Алтынсарин академиясы
6.35K subscribers
1.78K photos
191 videos
10 files
345 links
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми Telegram-арнасы

Официальный Telegram-канал Национальной академии образования им. Ы.Алтынсарина
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🏫ҚР Оқу – ағарту министрлігінің дәстүрлі алқа отырысы өтті

🏫🏫🏫🏫🏫🏫🏫🏫

📚Традиционное заседание коллегии Министерства просвещения РК
«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде кәсіпорындар мен колледждердің 250 жаңа ынтымақтастығы құрылды — Ғани Бейсембаев техникалық және кәсіптік білімді дамыту туралы
 
Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында 11-15 ақпан аралығында өткен «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өз мәресіне жетті.
Іс-шараның қатысушылары мен қонақтарына ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев құттықтау сөзін арнады.

 
Бес күн ішінде фестивальға еліміздің барлық өңірінен 50 мыңнан астам адам келіп тамашалады. Қонақтар 200-ден астам жұмысшы мамандықтарымен танысып, 8 тақырыптық көше мен 40 интерактивті алаңды аралады.
 
Фестиваль аясында мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына ерекше көңіл бөлінді. 30 мыңнан астам оқушы кәсіби диагностикадан өтіп, өздерінің дағдылары, қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтады. Бұл олардың болашақ мамандығын таңдауда аса маңызды.
 
«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі тек ауқымды шара ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуда маңызды өсу нүктесіне айналды. Негізгі нәтижелердің бірі – колледждер мен кәсіпорындар арасында 250-ге жуық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Жұмыс берушілердің бұл процеске белсенді қатысуы қуантады. Біздің басты басымдығымыз – еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды даярлау. Бұл үшін біз бизнес-қоғамдастық және инвесторлармен өзара ынтымақтастықты арттырамыз. Осы бағытта 270-тен астам мемлекеттік колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту, сондай-ақ колледждерге шефтік қамқорлық көрсететін кәсіпорындар санын 4 мыңға дейін арттыру жоспарланып отыр», – деді Ғани Бейсембаев.


Министр сөз соңында фестивальді ұйымдастыруға және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға үлес қосқан барлық министрліктерге, әкімдіктерге, ұлттық компанияларға, кәсіпорындарға, колледждерге, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне алғыс білдірді.