Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
710 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
YouTube-та біраз каналға сұқбат бергем. Бірақ адам баласы қарамайды:) Шамасы, өте нашар спикер сияқтымын деп өзімді кінәлап қоя саламын, үнемі. Бірақ, уақыттарыңыз болғанда бір отырып қарап шығып, пікір жазсаңыздар, бәлкім алгоритм ұстап, рекке шығып кетер:)


https://youtu.be/PeVmNoZzEL4?si=km-ssIMJeoKx8nCv
🔥34👍8
🚀 В команду Aitas KZ приглашаем Аналитика данных (Middle+/Senior, Statistical & Mathematical Analytics)

Ищем не классического BI-/репортинг-аналитика, а специалиста с сильным математическим и статистическим бэкграундом, который умеет находить закономерности в данных, выявлять причины отклонений и превращать данные в решения для бизнеса.

Важно: это роль с фокусом на статистический и математический анализ, а не только построение отчетности и дашбордов.

📩 Резюме: kamila.chumbalova@aitas.kz

ПыСы: кодовое слово “Тимурдан” 🙃
🔥12
ІТ-шник деген программистер емес!

Неге екенін білмеймін, біздің елде “ІТ маман” дегенде тек қана бағдарламашыларды меңзейді. Егер талапкерлер университтерге құжат тапсырса, басым көпшілігі не Компьютер сайнс не Софтуар инжинириңге барады.

Мәселен, мен Астана ІТ Университетіне түсетіндерге Киберқауіпсіздікке немесе Телекомға баруды насихаттаймын. Сол кезде жастардың көзінен “Сен не айтып тұрсың? Телекомы несі?” дегенді байқаймын. Шындығында, телеком да ІТ, киберқауіпсіздік те ІТ, желілік инженерия да ІТ. Тіпті бағдарламашыларға қарағанда, солар нағызырақ ІТ саласы деуге болады.

Мына видеоны қараңыздаршы. Телеком, киберқауіпсіздік, бағдарламалау және желілік нетуоркиңнің нағыз буданы, гибриді қосылған жер. Міне, біздің жастар университет бітіргенде көптің бірі боп қалғысы келмесе, жыл сайын біздің университеттерден шығатын “Just another software developer” болғысы келмесе, осындай деңгейде білім алғаны дұрысырақ.
https://youtu.be/DzumJ-qI3qs?si=T_TilbB6QBzKofSb
👍17🔥6
Тимурдан Инфо | it&tech
ІТ-шник деген программистер емес! Неге екенін білмеймін, біздің елде “ІТ маман” дегенде тек қана бағдарламашыларды меңзейді. Егер талапкерлер университтерге құжат тапсырса, басым көпшілігі не Компьютер сайнс не Софтуар инжинириңге барады. Мәселен, мен Астана…
Айтпақшыыыыыы

Екібастұзда үлкен дата центр салынып жатыр.

Оған;

Киберқауіпсіздік мамандары керек

Телеком мамандары керек

Желілік администраторлар керек.

Ол маманды қайдан тартады? Әрине, шетелден! Неге?

Өйткені, біздің жастар тек қана софтвар инжириңге түсе береді.

Сондықтан, биыл оқуға түсетіндер осы мамандықтарға барыңыздар!
1👍36
Абитуриенттер мен ата-аналар қаперіне!

Қазақстанның ЖИ саласындағы алғашқы университеті - Qazaq AI Research University биыл 20 маусымнан бастап құжат қабылдайды.

Жоғары оқу орны бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша 500 студент қабылдауды жоспарлап отыр.

Оқу процесі толығымен ағылшын тілінде жүргізіледі.

Грантқа түсу үшін талапкерлер ҰБТ-дан кемінде 90 балл жинап, бейіндік пән ретінде «математика / информатика» бағытын таңдауы тиіс.

Ақылы бөлімге түсу үшін шекті балл - 70.

Мекені: Астана, Экспо, В2.2
👍30
IT саласын көбірек біле түскісі келетін жастарға, жас түлектерге, ата-аналарға арнап 40 шақты осындай ГАЙД жасап қойдым. Енді неше теңгеден сатарымды білмей отырмын. 5-6 мың теңге десем, қалай?

Негізі, тегін де бере салуға болады. Бірақ, адамдар сенен тегін алғанды біреуден 100-200 мың теңге төлеп алып жатқанда, сәл ренжіңкіреп қалатыным бар:)))
1👍50🔥9
Hello,

We’re excited to introduce the next generation of Windsurf: Devin Desktop.

