерживать production так, чтобы бизнес мог быть спокоен

Требования к кандидатам:
- Знание и опыт работы с Go. Знание ООП, структур данных и алгоритмов, других фундаментальных понятий из сферы ИТ
- полное понимание протокола HTTP и парадигмы REST.Умение проектировать RESTful API учитывая нагрузку и требования безопасности
- Необходим опыт работы с микросервисами
- Опыт написания тестов и тестируемого кода
- Опытный пользователь Linux
- Уверенное владение Git
- Опыт работы с SQL/NoSQL базами и опыт администрирования. (MongoDB, MySQL и Redis)(понимание индексов, работы транзакций)
- Опыт работы с многопоточным и асинхронным программированием (goroutines, очереди сообщений RabbitMQ, Redis Pub/Sub)
- Умение собирать метрики и настраивать мониторинг работы своих сервисов (prometheus, statsd, grafana);
- Опыт работы с контейнерами (docker, docker-compose).
- Опыт в Kubernetes;
- Настраивать CI/CD (мы используем Gitlab)

Будет плюсом:
- Знание Elasticsearch или SOLR
- Опыт отладки и оптимизации комплексных приложений
- Опыт работы с GRPC/Protobuf
- Опыт работы с go-micro
- Знание и опыт построения DevOps-инфраструктуры
- Опыт с облачными платформами (Digitalocean)
- Опыт с AI/ML/DS

Резюме: yes@sagibonus.com
@jaksyes
Сәлеметсіз бе! 👋 Qazaq IT Tech командасы жаңа тегін үш кезеңдік QazaqStars жобасына қатысуға шақырады!

🌟 Жобаның негізгі кезеңдері:

1️⃣ Тіркелу және танысу кезеңі

Жобаға Қазақстанның кез келген өңірінен қатысуға болады. Тіркелгеннен кейін, сіздің почтаңызға  жабық Telegram чатына қосылатын шақыру сілтемесі жіберіледі. Бұл кезеңде белсенділік танытпаған немесе байланыссыз қалған қатысушылар келесі кезеңге өтпейді.

2️⃣ IT әлемі және Python тілін меңгеру
Бұл кезеңде IT саласының негіздерімен танысып, Python бағдарламалау тілін үйренесіз. Қатысушыларға телеграм-бот жасау, скрипттер жазу, есептер шығару сияқты практикалық тапсырмалар беріледі. Әрбір тапсырмаға ұпайлар беріледі, және нәтижелер арнайы жүйеде есептеледі. Ең белсенді және жоғары ұпай жинаған қатысушылар келесі кезеңге өтеді.

3️⃣ Ақпараттық қауіпсіздік негіздері
Бұл кезеңде оқушыларға ақпараттық қауіпсіздік саласы үйретіледі. Жүйелердің жұмыс істеу принциптері, олардың осалдықтарын анықтау және қорғау тәсілдері түсіндіріледі. Әртүрлі бұзу(взлом) әдістері үйретіледі. Осы кезең күрделі әрі қиын болады. Соңына дейін қалған оқушыларға сыйлықтар мен сертификаттар табысталады.

🔗 Тіркелу үшін немесе толық ақпарат алу үшін сайтқа өтіңіз

👨🏻‍💻 Жоба IT саласына енді қадам басып жатқан адамдарға арналған. Сізде IT саласында опыт болса, бұл жоба сізге арналмаған.

📅 Орын шектеулі — тек 100 қатысушы қабылданады!

Жобаға қатысып, өзіңізді IT әлемінде дамытудың мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
👍8
Forwarded from Aman world (Aman Utemuratov)
Aman World подкаст

Ал, алғашқы монолог подкастымды жазып, youtube каналыма салып қойдым. Сіздерге ұнап жатса, алда тағы 2-3 тақырыпта подкаст жазып, артынан қонақтар шақырып, IT туралы қазақша біраз нәрселерді әңгімелеу ойда бар.

Қолдап қойыңыздар. Лайк басып, коммент қалдырып.

https://youtu.be/3HqELpR7koY?si=GK9CN1bw86TGsF8x
🔥9👍2
AI, AI яғни жасанды интеллект, жасанды интеллект деп қақсап кеттік қой. Бірақ…

API-дан тарту сенімсіз және тұрақсыз архитектураға айналып, лог жасау, кэш жасау, rag жасау, мәліметтер қорын дұрыстап жалғау, админка мен фронтты адам сияқты жасау шаруалары шетінен шыға бастағанда… Оған devops тірліктері llmops деген қойдың терісін жамылып келгенде…

Адамдар “атаңа нәлет, жасанды интеллект. Бір сенімен жұмыс бітпейді екен ғой” деп қайтадан софтвар инжинирңді оқуға ұмтылады деген ойдамын.

Әрине, бәлкім бұрынғыдай монолит жазбас, шаруаның көп бөлігін ллм-ге апи арқылы лақтыра салар. Бірақ бәрібір… “Учи матчасть” деген өзекті болатыны сөзсіз.
🔥14👍4🤔1
#whatsapp_bot #chat_gpt_api #javascript #automation

0️⃣3️⃣ - Кеше кешкісін вацап ботты GPT-мен байлап қойдық.

Тесттік режимде такси тапсырыс бере берсеңіздер болады.
Өзіміз жай-май тест жасап қойдық - істеп тұр.
Бірақ бета версия ғой. Қате көп болу керек.

