Үйленгісі келетіндерге ғажап бір дұға
Ұстазым бір әңгімесінде маған айтып берген еді:
«Мен үйленбей тұрған кезімде мына дұғаны көп айтатынмын», – деді де былай үйретті:
اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ زَوْجَةً صَالِحَةً تُحِبُّهَا وَأُحِبُّهَا، تَرْضَى عَنْهَا وَأَرْضَى عَنْهَا
«Уа, Аллаһым! Маған Сен жақсы көретін әрі мен де жақсы көретін, Сен разы болатын әрі мен де разы болатын бір салихалы әйел нәсіп ете гөр».
Сосын ол кісі айтты:
«Қазір әйелім мен үшін бүкіл әлемнің әйелдерінен артық. Тіпті оның жәннәттық екенін де жүрегіммен сеземін».
Мен сонда ұстазыма:
— «Ондай болса, бұл дұғаны үйленгісі келіп жүргендер бәрі айтуы керек қой», – дегенімде,
— «Әрине! Бұл дұғаның мағынасы өте ғажап», – деп жауап берді.
Мен тағы сұрадым:
— «Ал әйелдер өздері үшін дұға қылып айтса бола ма?»
— «Әрине!» – деді де ұстазым: «Тіпті әйел адам бұл дұғаны айтқанда «وَيَرْضَى عَنِّي» деп қосса, ол күйеуінің өзіне разы болуын сұрағаны болады. Бұл қосу әйелдер үшін өте маңызды», – деді.
Сонда әйелдерге арналған дұға нұсқасы:
اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ زَوْجًا صَالِحًا تُحِبُّهُ وَأُحِبُّهُ، تَرْضَى عَنْهُ وَأَرْضَى عَنْهُ، وَيَرْضَى عَنِّي
«Уа, Аллаһым! Маған Сен жақсы көретін әрі мен де жақсы көретін, Сен разы болатын әрі мен де разы болатын, сондай-ақ маған разы болатын бір салихалы ер нәсіп ете гөр».
Үйленуді қалаған әрбір мұсылман бауырымыз осы дұғаны үйреніп, шын жүректен қайталай берсін. Аллаһ тағала бәрімізге разы болатын отбасылар нәсіп етсін! 🤲

❤16⚡1🥰1
Елдің сөзі тас сияқты - арқалай берсең беліңді сындырады.
Ал, аяқ астына жинай берсең, биіктей түсесің.

❤14
"Қанша дұға қылдым,
Қабыл болғаны кәні?" дейсің, шырақ.
Қанша күнә қылдың,
Жазасы берілгені кәні бірақ?
Қабыл болғаны кәні?" дейсің, шырақ.
Қанша күнә қылдың,
Жазасы берілгені кәні бірақ?
❤21🔥4⚡1
Қанағат — байлықтан артық.
Еңбек — бос уақыттан жақсы.
Кешірім — кек алудан абзал.
Ал денсаулық — байлықтан да қымбат…
Еңбек — бос уақыттан жақсы.
Кешірім — кек алудан абзал.
Ал денсаулық — байлықтан да қымбат…
❤12
Біреуге 100 теңге бере алсаңыз – қуаныңыз…
Жомарт бола алғаныңызға шүкір етіңіз 🤲🏻
Өйткені әрбір кішкентай садақа – бір үлкен сауаптың бастауы 🤍
Сіздің бергеніңіз сіз үшін аз көрінгенімен, біреу үшін үлкен көмек болуы мүмкін
Жақсылық жасаудан ешқашан шаршамаңыз…
Алла тағала ниеттеріңізді қабыл етіп, жасаған әрбір ісіңізді еселеп қайтарсын 🤲🏻

❤18
Шайтан - асықпайды…
Сен- оған ұзақ мерзімді жобасың.
Ол сені бірден құлатпайды,
ақырындап, байқатпай жетелейді…
Бүгін тек бір сүннеттен айырады…
ертең- тағы бірінен…
Сөйтіп, бір күні
жүрегіңді діннен босатып,
орнына қалағанын толтырады…
Сондықтан абай бол…
Сен- оған ұзақ мерзімді жобасың.
Ол сені бірден құлатпайды,
ақырындап, байқатпай жетелейді…
Бүгін тек бір сүннеттен айырады…
ертең- тағы бірінен…
Сөйтіп, бір күні
жүрегіңді діннен босатып,
орнына қалағанын толтырады…
Сондықтан абай бол…
❤25
Махаббатсыз сүйіктің – жай бір адам,
Махаббатпен сүйіктің – барлық адам.
Әдһам Шарқауи
Махаббатпен сүйіктің – барлық адам.
Әдһам Шарқауи
❤10
Әйел ер адамның басынан жаратылған жоқ —
оған үстемдік етпеуі үшін.
Аяғынан да жаратылған жоқ —
оны төмендетпеуі үшін.
Әйел ер адамның қабырғасынан жаратылды:
қанатының астында аялап, қорғауы үшін;
жүрегіне жақын болып, оны сүюі үшін.
Әйел — ана, әпке, қарындас, қыз, жар және жақын туыс.
Ал Алланың Елшісі ﷺ:
«Расында, әйелдер — ерлердің тең жартысы», — деген.

