Алтынсарин академиясы
6.34K subscribers
1.78K photos
191 videos
10 files
345 links
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми Telegram-арнасы

Официальный Telegram-канал Национальной академии образования им. Ы.Алтынсарина
Download Telegram
Алтынсарин академиясының президенті Мадина Тыныбаева ЮНЕСКО-ның өңірлік кеңсесі мен Caps Unlock өкілдерімен кездесіп, білім беру мазмұнына климаттың өзгеруі мәселелерін енгізуді талқылады.

Кездесуге қатысушылар Қазақстанның «Білім беруді экологияландыру бойынша әріптестік» жаһандық қозғалысына қосылуы, ғылым нәтижесі арқылы климат туралы білім беруді енгізуге қатысты сектораралық ынтымақтастық, стандарттар мен оқу бағдарламаларын әзірлеуге экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі саласындағы сарапшыларды тарту мәселелерін талдады.

«Қазіргі күн тәртібінде білім беру мазмұнына климаттың өзгеруі мәселелерін енгізуде Қазақстанды пилоттық ел ретінде таңдау өте өзекті. Климат туралы білім берудің трансверсальды/пәнаралық дағдыларын, құндылықтары мен білімін қандай пәндерге және қалай кіріктіруге болатындығын қолданыстағы оқу бағдарламаларына талдау жүргізу үшін Жұмыс тобын құру арқылы қол жеткізуге болады», - деп атап өтті Мадина Тыныбаева.

Кездесу соңында қатысушылар одан әрі өзара ынтымақтастық туралы уағдаласты.
👍1
Внедрение вопросов изменения климата в содержание образования обсудили сегодня в рамках встречи Президента Академии Алтынсарина Мадины Тыныбаевой с представителями регионального офисом ЮНЕСКО и Caps Unlock.

Участники встречи обсудили вопросы о присоединении Казахстана к глобальному движению «Партнёрство по экологизации образования», межсекторальное сотрудничество в области внедрения климатического образования через симбиоз науки, привлечение экспертов в области экологии, охраны окружающей среды и изменения климата в разработку стандартов и учебных программ.

«Вопрос о выборе Казахстана как пилотной страны для внедрения вопросов изменения климата в содержание образования весьма актуален в нынешней повестке. Это возможно достичь через создание Рабочей группы для проведения анализа действующих учебных программ на предмет того, в какие предметы и каким образом можно интегрировать трансверсальные/межпредметные навыки, ценности и знания в области климатического образования», - отметила Мадина Тыныбаева.

В завершении встречи участники договорились о дальнейшем сотрудничестве.
👍3
Цифрландыру және «Greening education» – Алтынсарин академиясы мен ЮНИСЕФ ынтымақтастық туралы келісті

ЮНИСЕФ-тің Еуропа мен Орталық Азиядағы білім беру мәселелері жөніндегі аймақтық кеңесшісі Майда Пашичтың елімізге жасаған жұмыс сапары аясында Алтынсарин академиясының президенті Мадина Тыныбаевамен кездесті. Кездесу мақсаты Академия қызметімен, ғылыми жобалармен, еліміздің білім беру жүйесінің жай-күйімен, тараптар арасындағы даму басымдықтары және үрдістерімен танысу болды. Сонымен қатар тараптар ЮНИСЕФ-тің 2026-2030 жылдарға арналған Елдік бағдарламасы бойынша ынтымақтастық жасау жолдарын талдады. Талқылау нәтижесінде қатысушылар болашақ бірлескен жұмыс – климаттың өзгеруі саласындағы цифрландыру мен білім беру (greening education) бағытына тоқталды.

***

Цифровизация и «greening education» - Академия Алтынсарина и ЮНИСЕФ договорились о сотрудничестве

В рамках рабочего визита региональный советник по вопросам образования ЮНИСЕФ в Европе и Центральной Азии в Казахстан, Майда Пашич встретилась с Президентом Академии Алтынсарина Мадиной Тыныбаевой. Целью встречи стало знакомство с деятельностью Академии, научными проектами, а также состоянием системы образования в нашей стране, приоритетами и тенденциями дальнейшего развития. Стороны также обсудили возможные пути для сотрудничества в рамках Страновой программы ЮНИСЕФ на 2026-2030 гг. В результате обсуждений участники определили области для дальнейшей работы – цифровизация и образование в области изменения климата (greening education).
Астанада педагогтерге Біртұтас тәрбие бағдарламасына арналған республикалық семинар өтті

Еліміздің барлық өңірінен келген 100 педагог пен әдістемелік кабинеттер қызметкерлері «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру» тақырыбында оқыту семинарына қатысты. Іс-шараны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы.

Аталған семинар аясында қатысушылар жетекші кураторлар көмегімен келесі оқу жылына арналған Тәрбие жұмысы жоспарын әзірледі. Сонымен қатар осы курсқа қатысқан Денсаулық сақтау министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі өкілдерімен бірге сынып сағаттарының тақырыптық жоспарын жасады. Ұйымдасушылар тәрбие сабақтарының әртүрлі формалары және «Буллингтен қорған!», «Қауіпсіз қоғам», «Қоғамдық мүлікті қорға!», «Өмірге салауатты қадам», «Ойынға салауатты көзқарас», «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» мен т.б. мәселелердің алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу жолдарын ұсынды.

Үш күнге созылған семинар барысында қатысушылар білім беру ұйымдарында біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары мен мақсаттарын тиімді іске асыру бойынша педагогтерді, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларын кешенді әдістемелік сүйемелдеу жоспарын әзірлеп шықты.
Республиканский семинар для педагогов по единой программе воспитания прошел в Астане

Порядка 100 педагогов и сотрудников методических кабинетов из всех регионов страны прошли обучающий семинар на тему «Біртұтас тәрбие. Единая программа воспитания: ценности и их реализация». Организаторы мероприятия – Департамент воспитательной работы и дополнительного образования Министерства просвещения Республики Казахстан, Национальная академия образования им. И. Алтынсарина.

В рамках семинара участники под руководством кураторов разработали План воспитательной работы на следующий учебный год. Совместно с представителями Министерства здравоохранения, Министерства по чрезвычайным ситуациям РК, Агентства по противодействию коррупции РК, также принимавших участие в семинаре, разработан тематический план классных часов. Организаторы представили различные формы проведения уроков и профилактических мероприятий, касающихся таких тем как «Буллингтен қорған!», «Қауіпсіз қоғам», «Қоғамдық мүлікті қорға!», «Өмірге салауатты қадам», «Ойынға салауатты көзқарас», «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» и т.д.

В завершении трехдневного семинара участники разработали план комплексного методического сопровождения педагогов, заместителей директоров по воспитательной работе с целью обеспечения эффективной реализации ценностей и целей программы в образовательных организациях.
👍6
Бүгін 21 тамыз күні сағат 15:00-де

🔖 Қазақстанда педагогтердің республикалық тамыз саммиті басталады

🔗 Instagram: https://www.instagram.com/oqu_agartu_ministrligi?igsh=aGd4cGk0MjBobGtv

▶️ YouTube: https://youtube.com/live/N4AUbxrDx0s?feature=share

🔗 Facebook: https://www.facebook.com/events/1030831748503533/
🌿🌿🌿

Сегодня 21 августа в 15:00 часов

🔖 В Казахстане стартует республиканский августовский Саммит педагогов

🔗 Instagram: https://www.instagram.com/oqu_agartu_ministrligi?igsh=aGd4cGk0MjBobGtv

▶️ YouTube: https://youtube.com/live/N4AUbxrDx0s?feature=share

🔗 Facebook: https://www.facebook.com/events/1030831748503533
👍3