🗣️Al Olymp – жасанды интеллект бойынша республикалық олимпиада.
Олимпиада мектеп оқушыларының жасанды интеллект саласындағы құзыреттерін дамытуға бағытталған және білім алу мен кәсіби өсуге жаңа мүмкіндіктер ашады.
🎓 Қатысуға 9-12 сынып оқушылары шақырылады.
📅 Олимпиаданың іріктеу кезеңі 2025 жылғы 6 сәуірде онлайн форматта өтеді.
📅 Қорытынды кезең 2-4 мамыр аралығында Астана қаласында өтеді.
Толығырақ ақпаратты пост-карусельде оқыңыз🙌🏼
https://cpfed.kz

👍11🔥1
Қазақстандағы IT нарығының көлемі қанша?
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және онымен байланысты қызметтерге жұмсалған шығындар 1,48 трлн теңгеге жетті (2025 жылғы 13 наурыздағы бағам бойынша $3,02 млрд). Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,3%-ға өскенін көрсетеді.
Қазақстанда қанша IT-компания бар?
ҚР ЦДИАӨМ (Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі) деректеріне сәйкес, 2024 жылдың қараша айының соңында Қазақстандағы IT-компаниялардың саны 18 683-ке жетті. Бұл соңғы үш жылда 16%-ға өскенін білдіреді.
Қазақстанның жылдық бюджеті қанша?
Мемлекеттік бюджет шығындары 2024 жылы 21,5 трлн теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 19,9%-ға артты. 2021 жылы бұл көрсеткіш 18 трлн теңге болған, яғни алдыңғы жылға қарағанда 7,3%-ға көп. Мемлекеттік кірістің негізгі бөлігі – 73,3% – салық түсімдерінен құралған.
Қазақстандағы IT мамандары қанша табыс табады?
2024 жылы Қазақстандағы IT мамандарының орташа айлық жалақысы 54%-ға өсіп, 673 мың теңгеге жетті. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму министрлігі хабарлады.
Қазақстан IT саласы бойынша қай орында?
2024 жылғы рейтингке 2022–2023 жылдары жиналған мәліметтер енгізілген. Қазақстан онлайн-қызметтер (OSI индексі) бойынша 10-орынға көтеріліп, Оңтүстік Корея, Дания және Эстония сияқты жетекші елдердің қатарына енді.
Қазақстанда қанша IT маманы бар?
2019 жылы Қазақстанда 5,8 мың IT маман жұмыс істеген болса, 2024 жылдың шілдесіне қарай бұл көрсеткіш 17 мыңнан асты. Сонымен қатар, IT саласындағы орташа жалақы 1,5 есе артты.
Қазақстандағы онлайн-білім беру нарығының көлемі қанша?
2023 жылы Қазақстандағы білім беру технологиялары нарығы 52,4 млрд теңгеге дейін қысқарды. Бұл 21%-дық төмендеуді көрсетеді. Негізгі себеп – цифрлық білім беру платформаларын әзірлеу сегментіндегі кірістің азаюы.
Қазақстан IT дамуы бойынша әлемде нешінші орында?
БҰҰ деректеріне сәйкес, 2024 жылы Қазақстан телекоммуникациялық инфрақұрылым деңгейі бойынша 193 елдің ішінде 42-орында тұр. Ел халқының 93%-ы интернетті пайдаланады.
Қазақстанда IT мамандықтарына қанша грант бөлінді?
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша 10 903 грант бөлінді.
IT-компаниялар немен айналысады?
IT-компаниялар цифрлық өнімдер мен шешімдерді әзірлеу және енгізу саласына маманданған. Олардың қызметіне веб-сайттар, мобильді қосымшалар, бизнеске арналған бағдарламалық қамтамасыз ету, бұлттық сервистер, киберқауіпсіздік, деректер аналитикасы және басқа да технологиялық шешімдер жатады.
Қазақстан цифрландыру деңгейі бойынша қай орында?
БҰҰ бағалауына сәйкес, Қазақстан цифрландыру саласында ілгерілеу көрсетіп отыр. Қазіргі таңда еліміз 193 елдің ішінде 24-орында, сондай-ақ онлайн-қызметтер индексі бойынша үздік 10 елдің қатарына кіреді. Мемлекеттік қызметтердің интернет арқылы қолжетімділігі 92%-ға жеткен.
Тимур Бектұр
@timurdaninfo

