Алтынсарин академиясы
6.35K subscribers
1.78K photos
191 videos
10 files
345 links
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми Telegram-арнасы

Официальный Telegram-канал Национальной академии образования им. Ы.Алтынсарина
Download Telegram
📍 Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында «География» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын әзірлеудің ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында вебинар-тренинг өтті. Іс-шара ZOOM платформасында ұйымдастырылды.

🗓 Өткен вебинарда педагогтарға оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны таныстырылса, осы жолы Академия мамандары әр мұғаліммен жеке кеңес өткізіп, нақты сұрақтарына жауап берді.

💬 ZOOM арқылы өткен кездесуде педагогтер көкейінде жүрген география пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асырудың ерекшеліктері, практикалық жұмыстар мен әдістемелік тәсілдер туралы сауалдарын қойып, жауаптарын алды.

👥 Іс-шараға Академияның вице-президенті Ж. Есанова, ОБИ директоры С. Смайлов және Академия қызметкерлері қатысты.
👏1
🔰ВЕБИНАР-ТРЕНИНГ ПО РАЗРАБОТКЕ УЧЕБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО ГЕОГРАФИИ: ОБСУЖДЕНЫ АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ

📍 В Национальной академии образования имени И. Алтынсарина состоялся вебинар-тренинг на тему «Научно-методические основы разработки типовой учебной программы по предмету «География». Мероприятие прошло на платформе ZOOM.

🗓 На прошлой неделе педагогам была представлена структура и содержание типовой учебной программы, а на этой неделе специалисты Академии провели индивидуальные консультации с каждым учителем и ответили на их конкретные вопросы.

💬 В ходе онлайн-встреч обсуждались особенности реализации учебной программы по географии, проведение практических работ и методические подходы к преподаванию предмета.

👥 В работе приняли участие вице-президент Академии Ж. Есанова, директор ИСО С. Смайлов и сотрудники Академии.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы биылғы оқу жылынан бастап меншік түріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді.

Қазіргі таңда еліміздегі мемлекеттік мектептермен қатар, 700-ден астам жекеменшік мектепте де тәрбие жұмысы толықтай осы бағдарлама аясында іске асырылуда. Бағдарлама өскелең ұрпаққа жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіре отырып, білімді, еңбекқор, бәсекеге қабілетті, адал азамат қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстандық білім беру ұйымдарында тәрбиенің біртұтас экожүйесін қалыптастыру мақсатында министрліктің ұйымдастыруымен педагогтер үшін семинар-тренигтер ұйымдастырылуда. «Адал азамат» бастамасы бойынша 23 мыңнан астам педагог кәсіби дайындықтан өтті. Бұл іс-шара мектептерді әдістемелік қолдау, жобаның мәнін түсіндіру және өңірлерде тәжірибе алмасуды қамтамасыз етуге бағытталған.
🤔1
В соответствии с поручением Главы государства, единая программа воспитания «Адал азамат» с начала нового учебного года внедрена во все организации образования Казахстана, независимо от формы собственности.

Сегодня воспитательная работа реализуется не только в государственных, но и более чем в 700 частных школах. Основная цель инициативы — формирование у подрастающего поколения общечеловеческих ценностей, воспитание образованного, трудолюбивого, конкурентоспособного и честного гражданина.

В целях формирования единой воспитательной экосистемы в организациях образования Казахстана Министерство организует для педагогов семинары и тренинги. В рамках инициативы «Адал азамат» профессиональную подготовку прошли свыше 23 тысяч педагогов. Данные мероприятия направлены на методическую поддержку школ, разъяснение сути проекта и обмен опытом между регионами.
📚 Академияда жаңа айдар!

💤Педагогтерге арналған BilimInfo енді Алтынсарин академиясының әлеуметтік желідегі парақшаларында.

💠Бұл айдарда ұстаздарға арналған пайдалы ақпараттар мен кәсіби кеңестер тұрақты түрде жарияланып отырады.

⚠️Бүгінгі тақырып — педагогтердің санатына қарай авторлық материалдар дайындау туралы. Келесі BilimInfo санында авторлық материалдарға қойылатын талаптармен бөлісеміз.
👍2🤔1
📚 Академия имени И. Алтынсарина запускает новую рубрику для педагогов — BilimInfo!

💤В этой рубрике будут регулярно публиковаться полезные материалы и советы для педагогов.

⚠️Сегодняшняя тема посвящена подготовке авторских материалов в зависимости от категории педагога. В следующем выпуске BilimInfo расскажем о требованиях к авторским материалам.
📢 ҰСТАЗДАР НАЗАРЫНА!
🛜 ТІКЕЛЕЙ ЭФИР!

💬 Тақырып: «Сабақта жасанды интеллектіні этикалық қолдану: педагог нені ескеруі керек және балаға әсері қандай?»

🎙️ Спикер: Аида Әбильякимова,
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының
Стратегия, анализ және талдау орталығының бас сарапшысы

🗓️ Күні: 14 қараша
⏰ Уақыты: 12:00
📍 Эфир Алтынсарин академиясының ресми парақшаларында өтеді.

🔗 instagram.com/altynsarin_akademiasy

———————————////———————————

📢 🛜 Прямой эфир!

💬 Тема: «Этическое использование искусственного интеллекта на уроках: что должен учитывать педагог и как это влияет на ребёнка?»

🎙️ Спикер: Аида Абильякимова,
ведущий эксперт Центра стратегии, анализа и мониторинга НАО им. И. Алтынсарина

🗓️ Дата: 14 ноября
⏰ Время: 12:00
📍 Эфир пройдёт на официальных страницах Академии Алтынсарина.
📚📌«Алтынсарин академиясының хабаршысы» журналы бойынша жиі қойылатын сұрақтар бойынша жауаптар