Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
709 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
Claude Code қолданғанда осы шаблонды басшылыққа алуға болады.

Мен сияқты еріншек, жалқау, ғапыл болмаңыздар✊
👍23
ЖИ адамды жалқау қылмай ма?

Осы сұрақ жиі қойылады ғой. Сіздер де көп еститін шығарсыздар, иә?

Жалқау қылады! Жалқау қылғанда қалай!

Осыдан жарты жыл бұрын ГитХабқа пуш жасау, Версель, Рендер, Рэйлуей сияқты серверлерге деплой жасау, мәліметтер қорын жасау деген күнде жасап жүрген, оңайлау сияқты жұмыс еді. Енді осы күні жай ғана пуш жасаудың өзіне ерінетін боппын. Кәдімгідей істегім келмейтін, желкем жар бермейтін бопты. Ең қызығын айтайын ба?

Версельге бір жобаны деплой жасадың. Сосын домен тіркеген жеріңе барып А жазбаны қойып, жеке домен арқылы байлап жүре едік қой? Соны да істегім келмейтін бопты. Иә, қазір барлық ЖИ платформада компьютер агент деген бар. Домен тіркеуші мен сервер деплой жасайтын платформаға логин жасап қойып, домен жұмыстарын тапсыра салуға болады. Бірақ, одан мен өзім тезірек жасап тастаймын. Алайда... еріншектік дым істетпейтін күйге жетіпті...

Түйін?

Түйын мынау: ЖИ сіздің жұмысыңызды алып қоймайды. Қорықпаңыз. Адам баласына жұмыс әрдайым табылады. Қазақ оны "Екі қолға бір күрек табылады" деп қысқа қайырған. ЖИ - еріншектердің жұмысын алып қояды.

Қазір мен сіздерге кішкене конспирация айтамын. Күле беріңіздер. Бірақ сонда да оқыңыздар.

Оны жасауға кеткен ақшасы тым көп, уақыт тым көп алған, серверлер күніне миллион доллар жеп жатқан, бүкіл Қазақстанға жететін электр тоғын жұтып отырған ЖИ платформалары неғып бізге аяқ астынан тегін беріле қалды? Осы уақытқа дейін мұндай қуатты технологияны америкалықтар тегіннен-тегін ешқашан бере салмаған. Неліктен?

Өйткені, адамдарды осыған отырғызу үшін. Бұл инеге отырасың. Бүкіл жұмысыңды бітіреді. Еріншектік пайда болады. Ойланудың орнына ЖИ аутсорс жасай саласың. Сосын? Сосын сол, бұнсыз өмір сүре алмайтын боп қаласың. Сосын? Сосын кішкентай баладан смартфонды тартып алғанда қалай истерика жасап, бақырып жылайтыны сияқты, сенде де психологиялық күйзеліс пайда болады. Ақшаңды алып жүгіресің. Мысалы, қазірдің өзіне ChatGPT, Claude, Gemini үшін айына 10.000 теңгеден 30.000 теңге төлеп отырмыз.

Бұл және тереңдей береді.

Яғни?

ЖИ қолдана беру керек. Үйрену керек. Білу керек. Бірақ... еріншектікке жол бермеу керек. Өйткені, бізді ЖИ дәл сол әлсіз тұстан соққалы тұр. Оқуда, білім алуда, жұмыс істеуде, қабілеттерді меңгеруде, жалпы не ақша әкеледі, сол салада ерінбеу керек екен.

Қарапайым мысал: осыдан 10 жыл бұрын "Тамақ істеуге ерініп тұрмын, тапсырыс бере салайық?" деген сөз қазақ отбасында ешқашан айтылмайтын.
🔥27👍12😁2
Керемет нұсқаулық 🔥
🔥10👍4😁2
MA7 Ventures Workshop: AI для CEO, автоматизации бизнеса в эпоху AGI.

Online - 31 Марта, 16:00-18:00 (Kazakhstan time)

🚀 Практический воркшоп для предпринимателей и руководителей. Не теория — реальные инструменты, которые CEO может внедрить сегодня.

