Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
709 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
Ертең Астанада жылдың айтулы ІТ шарасы - Digital Bridge 2025 өтеді. Оған Павел Дуров та шақырылған. Әлем (әлем дегенде АҚШ-ты айтамын) мойындағысы келмесе де, көзі қарақты ІТ мамандар үшін аңыз тұлға деп есептеймін. Гений бір сөзбен.

Лекс Фридман сұқпат алыпты кеше. Қарап шықсаңыздар болады:

https://m.youtube.com/watch?v=qjPH9njnaVU
🔥8
Фейсбуктың, қазіргі Мета-ның бастап, қыруар ақша, күш, энергия салып, лақтырған жобалары.

Егер қолыңыздан бірдеңе жасау келмесе, жалғыз емессіз. Болмайтын дүние - сіз Мырқымбай болмақ түгіл Марк Цукерберг болсаңыз да болмайды екен. Қайғырмаңыз. Келесі істі қолға алыңыз
🔥13😁10👍1
N8N түбіне жетпекші мына OpenAI

“AgentKit is a complete set of building blocks available in the open AI platform designed to help you take agents from prototype to production, it is everything you need to build, deploy and optimize agent workflows with way less friction,” Sam Altman said Monday at OpenAI's Dev Day.
👍5🔥5
Vibe coding

..жасап жүрген жігіттер мен қыздар, түйген ойларыңызды, тәжірибелеріңізді айта отырыңыздаршы?

Мысалы, менің анық көзімнің жеткені, негатив промпты вайбкодиң құралдары ұқпайды екен. Кәдімгідей игнор жасайды. Тіпті промпт екен деп қабылдамайды.

Ол не негатив промпт? Ол, әдетте, do not деп басталатын.

Мысалы, don’t do that. Don’t make duplicates. Don’t add headers деген сияқты.

Оның орнына үнемі позитив промпт жазу керек екен.

1) Don’t do that дегеннің орнына Do this, escape doing this

2) Don’t make duplicates дегеннің орнына escape doing duplicates, avoid duplicates деген сөз қолданған дұрыс екен.

3) Don’t add headers деген сияқты сөздердің орнына Ignore additional headers деген дұрысырақ екен.

Сіздерде де солай ма әлде менің тәжірибем жаңсақ па?
🔥11👍9
OpenAI хаты:

“Міне, бүгіннен бастап жасауға болатын барлық жаңа нәрселердің қысқаша мазмұны:

1) Apps SDK көмегімен ChatGPT қолданбасында қолданбаларды құрастырыңыз.

ChatGPT ішінде қолданбаларды жасау үшін Apps SDK дегенді қайта қарадық. SDK MCP үстінде құрастырылған - бұл бәкенд агностик және әңгімелесу барысын толықтай UI арқылы көрсетуге мүмкіндік береді.

Жобаларды қазірден құрай аласыз және жақын арада ChatGPT платформасында қолданбаңызды қалай жіберуге болатынын бөлісеміз. AgentKit көмегімен агенттерді өндіріске тезірек енгізіңіз.
 
Біз агенттерді тезірек және сенімдірек құруға көмектесу үшін құрылыс блоктарының толық жинағын жібердік.

AgentKit мыналарды қамтиды:

Agent Builder, агенттік жұмыс процестерін жобалауға және реттеуге арналған көрнекі кенеп (canvas деп жүр ағылшынша).

ChatKit, пайдаланушы уиджеттері мен брендті қалыптастыруға мүмкіндік беретін кірістірілген сөйлесу интерфейсі.

Codex қазір жалпыға қолжетімді

Біз Codex-ті тек жеке адамдар үшін ғана емес, командалар үшін де қабілетті кодтау агенті ету үшін үш жаңа мүмкіндікті енгіздік:

Codex-ке тапсырмаларды командаңыздың әңгімелерінен тікелей қабылдауға мүмкіндік беретін Slack интеграциясы.

Codex SDK, ол Codex-ті тікелей командаңыздың жұмыс үрдісіне орналастырады.

Кәсіпорынның басқару элементтері, соның ішінде қоршаған ортаны басқару, бақылау және аналитикалық бақылау тақталары.

API-дегі жаңа үлгілер:

GPT-5 Pro: жоғары дәлдікті қажет ететін пайдалану жағдайлары үшін өте қолайлы біздің ең ақылды, қымбатырақ үлгіміз.

