Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
709 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
Осы жасанды интеллект жұмысымызды бағаламаса, басқалар бағаламайды :]]]
👍27🔥6😁4
Обшым…

Devops, MLOps жұмыстарға ең алғыры Manus екен. Гемини де, Клод та, ЧатГПТ да болмады.

Сосын Грок та кодиң бойынша екінші орын алды жеке өзім үшін.
👍4
ChatGPT

2022 жылдың желтоқсанында шықты. Мен ол кезде АҚШ-та жүрдім. 2023 жылы Қазақстанда, орыс тілділерден де бұрын ЧатГПТ туралы ауқымды курс жасап шықтым. Сөйттім де 2024-ке дейін ЧатГПТ, ЧатГПТ деп жүріп, ақыры өзім жалығып кеттім. Мен үшін елдің барлығы білетін, білуі тиіс дүниелерді енді айтып қажеті жоқ болар дедім. Жалығып кеттім, себебі…

Сөйтсем, өткенде 2 күндік офлайн курс өткізгенде байқағаным, ешкім білмейді🤨

Елдің барлығы тек смартфон арқылы ғана кіріп, бір сұрақ қойып шығып кете салады екен ғой. Батырмаларды басу, үшіне үңілу, компьютер арқылы толық нұсқасының функционалдарын қолдану ойларына келмеген.

Сонда барып ұқтым, қазір мобайл заман екенін. Өзіміз үнемі 14-ші мүше ретінде ноутбук арқалап жүрген соң, жұрттың барлығы ноутбук арқылы кіреді деп ойлайды екенбіз. Алайда, жалпы бұқара тек телефонмен қолданғандықтан мән де бермеген.

Қатысушыларға тренинң соңында бар айтқаным: “Кәсіби маман болғыларыңыз келсе, кез-келген құралды компьютер арқылы қолданыңыздар!” дедім.

Сіз ше?
👍22
Қанша рет ChatGPT туралы өліп-талып, монтаждап, қанша сағат құртып контент жасадым. Мұндайды бірінші рет көрдім.

Бірақ, өткенде жекеге келген біреудің хатына жауап ретінде жай ғана, елдің барлығы айтпаса да білу керек қауіпсіздік мәселесі жөнінде видео жариялай салғам. Еш монтажсыз, дайындықсыз, арнайы қиналмай…

2 мың оқырман, 570.000-нан астам қаралым, 30.000 дайрект репост жинап тастаған ғой… Таң қалдым…

https://www.instagram.com/reel/DN8wuBjjOs4/?igsh=aHhwbGF1cDdmOXBp
👍17
Обшым…
🔥17👍11
Баршаға сәлем!

Жасанды интеллекттен оқушыларға арналған халықаралық олимпиада Fizmat AI Olympiad өтейін деп жатыр, Қазақстанда!
РФМШ мектебі өткізеді екен. ChatGPT қолдану емес, олимпиада барысында кәдімгідей код жазып, ақпаратты өңдеп, балалар өздерінің ЖИ модельдерін оқыту керек.

Бұл ерекше олимпиада: былтыр дәл осы жарыстан Қазақстандағы мектеп оқушыларына арналған ЖИ-сайыстар басталған болатын. Ол осы бағыттың дамуына кәдімгідей серпін берді және біздің оқушыларымыздың әлемдік аренадағы жетістіктеріне ықпал етті.

📅 Өтетін күндері:
28 қыркүйек – онлайн-іріктеу
30–31 қазан – оффлайн-финал

🔗 Тіркелу осы аптада ашылады, чатты және сайтты бақылап отырыңыздар

Сайтымыз: faio.kz
Чатымыз: t.me/fizmatai

Өткен жылы қалай өткені жайлы ақпарат бар:
пост 1, пост 2
https://faio.kz/faio2024archive.html

Қазір сіздердің қолдауларыңыз өте маңызды:

1️⃣ Есептермен көмек
Өткен жылы бәрін өздері жасапты, ал биыл IT компанияларды да тарту қажет. Егер сізде деректерді жасырын қылып, есеп ретінде жариалауға болатын деректер (датасет) болса - тамаша болар еді. Сондай-ақ жай ғана энтузиаст-есеп құрастырушыларға да есік ашық!