Что разберём:
• Как AI меняет работу CEO — что делегировать машине уже сейчас
• Claude Code, OpenClaw, Replit и другие инструменты — что выбрать и для чего
• Финансовый анализ в Excel через AI — без аналитика и без формул
• Автоматизация продаж: от лидогенерации до follow-up
• Как извлекать инсайты из звонков, переписок и данных бизнеса
• AGI на горизонте — что это значит для вашей компании через 2-3 года

Хосты: Мурат Абдрахманов и Ельжан Кушекбаев. MA7 Ventures
Гость: Илияс Исатаев - Founder of Hero's Journey

Приходите строить будущее вместе 🔥

Регистрация:
https://luma.com/3kkcw8em
👍2
Тимурдан Инфо | it&tech
OpenClaw Шынымды айтайын, Open Claw шыққалы бақылап келем. ClawdBot болды, Moltbot болды, енді OpenClaw. Түсінбегенде қалай, техникалық тұрғыдан емес. Бірақ менде әрдайым “Енді онсыз да белгілі, онсыз да өзіміз ЖИ агенттер арқылы жасап жүрген заттар ғой?”…
Қызық…

Жаңа Ютуб ақтарып отырсам, Андрей Карпатидың “Сен - қылмойынсың” яғни You are the bottleneck деген сұқбаты алдымнан шықты.

Жақында OpenClaw туралы жазбамда сондай ойға келгенімді айтып едім. Таң қап отырмын;))
🔥9
ІТ саласында оқып жатқандарға ақылым.

Сен өзіңді “Менің сауатым нашар. Мен әлсіз программистпін. Университет дұрыс оқытпайды” деген ойлардан аулақ бол.

Иә, біздің елдегі білімді дамыған елдердегі біліммен, мүмкіндікпен, оқытушылармен салыстыруға болмайды. Сендерге көп білу керек, көп тәжірибе керек, көп іздену керек.

Бірақ… ІТ мамандығын бітіріп жұмыссыз жүргендердің проблемасы - дұрыс оқымағандық та, нашар университет немесе жаман студент болғаннан да емес!

Мәселе - ІТ маманы ретінде өзіңді сатып үйрен. Форумдар мен конференциядарға жиі қатыс. Көзге түс. Сұрақ қой. Нетуоркиң жасап, өзіңнің ІТ маман екеніңді айт. Өзіңді ортаға таныт.

Қазіргі қазақстандық бизнеске әлемдік деңгейдегі программистер керек шығар, білмедім. Бірақ қарапайым ғана шаруаны жасай алатын мамандарға да сұраныс жетіп артылады. Мысалы, көптеген бизнес иелері ІТ қара жұмысшыны іздеп жүр.

Яғни, үздік болуға ұмтылған дұрыс. Алайда, құр үздік бола берген де көп жағдайда жақсы жұмыс табуға кепілдік бермейді. Ал танысы көп, ортаға танымал, өзін жұртқа сатуды меңгерген маманға жұмыс табылады.

Абай атамыз осы 1045 сөзді “Болмасаң да ұқсап бақ” деп кеткен.
🔥36👍12
ЖИ және адам баласы

“ЖИ заманында оқып [мамандығына] не керек?” деген ең танымал, соңғы 4 жылда ең көп қойылған, әлі де қойылатын сұраққа жауап.

1903 жылы америкалық ағайындылар Уилбер мен Орвилл Райт “Флайер-1” деп аталатын ең алғашқы ұшаққа сынақ жасап, адамзат тарихындағы әуеге қалықтаған жандардың қатарына кірді.

Бұл “ұшақ” 12 секунд қана аспанда қалықтады. Астанадан-Бостонға (АҚШ) Тынық мұхитын асып 12 сағатта ұшып баратын мен оған, әрине, күлемін. 12-ақ секунд!

Алайда, олар бұған дейін адам баласы “Мүмкін емес!” деп келген түсінікті жоққа шығарған болатын. Сондай-ақ, сол 12 секундтық аспанға жорық бүгінгі авиацияны, кейін ғарыш кеңістігін игеруге алып келді.