Sora 2 (алдын ала қарау (preview дегені ғой): нақты қозғалысты және синхрондалған дыбысты шығаратын біздің келесі буын Sora үлгісі, қазір Sora Video API интерфейсінде қолжетімді. 

Realtime mini: gpt-realtime-mini — Realtime API ішінде қол жетімді кішірек, арзанырақ дауыс үлгісі.

Оның үлкен үлгідегідей дауыс сапасы мен мәнерлілігі бар - 70% төмен бағамен.

Image gen mini: gpt-image-1-mini - Images and Responses API интерфейсінде қол жетімді кішірек, арзанырақ кескін ген үлгісі. Бұл gpt-image-1-ге қарағанда 80% арзан.

Тағы бірнеше нәрсе…

Priority Processing:

GPT-5 жүйесінде Priority Processing (ол барған сайын төлеу икемділігімен жоғары жылдамдықты өнімділікті ұсынады) стандартты өңдеумен салыстырғанда секундына 40%-дан астам токендерді шығарады. 

Қызмет дұрыстығын (Service health дейді ағылшынша) бақылау тақтасы: біз бұл бақылау тақтасын тапсырмалардағы кідірістерді бақылау үшін барлық әзірлеушілерге қолжетімді етіп жатырмыз”.
🔥13
Стивекең…

1983 жылы мен туып жатқанда Стив Джобстың айтқан сөзі екен:

We’re going to sell those 3 million computers those years, and sell those 10 million computers, whether they look like shit or they’re great. It doesn’t matter, because people are gonna suck this stuff up so fast, they’re gonna do it no matter what it looks like.

Сондай-ақ, мынадай да бір керемет сөз айтқан:

What happens when a new medium enters the scene, is that we tend to fall back to old medium habits. If you go back to first televion shows, they were basically radio shows with a camera pointed at them. It took us the better part of the 50’s to really understand how television was gonna come into its own as it's own medium.

Бұл екі сөзді тәпсірлесек былай болады:

1) Кез-келген жаңа шыққан технологияның алғашқы сатысы өте сапалы, мықты, қоғамды сілкитіндей болса, жеткілікті. Сонда қалған жұрт та сол технологияны қолдануға жанталасады. Өндірушілер алғашқы кездегідей барлығын бірдей сапалы, керемет қылып жасауға үлгермейді. Осы кезде басты фактор - жылдамдық болады. Яғни, қазіргі сәтпен салыстырсақ, ЖИ технологиясының алғашқы сәті дабыра тудыратындай болғаны жеткілікті. Қоғамның семіп жатқан қабатына жеткенде, олар қанағаттанатындай нашарлау, әлсіздеу ЖИ жаңалықтармен қоректендіруге болады. Бастысы, алып механизмнің іске қосылғаны. Қалғанын сосын жайлап реттей бермек.

2) Әр медиумның өз ортасы, өзінің табиғи жаратылысы бар. Оны сол мақсатта қолданғанда ғана қасиеті мен мүмкіндігі ашыла түседі. Мәселен, теледидар алғаш шыққанда 1950 жылдардың басым бөлігін радио бағдарламаны камерамен түсіріп көрсете қойғандай базалық деңгейде қолданған. Өйткені, сол кездің адамдары тым жаңа технология - камера арқылы не істеп, телевидение арқылы не көрсетуге болатынын жете түсіне қоймаған. Ал радионы білген. Өйткені, ол сол кезде әбден жетілген медиум боп саналатын. Теледидар шыққанда сол радио арқылы аналогия жасап қолданған. “Бірақ” дейді Стив Джобс “Әр медиумның өз ортасы бар, өзіндік қолланысы болу керек”. Яғни, біз қазір жасанды интеллект технологиясын интернет сайттар мен мобайл бағдарламалар деңгейінде ғана қабылдап жатырмыз. Басқаша ойлай алмаймыз. Үйренген ортада ғана қабылдаймыз. Тым жаңа, жасанды интеллектің өзіндік қабілеті ашылатын ортаға жеткенде оның мүмкіндігі толыққанды ашылмақ.

Не деген терең, сұмдық сөздер, ә? Нағыз визионер кісі ғой…
🔥30👍16
Өте жақсы мәлімет!
🔥3
Маңғыстаулықтарға құлаққағыс:

🤖 Techno кездесу Мұнайлы ауданында!
Жасанды интеллект – тек технология емес, ол болашақтың тілі!
AI дәуірінде жастар қалай табыс таба алады? Қай салалар тез дамып жатыр?

