Алтынсарин академиясы
6.34K subscribers
1.78K photos
191 videos
10 files
345 links
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми Telegram-арнасы

Официальный Telegram-канал Национальной академии образования им. Ы.Алтынсарина
Download Telegram
Астанада педагогтер білім алушылардың құқықтық сауатылығы мен мәдениеті мәселесін талқылады

Астанада «Орта білім беруде білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру» атты педагогтерге арналған республикалық шеберлік сыныбы өтті. Іс-шараға әр өңірден келген 70-ке жуық мектеп педагогі қатысты.
Алтынсарин академиясының вице-президенті Руслан Қаратабанов республикалық іс-шараның ашылуында сөйлеген алғысөзінде қазіргі таңда орта білім беру саласында білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру өте өзекті екенін атап өтті.

Семинардың шеберлік сабағы бөлігінде Алматы қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның тарих және құқық негіздері пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы Гүлмира Асанбекова білім алушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру мен құқықтық мәдениетін дамыту туралы өзінің озық іс-тәжірибесімен бөлісті. Оқу процесінде тиімді қолданып жүрген тәсілдерін көрсетіп, қатысушылармен кері байланыс орнатып, өз тәжірибесін ұсынды.

Республикалық іс-шараны ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырды. Бұл іс-шара орта білім беру ұйымдарында құқықтық сауаттылық пен академиялық адалдық мәдениетін ілгерілетуге, құқық бұзушылықтың барлық түріне төзбеушілік қатынасты қалыптастыруға, жас ұрпақ бойында жауапты азамат құндылықтарын тәрбиелеуге, сонымен қатар «Заң және Тәртіп» қағидатын сақтауға бағытталған.

Сарапшылар жиналған кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланып, құқық бұзушылықтардың барлық түріне төзбеушілік қатынасты қалыптастыру және жауапкершілігі жоғары азаматтың құндылықтарына сәйкес жас ұрпақты заңға құрметпен қарау және құқықтық мәдениетін қалыптастыру туралы ұсыныстар айтылды.
Сарапшылардың ұсынымдары орта білім беру саласындағы балалардың құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігі назарына қабылданды.
👍1
Білім беру ұйымдарында инклюзивті саясатты іске асыру туралы

❕«Инклюзивті және арнайы білім беру аспектілері: сабақтастық пен мүмкіндіктер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысында Алтынсарин академиясы Инклюзивті білім беру орталығының директоры Светлана Исмагулова «Білім беру ұйымдарында инклюзивті саясатты іске асыру» тақырыбында баяндама жасады. Аталған конференция елордада 15-17 мамыр аралығында Астана қаласы Әдістемелік орталығының және Астана қаласының әкімшілігінің Білім басқармасымен ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

🎯 Конференция мақсаты – өзекті мәселелерді талқылау және республика аймақтарында инклюзивті білім беруді дамыту мәселелерін шешу, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу, ынтымақтастықты нығайту, жаңа идеялар мен жобаларды дамыту. Іс-шараға білім басқармалары мамандары мен әдістемелік орталықтар әдіскерлері, барлық білім беру деңгейлері ұйымдарының басшылары мен педагогтері қатысты.

🔎Үш күндік созылған конференция жұмысы барысында еліміздің педагогтері мен мамандары ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды оқыту сапасын арттыру және әлеуметтік бейімдеу мақсатында заманауи тиімді білім беру технологияларын пайдалану бойынша тәжірибелерімен алмасатын болады.
👍3
Реализация инклюзивной политики в организациях образования
 
❕В рамках республиканской научно-практической конференции «Аспекты инклюзивного и специального образования: преемственность и возможности», которая проходит в столице с 15 по 17 мая, Директор центра инклюзивного образования Академии Алтынсарина Светлана Исмагулова представила доклад на тему «Реализация инклюзивной политики в организациях образования».

🎯Целью конференции является обсуждение актуальных вопросов и решение проблем развития инклюзивного образования в регионах республики, повышение профессиональной компетентности педагогов, обмен опытом, укрепление сотрудничества, развитие новых идей и проектов. В мероприятии приняли участие специалисты управлений образования и методисты методических центров, руководители и педагоги организаций всех уровней образования.