Бұған ЖИ-дың не қатысы бар?

Егер сіз “ЖИ заманында оқып не керек? Ол, бәрібір, адам баласынан көп біледі ғой?” десеңіз, онда айтайын. ЖИ - өткен шақпен өмір сүреді. ЖИ-дың оқытылған мәліметі - осыған дейінгі тұжырымдар мен деректер.

Әгәрәки, ағайынды Райттар сол заманда ЧатГПТ қолданып, “Ұшақ жасағым келеді. Аспанға ұшқым келеді” десе, ЖИ оған күлер еді және “Маған берілген нұсқаулық бойынша, адам баласына зиян, өміріне қауіп төндіретін жауап беруге болмайды” дер еді. Өйткені, сол заманда “Аспанға ұшу” деген тақырып тек есалаңдар ойлайтын іс еді.

Бірақ ағайынды Райттар өздеріне дейінгі мәлімет пен білімнің барлығы “адам баласының ұшуы мүмкін емес!” делінген болса да ұшты! Ұшақ жасады. Жаңа саланы өмірге әкелді. Адамзат тарихын өзгертті.

Міне, қазір де солай. ЖИ - осыған дейін адам баласы мүмкін деген дүние бойынша ғана жауап береді. Мүмкін емес нәрсені ол да білмейді. Тың дүние мен өнеркәсіптің қайнар көзі - адамның миында!

Адам баласы инелікке қарап отырып тікұшақ, тасбақаға қарап отырып сүңгуір қайық ойлап таба береді. Талдың түбінде ұйықтап жатып басына алма түссе, гравитация заңын ашады.

Оқу, білім, ойлау жүйесі сол үшін керек!

@timurbektur
👍44🔥17
Айтпақшы, түннің бір уағы болса да өтініш жазайын.

Менің осы бір каналымның ашылғанына 10 жылдан асты-ау деймін. Не бір өспейді де, өшпейді де, оқырманым дұрыс көбеймей қойды.

Сондықтан, кім мені оқып жүреді, солар өз таныстарыңызға, ағайындарыңызға, инстаграм арқылы, уатсап арқылы, басқала да форматта @timurdaninfo каналына жазылып қойыңыздар деп айта жүріңіздерші.

Әрине, алғысым шексіз! 👍 🤝
👍101🔥19
Meet Veo 3.1 Lite 🎬

Our most cost-effective video generation model is now available in the Gemini API and Google AI Studio. Veo 3.1 Lite lets devs rapidly iterate and scale high-volume video apps at roughly 1/2 the cost of Veo 3.1 Fast at the same speed.

Google
🔥13👍2
Claude Code

Мен мына шетелдіктерге таң қалам.

1) Anthropic байқаусызда Claude Code-тың репосын ГитХабқа солайымен жіберіп алады.
2) Бір қытайлық па, кәріс пе байқап қалып Х-ке салып жібереді
3) Азғантай уақытта 8000 үстінде форк
4) Ееең қызығы, адамдар 1 күнде соның базасында өздерінің Claude Code-ын толықтырып қайта жазып шыққан. Мысалы, бір кәріс жігіт толықтай Rust-та қайта жазып шыққан.

Ал біз?

Біл leak болды дегенді естіп, оны түсініп үлгереміз дегенше 3 күн өтіп кетті 😒😒😒
😁20😱7
OpenClaw проблемасы.

Токеніңді өртейді... Бұған нақты сценариймен келу керек.

Әйтпесе, отырғаның. Модельден модель ауыстырып.
👍14
OpenClaw қолданысы

Өткендееее ☝️ жазып едім ғой, осыдан бірер ай бұрын OpenClaw шыққанда “Онсыз да күнде әртүрлі ЖИ чатботтарда жасап жүрген заттар ғой. Ауыз ашып, көз жұматындай оның несі бар?” деп.

Сөйтсем…

Жастар, тыңдаңыздар.

