Алтынсарин академиясы
6.34K subscribers
1.78K photos
191 videos
10 files
345 links
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми Telegram-арнасы

Официальный Telegram-канал Национальной академии образования им. Ы.Алтынсарина
Download Telegram
🎯 «Адал азамат»: Өңірлерге ортақ бағдар

📍 Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы республикалық семинар басталды.

🎓 Семинардың негізгі мақсаты – өңірлік деңгейдегі тренерлерге бағдарлама мазмұны мен оны тиімді жүзеге асыру тетіктерін жан-жақты түсіндіру, сондай-ақ білім беру ұйымдарында құндылыққа негізделген тәрбие жүйесін енгізуге дайындықты қамтамасыз ету.

👥 Семинар жұмысына еліміздің барлық өңірінен арнайы шақырылған 60 өңірлік тренер қатысуда. Олар семинар барысында алған білім мен тәжірибені өз аймақтарындағы педагогтерге жеткізіп, бағдарламаның мазмұнын кең көлемде түсіндіруге жауапты болады.

📅 Үш күнге жоспарланған семинарға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА мамандары, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әдістемелік орталықтарының тәрбие бағытын үйлестіруші әдіскерлері мен педагогтер қатысуда.

🧩 Семинар аясында қарастырылып жатқан негізгі мәселелер:
• Құндылыққа негізделген тәрбие экожүйесі мен бағдарламаның басым бағыттары;
• «Адал азамат» бағдарламасын өңірлерде іске асыру тәжірибесі;
• Қаржылық сауаттылық, қауіпсіздік, денсаулық және ата-аналармен жұмыс;
• Ақпараттық сүйемелдеу, медиа жоспарлау және мүдделі органдармен өзара іс-қимыл;
• Өңірлік жоспарлар әзірлеу және оны қорғау.

Практикалық кейс-сессиялар, тренингтер мен бірлескен талқылаулар арқылы қатысушылар бағдарлама шеңберінде нақты қадамдық әрекет алгоритмдерін құрып, келесі оқу жылына арналған өңірлік жоспар жобаларын әзірлеуде.

📆 Семинар 1 тамызға дейін жалғасады.
👍3
🎯 «Адал азамат»: Общий ориентир для регионов

📍 В городе Астана начался республиканский семинар в рамках единой воспитательной программы «Адал азамат», организованный Министерством просвещения Республики Казахстан совместно с Национальной академией образования имени Ы. Алтынсарина.

🎓 Цель семинара — всестороннее ознакомление региональных тренеров с содержанием программы и эффективными механизмами её реализации, а также подготовка к внедрению ценностно-ориентированной воспитательной системы в организациях образования.

👥 В семинаре принимают участие 60 региональных тренеров из всех областей страны. Полученные знания и опыт они будут транслировать педагогам в своих регионах, обеспечивая широкое понимание содержания программы на местах.

📅 В работе трёхдневного семинара также участвуют представители Министерства просвещения РК, специалисты Национальной академии образования, методисты и педагоги, курирующие направление воспитательной работы в областных и городских методических центрах.

🧩 Ключевые темы семинара:
• Экосистема ценностно-ориентированного воспитания и приоритетные направления программы;
• Опыт реализации программы «Адал азамат» в регионах;
• Финансовая грамотность, безопасность, здоровье и взаимодействие с родителями;
• Информационное сопровождение, медиапланирование и межведомственное взаимодействие;
• Разработка и защита региональных планов реализации программы.

В рамках практических кейс-сессий, тренингов и обсуждений участники разрабатывают пошаговые алгоритмы действий и проектируют региональные планы на предстоящий учебный год.

📆 Семинар продлится до 1 августа.
🏫 Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білімакадемиясы еліміздің білім беру жүйесін дамытуға елеулі үлесін қосып келеді. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің конкурстық іріктеу қорытындысы негізінде Алтынсарин академиясы білім мен ғылымның басымдыққа ие бағыттары бойынша ғылыми жобаларды іске асыруға құқық алды.

🎯 Аталған жобалар келесі негізгі бағыттарды қамтиды:
Инклюзивті білім беру орталығы екі жобаны жүзеге асырады:
– «Аутистік спектр бұзылыстары бар білім алушыларды кешенді үздіксіз қолдаудың ұлттық жүйесі» (бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру);
– «Life Skills Classes» моделін ендіру арқылы зияты зақымдалған оқушыларды кәсіптік еңбекке даярлау» (гранттық қаржыландыру).
Осы бастамалар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.

💻 Білім беруді цифрландыруды дамыту орталығы «3D кеңістік, жасанды интеллектті және VR-ды қолданатын қашықтан оқытуды жобалаумен жүзеге асырудың әдіснамасы» жобасын іске қосады. Жоба қашықтықтан оқытуға инновациялық тәсілдерді енгізуге бағытталған.

🧭 Кәсіби бағдарлау және адами капиталды дамыту орталығы «Цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, кәсіптік бағдарлау диагностикалық кешенін әзірлеу» жобасын іске асыратын болады. Бұл жоба оқушыларға қызығушылықтары мен қабілеттеріне қарай болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпалдасады.

🚀 Аталған ғылыми жобалар инклюзивті білім беруді дамытуға, цифрлық технологияларды енгізуге және оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтау жүйесін жетілдіруге бағытталған. Академия еліміздің білім сапасын ғылыми негізделген жұмыс арқылы арттыруды жалғастыруда.

👍1
🎓 Ыбырай Алтынсарин атындағы ҰБА Вице-президенті тағайындалды

💤Рәшит Белгібаев Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білімакадемиясының вице-президенті қызметіне тағайындалды.

💻 Ол Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелері» мамандығы бойынша бітірген.

☑️25 жылдан астам уақыт бойы білім беру жүйесі мен ІТ саласына цифрлық шешімдерді енгізумен айналысып келеді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, цифрландыру жөніндегі өңірлік органдар сияқты ұйымдарда басшылық қызметтер атқарды, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы процестерді трансформациялауға қатысты.

📊 2022 жылдан бастап М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да CDO қызметін атқарып, цифрлық стратегияны енгізуге, басқару процестерін жетілдіруге және мемлекеттік органдармен серіктестік орнатуға жауапты болды.

🔔Білім беруді цифрлық трансформациялау аясында Рәшит Белгібаев бірқатар негізгі шешімдерді әзірлеу мен енгізуге жетекшілік етті. Олардың ішінде: бір ішкі жүйесі ЮНИСЕФ тарапынан мойындалған «Білімал» жүйелер кешені; «НЗМ» ДББҰ жүйелік-әдістемелік кешені; «HR+» психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі; MyCollege.kz кәсіптік бағдар беру платформасы, Grow&Go, Schola платформалары бар.

🌐 Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. Басқарушылық дағдылары жоғары деңгейде дамыған, жүйелі ойлау қабілетіне ие және білім беру мен ІТ саласында инновациялық бастамаларды жүзеге асыруда терең сараптамалық білімі бар.