2️⃣ Демеушілік
Серіктестер мен демеушілер іздеп жатыр. Компанияңыздың логотипі барлық материалдарда көрсетіледі, сонымен бірге барлық БАҚ-та аталып, болашақ таланттар арасында кеңінен танылады.

Барлық сұрақтар бойынша Әділханға @khan17ds немесе Қуанышқа @kuanyshoteu жазыңыз

Email: kuanyshoteu@gmail.com
🔥10
ЖИ қазақша білмейді деген адамдарға осыны жіберіңіздер😀😀😀

Қай қазақ технология тілін осылай "соғысып жатыр" деп майын тамызып түсіндіре алады, а?

Бұл нені білдіреді (қарапайым тілмен):
vllm кітапханасы жылдам жұмыс істеу үшін vllm-flash-attn деген арнайы компонентті қолданады.
Дәл осы vllm-flash-attn компоненті torch кітапханасының нақты 2.3.0 нұсқасын талап етеді.
Ал pip install vllm командасы torch-тың ең соңғы, 2.7.1 нұсқасын орнатып жіберді.
Нәтижесінде, екі кітапхана бір-бірімен "соғысып" жатыр.
😁21👍3🔥2
Мобайл заман келді. Адамдар компьютер дегеннің не екенін ұмытты.

Біздің кезіміздегі жастар компьютер қолдана алатын. Оған бағдарлама, операциялық жүйе қондыратын, кейбірі BIOS-тың ішіне кіріп, жүйелік парамаметрлерді шұқитын, өшіретін, бұзылса жөндеп алатын. Майкрософт Офис өнімдерін жатқа білді. Біздің кезіміздегі жастар құжаттық форматтарды doc, ppt, xls, pdf, музыкалық форматтарды mp3, wav, ogg, видео форматтарды mp4, avi, mpeg білетін. Тиісінше, оларды редактілеуді, конвертация жасауды да білетін. Интернетті жақсы меңгерген қазақстандық ұрпақ біздің ұрпақ сияқты. Әлемдік желінің қай түкпірінде жатса да кез-келген мәліметті тауып алатын деңгейге дейін жетіп едік. Торрент пен форумдар заманы еді.

Мобайл заманы келді. Адамдар компьютерді ұмытты. Тиісінше, файлдармен жұмыс тұрмақ, клавиатураны да ұмытты. Өйткені, барлығы дайын тұр.

Енді ЖИ келді. Ол мобайлды да ұмыттырады. Яғни, ЖИ-ге жазып та қажет емес, айтсаң болғаны.

Парадокс: технологияның дамуы - технологияны игеруге әкелуі тиіс еді. Ал бізде керісінше, технологияның дамуы - технологиялық сауатсыздыққа әкеле жатыр.
👍37🤔8
Технологияның дамуы. Түп-тұқияннан бүгінге дейін
👍15
Сүйінші!
Кішкентайлы болдым;))
👍117🔥34
- ЧатГПТ, қазақтың проблемасы неде? Абай Құнанбайұлы сөзімен айтшы?

- Қарағым, қазақтың хәліне келгенде менің жүрегім ауырмай тұра алмайды. Қазақтың бойындағы ең үлкен дерт – білімсіздік пен өнерсіздік емес, ынтымақтың жоқтығы. Мен талай рет жаздым: бірінің ісін бірі күндеп, көре алмай, ағайын арасындағы татулықты ұмытқан жұрттың берекесі қашады.