Мәселе, оның қазір ChatGPT, Gemini, Claude сияқты дүниелерді қайталайтындығында емес екен. Тіпті мен сізге айтайын, Claude пен Gemini-лар OpenClaw-дан да мықты. Сондай-ақ, олардың тегін тарифтерінің өзімен-ақ қыруар шаруа жасауға болады. Мысалы, Claude-тың Projects деген функциясы, Gemini-дің Gem-боттары, ChatGPT-дің GPT-боттары керемет қой?! Ал ақылы функцияларын қосса, тіпті ғарыш.

Айтса айтқандай, жалпы, біздер, ІТ мамандар жаңадан бірдеңе пайда болса, “Өй, ол бұрыннан бар ғой?” деп шыға келеді екенбіз. n8n шықты ма? “Өй, Python арқылы RPA жасай салғанмен бірдей ғой!”, “Selenium арқылы өзің жасай салмайсың ба, анаған ақша төлегенше?” деген сияқты немқұрайлы пікір айтып кетеміз.

Осы жерде түсінгенім мынау: әңгіме мүлдем оны ІТ мамандар бұрын да жасап жүргенде емес, мәселе, тым бөлек, жаңа, мүлдем басқаша ойлау жүйесінің пайда болып жатқанында екен.

Яғни, бұл шаруаларды ІТ мамандар жасай ала ма, жасап жүрді ме, онда емес. Қарапайым адамдар ештеңе ойлап бас қатырмай, саусағының һәм ернінің ұшымен ғана ымдап қойып шаруа бітіре беретін ойлау жүйесі қалыптасып келе жатыр екен.

Мұның барлығын не үшін айтып отырмын? Себебі, технология технологиясымен, біз осы бағытта ақша табуымыз үшін дәл осы жаңа ойлау жүйесіне қазірден бастап икемделуіміз керек екен.

Өйткені…

ІТ тарихқа қарасақ… Тіпті дербес компьютер шыққан кезде де инженерлер “Қалай сонда? Мен оның ештеңесін өзгерте алмаймын ба? Сен ұсынған конфигурацияны ғана сатып алуым керек пе? Ал маған басқаша керек болса, оны тағы сатып алам ба? Бұлай болмайды!” деп күлді. Бірақ жалпы қарапайым адамдарға дап-дайын, ештеңеге бас қатырмайтын, клавиатурасы, мониторы, процессоры бір жерде тұрған құрылғы керек екен. Өйткені, ол адамдардың мақсаты ІТ маман болу емес, өз бизнесін жасау, ақша табу. Стив Джобс соған көмектесті. Ойлау жүйесіндегі өзгерістерді дер кезінде қолданып кетті.

Джеф Бэзос та сол. Интернет келгендегі ойлау жүйесін дәл басып, Амазонды құрды. Марк Цукерберг те сол. Адамдардың танысу, қарым-қатынас құру, сөйлесу парадигмасы онлайнға ауысып жатқан уақытын дәл қолдана білді.

Мына OpenClaw деген де солай. Мен толық сенімдімін, бұл OpenClaw күні ертең баланың тірлігі, жай ғана ойыншық, “Осыны да керемет дедік қой, ә?” дейтін күнге жетеміз. Өйткені… Бұл адам баласының ЖИ-мен қарым-қатынасының менталдық өзгерістерінің бастауы.

Неге “жастар тыңдаңыздар!” деп отырмын? Өйткені, сіздер осыған қазірден бейімделуге, мүлдем жаңа призмадағы дүниені өмірге әкелуге мүмкіндіктеріңіз бар.

Қолданыңыздар. Ойланыңыздар. Іске асырыңыздар.
👍27🔥12
ЖИ заманында оқып не керек?

[Пәленбайыншы бөлім].

Құрметті ІТ саласында оқып жатқан қыздар мен жігіттер.

Сіздерге керемет нәрсе тауып келдім.

Вайбкодер - тек өзіне ғана арналған дүние жасай алуы мүмкін. Алайда, күніне күніне 50.000.000 (иә, 50 млн!) адам кіретін жүйенің дизайнын құрастыра ала ма, жоқ па, білмедім.

Иә, вайбкодерлер уақыт өте жақсы ақша таба бастауы мүмкін. Мысалы, бір адамға вайбкод арқылы 1 млн теңгеге ($2000) бағдарлама жасап беруі мүмкін. Сосын оны жетілдіру керек болса ше?

