Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
710 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
Жігіттер мен қыздар,
Аққулар мен қаздар.

Жақында GPT Wrapper жариялаймын. Күлмеңіздер, иә?;))

Негізі, 2 жыл бұрын жасап тастауым керек еді. Бірақ… Қараптан қарап ұялып, “API жалғай салған құр фронтенд интерфейсті қалайша ұялмастан бірдеңе жасадым деп айтасың?” деп өзімді тыйып келіп едім.

Сөйтсем, жұрт сол қарапайым врапперлер арқылы миллиондаған доллар пайда тауып, шаңын шығарып жатыр. Тіпті, бұл үрдістен қалып қойғанның өзі ыңғайсыз екен.

Сондықтан, беттің арын түйіп қойып, бұл трендке қосылмасқа шара қалмады;))
👍44🤯2
Wrapper туралы

Жалпы, wrapper жасаңыздар. Менің қателігімді қайталамаңыздар. Яғни “Оның жасайтын несі бар. Бүйте саласың, сөйте саласың. Қалғанын API өзі істей береді ғой” деп жүріп қалмаңыздар.

Өйткені, мәселе тек қана API жалғай салумен аяқталмайды екен. Ол жерде API тек қана процессиң жасаушы құрал боп қалады екен. Ал сіздің жұмысыңыз одан кейін пішен. Тиісінше, қолданушыға қажет қанша логика жатыр, соны жасау, devops жасау, сессия сақтау, кэшпен жұмыс, DB-мен жұмыс, жүйені ақылы қылсаңыз, оны төлем қабылдайтын шлюзбен байланыстыру, акаунтпен синхрон жасау, емайл транзакциялар тізбегін жасау, тағысын-тағы ит-пәлекет қара жұмыстары жетіп артылады.

Сөйтіп жүріп біраз нәрсені меңгеріп те қаласыз;))
👍23🔥1
Сол жақтан санағанда, жобамен 2-ші деңгейде қап қойып тұрмыз ғой. Chatbot этабында...
🔥6
Обшым…
Өркениетке қарай бір қадам.
👍31
LLM метриканың түр-түрі шығыпты ғой.

Әр модельдің шаруа бітіру деңгейі дейді.

Маған қызық боп тұрғаны - task length. Гуглдетіп, зерттеуге ерініп тұрғанымды-ай…
😁2
Мен сияқты қайғы-программистер мен, мен сияқты недо-программистерге арналады.

Обшым...

Түсінгенім, мына ЖИ дегенмен де адам сияқты қарым-қатынас жасау керек екен. Мысалы, негізі біліп тұрған баланы мұғалім төпелеп ұрса берсе, ол бала тығылып қалады да, мелшиіп, білгенін одан сайын ұмытып қалады ғой? ЖИ де дәл сондай екен. 2 жыл мыжығанда ұқаным сол.

Анау "Дұрыс жауап бермесең, ақшаңды төлемей қоямын", "Сенің жауабың менің өмірім үшін маңызды" деген сияқты промптар бұл күні өтпейді. Сосын ұрса берген сайын ЖИ топастанған үстіне топастана береді екен. Cursor сияқты IDE-лер қолданып отырғанда әр модельді ауыстырып та шаршайсың.

Содан мынадай бір workaround тауып алдым.

IDE емес, кәдімгі Deepseek, Grok, Claude, ChatGPT, Gemini чаттардың өздеріне барам да бірдей сұрақты қоямын. Қалайс ойлайсың, қандай жолы болуы мүмкін, жасап бер деп. неге екенін білмеймін, IDE жақта қуып жатқан "адам" (ЖИ-ді айтам), мына жақта норма шешім ұсына бастайды. Әрі, бір мезетте бірнеше вариант алып, әрі қате неден боп тұрғанын анықтап, жұмыс біраз алға жүріп қалады.

Ал енді нағыз ерінбесеңіз, онда ChatGPT-дің o1, o3 модельдеріне де бөлек-бөлек беріп шықсаң, олардың ойлау жүйесі арқылы да біраз нәрсе ұғып қалуға болады. Өйткені, IDE-де ойлау процесін дұрыс көрсетпейді. Әдетте, ойлау процесінде қатемен жұмысты жақсы көрсетеді.