🔎В ходе трехдневной работы конференции будет происходить взаимообмен практическим опытом между педагогами и специалистами страны по использованию современных эффективных образовательных технологий в целях повышения качества обучения и социальной адаптации обучающихся с особыми образовательными потребностями.
👍6
🇰🇿 🔔ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп оқушыларын, түлектерді, педагогтер мен ата-аналарды 2023-2024 оқу жылының аяқталуымен құттықтады

https://t.me/oqu_agartu/10331

🇰🇿 🔔 Министр просвещения РК Гани Бейсембаев поздравил школьников, выпускников, педагогов и родителей с завершением 2023-2024 учебного года

https://t.me/oqu_agartu/10332
Қазақстан тәжірибесі: Мичиган университетінің делегациясы Алтынсарин академиясында

👩‍🔬 Бүгін профессор, доктор Брендан Кантвел мен профессор Рияд Шахжахан бастаған Мичиган университетінің студенттері Алтынсарин академиясы қызметімен танысу және тәжірибе алмасу мақсатымен аталған ұйымға келді.

✏️Michigan State University – АҚШ-тағы ірі ғылыми оқу орындарының бірі, химия, медицина, физика, астрономия саласында ғылыми жаңалықтар және белсенді ғылыми қызметімен танымал университет. Осы университетте әлемнің 115 елінен студенттер білім алуда, ЖОО халықаралық оқу орны болып саналады.

«Педагогикалық білім беру, ғылыми зерттеулер мен жарияланымдар жүргізу» атты дөңгелек үстел барысында Академия президенті Мадина Тыныбаева өз сөзінде: «Бүгінгі таңда Академияның білім беру саласында 100 жылдық тарихы бар. Академия өз әзірлемелері және ғылыми зерттеулерімен бөлісуге дайын» деді.

📚Кездесу аясында шетелдік делегация жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер зертханасы және STEM-технология, кәсіптік бағдарлау және адами капиталды дамыту орталығы, сонымен қатар үздіксіз педагогикалық білім беру орталығының жұмысымен танысты.

«Бізге Қазақстанның білім беру саласындағы әртүрлі мәселелерді шешу тәжірибесі – білім алушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру, ауыл мектептеріндегі білім беру процесінің ерекшеліктері, әсіресе мектептердегі кәсіптік бағдар беру жұмысы қызықтырады», – деп атап өтті профессор Брендан.

Естеріңізде салар болсақ, ағымдағы жылы Академия еліміздің барлық өңірінде кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты кураторларды белгілеген еді. Мектептердегі кәсіптік бағдар беру жұмысының жай-күйіне жалпыреспубликалық мониторинг жүргізілуде, соның негізінде кәсіптік бағдарлау жұмысының ұлттық моделін әзірлеу жоспарланды.

Аталған кездесу 2024 жылғы 18 наурызда қол қойылған Ғылыми-білім беру ынтымақтастығы туралы меморандум аясында өтті. Бұған дейін Академия аталған университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен бірлесіп конференция өткізіп, жарияланымдар жинағын шығарған болатын. Жинақ Академия сайтында қолжетімді - https://uba.edu.kz/storage/app/media/FORUM%201%202023.pdf
👍1
Опыт Казахстана: делегация из Мичиганского университета посетила Академию Алтынсарина

Сегодня студенты University of Michigan, во главе с профессорами, доктором Бренданом Кантвел и Рияд Шахджахан, посетили Академию Алтынсарина с целью ознакомления с деятельностью организации, а также обменом опыта.

Michigan State University - один из крупнейших исследовательских учебных заведений США - известен своей активной научной деятельностью, открытиями в химии, медицине, физике, астрономии. Университет считается интернациональным вузом, в нем обучаются студенты из 115 стран мира.

«На сегодняшний день Академия имеет более чем 100-летнюю историю в области образования, и готова поделиться своими разработками и научными исследованиями», - отметила Мадина Тыныбаева, Президент Академии, во время круглого стола «Педагогическое образование, проведение научных исследований и публикаций».
В рамках встречи делегация ознакомилась с деятельностью лаборатории предметов естественно-математического направления и STEM-технологии, а также работой центра по профориентации и развития человеческого потенциала, а также центра непрерывного педагогического образования.
«Нам интересен подход Казахстана в решении различных вопросов – повышении уровня функциональной грамотности учеников, особенности образовательного процесса в сельских школах, в особенности – профориентационной работы в школах», - отметил профессор Брендан.
Напомним, в текущем году Академией определены кураторы по профориентационной работе во всех регионах страны. Ведется общереспубликанский мониторинг состояния профориентационной работы в школах, на основе которого планируется разработка национальной модели профориентационной работы.
Встреча прошла в рамках подписанного 18 марта 2024 года меморандума о научно-образовательном сотрудничестве.

Ранее Академией совместно с профессорско-преподавательским составом университета проведена конференция, а также выпущен сборник публикаций. Сборник доступен на сайте Академии - https://uba.edu.kz/storage/app/media/FORUM%201%202023.pdf
👍1👏1