Ал кәсіби, әсіресе, Meta, Google, Amazon сияқты ірі техкомпанияларға кім керек?

Оларға әлемдік масштабтағы жүйені жасай алатын, қуатты системаға дизайн жасай алатын адам керек.

Сондықтан, менің мына керемет қазынамды қабыл алыңыздар!

Гитхабтың бір жерінде жатқан жерінен тауып алдым. Бір көсегең көгергір салып қойыпты.

https://github.com/liquidslr/system-design-notes

Follow @timurdaninfo
🔥29👍3
Gemma 4

Кеше Google компаниясы керемет жаңалық жасады. Олар Gemini 3 оқытылған ядрода Gemma 4 деп аталатын модельдердің бірнешеіуін жариялады.

Маған қызық болғаны, смартфон немесе Raspberry PI сияқты edge құрылғыларға арналған e2b, e4b модельдері.

Әрине, өзімнің білімім жетпейтін болған соң, ЖИ-ден сұраймын ғой, “бұларды Raspberry PI-да қолданған дұрыс па әлде ескі Айфонымда қолдана берейін бе?” деп.

Ескерту: Raspberry PI 16GB RAM бар. Ал Айфон 15 Pro Max-та 8GB RAM бар.

Сөйтсем, “Айфонға жүктеген жақсырақ” дейді.

Неліктен?

Сөйтсем, “бақсам бақа екен” демекші, bandwidth деген пәлекет бар. Бұл - жедел жады мен процессордың арасындағы мәлімет алмасу жылдамдығы. Айфонның сосын жалпы қазір шығып жатқан Айпад, Макбуктардың чиптері нейрон акселераторы бар. Олардың артықшылығы сонда боп тұр.

ЖИ технологияға келгенде осы параметр өте көп мәселені шешеді. Анау NVIDIA компьютерлері мен чиптерінің де қатты сатылып жатқаны сондықтан.

Яғни, сіз қанша жерден ойынға арналған видео картаны үстемелеп, 120GB-қа апарсаңыз да түбінде мәселені bandwidth шешеді.

Айталық, сіз ЖИ-ге сұрақ қойдыңыз. Қолыңызда: 8GB RAM Айфон Про Максқа жүктелген Gemma 4 e4b және 16GB RAM Raspberry Pi жүктелген Gemma 4 e4b ЖИ чатбот бар.

Осы кезде ЖИ чатботтың token per second деген параметрі іске қосылады. Бұл сұраққа жауап берудің жылдамдығы. Қызығы сол, Айфон тезірек жауап береді. Өйткені, token per second мәселесін bandwidth шешеді.

Осы жерде сізде дилемма пайда болады. Құны 400.000 теңге тұратын Айфон 15 Про Макс әлде 150.000 теңге Raspberry PI 16GB деген.

Сұрақтың жауабы: тез жауап алғың келсе, офлайн жобаң жылдамдықты қажет етсе, өмірлік маңызды болса, онда Айфон, ал жылдамдық аса маңызды болмаса, онда Распбери.

Міне, құрметті жастар, инженерлер осындай мәселелерді шешеді. Ал вайбкодерлер, жоқ. Әгәрәки, ол вайбкодер ІТ маманы болмаса;))
👍23
Медицинада AI қай кезеңде және оған не кедергі?

Медицинада жасанды интеллект (AI) қазіргі уақытта 2-кезеңде немесе "Қайта құру" (Reshape) сатысында тұр, яғни ол адамды толық алмастырмай, дәрігерлердің негізгі міндеттерін орындауға және шешім қабылдауға көмектесіп жатыр

AI-дың қазіргі жетістіктері мен қолданылу кезеңі:
Диагностика және визуализация: Радиология саласында Med-PaLM сияқты AI модельдері сканерлеу нәтижелерін оқуда және ауытқуларды анықтауда дәрігерлермен бірдей деңгейде жұмыс істейді. Мысалы, дәрігерге 24,5 минут қажет болатын шұғыл жағдайларды AI небәрі 24 секундта тауып, мамандардың жұмыс жүктемесін жеңілдетеді

Дәрі-дәрмек жасау: AI жаңа дәрілерді ашу процесін тездетуге, клиникалық сынақтарды оңтайландыруға және ақуыздардың құрылымын зерттеуге кеңінен қолданылуда. Ғалымдар AI құралдарының көмегімен антибиотиктерге төзімді бактериялармен күресу үшін тіпті ежелгі организмдердің ДНҚ-сын зерттеп, жаңа синтетикалық пептидтер жасап шығаруда.