👍26🔥5
Астанадағы Coventry University Kazakhstan тұңғыш британ университеті оқу грантына өтінімдер қабылдай бастады.
Құжаттар 2025 жылдың 26 наурызын қоса алғандағы мерзімге дейін қабылданады. Грант оқу мерзімінің 4 жылын толықтай қамтиды, сондай-ақ, «Бизнес» және «Компьютерлік ғылымдар» мамандықтары бойынша тағайындалады. Оқу аяқталған соң, түлектерге британдық диплом беріледі.
🔗 Толығырақ ақпарат coventry.edu.kz сайтында.
Өтінімді қалай беруге болады?�
💻 Университеттің www.coventry.edu.kz сайтында онлайн түрде;
📍 Coventry University Kazakhstan қабылдау комиссиясының келесі мекенжайында: Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 13А
📞 Call Centre: +7(700) 317 3333

👍13🔥6
WhatsApp now has an MCP server to talk to Claude directly.
It connects to your personal WhatsApp account directly. All messages are stored locally in an SQLite database and only sent to the client when it accesses them through tools.
100% open-source.

👍5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
“ЖИ заманында софтвар инженерлер қажет болмай қалады” деген адамдарға осы видеоны жіберіп қойыңыздар;))
The key to success is D!
P.S. Айтпақшы. Менде Стив Балмердің және Билл Гейтстің қолы қойылған Майкрософтың сертификаттары бар. Бір заман болғанда аукционға шығаратын болармын 😃

🔥28👍10😁1
Әбдірахман деген комедия бар біздің үйде.
- Мектепте біреу тиісе ме? - десем,
- Қажымұқан деген бала үнемі құтырып, тиіседі - дейді.
- Апайға айту керек шығар, үнемі тиісетін болса десем,
- Апайға айтып едім, “Саған ешкім сөйлеуге құқық берген жоқ” дейді
- Сен не істедің?
- Сосын Қажымұқанды қадап тастадым…
- Содан не болды?
- Сосын ол апайға айтып қойды
- Сен апайға айттың ба, әуелі өзі тиісті деп?
- Айттым. “Менімен қарсыласпа дедім ғой саған. Сөйлеуге рұқсат берген жоқпын” деді.
- Содан?
- Сосын Қажымұқанды қайтадан қадап тастадым…
Пам-пара-пам…
Енді не істейміз? Бұл тұйық шеңбер қалай тоқтайды сонда?;)

😁29👍2🔥2
Техно-қуыру
Орыстарда “Прожарка” деген шоу бағдарлама бар. Ютубте ғой деймін. Ортаға адамдарды шақырып, әртүрлі сұрақ қойып шыжғырады.
Сөйтсем, ол сол АҚШ жақтан келген формат боп шықты. Ол да ештеңе емес.
Қызық болғанда, таза айтишниктерге арналған, тап-таза технологиялық шыжғыру шоу бар екен. Techroastshow деп аталады.
Ол жерге тек қана техно-адамдар, айтишниктер және соның айналасындағы мамандар жиналады. Өйткені, технологиялық әңгіменің контексті тым терең болғандықтан, бейсеубет келген кісі не боп жатқанын ұқпайды да.
Сол шоуға келген адамдарды ортаға шығарып, әртүрлі сұрақтар қояды. Сонда байқағаным және таң қалғаным, ол жерге келетіндердің көбі жылына $500.000 жоғары алатын мамандар екен. Біреуі Гуглде, біреуі Амазонда, біреуі Әпілде жасайды дегендей. Мына суретте отырған жігіт Майкрософта істейді екен. Жасы 32-де ғана. Айлығы жарты миллион доллар. Сонда да шабашка жасайды;))
Залдағы қонақтарды тұрғызып сұрақ қояды. Сөйтсе, ол әйел адам бұл шоуға күйеуіне еріп келгенін айтады. “Сен кімсің, күйеуің кім?” десе, “Өзім программистпін. Гуглде жасаймын. Күйеуім стартапер. Крипто компания” дейді. “Күн сайын шайдың үстінде не талқылайсыңдар?” десе, “Техно әлемде не боп жатқанын талқылаймыз” дейді;))
Ең қызығы, шоу жүргізушілері сахнада тұрып өздері сөйлеген кезде барлық ІТ компаниялардың әзілмен быт-шытын шығарады.
“Майкрософт па? - ол пәлен”, “Амазон ба? - Ол түген”… деп кете береді. Егер ІТ тақырыпты және ағылшынша түсінсеңіздер қарап көріңіздер. ІТ-юмор деген сәпсім бөлек болады екен;))