Не дейсіздер? Қандай ақыл қосасыздар? Одан сайын көп жұмыс қылып жібердім бе?:))
👍19
Boston Consulting Group зерттеуі бойынша ертеңгі күннің көөөөөөөөөөөөөп ақша әкелетін индустрия түрлері.

Егер мен жоғары сынып оқушысы болсам, осы дүниелердің айналасындағы мамандықтарды таңдар едім.

Ата-аналар, жастар болса, құлақтарыңызға алтын сырға…
👍23
"Жұрттың балдары не жеп рысық болады екен?"

..деген сұрақ мені жиі мазалайды.

Мына жақта жігіттер айына $30 сұрайтын, тіпті фремиум жоспары да жоқ, бір тулза жасап қойыпты. Сөйтіп, ақшаны бұрқыратып жатыр:)))

Бар идеясы мынау: ойыңды жазасың, ол саған:

Project Requirements
Tech Stack
Frontend Design
Backend Structure
Security Guidelines
Implementation Plan


жасап береді. Сол 6 документті аласың да мәз боп кетесің. Болды. Финита лә комедия!

"Оны қазір тегін тұрған барлық ЖИ чатпен де жасауға болады ғой?" деп ойлаймын мен. А жоқ... Адамдар олай жүргісі келмейді екен. Оларға тегін болғаны, ақылы болғаны маңызды емес, сұраған затына қол жеткізсе жетеді. Содан осы продукт пайда болған.

Қызық, ә?

Неге осындайларды біздер де жасамаймыз? Ғаламдық дүниелерді ойлай бергенше, жерге түсіп, ауадан ақша жасауды қолға алсаңыздаршы?:)
👍24🔥5🤯2
Мұғалімдерге іздеу саламын:

Мені оқитын мұғалімдер бар ма екен? 5-сыныптан жоғары оқытатын. Біраз сұрақтар жиналып қалып еді қоятын.

Рахмет.
🔥9
Audio
Не ғой… Мынау менің даусыма ұқсай ма? Клондап отыр едім…
🔥9
Соңғы 24 сағаттағы (2025 жылдың 22-23 тамызы) ең маңызды AI және Tech дамуларының қысқаша мазмұны.

Басымдық модель шығарылымдарына, жаңа мақалаларға және ашық кодты жобаларға берілді:

• DeepSeek V3.1 шығарды – 685B параметрлі ашық кодты мультимодальды AI моделі, GPT-5-ке қарсы тұратын өнімділікпен, бірақ шығын тиімді және қытайлық жартылай өткізгіштерге оңтайландырылған.

• ByteDance Seed-OSS-36B шығарды – 500K+ токендік контекст терезесі бар ашық кодты модель.

• NVIDIA Nemotron-Nano-9B-v2 ашық моделін шығарды.

• Cohere Command A Reasoning моделін шығарды, агенттік тапсырмаларда GPT-4o және DeepSeek R1-ден жоғары деп мәлімдейді.

• Runway Game Worlds Beta енгізді – мәтіндік негіздегі ойындарды реал уақытта генерациялау үшін.

• ElevenLabs Eleven v3 (Alpha) API-ын шығарды – кеңейтілген мәтіннен сөйлеуге өту үшін.

• Google Search-тегі AI Mode-ды кеңейтті, агенттік мүмкіндіктермен жаһандық деңгейде және әрекеттерді орындау қабілетімен.

• Google Nest спикерлері үшін Gemini for Home шығарды.

• Pixel 10 сериясы жарияланды, Gemini-мен жұмыс істейтін көптеген AI мүмкіндіктерімен.

• OpenAI GPT-5-ті жаңартты, қолжетімді өзара әрекеттесу үшін және GPT-6-ны жадқа басымдықпен тизерледі.

• xAI Grok Imagine-ді Android-те шектеулі уақытқа тегін етті; Маск Grok 5 шынайы AGI болуы мүмкін деп мәлімдейді.

• Anthropic DOE-мен ядролық қауіпсіздік үшін AI-де серіктестік құрды.

• ArXiv-тегі жаңа мақалалар: 22 тамызда AI-де 128-ден астам, соның ішінде “Language-Guided Tuning: Enhancing Numeric Optimization with Textual Feedback” және басқалар.

• Nature-дегі мақала: AI-дің климаттық ауысудағы рөлі.