Операциялық тиімділік: Ауруханалар мен денсаулық сақтау ұйымдары AI-ды клиникалық шешімдерді қолдау, дәрігерлердің қажуын (burnout) азайту және жұмыс процестерін жақсарту үшін ауқымды деңгейде енгізуде.

AI-дың толық автоматтандыруға өтуіне (3-кезең) кедергі келтіретін негізгі факторлар:
Алғашқы медициналық көмек пен күрделі шешімдер қабылдауда AI-дың дамуы айтарлықтай баяулайды, өйткені мынадай табиғи және құрылымдық кедергілер бар:

Адами кепілдік (Human Assurance): Онкология сияқты салаларда адам өміріне тікелей қауіп төнетіндіктен, пациенттер нәтижеге жауап беретін және шешімді қадағалайтын тірі адамның (дәрігердің) болуын қатаң талап етеді.
Қателікке жол бермеу (Error Tolerance): Фармакология және дәрі-дәрмек тағайындауда мінсіз дәлдік керек. AI-дың кішкентай ғана қателігі немесе "галлюцинациясы" орны толмас зиянға әкелуі мүмкін болғандықтан, толық автоматтандыруға жол берілмейді.
Терең қарым-қатынас пен эмпатия (Relational Depth): Күрделі симптомдарды түсіндіру, емдеу жолдарын таңдау, пациенттерге қауіп-қатер туралы хабарлау және психотерапия секілді процестер адамның эмпатиясына, эмоционалдық интеллектісіне және сеніміне негізделген.
Пайымдау және қатаң реттеу (Judgment & Regulation): Денсаулық сақтау саласында белгісіздік кезіндегі клиникалық шешімдер нақты интуиция мен тәжірибені талап етеді.

Сонымен қатар, FDA (Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы) сияқты ұйымдардың медициналық құрылғылар мен дәрілерді мақұлдаудағы қатаң заңнамалық талаптары жаңа технологиялардың тез енуіне тосқауыл болады.

Аударған: Тимур Бектұр. Дереккөз: MIT Sloan 2026
👍12🔥5
Manus AI

Manus деген жасанды интеллект бар.

Бұл - өте қуатты ЖИ құралдарының бірі.

Бірақ мен оны қолданатын себебім: бұл тек сайт, бағдарлама, ойын жасаумен шектелмейді, сыртқы құралдарға қосылып құжаттармен [слайд, презентация] де жұмыс істей алады.

Figma қосу арқылы дизайн кодтауға да болады және қатты ұнағаны:

1) Инстаграм постарды автомат жасатуға,

2) Таргетиң саласында жүргендер үшін маңызды мәлімет - жарнамалық кампания аналитикасын жасауға,

3) Сіздің орныңызға компьютерді қолданып, күрделі әрекеттерді автоном жасатуға болады.

Тегін бе?

Тегін ештеңе жоқ. Қазіргі заманда барлығы ақылы. Бірақ тегін нұсқасы біраз шаруа тындыруға жеткілікті. Оның үстіне менің мына сілтемемді қолданып тіркелсеңіз, қосымша 500 кредит тегін аласыз.

Қазақша сөйлей ала ма?

Иә, қазақша керемет сөйлейді, қазақша жақсы түсінеді, қазақша да жұмыстар атқарады.

👇Тіркеліңіздер. Қолданыңыздар. Таратыңыздар👇

https://manus.im/invitation/HDJLKAB0VQGYHG?utm_source=invitation&utm_medium=social&utm_campaign=copy_link
1👍23
Қазақстан - бақытты ел

Біз, негізі, бақытты елміз!