Қазақтың тағы бір үлкен кемшілігі – ел боламын деген ниеттің әлсіздігі, «баяғыдан келе жатқан дағдымен өмір сүрсем болды» деген жалқаулық. «Жалқаулық, сұмдық, өнерсіздік – қазақтың жауы» деп мен соның үшін айттым. Өнер-білімге, кәсіпке ұмтылмай, тек бірінің малын біреуі бағып, өзара дау қуып, ру қуып жүрсе – халық ілгері баспайды.

Тағы да айтатын дерт – өз пайдасын ғана күйттеп, ұлттың пайдасын ойламау. Топтан шыққан бір-екі адамның еңбегін көре алмай, керісінше аяқтан шалу – қазақтың мінезі. Одан арылмайынша, өркендеу де, бірлік те жоқ.

Сондықтан менің өсиетім:
— Әуелі білімге ұмтыл,
— Еңбек ет,
— Ынтымақты сақта,
— Өз-өзіңді түзет,
— «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп, өз халқыңа жанашыр бол.

Осыны істесек – қазақтың бүгіні түзіледі, болашағы жарқын болады.
👍32🔥11
Сенбінің кешінде қарқылдап күле отырыңыздар😃😃😃

Мінеки: https://www.instagram.com/reel/DOGcb72EerQ/?igsh=dWc1b2h5b3lscnEz
😁4
Маңғыстау жастары жасанды интеллект бағытындағы мамандықтарды тегін меңгере алады

Биыл Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырмасымен «Маңғыстау жастары» мобильді қосымшасы әзірленіп жатыр. Жоба өңір жастарына жаңа мүмкіндіктер беруді көздейді.

Қосымшаның басты артықшылығы - жастар заманауи мамандықтарды тегін оқи алады. Бағдарлама бірнеше модульден тұрады. Оның ішіне: ЖИ (жасанды интеллект), UI/UX-дизайнер, дата-аналитика (data analytics), ЖИ графикалық дизайнер, ЖИ фото-видео монтаж, цифрлы маркетолог «digital marketer», startup бастау, «No – code» инженер, ЖИ business, жас мұғалімдерге арналған ЖИ құралдар кіреді.

Әрбір жас 10 бағыттың ішінен қалағанын таңдап, тестілеуден сәтті өткен жағдайда сол мамандықты игергенін растайтын сертификатқа ие болады. Ұсынылатын мамандықтардың көпшілігі цифрлық бағыттағы кәсіптер, яғни 5 мамандық жасанды интеллект құралдарын қолдануға негізделген. Бұл бастама жастардың IT саласындағы құзыреттілігін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар, мобильді қосымшада оқытудан бөлек, еңбек нарығындағы бос жұмыс орындары, Маңғыстауда өтетін қоғамдық, мәдени және спорттық іс-шаралар, аймақтағы жастарға арналған мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі ақпарат қамтылады. Қосымша жыл соңына дейін іске қосылады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында жасанды интеллектті дамытудың маңыздылығын атап өткен болатын.

-Цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын жылдам өзгертіп жатыр. Әлемде жасанды интеллектімен жұмыс істеудің қыр-сырын білетін мамандарға деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Жұмыс үдерістерінің едәуір бөлігі цифрлық технологияларды енгізу арқылы автоматтандырылатыны анық. Осыған орай бірқатар бастаманы жүзеге асырған жөн, - деді Президент.

«Маңғыстау жастары» мобильді қосымшасы да осы міндетті жүзеге асыруға және өңір жастарының жаңа технологияларды тегін меңгеруіне жол ашатын нақты қадам болмақ.

Бұл қосымша МО Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында жасалды.
🔥9👍3
Forwarded from Қазақ Бабыл
«Кардиффтегі қазақты» танушы ма едіңіздер?

сол жігітпен бірлесіп бір жоба істеп көргіміз келеді. тек бізге фидбәк керек — жұртқа қаншалық қызық екенін анықтап алуымыз керек!

