Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
710 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
OpenAI GPT-6 Astra-ны шығарды: AI «жауап беруден» жұмысты толық орындауға көшіп жатыр

3 қыркүйекте OpenAI⁠ жаңа GPT-6 Astra моделін таныстырды.

Компания оны салық құжаттарын дайындау, бағдарламалау, архитектуралық визуализация, заңдық құжаттарды форматтау, іздеу және басқа көпсатылы жұмыстарды өздігінен орындайтын enterprise agent ретінде позициялап отыр.

Reuters келтірген OpenAI сынағында бір жұмыс іздеу тапсырмасына адам шамамен бес сағат жұмсаса, Astra оны 2 минут 51 секундта орындаған.

Бірақ осы жаңалықтың ең маңызды бөлігі benchmark емес. OpenAI Astra-ның кей жағдайда өз reasoning іздерін жасыруға бейімділігі күшейгенін, сондықтан модельдің нақты не істегенін кейін тексеру қиындай түсетінін айтты. Компания автоматты shutdown механизмдерін де әзірлеп жатыр.

Неге маңызды: AI экономикасының интерфейсі тағы өзгереді. Chatbot дәуіріндегі «маған жауап бер» біртіндеп «осы жұмысты басынан аяғына дейін жасап бер» моделіне ауысады.

Сондай-ақ, NVIDIA⁠ Hugging Face⁠ платформасын $12,93 млрд-қа сатып алатынын жариялады.
🔥14👍3
The-Complete-Guide-to-Building-Skill-for-Claude.pdf
548.5 KB
Қызық заманда өмір сүріп жатырмыз.

Бұрын ақпарат айына бір шығатын. Аударып та, оны түсіндіріп те, жазып та үлгеретінбіз.

Ал қазіргі көзіңді жұмдың, қайта аштың, жаңа технология шықты. Аудармақ түгіл оқып, оқымақ түгіл ілесіп үлгермей жатырмыз.

Сол үшін қазақтар да үйрене берсін деп ЖИ арқылы аударма нұсқаулықтар жасап едім, адамдар ренжіңкіреп қалды. Күнде шығып жатқан мәліметтің барлығын аударып, коррекция жасап, мыжып отыратын уақыт пен энергия қайда? Обшым, барлығыңызда ChatGPT, Gemini бар ғой, өздеріңіз аударып аларсыздар.

Бірақ, осыны үйреніп алыңыздар. Өте маңызды қабілеттердің бірі
🔥22👍12
Claude_үшін_Skills_құру_бойынша_толық_нұсқаулық_Аударған_Тимур.pdf
162.1 KB
Claude Skills - қазақша, тегін!

Оқыңыздар, үйреніңіздер, таратыңыздар!

@timurdainfo
👍43
Кеше шыққан GPT-6 Astra - OpenAI-дың ең қуатты моделі, кеше 3-4 қыркүйекте Daybreak киберқорғаныс бағдарламасы арқылы жарияланды.

Жақын күндері Plus/Pro/Enterprise және API-ға келеді.

Мүмкіндігі:

компьютер мен браузерді өздігінен басқару, ұзақ тапсырмалар, код жазу, құжат/кесте/презентация жасау, сурет пен видеоны біріктіріп құрал табу - тіпті 10 шешілмеген математика есебін шешкені айтылды.

Бұл OpenAI тарихындағы алғашқы critical киберқауіпсіздік деңгейіне жеткен модель, яғни zero-day осалдықтарды өздігінен тауып, пайдалана алады.

Артықшылығы:

OpenAI оны "ең ақылды және ең тураланған" деп атады. Жылдамдық пен дәлдігі жоғары. Бенчмарктарда Anthropic-тың Fable 5-пен тең код жазады, бірақ тапсырма басы арзанырақ.

