Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
709 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
Мен сияқты AWS пен GCP кірген сайын айналшық жеген қойдай миы айналып қалатын адамдарға арналады. Әзірге, Azure ғана түсініктірек сияқты;))

AWS in plain English:
• EC2 → rent a server in minutes
• S3 → store anything, anytime
• RDS → database without headache
• Lambda → run code, no servers to manage
• API Gateway → expose your backend safely
• CloudWatch → see what’s breaking
• VPC → your private network
• IAM → who can do what
• CloudFront → make apps fast globally
• DynamoDB → scale without worrying
• SQS → apps talking reliably
• SNS → broadcast alerts instantly
1🔥13
Жалпы, естеріңізде болсын дегенім...
🔥7
4 дөңгелекті гаджеттер заманы немесе электромобильдер туралы

{29 қаңтар, 2020 жылы жазған мақалам}

#####

2025 жылғы Колеса.кз хабарландыру:

- Sony деген мәшинә сатам, аласың ба?
- Еее жоға, өзімнің ASUS деген көлігімді өткізе алмай жүрмін...

Заман ағымы өте қызық. Айталық, алысқа жаяу сапар шеккенде басында тым ұзақ жер көрінгенмен, жайлап қыбырлап-жыбырлап ілбіп жүре берсең, ақыр түбі әлгі жерге жетесің ғой? Сосын барып артыңа көз салсаң, сонша жерді жаяу басып өткен боп шығасың. Қайран қаласың. Немесе "Абай жолы". "Көшпенділер", "Война и Мир" сияқты қалың кітаптарды қолға алғанда терең күрсінбей-ақ, жайлап алғашқы беттерінен парақтап оқи берсең, оқи берсең, ақыры бітіресің ғой оны да. Сосын барып соңғы бетін жауып жатқанда, әлгі қалың кітапқа қарап отырып көз саласың да "Мдааа, мынаның бәрін оқып тастадым ба?" деп қайран қаласың.

Мен сіздерге қызық айтайын, дәл қазір дәл осындай кейіпте біздің басымыздан күнделікті күйбең тірлік арасында технологиялық тарих өтіп жатыр. Жобамен 5-10 жылдан кейін артымызға қарасақ, адам таңқаларлық кезеңдерден өткен боп шығамыз. Ал шындығында, біз үшін үйреншікті боп кеткен техношешімдер, кезінде ілбіп, біртіндеп, миллиметр-миллиметрмен жылжып барып табылған сенсациялық жаңалықтар жиынтығы боп саналады. Мысалы, сіз бен біз әбден үйреніп кеткен браузердегі, экрандағы, ашық тұрған бағдарлама терезесіндегі "Свернуть" деген батырма соған анық дәлел. Оны ойлап табу, реализациясын жасау, оның қолданушылар үшін расында қажет екенін ұғыну - кәдімгідей жаңалық болған.

Мәселен, жыл сайын АҚШтың Лас-Вегас қаласында CES деген техношоу өтеді. Consumer Electronics Show деп аталатын бұл халықаралық технологиялық көрмеде әлемнің техногиганттары мен гигант еместері һәм нарыққа кіргісі кеп қамданып жатқан, тырысып жатқан, бел шешіп кіріскелі жатқан барлық өндірушілер мен жаңалық тапқыштар жиналып, өз өнімдерін көрерменге, журналистерге, әлем жұртшылығына ұсынады. Ол жерде көпшілік назарына ұсынылған технологиялардың барлығын бір сөзбен айтып шығу мүмкін емес, интернеттен іздеп тауып аларсыздар. Мен тек бір нәрсеге назар аудартқым келеді.

Биылғы Consumer Electronics Show кезінде Sony компаниясы өзінің концепт-карын ұсында. Бұл электромобиль Tesla секілді көлік болмақ және дизайны жағынан керемет үйлесім тапқан. Ең қызығы да сол, артынша қытайлық ірі концерн Foxconn да Fiat-пен біріге отырып өздерінің электромобилін шығармақшы боп жатқанын айтып қалды. Ал Foxconn әлемдегі компьютерлердің жартысының аналық тақтасы мен Apple компаниясының iPhone-дарын шығаратынын ескерсек, оның қолынан бұл салаға түрен салу келіп та қалуы әбден кәдік.

