Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
709 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
🔥Жігіттер мен қыздар, аққулар мкн қаздар!

Мынау бір өте керемет breakdown 🤯

Бұл жерде API сатып алған жақсы ма, чаттардың өзін сатып алған дұрыс па әлде GPU hardware сатып алып, open source llm модельдерді қолданған дұрыс па, жоқ па деген сұраққа егжей-тегжейлі арифметикалық есептеу жүргізен.

Өте-мөте пайдалы видео. Қараңыздар. Әсіресе, MLOps жасайтындар мен LLMOps жасайтындар қараңыздар.


https://youtu.be/SmYNK0kqaDI?si=SKgLB7DejhSy6TKN
🔥17
ЖИ һәм бәсеке

Қыздар мен жігіттер, мен мынаған анық көзім жетті.

Өзің тұтынушы, қарапайым клиент болғанда, барлығы тамаша! Қаласаң, ChatGPT-ге барасың, қаласаң Gemini-ге барасың. Одан қалды адамдарға оп-оңай жамандай саласың: "ChatGPT нашар жауап беретін болып кетті, Claude шектеуі тым қатал, Gemini пәлен-түген" деген сияқты. Рахат қой. Бұл ЖИ платформалар сен үшін жанын салып жаңалық енгізіп, сенің көңілің үшін аз болса да тегін қызмет ұсынып, әйтеуір, жұмыс істеп жатыр. Сол мезетте мына жақтан қытайлық ЖИ платформалар да шыдатпай бара жатыр. Күн сайын тегін бір ЖИ платформа шығады.

Ал енді призманы өзгертіп қарайықшы? Мысалы, мен бір жыл болды, ЖИ платформамды жарыққа шыға алмай жүрмін. Бәкенд түгіл сапалақ та жоқ. Кәдімгі gpt-wrapper. Соның өзінде Құдайдың құтты күні бір жаңалық пайда болады. Сенің күні кеше ешқандай бәкендсіз, архитектураға, басқа да күрделі тақырыптарға бас қатырмай, жай ғана API арқылы барлық шаруаны LLM-ге жүктей салатын дүние жасап жатқанның өзінде бір продукт жарыққа шығару мүмкін емес. Өте қиын. Неліктен? Себебі, кеше жасағаның, бүгін адам баласына қажет емес. Оны адамдар теп-тегін басқа да ЖИ платформада жасай алады. Одан да әрі кетсек, бұл ЖИ модельдерді өзің жасап, өзің сервермен жұмыс істеп көріңіз?..

Көзімнің жеткені, біз шынайы бәсеке дегенді әлі білмейміз. Шет жағасының өзінде шатырым кетіп қалды.

Осыдан келіп шығатын ой, әлемдік бәсекелестікке төтеп беру үшін бізге адам нанғысыз өнімді жұмыс істейтін продакт менеджер, ұйықтамайтын робот программист, тыныштық көрмейтін стартапер болуымыз керек. Жарайды, мен нашар маман делік, бірақ айналама, жастары бар, басқасы бар қарасам, әлемдік деңгейде тұмсығынан қан кетіп жатқан ешкімді байқай алмадым.

Бұдан кейін бізден қалай әлемдік деңгейдегі ІТ-өнім шықпақ?
🔥35🤔13😱5
ittirlik.pdf
14.1 MB
IT-Tirlik журналының 1-ші саны
🔥5👍3
ITtirlik#2.pdf
24.6 MB
IT-Tirlik журналының 2-ші саны
🔥4👍2
Қызық айтайын ба?

2011-2012 жылдары осы “ІТ-Тірлік” деген технология туралы қазақша журналды шығарып, сайтына материал жазып жүргенде адамдардың көбі Нокиамен, батырмалы телефонмен жүретін кез еді. МайлРудан пошта ашқанды “Сайт аштым” деп түсінетін. МайлРу поштасын тексеру үшін (онда да электронды пошта дегенді қолдана бастағандары) компьютер клубына баратын, өйткені, көбінің үйінде интернет бола бермейтін. Сол барған компьютер клубында поштасын ашып тастап жүре беретін. “Олай істеме, өте қауіпті” десең, “Қоя салшы, несі қаіпті оның? Бәрібір менен ұрлайтын ештеңе жоқ ол жерде” деп өзіңе күлетін.