Кемшілігі/даулы тұсы:

Дәл сол кибер-қуатына байланысты қауіпті - кейде адам бақылауынан жалтаруға тырысады деп ескертілді. Сондықтан тек шектеулі alpha-тестерлерге ашық, 91.5% jailbreak-ты тойтарады бірақ қатаң safeguard пен мониторинг қажет
🔥16👍2
Қараңыздаршы, мен сіздерге не тауып алып, аударып әкелдім?🔥🚀

Мың жылдық ертегілер AI агенттері туралы бізден бұрын не білген?

Авторлары: Bruce Schneier және Barath Raghavan
Жарияланған күні: 2 қыркүйек 2026
Дереккөз: Schneier on Security / Lawfare
Қолжетімділігі: тегін

Бағыты: AI × технология × тарих × мәдениет × қоғам.

Бұл жолғы материал ерекше, өйткені авторлар AI агенттерін түсіндіру үшін benchmark, neural network немесе AGI терминдерінен емес, Мидас патша, сиқыршының шәкірті, Прага големі, Frankenstein, Asimov роботтары және HAL сияқты адамзаттың көне әңгімелерінен бастайды. Олардың тезисі: біз AI-мен мүлде жаңа проблемаға тап болған жоқпыз. Мыңдаған жыл бойы адамдар «өте қуатты нәрсеге тілегіңді дәл жеткізе алмасаң не болады?» деген сұрақ туралы хикая айтып келген.

Мұндағы негізгі айырмашылық - кәдімгі software көбіне тоқтап, қатып немесе error беріп істен шығады; AI агенті болса қате мақсатты орындауды табандылықпен жалғастыра беруі мүмкін. Авторлар нақты мысалдар келтіреді: бір агент мәселені шешемін деп компанияның дерекқоры мен backup-тарын өшірген; басқа агент толық спортзал сабағына орын табу үшін өзге адамдардың броньдарын алып тастаудың жолын тапқан. Яғни машина тапсырманы орындады - бірақ адам шын мәнінде қалаған нәрсені орындамады.

Осыдан авторлар өте пайдалы “genie coefficient” ұғымын ұсынады: AI-дың жасаған әрекеті адамның айтқан нұсқауынан емес, оның шын ниетінен қаншалықты алыстап кетті? Бұл маңызды өлшем, өйткені қазіргі benchmark-тер көбіне «тапсырманы орындады ма?» деп сұрайды; «оны ақылға қонымды жолмен орындады ма?» дегенді әлдеқайда нашар өлшейді.

Негізгі идеяны төрт сөйлеммен түйіндесем:

AI агенттерінің ең қауіпті қатесі бұйрықты орындамауы емес, оны тым дәл орындауы болуы мүмкін. Адам тілі ешқашан біздің барлық жасырын шарттарымызды, құндылықтарымызды және «мұны істемеу өзінен-өзі түсінікті ғой» деген болжамдарымызды толық сипаттай алмайды. Бұрын мұндай түсінбеушіліктің әсері баяу әрі шектеулі еді; автономды агенттер оны секундтар ішінде кодқа, ақшаға, поштаға және нақты әлемдегі әрекетке айналдыра алады. Сондықтан AI дәуіріндегі маңызды инженерлік мәселенің бірі «машина қаншалықты ақылды?» емес, «айтқанымыз бен шын қалағанымыздың арасындағы бос орынды ол қалай толтырады?» деген сұрақ болуы мүмкін.

Маған бұл эссенің дәл келетін тұсы - технологияны тарих пен мәдениет арқылы түсіндіруі. AI-ды болашақтың бөтен құбылысы ретінде емес, адамзаттың билік, бұйрық, ниет және күтпеген салдар туралы өте көне проблемасының жаңа әрі жылдам нұсқасы ретінде көрсетеді.
🔥15😱3
Қыздар мен жігіттер, Claude инженерлері Claude Code-ты қалай қолданатынын, модельдегі контекст терезе мен кэшті дұрыс қолдану, агенттер мен субагенттерді, құралдар мен плагиндерді қалай қолдануды үйренгілеріңіз келсе, мына бір тамаша мастер-класты қарап шығуға кеңе беремін.

https://youtu.be/shZgedW15vg?si=QeXsP9hcjPhNPczX
👍18
Қысқасы, егер сен жиырма жасыңда «мен әлі өзімді іздеп жүрмін» деп, таңғы төртке дейін TikTok қарап, түсте оянып, сосын «Қазақстанда мүмкіндік жоқ қой негізі» деп философия соғып отырсаң — Шоқан Уәлихановтың өмірбаянын абайлап аш.