Осы сұрақтарға IT аналитик, жасанды интеллект бойынша эксперт Тимур Бектұр @timurbektur нақты мысалдармен жауап береді.

📅 17 қазан, 17:00
📍Мұнайлы ауданы Батыр ауылындағы №20 жалпы білім беретін мектеп — «Келешек мектебі»

Болашаққа дайын болғың келсе — келуді ұмытпа! 🚀

📌Шара МО Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының @mangystau_jastar_basqarmasy қолдауымен өтеді. Қатысу ТЕГІН!
👍18
Керемет жаңалық🔥🔥🔥
🔥12😁3👍2
Қыздар, қарындастар

Уақыттарыңызды құр кетірмей, осындай құралдарды игере беріңіздер.

Langfuse

Open-source LLM engineering platform for observability, metrics, evals, prompt management, datasets, and a playground—integrated with OpenTelemetry, LangChain, OpenAI SDK, LiteLLM, and more

- /github.com/langfuse/langfuse
👍26🤯1
Мырзалар мен ханымдар!

Жеделдетіп Perplexity жасанды интеллект құралының 1 айлық PRO нұсқасына ТЕГІН қол жеткізіңіздер!

Ол үшін бар болғаны мына сілтеме арқылы өтіп, Comet деген ЖИ браузерді жүктеп алып, тіркеліп, қолданыңыздар!

Керемет құрал! Керемет мүмкіндік!

👇👇👇
https://pplx.ai/bektim
👍15
Swift SDK for Android

Жігіттер, бұл не деген бақыт, бұл не деген қуаныш?
👍23
We're celebrating Dataquest's 11th Anniversary with a gift to the entire community:

Full platform access—100% free until November 9 🎉
For one week only, you can explore every learning path, guided project, and challenge across our catalog—no payment, no catch. (Power BI, Excel, and Tableau courses excluded)

Learn by building real projects in SQL, Python, and AI, the skills today’s data roles demand.

Unsure where to start? Here are some recommended paths:
Data Scientist
Data Analyst
Data Engineer
Machine Learning Engineer

Start learning fundamental skills that get you hired—100% free.

app.dataquest.io/referral-signup/qevogour/
👍6
Wrapper немесе Copycat

Бұрын біздің жастау кезімізде және ChatGPT шықпай тұрғанға дейін копикат сән болды.

Фейсбук шықты ма, ВК жасалды. Гугл шықты ма, Яндекс шықты. Гмайл шықты ма, МайлРу шықты, Ютуб шықты ма, РуТюб шықты, Уатсап шықты ма, Телеграм шықты.

Осының ішіндегі ең әлсізі, нашарлау болғаны РуТюб. Қалғандарының барлығы Гугл мен Фейсбуктың тотальный монополиясынан ТМД аумағындағы аудиенцияны өзіне қарата білді.

Қайдан жұқтырғанымды білмеймін, “Нашар адамдар копикат жасайды, өзінің ерекше дүниесін ойлап таппаған адамдар өзгенікін көшіреді” деген бір принципті оқып ап, соған жабыстым да қалдым.

Тиісінше, ағылшын-американ сегментінде не жарып жатқанын біле тұра соның қазақша копикатын жасауға намыстандым, ұялдым.

Сөйтіп, 2010-2018 жылдардағы мүмкіндік терезесін өткізіп алдым.

Одан кейін ChatGPT шықты. Ол өзімен бірге Wrapper - яғни “сыртқы қабық, ораушы” деген ұғымды ала келді. АҚШ-тамын. МІТ мен Харвард университетінде күн сайын бір ChatGPT враппер шығып жатады. Перплексити көз алдымда пайда болды. Сонда да сол баяғы жалған намыс кеудемді керіп, “Жо, ұят болады враппер жасаған” деп 2022-2025 (2026 боп қалды) арасындағы алтын дәуір - 3 жылды бекер өткізіп алдым.

Сөйтсем, бұл - тек враппер заманы емес, бұл - өзі солай жасалуы керек және солай жасалуға бағытталған, әу баста жұрт API арқылы әр нишада бір жоба жасап, враппер тудыруға арналған жоспар екен ғой.

Осындай бір жалған түсінік, принцип, жалған намыс, жалған адалдықтан аулақ болыңыздар.