Devin Desktop builds on the IDE foundation of Windsurf and the Agent Command Center introduced in Windsurf 2.0 to give you one place to manage all your agents.

If you’re already using Windsurf, you don’t need to do anything. Devin Desktop will arrive as a standard over-the-air update. Your plan, pricing, extensions, settings, and other features remain the same.

The Agent Command Center
Devin Desktop makes the Agent Command Center the default surface for managing every local and cloud agent from a single Kanban view. Spaces help group sessions, PRs, files, and context so related work stays together.

Devin Desktop is not just for Devin
Devin Desktop launches with support for the Agent Client Protocol (ACP), an open-source protocol that lets compatible agents run inside ACP-compatible editors.

That means you can run Devin alongside Codex, Claude Agent, OpenCode, and other ACP-compatible agents — including agents built by your team in-house. Third-party agents show up in the same Kanban view, run inside Spaces, and share context with other agents.

The power of an IDE, exactly when you need it
Devin Desktop is a full IDE with an agent manager built in — not the other way around. The editor, extensions, keybindings, LSPs, and workflows you rely on are all still there and backwards-compatible with Windsurf and VS Code.

Introducing Devin Local
Devin Local is now our primary local agent and the successor to Cascade. It has been rewritten from scratch in Rust, supports the same capabilities and settings as Cascade, is up to 30% more token efficient, and supports modern features like subagents.
👍7
Harness engineering деген осы

Analytics Vidhya дегенге жазылып алыңыздаршы. Керемет дүниелер айтады
👍19🔥2🤔1
ҚР ЖИ Министрлігінің AI Leaders жобасын сәтті аяқтап, Stanford University HAI мен OpenAI Academy сертификатын марапаттау кешіне кеп қалдық.

Суретте осы жобаны ұйымдастырушы, Орталық Азия стартаптарының АҚШ-тағы көшбасшы орталығы Silkroad Innovation Hub басшысы Әсет Әбдуалиев деген досым.

Сіздерге де бұйырсын ✊
👍38🔥18
ЖИ мүмкіндігі

Қараңыздаршы?

1 ауыз сөзбен Gemini Қазақстанның рельеф картасын жасап берді.

Картографтар, жалпы топология, картографиямен айналысатындар біледі, бұл бұрын машақат шаруа болатын…
👍22
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Anthropic Claude-тың Fable 5 деген жаңа ЖИ моделін жариялады. Мында бір жігіт соны Opus 4.8 моделімен салыстырып көріпті. Нәтижесін қарарсыздар.
1🔥18
ҚР Қорғаныс министрлігі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылым қоры» АҚ-мен бірлесіп, AI-Sana жобасы аясында жасанды интеллект бойынша оқыта бастайды.

Бағдарламаға еліміздің әскери оқу орындарының 100 курсанты, магистранты және докторанты қатысады.

Оқыту осы айда онлайн форматта өткізіліп, оған халықаралық сарапшылар тартылады.

Бағдарлама Stanford және MIT секілді жетекші университеттердің білім беру тәжірибесіне негізделген.

Жоба жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, ғылыми зерттеулер және DeepTech-стартаптар саласындағы құзыреттерді дамытуға бағытталған.

Ақпарат: ҚР Қорғаныс вице-министрі Darkhan Akhmediev
🔥13👍6
IT саласына түсіп жатқан жастарға кеңесім:

Болашақта жұмыссыз қалмау үшін сізге 3 қабілеттің біреуі керек (3-еуі қатар болса, құттықтаймын! Сіз болашақ миллионерсіз!)

1) Жүз жерден интроверт болсаңыз да экстроверт болыңыз. Форум, семинар, хакатондарға қатысыңыз. Нетуоркиң жасаңыз. Сол арқылы көзге түсесіз.

2) Өте мықты, өз саласын жетік білетін маман болыңыз. Жұмыс берушілер өздері іздеп табады.

3) Кәсіпкерлік қабілетті дамыту керек. Өзіңізді, өніміңізді, біліміңізді сатып үйреніңіз.
🔥42
Жұмыс іздеп жүрген жастарға кеңесім:

Кафеде, коуоркиң орталықта, әйтеуір бір көпшілік жерде Lenovo ThinkPad (клавасының ортасында қызыл түймесі болады) немесе Dell ноутбукпен отырған адам көрсеңіз, бірдеңе қылып қасына жақындап, әңгімеге тартып, танысып алуға тырысыңыз.