+77713785040 - Такси бот 🚘🚕🚙🚗

Жүргізушілер тапсырысты мына чаттан алып отыра алады
https://chat.whatsapp.com/C9e4P5yueMo9vsMxC2JurM

Осы каналда отырғанда әрқайсыңыз тесттік тапсырыс беріп көріңіздерші.
Ботпен сөйлесіңіздер. Қинаңыздар былай да былай)
Мыжғылаңыздар!
👍12
#whatsapp_bot #javascript #automation

0️⃣2️⃣ - Бүгін WhatsApp-ты автоматтандыру сабағы! JavaScript көмегімен хабарлама жіберуді және жауап беруді үйренеміз. Одан әрі WhatsApp ботының негізгі функцияларын дамытамыз!

🔥 Егер сіз WhatsApp автоматтандыруын зерттегіңіз келсе немесе жаңа идеялар қажет болса — дәл осы видео сізге арналған!

Лайк пен подписканы ұмытпаңыздар 😉
https://youtu.be/BoV1-e_yrVI

https://t.me/jalagash_it
👍7
Мына қараңыздаршы?

Байтдәнс деген не деген пәлекет өзі? Айналдырған 10 жылдың ішінде 110.000.000.000 АҚШ Доллары көлемінде кіріс жасаған (ревеню гроуз). Метаның (Фейсбук) соңынан өкшелеп қуып келеді. Ал Метаның құрамына Уатсап (АРІ сатады), Инстаграм (сатпайтын заты жоқ), Фейсбук (сатпайтын заты жоқ), Oculus VR кіреді.

Естеріңізге саламыз, айналдырған 9 айда 100.000.000 қолданушыға жетіп, бүгінде әлемдік әлеуметтік желі боп отырған ТикТоктың атасы осы Байтдәнс компаниясы.
😱11👍3
Обшым…
👍3
🚀 Увлекательная возможность для PhD в области анализа временной сложности био-вдохновленных вычислений! 🚀
Вы увлечены искусственным интеллектом, оптимизацией и теоретической информатикой? Кафедра компьютерных наук и инженерии Южного университета науки и технологий (SUSTech) в Шэньчжэне, Китай, приглашает подать заявку на полностью финансируемую программу PhD по анализу времени выполнения био-вдохновленных вычислительных техник, включая эволюционные алгоритмы, генетические алгоритмы и искусственные иммунные системы.

📅 Дедлайн подачи заявки: 1 декабря 2024 года
🌍 Местоположение: Шэньчжэнь, Китай – процветающий технохаб и «Силиконовая долина Китая»
💸 Финансирование: Полное покрытие обучения, стипендия без налогообложения (до 150 000 юаней в год), бесплатное проживание на кампусе и субсидированное питание

О проекте:
Эта PhD-программа посвящена анализу производительности био-вдохновленных метаэвристик с целью разработки теоретически обоснованных подходов к оптимизации этих алгоритмов для решения сложных задач. Успешные кандидаты будут работать в лаборатории AI-Theory под руководством профессора Пьетро Оливето, приобретая знания в таких областях, как метаэвристики на основе популяций, гиперэвристики, генетическое программирование и настройка алгоритмов.

Почему SUSTech?
Основанный как глобальный исследовательский центр, SUSTech предоставляет современную научную среду в окружении инновационной экосистемы Шэньчжэня, с удобным доступом к Гонконгу и Макао. Университет входит в число лидеров Китая и мира, предлагая динамичное научное сообщество и многочисленные возможности для сотрудничества.

Требования к кандидатам:
• Диплом с отличием бакалавра или магистра в области компьютерных наук или математики
• Сильные аналитические и вычислительные навыки, с упором на теорию вероятностей и математический анализ
• Владение английским языком (IELTS 6+ или TOEFL 75+, если вы не носитель языка)

Это исключительная возможность развить свою научную карьеру в ведущем институте с первоклассными ресурсами и поддержкой международного сотрудничества.

Для получения дополнительной информации или подачи заявки свяжитесь с профессором Пьетро Оливето по адресу:
olivetop@sustech.edu.cn
Ыбырай Алтынсарин һәм ChatGPT

Өнер - білім бар жұрттар
Жасанды зерде салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.

Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Бір сәтте-ақ барғызды.

Адамды құстай ұшырды;
Мал істейтін жұмысты
Роботтарға жүктеді;
Энергияны үнемдеп,
Баламалы қуат істеді.

Теңізде жүзді балықтай,
Виртуал әлем кезді жалықпай,
Білгендерге осылар
Бәрі-дағы анықтай,
Білмегенге танықтай;

Біз де бекер жатпалық,
Осыларға таныспай;
Ер өнері білінбес
Хакатонға түсіп жарыспай;

Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай.

Технология бар жұрттар
Жасанды ақыл қостырды;
Санаңды ашып, ғаламды
Бір сәтте-ақ оздырды.

Блокчейнмен байланыс
Ақпаратты сақтады;
Әр деректе шындық бар
Өзгермейтін нақ тағы.

Заттар интернетімен
Үйіңді де басқарды;
Қашықтан-ақ бақылап,
Қауіпсіздік сақталды.

Виртуал мен шын әлем
Бір арнаға тоғысты;
AR мен VR арқылы
Жаңа өмірге жол ашты.

Білгендерге осылар
Таңсық емес анықтай;
Білмегенге бәрі де
Сыр секілді танықтай.

Желкілдеп өскен жастарым,
Жаңалыққа ұмтылың;
Заманыңнан қалмайық,
Білім жолын тұтынғын.

Біз де бекер жатпалық,
Осыларды меңгеріп;
Диджитализация жолында
Алға басып, өркендеп.

Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Жаңа күнге бастаңдар.
Сіздерге бердім батамды.

————-
Ұйқасын жөндеуге тырысқан Тимур Бектұр
Өзі жазған өлеңге сүйене отырып суретін жасаған - ChatGPT жасанды интеллекті
👍20🔥5😁2