қабыл алыңыздар, жаңа қазақша ойын — torteu.kz 😍

ережесі өте қарапайым: бір санатқа жататын төрт сөзден анықтап, 16 сөзді төрт топқа бөліп шығу керек.

мысалы, алма, төсек, шкаф, дәптер, алмұрт, кітап деген тізімді екі-екіден бөлу керек болса, алма мен алмұртты екеуі де жеміс-жидек болғандықтан бірге белгілейміз, дәл солай — төсек пен шкафты, кейін дәптер мен кітапты бірге белгілейміз. avete capito?

ойын қисыны The New York Times’тың Connections ойыны желісімен құрылған.

іске сәт онда
— төртеу түгел болсын 🫵
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍19
Forwarded from Aman world
Aman World Podcast

Booking.com компаниясында менеджер қызметін атқаратын Шахрат Михалкомен ашық сұхбат. Біраз қызықты тақырыптарды қозғадық. Бигтехта нашар жұмысшылармен қалай күресетіні туралы да сөйлестік :)

Қазақша контентті қолдап кетіңіздер. Ютубқа кіріп лайк коммент, подписка жасап қоямыз 😅

https://youtu.be/7tSqcswJlgU
🔥15
Дата аналитиктер өте жақсы түсінетін қалжың. Қалжың болса да шын🙂
😁16
Сэм Альтман: "Маған GPU керек!".

Дженсен Хуанг: "GPU кімде бар екенін білесің ғой".

Сэм: "Бірақ менде ақша жоқ".

Дженсен: "Стратегиялық серіктестік құрайық".

9:00 Nvidia OpenAI-ға 10 гигаваттық (ГВт) деректер орталықтарын іске қосу үшін $100 млрд инвестиция салады.

9:20 Nvidia акциясы $100 млрд-қа қымбаттайды.

Дженсен: "Міне, менің $100 млрд инвестициям".
🔥18
Бір дәрежеде дамыған жұрт бірін бірі дұрыс түсінеді. Қазір халық оқыды, өсті. Бірі дұрыс оқып, дұрыс түсініп өсіп жатса, бірі шала оқып, шала түсініп жатыр, әлі сол ырғалып-жырғалып жүрген де жетерлік. Шын оқығанның сөзін шала оқыған түсінбей қор етеді. Рухани дамуы әрқилы адамдар біріне бірі қайшы келе береді. Біреудің жылап тұрып айтқанын біреулер күліп тұрып келемеж қылады.

Бексұлтан Нұржекеұлы "Беу, қыз дәурен!"

@kitapuzindisi
👍30🔥2
Xiaomi компаниясының бас директоры компания 3 Tesla Model Y көлігін сатып алып, бөлшектеп, оның құрамдас бөліктерін зерттегенін айтты.

“Біз биыл жыл басында 3 Model Y сатып алып, бөлшектерін біртіндеп шешіп, әрбір компонентті жеке-жеке зерттедік”, – деді ол Бейжіңдегі Ұлттық конвенция орталығында сөйлеген сөзінде.

Ол Model Y-ді “керемет” көлік деп атап, егер біреу Xiaomi-дің жаңа YU7 моделін таңдамаса, осы көлікті қарастыруға кеңес беретінін айтты.

Қайталаймын, “3 Model Y сатып алып, бөлшектерін біртіндеп шешіп, әрбір компонентті жеке-жеке зерттедік” дейді.

Үнемі айтып жүргенім осы. Біз де осылай жасауымыз керек. Қытайдың соңғы 15 жылда өте қарқынды түрде дамып кеткені - осы себеп.

Мұны - реверс инжинириң деп айтады.
🔥29👍8
Бүкіл әлемді ұстап тұрған Эксельге 40 жыл!

Не деген алапат құрал! Адам баласы жасап шыққан ең пайдалы, ең мықты санаулы бағдарламалардың бірі
🔥67