👍23🔥5
Министерство обороны Республики Казахстан приглашает вас на хакатон Defense Tech, приуроченный к 80-летию Победы во Второй мировой войне.
📍 Дата: 5 мая 2025 года
📍 Место: Astana Hub (Event Hall, пр. Мангилик Ел, 55/8)
⚡️ При поддержке: компании «Транстелеком»
🏆 Призовой фонд: 5 000 000 тенге!
Хакатон Defense Tech — это не просто соревнование. Это площадка, где встречаются инновации, технологии и патриотизм, чтобы вместе создавать решения для укрепления обороноспособности нашей страны!
Участникам предлагается разработать проекты по следующим направлениям:
1. Портал Sarbaz+ — цифровая платформа для управления и координации инновационных инициатив в сфере обороны и безопасности.
2. Автономный чат-бот с ИИ — умный помощник для анализа документов, классификации обращений и выдачи рекомендаций.
3. Система учета коммунальных услуг — технологии реального времени для анализа потребления и оптимизации расходов.
4. Интеллектуальные системы освещения — автоматическое диммирование в зависимости от освещенности и потребностей.
5. Цифровые двойники объектов — 2D и 3D моделирование зданий, сооружений, коммуникаций и участков с полными данными.
6. AI-клиентский портал самообслуживания — универсальная система для подачи заявок, обращений и жалоб с умной обработкой.
Кто может участвовать:
IT-специалисты, разработчики, технологические стартапы, студенты, ученые и все, кто хочет применить свои знания и идеи на практике, повлиять на развитие оборонных технологий и заявить о себе в масштабах страны.
Что вы получите:
● Возможность реализовать свой проект в реальной сфере;
● Нетворкинг с экспертами отрасли и потенциальными инвесторами;
● Ресурсы и поддержка от организаторов;
● И, конечно, призовой фонд в 5 миллионов тенге, а также специальный приз от компании «Транстелеком»
Конечно, вот более аккуратно и грамотно оформленный текст:
⸻
📌 Приём заявок открыт до 1 мая 2025 года!
Заполнить форму для участия можно по ссылке:
https://docs.google.com/.../1FAIpQLSda7KjbG8z.../viewform...
С техническим заданием Хакатона можно ознакомиться здесь:
https://drive.google.com/.../1AJ8SOTGK...
📌Для регистрации в качестве слушателя пройдите по ссылке:
https://form.astanahub.com/form/view/233908

👍3👎1
Ютубтағы “Тимурдан Инфо” арнасында маңғыстаулық жігіттердің AllFood деген стартапы туралы сұқбатым шықты.
Сілтеме арқылы өтіп, ютцбте лайк басып, пікір қалдырып қолдап кетерсіздер. 🤝
Жігіттер орталықтан шалғайда жатса да ешкімге тіленбей, жыламай, өз тірліктерін қыңқ етпей жасап жатыр. Осыларға қарап сүйсінесің
https://youtu.be/PBdK2gM0g14?si=xNjIE5EfXsIUODuq

YouTube
Тимурдан Инфо #5 | Жаңаөзендік стартап | Проблемамыз - политикада жүргендермен сөйлесе алмаймыз
#ТимурданИнфо #TimurdanInfo #podcast
Кезекті қонағымыз ALLFOOD стартабының негізін қалаушы - Нұрсултан Уәлиханов.

