Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
709 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
Шедевр!!! 🔥🔥🔥

Мына керемет картиналардың барлық авторлық құқы Jung Hoon Son деген авторға тиесілі.

Не деген креатив!

ІТ экономика һәм ЖИ нарығы деген осы, ағайын!

Қараңыздаршы…
🔥10
Kazakhstan be like “hold my 🍺 “
😁19
Реал RAG жасап көрген инженерлер бар ма? Open source құралдармен. Жеке хостиң арқылы. Кәдімгідей препроцессиң жасап, парсиң жасап, бөлшектеп, эмбеддиң жасап, вектор қорға сақтап, адам сияқты ЖИ ассистентке қосып көрген? Оның үстіне қазақша?

Бірден ескерту: айына 5-10 теңге төлейтін сервистерсіз. Таза өз қолыңмен.
🔥11🤯7😱4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қызық…

Осыдан 1-2 ай бұрын ғана клавиатураға компьютер интеграция жасау ойы келіп, біраз ізденіп, Қытайдан зауыт іздеп едім… Сөйтсем, АҚШ-та боп жатқан жыл сайынғы CES шарасында дәл менің арманымдағы құрылғыны презентация жасапты.

Эхх… Тағы да әлемдік стартап жасау идеям далада қалды;))
🔥24😁8😱4
Тәәәк…

1) Маған алғыс айтыңыздар
2) Интернеттің бір жерінен қазып алған мына қазынаны оқыңыздар!
3) Қазақтың пайдасына жаратыңыздар

https://drive.google.com/drive/folders/1HlkpNtS61d6lGGKZNeC6FMELvR7hQra8
🔥21👍7🤯3
Компьютер ғылымдары, программист, ЖИ саласында жүргендерге құлаққағыс.

Өліңіздер, тіріліңіздер, осының барлығын үйреніп алыңыздар.

Сіздер қалаңыз-қаламаңыз, ендігі көрген күндеріңіз осылар болады.

Сосын ертең “Жұмыс жоқ” деп жылап отырмаңыздар.
🔥23👍5😱3
Айфон!🔥

Осыдан 19 жыл бұрын, дәл осы күні, дәл осы уақытта, Стив Джобс деген кумирім әлемдік революция, технологиялық төңкеріс жасаған болатын.

Адамзат баласының тарихында тұңғыш рет маркетиңгтік-жарнамалық презентация Ютубта млрдтан астам рет қаралып, таныстырылым жасаудың мастер-класына айналып, содан бері жаңа өнімді осылай шығару трендке айналды.

Бұл - Айфонның ең алғашқы халыққа ұсынылу сәті. Жыл сайын қарайтын видеом:

https://youtu.be/MnrJzXM7a6o?si
🔥19👍3
Айтпақшы...

Біреуіңіз білерсіз, біреуіңіз білмессіз, Antigravity, Cursor сияқты IDE-лерді компьютердің қатты дискісінде жинақталған қоқыстан орын тазарту бойынша да қолдансаңыздар болады.

Бастысы, өшіретін кезде нені өшіру қажеттігіне көз жеткізіп алсаңыздар болғаны.

Қарап отырмай ~30 гигабайт орын тазартып алдым. Көптен бері мойным жар берме йжүр еді.
🔥18👍8
Қайғы-программердің ақылы

Бүкіл ақшам Гуглді, ӘупінАЙды, Антропикті, Метаны байытуға кетіп жатыр. Токендер ұшып жатыр, ұшып жатыр.

Мен сияқты ақша шашпақ болмас үшін не істеу керек?

Әлбетте, open source жобалармен жұмыс істеуді үйреніңіздер. Hetzner сияқты арзан серверден айына $20-30 долларға орын алып, сол жаққа ГитХабтан реполарды көшіріп алып, деплой жасаңыздар. ЖИ-ларға API үшін $5-10 салып қойсаңыздар жеткілікті.

Бастысы, мен сияқты ерінбеңіздер.

Сіздерде 2-ақ жол бар. Мен сияқты еріну = $100-деген долларларды желге шашу. Ақыры оларға тәуелді болу. Ерінбеу = барлығын бақылауда ұстап, азғана ақшамен қыруар жұмыс тындыру.
👍37
Бір жігіттің жобасына қолдау👇👇👇:

Мен Kaspi.kz үшін Market Pulse атты тегін аналитикалық Extension жасадым. Бұл Chrome extension арқылы каспидегі 5🍋 тауардың кез келгенінің баға тарихын көре аласыздар.

Мақсаты: Халыққа тиімді әрі ақылмен (рационалды) сауда жасауға көмектесу, жасанды жеңілдіктерге алданбау.

Техникалық жағы
: Python + AWS Serverless (Lambda, DynamoDB) архитектурасында жазылған.

Қолданып көріп, техникалық жағынан немесе идея жағынан пікірлеріңізді (feedback) айтсаңыздар қуанып қалар едім. Рақмет! ✊

Extension-нан бөлек, мобильді қолданушыларға Telegram Bot та бар: @market_pulse_kz_bot
🔥29👍9🤔2