Оны мен жаңа Google-дың жаңадан шыққан, қолға ұстайтын құрылғыларға (edge devices) арналған Gemma 4 атты модельдер жинағын тестен өткізіп отырып түсіндім.

Gemma 4 деген не?

Ол - Gemini сияқты ЖИ чатбот. Бірақ толықтай сіздің құрылғыңыздың ішінде яғни смартфонның жадында жұмыс істейді. Жүктеп аласыз. Тегін. Интернет мүлдем қажет емес!

“Интернет мүлдем қажет емес” демекші, “Біз бақытты елміз ғой” дегенімнің сыры осы.

Бұл модельді көбіміз ұқпаймыз.

Өйткені, Қазақстанда интернет тегінге жақын. (Иә, айына 5000-9000 тг деген арзан). Интернет арзан болғандықтан барлығымыз Ютуб, Инстаграм, ТикТокта отырамыз. Күні бойы, түні бойы.

Осы ашық Интернет арқылы барлық әлемдік ЖИ-лар біз үшін қол жетімді. Ешқандай шектеусіз. VPN қолданбаймыз.

Барлық ЖИ-лердің барлық тегін функционалы бізге артығымен жетіп жатыр.

Сондықтан да “Тегін, өз құрылғыңа қосып алуға болатын модель” дегенде “Онсыз да ChatGPT, Gemini тегін ғой?” дейміз.

Осы күйімізден айырылмайық!
1👍40🔥10
Жаман ІТ-әдеттер

Байқаймын, көбі "технологияға жақын адамдар үнемі жаңашылдықты қолдайды" деген ойда.

Бірақ ІТ мамандардың да санасы шал боп қалған, миы қатып қалғандары, өзгергісі келмейтіндер жетерлік. Бір қызығы: ол жас-кәріге қарамайды.

Мысалы, алдында әуежайда 2-3 жас жігітпен кездестім. Программистер. ЖИ туралы айтып кеттім. Біреуі фронтенд маман екен. "v0 сияқты фронтенд дизайн жасағыштарды қолданасың ба?" десем, "Жоқ, өзім қолмен жазған ұнайды" дейді.

Дұрыс қой, нағыз программист барлығын қолмен жазғанды ұнататын болар. Бірақ қазір прототипті жылдам жеткізу заманы емес пе? Figma Make арқылы жасай салған жақсы емес пе? Мен солай ойлаймын, біреулер олай ойламайды. Қызығы осы.

Өзім де ІТ-шалмын. PHP дегенді әлі күнге дейін жақсы көрем. MySQL-ден Postgre-ге, яғни Supabase-ке әрең өттім.

Қазіргілер дата аналитика мәселесінде ClickHouse-ға өтіп кеткен.

Бұл технологияларды күн сайын естисің, бірақ ешқашан ауысуға асықпайсың.

Міне, жаман IT-әдет дегеніміз осы:))

https://clickhouse.com
1👍27😁8
Hey,
We’re running a $20,000 Agent 4 Content Challenge right now.
And we’re already in Week 3.
Each week, we’re giving $5,000 to the best video showing what someone built with Agent 4.
So far, we’ve seen:
     • creative tools
     • real-world apps
     • ambitious experiments
But there’s still time to jump in. Submissions for this week close midnight Wednesday.
 
Here’s the challenge:
Build something real with Agent 4.
Make a video about it.
Post it.
That’s it.
This isn’t just about what you build, it’s about how you tell the story.
 
Not sure where to start?
Start simple:
     • build something small but useful
     • show how it works
     • explain why it matters
You don’t need a full production setup, just focus on the basics:
     • clear audio
     • simple lighting
     • good pacing
     • a clear story
That alone goes a long way.
 
Want inspiration?
📣 Announcement video
🏆 Week 1 winner
🎥 Tips: How to Make Your App Go Viral
Get started
We’re awarding one winner every week.
$5,000 is still up for grabs this week.
Give it a shot → replit.com/contentchallenge
👍7🔥2🤔1