👍19🔥5
NaN демекші…
Конкретно емтихан тапсырсам, тест тапсырсам, біреуге сабақ үйретсем, integer, boolean, float, string, char, object дегендерді білем.
Бірақ өз қолыммен дерекке енгізгенде үнемі шатасамын. Нақтырақ айтсақ, соған ойланып бас қатырғым келмейді екен.
Мысалы, децимал қоям ба, флоат қоям ба деген сияқты.
Сосын, тру/фолс дегеннің булиан екенін білемін. Бірақ булианның тру/фолс екенін ұмытып қала берем. 20 жыл болды осы күйде жүргеніме;)) Үнемі гуглдетіп отырам.
Мына жасанды интеллект деген рахат болды. Осындай ұсақ-түйектерді “Анықтап бер және жазып шық” дейсің. Қолға су құятын жүгірмек балаларды құманды толтырып әкел деп жұмсаған сияқты рахат сезім;))

👍19😁8🔥2
Жасанды интеллектің ең бір рахат болған жері…
Мен тек қазақша жасағанды жақсы көргендіктен, сайттардың локализациясын қолмен жасайтынмын.
Мысалы, Wordpress дәуірде POedit деген утилита болды. Соған апарып .po (немесе .mo) файлды өз қолыңмен жүктейсің.
Ол ПоЕдит деген оны дикшинари қып шығарып береді. Яғни, түйірлеп аударасың. Ол жерде 500 сөз не сөз тіркесі жатады. Кейде ол аударманы жасағанда көптік жалғаумен аудару керек пе, әлде жекеше түрде аудару керек пе, ұқпайсың. Бас қатып кетеді.
Оның үстіне, миыңа салмақ салғың келмеген кезде ГуглАудармашыға жүгінесің ғой. Сосын ол аударманы копи/паст жасап бір-бірден ПоЕдитке салып отырасың. Мұның барлығы қан ішетін мимырт жұмыс.
Сондықтан, үйге обой жабыстырғанда тоңазытқыш пен шкафтың артын істемей қалдырып кететінің сияқты, админ жақты, бәкенд жақты аудармай, тек фрондты, онда да нақты юзер жағын ғана аударасың.
Ал қазір рахат. Json түрінде ме, xml түрінде ме, локализация файлы қай түрде жатқаны, ішінде қанша сөзі бары түк мәселе емес.
ЧатГПТға лақтыра саласың. Тарс-тұрс аударып береді.
Егер локализация жасап көргендеріңіз болса, google translate API арқылы json аударатын қанша сервис бар. Бұрын соларға ақша төлейтінбіз. Амал жоқ. Менің ойымша, енді солардың бизнесі тоқыраған сияқты;))

👍13🔥5
Айтпақшы…
Араларыңызда web developer-лер көп шығар. Енді оқып жатқандар. Ең болмаса, сервакқа кіріп, bash script жасаудың базаларын, файервол қосу/өшіру, nginx сияқтылармен, проксимен жұмыс істеуді, конфиг файлды жазуды үйреніп алыңыздар.
Иә, мұны барлығыңыз білетін шығарсыздар. Бірақ, енді бастап жатқандарға сәл-пәл ақылым ғой. Өйткені, серверлес инфра заманында, ерте ме, кеш пе, ақыры бетпе-бет келесіздер. Бос уақытта девопс жақтың шет жағасын үйреніп алсаңыздар да сізден артық маман болмас еді.
Мысалы, ноджс арқылы сайт көтердің. Оны жалаңаш күйде не докермен сервакқа салдың. Сосын конфиг файл жазасың. Сервер портты 80/443 қылып қоясың. Nginx арқылы нақты ноджс сайтыңның өз портына прокси жасайсың. Осы порттарды ашып, қалғандарын жауып, файруол енгізесің. Сосын ноджс пен сайтты продқа қосасың.
Қазір университеттерде осыларды үйретеді ғой, иә?

👍11🔥7
Накидайте свои резюме!
деуші ме ед орыстар;))
Жаңа осы постарды жазып отырсам, Алмат деген ініміз өз резюмесін жіберіпті.
Айтпағым, осы постқа резюмелеріңізді жіберіп қойыңыздаршы.
(Маған жекеге емес, осы жерге).
Осында отырған халық сіздерді танып, бәлкім тапсырыс берер, болашақта жобасына шақырар, стартап жасауға партнер тауып қаларсыздар, т.с.с.

🔥9👍7