Психикаңа ауыр тиюі мүмкін.

Өйткені сен 22–23 жасыңда қай мамандықты таңдарыңды білмей жүргенде, мына жігіт Орталық Азияның картасын зерттеп, қырғыздың «Манасын» қағазға түсіріп, ғылыми еңбектер жазып, Ресейдің География қоғамына кіріп, артынан бөтен адамның кейпіне еніп, еуропалықтарға жабық Қашғарияға кіріп кеткен.

Және осының бәрін Instagram-ға бірде-бір сторис салмай істеген.

Ең өкініштісі сол.

Контенттің бәрі күйіп кеткен.

1835 жыл.

Қазіргі Қостанай өңіріне жақын Күнтимес деген жерде бір бала дүниеге келеді.

Шын аты — Мұхаммед-Ханафия.

Бірақ әжесі оны еркелетіп Шоқан дейді.

Сөйтіп Мұхаммед-Ханафия деген салмақты есім тарихта қалып, халыққа Шоқан деген төрт әріптік бренд кетеді.

Оның шыққан ортасы да жай емес.

Шоқан — Абылай ханның шөбересі.

Әкесі Шыңғыс Уәлиханов — аға сұлтан болған, орысша білім алған адам.

Яғни Шоқан кедей үйден шығып, нөлден көтерілген типтік motivational кейіпкер емес.

Мұны әдейі айтып отырмын.

Өйткені тарихты қызық қыламыз деп өтірік қосудың керегі жоқ.

Шоқанның privilege-і болды.

Текті орта.

Білім алуға мүмкіндік.

Байланыс.

Бірақ privilege саған старт береді.

Финишті бермейді.

Саған қымбат MacBook алып бергенмен, оның ішінде сенің орныңа ешкім код жазып бермейді ғой.

Шоқанға да тағдыр жақсы hardware берді.

Ал software-ін өзі орнатты.

Он екі жас шамасында оны Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға береді.

Енді мынаны елестет.

Даладан келген қазақ баласы.

Омбы.

Әскери тәртіп.

Бөтен орта.

Орыс тілі.

География.

Тарих.

Әдебиет.

Математика.

Топография.

Шоқан осының бәрін сорғыш сияқты тарта бастайды.

Бір қызығы — ол тек «сабақты беске оқитын ботан» болып қалмайды.

Оған адамның өзі қызық.

Халықтар неге әртүрлі?

Неге бір халықтың аңызы екіншісіне ұқсайды?

Дін қалай өзгереді?

Даладағы билік қалай жұмыс істейді?

Адамдар неге соғысады?

Империя шеттегі халықты қалай басқарады?

Картадағы мына таудың ар жағында кімдер тұрады?

Яғни баланың басында Google Search тоқтамай жұмыс істеп тұрған.

Тек Google-дың өзі әлі туған жоқ.

Жалғастырайын ба?
🔥75👍22🤔2
Apple презентациясына кеп қалдық.

iPhone 18 Pro мен iPhone 18 Pro Max шықты. Биылдыққа iPhone моделі болмайды. Тек Pro және Pro Max болады. Сондай-ақ, бургунди деген түспен ұсынып жатыр.

Әрине, 2nm 🔥 жаңа чип
🔥32
Шықты!

Бүктелмелі IPhone

iPhone Duo 🔥🔥🔥
🔥19🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Обшым, iPhone Duo

АҚШ-тағы бағасы - 256GB үшін $1990 басталады


Видео: mkbhd
👍9