Алтынсарин академиясы
6.35K subscribers
1.78K photos
191 videos
10 files
345 links
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми Telegram-арнасы

Официальный Telegram-канал Национальной академии образования им. Ы.Алтынсарина
Download Telegram
🧑🏻‍🏫 Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Астанада «Ұстаз» фильмінің таныстырылымы өтті

📁 📁 📁

🧑🏻‍🏫 Фильм «Ұстаз» презентовали столичным педагогам

https://t.me/oqu_agartu/13290
👍4
🇰🇿 Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ортақ жауапкершілік болуы керек –Оқу-ағарту министрі ата-аналармен кездесуде тәрбиеге басымдық берді

🔹 Ғани Бейсембаев ата-аналар комитетінің өкілдеріне арналған «Балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі: ата-ана мен мектептің бірлескен жауапкершілігі» семинар-тренингіне қатысты. Оған еліміздің барлық өңірінен 500-ге жуық ата-ана жиналды.

🔺 Министр ата-аналарды балалардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуге шақырды және ата-ана мен мектептің ынтымақтастығын арттыру, ата-аналар комитеттерінің рөлін нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

«Балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесінде ортақ жауапкершілік болуы керек - бұл біз ұмтылуымыз керек негізгі құндылық. Ол ең алдымен ата-ананың басты жауапкершілігінде, мемлекет пен мектеп тарапынан оларға қолдау көрсетіп, әрбір баланың жан-жақты дамуына жағдай жасауда. Тәрбие отбасынан басталатынын есте ұстаған жөн. Ата-ана ұстазға деген құрметтің үлгісін көрсетуі керек, өйткені бала ата-анасының айнасы», – деді Ғани Бейсембаев.

✔️ Оның айтуынша, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау, олардың дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың ең маңызды басымдығы. Бұл бағытта ауқымды шаралар атқарылуда. Бес жылда елімізде 1 млн оқушы орнына арналған 1 мыңнан астам мектеп ашылды. Алғаш рет өткен жылдан бастап 1,7 миллионнан астам бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар тегін тамақпен қамтылды.

«Мемлекет балалар үшін қауіпсіз және эргономикалық білім ортасын құруды жалғастыруда. Бұл ретте Мемлекет басшысының бастамасымен қалалар мен шалғайдағы ауылдарды да қамтитын «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы іске асырылуда. Өткен жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізіліп, оның аясында балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттілігін арттыруға, позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыруға бағытталған Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары ашылды», – деп атап өтті министр.

📁 Бұл семинар-тренинг «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Тәрбие жұмысы бойынша негізгі төрт тақырыпқа бөлінген дискуссиялық алаңдар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар қазақстандық суретші Аңсаған Мұстафаның тақырыптық көрмесі өтіп, ата-аналарға қазіргі заман жағдайында балалармен эмоционалды байланыс орнату тәсілдері, жанжалдарды еңсеру және отбасы мен мектепте сенімді атмосфера құру бойынша әдістемелік құралдар ұсынылды.

https://t.me/oqu_agartu/13292
👍5
📈ЖЫЛ КӨРСЕТКІШІ

1 қыркүйектен бастап мектептерде тегін ыстық тамақпен 1,7 млн қазақстандық оқушы қамтылды


🗣🗣🗣


📊 ЦИФРА ГОДА

1,7 млн казахстанских школьников обеспечены бесплатным горячим питанием

https://t.me/oqu_agartu/13315
👍1
🏫 Мемлекет жекеменшік мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін 12 миллиардтан астам теңге бөлді

https://t.me/oqu_agartu/13815

​​🏫 Свыше 12 млрд тенге выделило государство на обеспечение бесплатным питанием учеников начальных классов частных школ

https://t.me/oqu_agartu/13816
🎒 Қазақстан халқының үштен бірін балалар құрайды: олардың құқықтарын қорғау үшін мемлекет қандай заңнамалық шараларды күшейтуде?

https://t.me/oqu_agartu/13817

​​🎒 Треть населения Казахстана составляют дети: какие законодательные меры усиливает государство для их защиты?

https://t.me/oqu_agartu/13818
👍1
Алтынсарин академиясының қызметкерлері «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: парадигма және құндылықтар жүйесі» тақырыбында «Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасады. Аталған іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР ҒжЖБМ Ғылым комитетіне қарасты Мемлекет тарихы институты және Ұлттық музей бірлесе ұйымдастырды.
Конференция қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданып, қатысушылар алдағы жұмыстың бірқатар негізгі бағыттарын айқындады. Сонымен қатар мемлекеттік этносаясатты ғылыми және қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету үшін қоғамның мемлекеттік органдармен және ғылыми-сараптамалық қауымдастықпен өзара іс-қимылын кеңейту бағыты белгіленді. Ғылыми іс-шара Қазақстанның этносаралық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы бірегей тәжірибесін талқылауға өз үлесін қосты.
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🏫ҚР Оқу – ағарту министрлігінің дәстүрлі алқа отырысы өтті

🏫🏫🏫🏫🏫🏫🏫🏫

📚Традиционное заседание коллегии Министерства просвещения РК