Алтынсарин академиясы
6.35K subscribers
1.78K photos
191 videos
10 files
345 links
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми Telegram-арнасы

Официальный Telegram-канал Национальной академии образования им. Ы.Алтынсарина
Download Telegram
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Президентінің кеңесшісі тағайындалды

Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Президентінің кеңесшісі болып Светлана Багитқызы Испусинова тағайындалды.

Светлана Багитқызының жоғары педагогикалық білімі бар. Ол өз еңбек жолын Атырау және Тараз қалаларындағы жалпы білім беретін мектептерде бастаған. 20 жыл бойы тарих, құқық негіздері пәндерінің мұғалімі, сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы, мектеп директоры қызметтерін атқарған.

1999–2003 жылдар аралығында Атырау облыстық білім басқармасын басқарды. 2003–2007 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінде өңірлік саясат бөлімінің бастығы, білім мазмұны басқармасының жетекшісі, мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

Соңғы 15 жыл бойы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында жұмыс істеп, педагогтармен жұмыс департаментінің директоры, Басқарма төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарды.

Светлана Испусинова – «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі», «Ерен еңбегі үшін» медалінің және «Құрмет» орденінің иегері.

—————
Назначен советник Президента НАО имени И. Алтынсарина

Советником Президента НАО имени Ибрая Алтынсарина назначена Светлана Багитовна Испусинова.

Светлана Испусинова имеет высшее педагогическое образование. Педагогическую деятельность начала в общеобразовательных школах городов Атырау и Тараз, где в течение 20 лет работала учителем истории и основ государства и права, организатором внеклассной и внешкольной работы, а также директором школы.

С 1999 по 2003 годы возглавляла управление образования Атырауской области. В 2003–2007 годах занимала различные должности в Министерстве образования и науки Республики Казахстан — от начальника отдела региональной политики до директора департамента дошкольного и среднего образования.

Последние 15 лет Светлана Багитовна проработала в системе АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», где занимала должности директора департамента по работе с педагогами и заместителя председателя Правления.

Награждена медалью «Ерен еңбегі үшін» и орденом «Құрмет». Обладатель знака «Отличник просвещения Республики Казахстан».
«100 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР МЕКТЕПТЕР»

📚 Бізде жаңа айдар – еліміздегі ғасырлық тарихы бар білім ордалары туралы!

🏫 Бүгін Атырау облысы, Махамбет ауданында орналасқан Қызылүй орта мектебі туралы айтамыз.

🛎️1880-жылдары Патшалық Ресей Атырау өңірінде жергілікті жастарды қызметке дайындау үшін 9 мектеп ашқан. Қыш кірпіштен тұрғызылған бұл ғимараттар «Қызылүй» аталған. Соның бірі — Есболдағы оқу орны. Мұнда білім беру 1881 жылы басталып, екі басқышты жүйе бойынша 6 жылға жалғасқан.
👍3
📘 У нас новая рубрика — о школах Казахстана с вековой историей!

🏫 Сегодня расскажем о Кызылюйской средней школе, расположенной в Махамбетском районе Атырауской области.

⌛️В 1880-х годах Российская империя открыла 9 учебных заведений на территории Атырауской области с целью подготовки местной молодежи к государственной службе. Здания, построенные из жжёного кирпича, тогда получили название «Кызылүй». Одно из таких учебных заведений располагалось в селе Есбол. Образовательный процесс здесь начался в 1881 году и длился 6 лет по двухступенчатой системе.
👍4
🏫 «Келешек мектептері» ұлттық жобасы оқушы орындарының тапшылығын, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге бағытталған.
Екі жылда 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектеп салынуда

#келешекмектептері
🏫 Национальный проект «Келешек мектептері» нацелен на решение вопросов дефицита ученических мест, ликвидации аварийных школ и трехсменного обучения. В течение двух лет ведется строительство 217 школ нового формата на 460 тысяч ученических мест

#келешекмектептері