Ситуацияның қызық жері де сол, енді бір 5-10 жылдан кейін біздің көшемізде іштен жану двигателі жұлдыздарының қасында ASUS, LG, SONY, FOXCONN секілді гаджет алпауыттарының көліктері қатар жүруі әбден ықтимал. Себебі, қазірдің өзінде техно мамандар Tesla бастаған жақын болашақтың автомобильдерін "4 дөңгелегі бар ішінде адам отыратын гаджет" деп атап жүр. Өйткені, бір ғасыр бойы үстемдік құрған іштен жану двигателінің орнын электроника басып, смартфоныңыздың Android немесе iOS операциялық жүйесін жаңарту арқылы, былтыр сатып алған телефоныңызда қосымша керемет функциялар пайда болатыны секілді, қазіргінің электромобильдері де сіз зауыттан сатып алғанда басқа гаджет болып келгенімен, келесі айда басқару жүйесіндегі жаңалауды жүктеп алып, көлігіңізді мүлдем жаңа функциялары бар автомобиль ретінде қолдана бересіз. Керемет емес пе?

#######

Мына жазбамды мұрағаттан тауып алдым. Жалғыз қателескен тұсым, Asus, Sony емес, қытайлық көліктер қаптайтынын білмей қалғаным екен.
2👍13🔥9🤯4
Бүгін түнде Кинопоиск, Нетфликс, Ютуб қарамаңыз. Әлемдік ең үздік ғылыми мақалалардың қазақша түсіндірмесін оқып жатыңыз;))

Жоба ұнаса, айтарсыз

https://paper.silte.me
1👍38
Токен, кредит, ЖИ

Осы "Мен қанша отырсам да лимит таусылмайды" деушілер, не істейсіңдер сонда? Әлде, керісінше, ештеңе істемеген соң лимиттеріңіз бітпей ме?:))

Менде Claude, Codex дегендерді айтпағанда, мына Құдайдың теп-тегін Gemini-ы да бітіп қала береді.

(теп-тегін болғанда, айына $20 Gemini Pro ғой.)
👍15
Ғылыммен не үшін айналысу керек?

OpenAI компаниясы өзінің кезекті есебін жариялады. Соған сүйенсек, 75 қызметкері кемінде $30.000.000 долларға акция бөлігін сатып, мультимиллионер атанған.
👍22
Жас түлектерге, ата-аналарға, жалпы оқуға түскісі келетіндерге арналған визуал, дата аналитикалық дашборд платформа: https://universe.silte.me
👍23🔥2
ЖИ үшін қанша жұмсайсыздар?

Мыс: фото-видеоға, кодиң жұмыстарға, вайбкод жасауға, OpenClaw сияқты агенттерге? Ақылы сервис ретінде сұрап отырмын. Менде 100.000 теңгеден асып кетеді кейде🤨
😁10👍3🤔2
📌 Вакансия: Middle Business Analyst
🏢 QazaqGaz Aimaq (в штат)

Условия:
• заработная плата: 800 000 ₸ на руки
• работа в крупной национальной компании
• интересные и масштабные проекты

📍Ищут middle-уровень аналитиков.

Для связи:
📞 +7 705 452 2209

Ключевое слово: «от Гульшат» 🤝
🔥13
“ЖИ Инженер болғым келеді”

..деп жүрген жастарға ақылым.

Мынадай жобаларды жасаңыздар. Ағылшынша оны pet project дейді. Мейлі студент бол, мейлі кәсіби бағдарламашы бол, мейлі жас маман һәм кәрі маман бол, маңызды емес. Маңыздысы: осындай жобаларды жаса.

“Не үшін? Зачем?” деген сұраққа жауап - қол үйрету үшін. MLOps, LLMOps, API, vector DB, token management деген сияқты жүздеген мәселеге көзің анық жетеді.

1) Көп нәрсе айтқанда оңай, өзің қолмен істегенде… пррблема басталады.

2) Ақылы API-ға жатып алу - ІТ-мүгедектікке апаратын төте жол.
👍20🔥8