Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
710 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
Қысқасы, егер сен жиырма жасыңда «мен әлі өзімді іздеп жүрмін» деп, таңғы төртке дейін TikTok қарап, түсте оянып, сосын «Қазақстанда мүмкіндік жоқ қой негізі» деп философия соғып отырсаң — Шоқан Уәлихановтың өмірбаянын абайлап аш.

Психикаңа ауыр тиюі мүмкін.

Өйткені сен 22–23 жасыңда қай мамандықты таңдарыңды білмей жүргенде, мына жігіт Орталық Азияның картасын зерттеп, қырғыздың «Манасын» қағазға түсіріп, ғылыми еңбектер жазып, Ресейдің География қоғамына кіріп, артынан бөтен адамның кейпіне еніп, еуропалықтарға жабық Қашғарияға кіріп кеткен.

Және осының бәрін Instagram-ға бірде-бір сторис салмай істеген.

Ең өкініштісі сол.

Контенттің бәрі күйіп кеткен.

1835 жыл.

Қазіргі Қостанай өңіріне жақын Күнтимес деген жерде бір бала дүниеге келеді.

Шын аты — Мұхаммед-Ханафия.

Бірақ әжесі оны еркелетіп Шоқан дейді.

Сөйтіп Мұхаммед-Ханафия деген салмақты есім тарихта қалып, халыққа Шоқан деген төрт әріптік бренд кетеді.

Оның шыққан ортасы да жай емес.

Шоқан — Абылай ханның шөбересі.

Әкесі Шыңғыс Уәлиханов — аға сұлтан болған, орысша білім алған адам.

Яғни Шоқан кедей үйден шығып, нөлден көтерілген типтік motivational кейіпкер емес.

Мұны әдейі айтып отырмын.

Өйткені тарихты қызық қыламыз деп өтірік қосудың керегі жоқ.

Шоқанның privilege-і болды.

Текті орта.

Білім алуға мүмкіндік.

Байланыс.

Бірақ privilege саған старт береді.

Финишті бермейді.

Саған қымбат MacBook алып бергенмен, оның ішінде сенің орныңа ешкім код жазып бермейді ғой.

Шоқанға да тағдыр жақсы hardware берді.

Ал software-ін өзі орнатты.

Он екі жас шамасында оны Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға береді.

Енді мынаны елестет.

Даладан келген қазақ баласы.

Омбы.

Әскери тәртіп.

Бөтен орта.

Орыс тілі.

География.

Тарих.

Әдебиет.

Математика.

Топография.

Шоқан осының бәрін сорғыш сияқты тарта бастайды.

Бір қызығы — ол тек «сабақты беске оқитын ботан» болып қалмайды.

Оған адамның өзі қызық.

Халықтар неге әртүрлі?

Неге бір халықтың аңызы екіншісіне ұқсайды?

Дін қалай өзгереді?

Даладағы билік қалай жұмыс істейді?

Адамдар неге соғысады?

Империя шеттегі халықты қалай басқарады?

Картадағы мына таудың ар жағында кімдер тұрады?

Яғни баланың басында Google Search тоқтамай жұмыс істеп тұрған.

Тек Google-дың өзі әлі туған жоқ.

Жалғастырайын ба?
🔥75👍22🤔2
Apple презентациясына кеп қалдық.

iPhone 18 Pro мен iPhone 18 Pro Max шықты. Биылдыққа iPhone моделі болмайды. Тек Pro және Pro Max болады. Сондай-ақ, бургунди деген түспен ұсынып жатыр.

Әрине, 2nm 🔥 жаңа чип
🔥32
Шықты!

Бүктелмелі IPhone

iPhone Duo 🔥🔥🔥
🔥19🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Обшым, iPhone Duo

АҚШ-тағы бағасы - 256GB үшін $1990 басталады


Видео: mkbhd
👍9
Senior Robotics Researchers Wanted | 💰 $250K–$350K

💵 Base Salary : $250K–$350K USD/year
💼 Full-Time Position
🌎 Remote

🎯 Key Requirements:

• Robotics research + robot learning
• Embodied AI + robotics data
• Perception, manipulation + control
• Imitation learning + reinforcement learning
• Multimodal robotics datasets
• Robotics data pipelines + evaluation
• Research/technical team leadership
• Large-scale data collection strategies

Apply here 👇
https://tr.ee/BAamo0
🔥12👍5
ТРЕНД!

Қарап отырғанша жұрттың істегенін қайталап көрейік.

ChatGPT - ге осылай жаз:

«Мен туралы не білесің, бәріне сүйене отырып, осы контейнердің екі бөлігін де маған сәйкес келетін әртүрлі заттармен толтыр.»

Астына қалдыр, көрейік;)
👍17
 
 
💻 Kimi Code: launched a desktop app for macOS and Windows that manages multiple agents in one space and runs tasks in parallel on long-horizon work.
🎞️ Motion: added Motion Studio, a visual editor for animations on a live site, plus the Ultramotion editing agent, with inspection and visual editing free.
🛡️ Aikido: released Altar-1, its first open-weight security model, built for defensive work and meant to be deployed on your own infrastructure.
🤖 Devin: added Devin Cloud in Terminal, so /cloud creates and resumes sessions from the CLI, and SSH access to Devin's VM with /handoff to your device.
👍5