• Ашық кодты жоба: DeepCogito v2, жақсартылған логикалық ойлау және тапсырма жоспарлауымен.

• Fireplexity v2: Perplexity-ге ұқсас ашық кодты AI жауап қозғалтқышы.

• Sentient GRID: AI тапсырмалары үшін орталықсыздандырылған ашық кодты желі.

Тимурдан Инфо
👍8🔥4🤯1
Higgsfield AI

Обшым, кім еліміздің жарық жұлдыз стартабы, Кремний Алқабының резиденті Хигсфилдке жұмысқа тұрғысы келеді, көрсетілген емайлға хабарласыңыздар.

Ал жұмысқа алып жатса, реферал беруді ұмытпаңыздар;))
👍18
Құрметті көзі қарақты оқырмандар

Жай ғана пассив түрде оқырман боп отырмай, https://t.me/timurdaninfochat чатқа қосылып, адамдардың сұрағына жауап беріп отырсаңыздар деген өтініш.

Әйтпесе, жалғыз өзім әрбір ұсақ-түйек сұрақтарға жауап беру контент жасауға кетуі тиіс уақытты алады. Кейде жауапсыз да қалады.

Қазақтар ІТ сауатты болсын десеңіздер, тек мен сияқты бір адамның басына барлығын артып қоймай, жұмыла кірісейік.

Рахмет
🔥19👍1
ЖИ чаттар ақпаратты қайдан тартады?

Қараңыздар ☝️.

Қосылыңыздар @timurdaninfo
👍15
ЖИ чаттардың статистикасы. Өте маңызды ақпарат ☝️

Қосылыңыздар: @timurdaninfo
👍14
ЧатГПТ-дан кейінгі джундардың тағдыры…
🤯11👍5
Hello everyone! I benchmarked 41 open-source LLMs using lm-evaluation-harness. Here are the 19 tasks covered:

mmlu, arc_challenge, gsm8k, bbh, truthfulqa, piqa, hellaswag, winogrande, boolq, drop, triviaqa, nq_open, sciq, qnli, gpqa, openbookqa, anli_r1, anli_r2, anli_r3

• ⁠Ranks were computed by taking the simple average of task scores (scaled 0–1).
• ⁠Sub-category rankings, GPU and memory usage logs, a master table with all information, raw JSON files, Jupyter notebook for tables, and script used to run benchmarks are posted on my GitHub repo.
• ⁠🔗 github.com/jayminban/41-llms-evaluated-on-19-

This project required:

• ⁠18 days 8 hours of runtime
• ⁠Equivalent to 14 days 23 hours of RTX 5090 GPU time, calculated at 100% utilization.

The environmental impact caused by this project was mitigated through my active use of public transportation. :)

Any feedback or ideas for my next project are greatly appreciated!

Reddit user: jayminban
“Менде идея бар”

деп көп адам хабарласады.

Идея менде де бар. Өте көп. Пішен. 2 ұрпаққа жүк болатын идея бар. 20 жыл болды ІТ саласын зерттеп, 10 жыл болды әлемдік стартап бастай алмай жүргеніме.

Неліктен?

Өйткені, execution is hard! Very hard!

Сосын мәселе, іске асырудың қиындығында да емес.

Мәселе - отбасы, бала-шаға, идеяңды іске асырып жатқанда өмір сүруіңе қажет қаражат тауып тұру, басқа да қазақи шаруалар, өмірі бітпейтін, қайдан шығып жатқанын білмейтін бір күйбең тірліктердің арасынан әлгі идеяңды жүзеге асыру үшін үздіксіз, қатал, жоғары концентрациялық фокус жасау!

Фокус, энергия, қаржы.

Ал одан кейінгі қиындық - consistency. Тұрақтылық. Өйткені, адам бір мезет идеяның ләззат буымен уақытша мерзімге фокус та, энергия да, қаржы да табуы мүмкін. Дегенмен, 1 жыл, 2 жыл, 3 жыл табандап сол идеяны жүзеге асырудың жолында жұмыс істеу… Оңай шаруа емес.

Сондықтан, адамдар маған “Менде идея бар” деп хабарласқанда, “Оңай шаруаны жасадым, сен енді қиын шаруаны істесейші?” деп тұрғандай көрінеді…
🔥25👍13🤯2