Айтпағым ол емес.

Ең қызығы, сол жылдары ең көп жұрттан естіген сөзім мынау болатын: “Осы сен қуасың ба? Не фантастика айтып жүрсің? Түкке қажеті жоқ, айдаладағы Америкадағы заттың бізге не керегі бар? Болатын тірлікпен айналыссайшы” дейтін. 😃😃😃

Сондықтан да журналдың да, сайттың да атын АйТи (ІТ) әрі қазақша ит тірлік деп қойған едім;))

Өйткені, қазақтарға ІТ саласын түсіндіру нағыз ит тірлік қой…
😁38👍3🔥3
ІТ-Тірлік жобама қатысты келесі естелік

Бұл жағдайды ешқашан ұмытпаймын!

“ІТ-тірлік” журналын шығарып, сайтын жүргізе бастағанда соңғы шыққан гаджеттерге шолу жүргізуді қолға алдым.

Сол үшін маған ең соңғы технологияларды беретін компаниялар іздегенде, ең бірінші боп сенім білдірген Alser компаниясы болды. Менеджерінің атын ұмыттым, бірақ орыс қыз болатын.

Ойлап қарашы, 2013 жыл. Қазақтар ІТ дегеннің І әрпін де білмейді. Сенің сайтыңды 3 адам ғана оқиды. Біреуі өзің. Екіншісі келіншегің. Үшіншісі, абайсызда кіріп кеткен бір адам. Болды. Басқа адам баласына қызық емес.

Сонда да Alser компаниясы Алматыда бола тұрып, Атырауда жатқан маған технологиясын тест жасауға, анпакиң жасауға, шолу жасауға тегін беретін.

Алматыда Қуаныш Мағзуов деген інім тұрады. Соны жұмсап, Alser-ден техниканы алдырып, осындай қазақша шолулар жасайтынбыз.

Қараңыздаршы, Asus компаниясының әлі күнге дейін өзекті технологиясы: планшет+смартфон!🔥

Рахмет, Алсер!!!

https://youtu.be/p6Z7ESmEd6I?si=qyy-ZYpej3df-Uyq
🔥24👍10🤔1
ЖИ туралы кітап жазып жатырмын.

Мұндай кітап ағылшынша бар шығар, бірақ қазақша түгіл орысша жоқ екеніне бәс тігемін. Сондықтан ЖИ арқылы орысша да аударып жариялайтын болармын.

Мәселе онда емес, мәселе, енді осыны сату процесінде боп тұр.

Сұрақ мынау: бұл кәдімгі кітап. ЖИ тарихы, жалпы ЖИ туралы. Бірақ мен оны виртуал яғни электронды кітап түрінде де жасап жатырмын. Инфографикалар, Интерактив элементтер, Аналитикалық графиктер қосып. Қалай ойлайсыздар, онлайн кітап сатып алушылар табылар ма екен? Мысалы, сіз алатын болсаңыз, қаншаға алар едіңіз?
🔥44👍19
Стартап инвестиция

Маған көп қойылатын сұрақтардың бірі - “Қайдан инвестиция тартуға болады? Жобама ақша салатын адам іздеп жүрмін”.

Ендеше, қабыл алыңыздар. Most деп аталатын қазақстандық венчур инвесторлар платформасы бар. Солар өздерінің кезекті Investment Readiness accelerator шарасына тіркей бастады. Дедлайн: осы жылдың ақпан айының 9-ына дейін.

Сілтеме: https://investready.uz/form
👍11🔥6
ЖИ әлеміндегі текетірес

ЖИ туралы кітап жазып жатырмын дедім ғой.

Содан бір үзінді ой айта кетейін.

Қазіргі таңда бүкіл әлем, яғни ЖИ мамандары, эксперттері, ғалымдарынан басқалардың “Осы, міне, ЖИ” деп жүргендері - үлкен тілдік модельдер. Бұқара халық оған дейінгі жасанды интеллектінің machine learning, deep learning түрлерімен тікелей қарым-қатынасқа түспеген соң, солай ойлауы да заңдылық қой.