Өйткені, әдетте, олар корпоратив әлемнің адамдары боп келеді:)) Мысалы, мұнай-газ саласының, шетелдік компанияларда істейтін адамдардың дені сондай құрылғымен жүреді. Арасында HP Elitebook ұстайтындары да болады.

ПыСы: "Бәрі емес. Ондай нотубукты мен Каспий дүкеннен де сатып ала алам" деп жабылып кетпеңіздер. Жалпы атрибутын айтып жатырмын. Адамға да қарайсыздар ғой:))
😁32🔥13
Промпт инжиниринг

туралы барлығыңыз ендігі естіп болдыңыздар ғой, иә?

Біреулер оны кәсіби түрде жақсы қолданып жүр. Біреулер естісе де әлі қолданбайды дегендей.

Сол промпт инжиниринг деген керемет дүние. Мысалы, chain of thought, react, тағы басқа advanced prompting түрлерін қолдану - жақсы нәтиже береді.

Алайда, адам баласы еріншек қой. Қол астыңда әлемдегі ең қуатты ЖИ құралдары тұрғанда 10 бет промпт жазып отыратын ерік-жігер қайда? Адамзат баласының еріншектігі оған жібермейді. Сондықтан да қазіргі маңдай алды деген ЖИ чатботтардың басым көпшілігі One Shot Prompting дегенге адаптация жасалған. Яғни, қолданушының бір сөйлемінен-ақ оның intent-ін [ниетін] түсініп, шама келгенше ол қалағандай нәтиже шығаруға тырысады.

Міне, лендинг пейдж жасауда, әртүрлі вайбкод сайттар жасауда ең мықты құралдардың бірі - Lovable дер едім. System prompt-қа (өздерінің ішкі жүйелік нұсқаулығы) не жазғандарын білмедім, алайда, қалаған дүниеңнің әдемі кескінін алуда оған жететін ЖИ құрал көрмедім. Тіпті Claude-тің өзінде мың қайталап, пәленбай скил, түгенбай плагин, фигма-сигма қосып отырып, көңілің ұнатар дизайнды әрең шығарасың.

Сондықтан, вайбкодиңнің техникалық жағына емес, визуал жағына, әдемілігіне қаттырақ мән беретіндер үшін осы құралды қолдануға кеңес беремін. Күн сайын 5 кредит па екен, қателеспесем, тегін береді. 👇👇👇

https://lovable.dev/invite/3K6OWN1
🔥14👍8
Мынаған сенейік пе, жігіттер мен қыздар?

boris cherny shipped 259 PRs in 30 days and typed none of them. claude code wrote every line.
🔥10👍1
Обшым...

Жастарға кеңесім [ретін табатындарға]:

Вайбкодиң қайнап тұрған шақ қой. Идея көп. Оның барлығын жасай беретін токен қайда, кредит қайда, кодекс пен клод қайда? Әрине, жоқ. Өйткені, лимит деген тез бітіп жатыр.

Қайтпек керек?

АҚШ-та жүрген бір братанды/апашканы табасың. Америкалық нөмірін сұрап аласың. "Апашкі/быратан, мені танисың ғой, алаяқ емеспін. Прост қазір сізге пинкод келеді, соны айта қойшы" дейсің. Болды.

Сосын ол әміркалық нөмірмен nvidia nim дегенге барып тіркелесің де апашкің һәм братаның жіберген пинкодты енгізесің. Сол кезде glm, kimi, deepseek, qwen дегендердің ең соңғы модельдеріне ТЕП-ТЕГІН қол жеткізесің.

Сосын не істейсің? Сосын Visual Studio Code дегеннің ішінен Kilo атты экстеншн қондырасың. Соның ішінен Custom provider немесе Nvidia деген провайдер таңдайсың. API енгізесің. Болды!

Пажалыста! Вайбкодиңді ұра бер!

Міне, осындай лайфхакты орыстардан $25.000-ға сатып алмаңыздар. Тегін айтып отырған кезде қолданып қалыңыздар:))

[Әрине, ол жақта мың-миллион модель бар. Мысалы, Whisper Large деген сияқты. Немотрон өз алдына]
🔥42😁21👍1