❤20🥰2
Байқадың ба?
Сұлу адамдар – комплимент айтады.
Бақытты адамдар – өзгелер үшін қуанады.
Көп тіл білетіндер – акцентке күлмейді.
Білімділер – білімін бөліседі.
Өзіне сенімділер – бәсекелеспейді, шабыт береді.
Ал іші бос адамдар ғана – тиісуге, қадіріңді түсіріп, өсек айтып, кемсітуге тырысады.

❤13
Сәтсіздік — бұл жеңіліс емес, тәжірибе. 🛠️
Алла сенің жолыңды жапса, демек одан да жақсы есікті ашу үшін жапты. Сабыр сақта да, әрекет ет. 🚀🔥

❤21😭2
Өмір – мұхит, уақыт – толқын,
Өмірдің алды – ыстық, арты – суық.
Алды – ойын, артқы жаты – мұңға жуық.
Абай Құнанбайұлы
Өмірдің алды – ыстық, арты – суық.
Алды – ойын, артқы жаты – мұңға жуық.
Абай Құнанбайұлы
❤12💘1
Тірілер қайтыс болғандардың көзін жұмады.
Қайтыс болғандар тірілердің көзін ашады.
Дінмұхамед Қонаев

❤21🕊1
Пайғамбарымыз Мұхаммед пайғамбар ﷺ айтты:
«Раббысын еске алатын адам мен еске алмайтын адамның мысалы – тірі мен өлі сияқты.»
📕 Сахих әл-Бұхари

❤17🐳1
Имам Жаузи былай дейді:
«Кім Алланы көп дәріптеп (тәсбих айтып) жүрсе, оның жүзі жадырап, көңілі кеңейеді. Кім Аллаға үнемі мақтау айтса (хамд етсе), оған жақсылықтар бірінен соң бірі келеді. Ал кім үздіксіз истиғфар(кешірім сұраса) айтса, оның алдындағы жабық есіктер ашылады…

❤14⚡1
Бұзылған сағаттың өзі бір тәулікте екі рет дұрыс уақытты көрсетеді.
Ал өмір бойы дос болып, сені бірде-бір рет ақиқатқа, дұрыс жолға шақырмаған адам бұзылған сағаттан да пайдасыз.

❤16⚡1💘1
Кімнің тілінде әрдайым Аллаға мадақ болса, Алла оған тоқтаусыз жақсылық жібереді.
Ибн Қойм (рахимаһулла)
Ибн Қойм (рахимаһулла)
❤24
Намазға уақыт таппаған адам – ертең азаптан қашуға уақыт таба ма?
Тозақтағы үш сайдың бірі намазға бейқам қарағандарға арналған делінеді.

❤9
🌙 Рабиғул-Әууәл айы келді! 🤍
Бұл — ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ дүниеге келген ай.
Осы берекелі айда Пайғамбарымызға ﷺ көптеп салауат айтайық, оның көркем мінезі мен өнегелі өмірін оқып, сүннетін үйренуге тырысайық. 🌹
📖 Пайғамбарымыздың ﷺ өмірбаянын оқиық, балаларымызға үйретейік және оның сүннетін күнделікті өмірімізде ұстанайық.
Алла Тағала жүрегімізге Пайғамбарымызға ﷺ деген шынайы сүйіспеншілікті нәсіп етсін! 🤲🏻
Аллаһуммә салли уә сәллим 'әлә нәбиййинә Мұхаммәд ﷺ🤍

❤15
Бірде Мұса пайғамбар Алла Тағаламен тілдесіп отырып: «Я, Алла, мен туралы ешкім жаман сөз айтпайтындай етші!» деп сұрапты.
Сонда Алла Тағала: «Ей, Мұса, өзіме жасамаған нәрсені саған жасаймын ба? Мені де адамдар: “әйелі бар, баласы бар” деп жатқан жоқ па?! Сөйте тұра, олардың сөзінен сен аман қалғың келе ме?» депті.

Аяғы ісіп кеткенше намаз оқыған пайғамбардың беті ісіп кеткенше ұйықтайтын үмметі болдық…
❤13💔11🔥2