Әлемде бір технология шықты ма?

Қытайлар сияқты көшіріңіздер. Орыстар сияқты көшіріңіздер. Мен сияқты “ChatGPT тұрғанда адамдар менің врапперімді не үшін қолданады?” деп өздеріңізге қарсы шықпаңыздар. Біздің аудиторияға лайықтап адаптация жасап, функционал ойлап табыңыздар.

Егер біреу сізге “Мынада ешқандай бэкенд жоқ қой? OpenAPI API арқылы фронтенд жасай салып, мен істедім деуге ұялмайсың ба?” десе, соған бола көңілдеріңіз түспесін. “Иә, оның ұяты жоқ. Ұялмаймын. Керісінше, осындай дүниені қолға алып жасағаныма мақтанамын” деңіздер.

Өйткені, API арқылы бэкенд-алгоритм құрмасаң да лог, деплой, кэш, датабейс, RAG, инфра барлығын ұйымдастырып, ең бастысы клиенттің көңілінен шығатын дүние ұсынып, одан ақша жасай білу - оңай шаруа емес. Ал күлетін адамдар - сіз өзіңіз LLM жасап шықсаңыз да күле береді. ChatGPT-ге қарап жасап алдың ба деп.

Ең бастысы - мүмкіндік терезесі ашық тұрғанда үлгеріп қалу. Қалғаны бос әңгіме…
👍35🔥8
Wrapper

тақырыбында қатты сынға ұшыраған, және барлық сұқбатта алдынан шыққан сол сұраққа ерінбей жауап беріп жеңген Аравинд Шринивас болды.

Ол - Perplexity негізін қалаушы.

Сонда ол “OpenAI - NVIDIA чиптерінің враппері, Netflix - AWS враппері, Salesforce - Oracle враппері. Бүкіл әлем врапперден құралған” деп жауап берді.

Ал енді қараңыздар.

Біз мақтанатын Kaspi bank - Қазақстанның ең үздік цифрлық банкінің нарықтағы бағамы - $14 млрд, ал враппер Perplexity бағамы - $20 млрд!!!

Бұл - бізге өте үлкен ой салуы тиіс.

Әңгіме враппер жасауда емес, әңгіме, қолданушылар қалайтын дүние жасауда.
🔥17👍10
In a new report, AI company Anthropic detailed a “highly sophisticated espionage campaign” that deployed its artificial intelligence tools to launch automated cyberattacks around the globe. 
 
The attackers aimed high, targeting government agencies, Big Tech companies, banks, and chemical companies, and succeeded in “a small number of cases,” according to Anthropic. 
 
The company says that its research links the hacking operation to the Chinese government. 
 
“We believe this is the first documented case of a large-scale cyberattack executed without substantial human intervention,” Anthropic wrote in a blog post.

Credit: Fast Company
ЖИ және энергия

Жасанды интеллект серверлері сұмдық қуатты талап етеді. Электр энергия қуатын. Қазір алпауыт ІТ компаниялардың бас ауруы - тоқ қайдан аламыз боп жатыр.

Біреулері шағын АЭС-терге бет бұрып жатса, Google одан әрмен кетті.

1) Жер бетінде шетсіз-шексіз күн панелін қондыра берудің мәнісі жоқ.

2) Жер бетіндегі күн панелі тек жарты күн уақыт қана қуатталады. Қалған уақытта түн батып кетеді.

Google сондықтан 2027 жылдан бастап ғарыштық кеңістіктің төменгі орбитасында өзінің күннен тәулігіне 24 сағат қуат алатын панельдерімен жабдықталған ЖИ датацентрін орнатпақшы 😳😳😳

Өнер-білім бар жұрттар деген осы. Ғылым-білімде озған жұрттар бәрібір көш ілгері жүреді…

Жо, ойлап қараңыздаршы? Ғарышта ЖИ Дата Центр салмақшы😳😳😳
🔥33👍4
Wrapper демекші…

VS Code пен GPT wrapper Cursor бағамы $29 млрдқа жетті және зерттеушілердің айтуынга онда тіпті фултайм продакт менеджер болмаған деседі.

Осы орайда Сэм Олтманның осыдан 2-3 жыл бұрын айтқан мына сөзі есіме түседі:

- Жақын арада бір адамнан құралған стартап $1 млрдқа бағаланатын күнге жетеміз🤯🤯🤯
👍19