Айтпағым, Ян Лекун деген ЖИ атасы бар. Сол кісі “Үлкен тілдік модельдер далбаса. Олар бізді шынайы жасанды интеллектіге апармайды” дейді.

Сөйтіп, ол қазір Мета компаниясындағы ЖИ бойынша вице-президент қызметінен кетіп, өзінің JEPA деп аталатын тым жаңа ЖИ жолын дамытуға кірісті.
🔥22👍9😱1
Вакансия

Жігіттер мен қыздар, міне, нағыз жұмыс!

Ассаламуалейкум

Вакансия: *Middle/Senior ML/AI Engineer,*

(Industrial AI & Enterprise Analytics-приветствуется)

Локация: Гибрид (Астана/Алматы),
Занятость: Full-time

Мы разрабатываем решения на стыке искусственного интеллекта и тяжелой промышленности. Наш фокус - цифровизация процессов для горно-металлургического комплекса (ГМК) и Enterprise-сектора. Продукт решает задачи предиктивной аналитики, оптимизации производства.
В портфеле — действующие контракты с лидерами рынка ГМК и международные проекты в сфере аналитики данных.

Задачи:
-Разработка и внедрение моделей машинного обучения для промышленных задач (прогнозирование, математическая оптимизация технологических режимов).
-Ввод моделей в промышленную эксплуатацию (Inference, оптимизация производительности).
-Участие в R&D (исследование применения LLM-агентов для работы с технической документацией и регламентами).
🛠 Технический стек и требования:
Python: Продвинутый уровень владения.
Classic ML: Глубокое понимание фундаментала и алгоритмов ML (CatBoost, XGBoost, LightGBM) — работа с табличными данными и временными рядами.
Engineering: Опыт работы с Docker, FastAPI, SQL.
Будет плюсом: Опыт работы с LLM (RAG, LangChain) и понимание специфики деплоя на Edge-устройствах.

Заработная плата: обсуждается индивидуально по итогам технического интервью.

Контакты для связи: Резюме и краткое описание релевантного опыта направлять: team@qanysh.kz
🔥13
Тимурдан Инфо | it&tech
Вакансия Жігіттер мен қыздар, міне, нағыз жұмыс! Ассаламуалейкум Вакансия: *Middle/Senior ML/AI Engineer,* (Industrial AI & Enterprise Analytics-приветствуется) Локация: Гибрид (Астана/Алматы), Занятость: Full-time Мы разрабатываем решения на стыке…
Ал қазіргі студенттер мен енді қадам бастап жатқандар, осы бағытта жылжыңыздар. Оқыңыздар. Үйреніңіздер. Осы вакансияда айтылғандарды білсеңіздер, ұялмай кемінде 2-3 млн сұрай беруге болады.
🔥24👍3
PersonaPlex-7B just hit #1 on Hugging Face 🎉

Part of the NVIDIA Nemotron collection of models, PersonaPlex can listen and speak at the same time for fast, natural-feeling conversations. Plus, it’s open so you can tune personas, clone voices, and run it locally.

Check it out 👉 https://nvda.ws/4q187ve
👍3🔥2
Дата аналитика үйренгісі кеп жүргендер бар ма?

Сіздердің басты проблемаңыз неде?

Неліктен Курсерадағы курсты оқымайсыздар?

Неліктен Ютубтағы тегін курсты оқымайсыздар?

Неліктен Степиктегі тегін курсты оқымайсыздар?

Жалпы, интернетте толып тұрған дата аналитика курстарынан бөлек неге тағы да курс іздеп жүрсіздер?

Сұрап отырған себебім, маған “Дата аналитика үйретіңізші, курс ашыңызшы?” деп жиі жазады. Бірақ тегін курстар толып тұрғанда, неліктен адамдар менен курс сатып алғысы келетінін ұқпаймын. Өйткені, дата аналитиканы ауадан алып оқытпаймын, барлық жерде қалай оқытады, солай оқытамын.

Осыны түсінбей жүрмін. Айта аласыздар ма?
🔥20😁10👍7
Data Analytics курсын осылай оқытсам, қалай болар екен?

Өзімдікі, өндірістікі:)))
🔥39👍14🤯4