Алтынсарин академиясы
6.34K subscribers
1.78K photos
191 videos
10 files
345 links
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми Telegram-арнасы

Официальный Telegram-канал Национальной академии образования им. Ы.Алтынсарина
Download Telegram
🚀 FUTURE CLASSROOM LAB: ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕБІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУҒА ҚАДАМ

📡 Future Classroom Lab (FCL) өкілдерімен онлайн кездесу өтті. Бұл Брюссельдегі European Schoolnet ұйымы құрған инновациялық білім беру зертханасы. Кездесу барысында қазақстандық педагогтердің вебинарларына, семинарларына және біліктілікті арттыру курстарына қатысу мәселесі талқыланды.

🧪 Бұл кездесу 2025 жылғы сәуір-мамыр айларында BR21882231 ғылыми бағдарламасы аясында Астана қаласындағы №1 арнайы мектеп-интернаты базасында FCL моделін сынақтан өткізуге байланысты ұйымдастырылды.
Осы жасалып жатқан жұмыстар – технологияларды қолдану мен оқу ортасын түрлендіру арқылы оқытудың жаңа тәсілдерін енгізуге жасалған алғашқы қадам.

🔍 Future Classroom Lab дегеніміз не?
FCL — он жылдан астам бұрын құрылған, педагогтерге технологиялардың, оқу кеңістігінің және оқыту әдістерінің рөлін қайта қарауға көмектесетін бірегей білім беру кеңістігі.

Зертхана:
✅ мұғалімдер мен мектеп басшыларына оқу үдерісіне жаңашылдықтарды енгізуге арналған практикалық ұсынымдар, оқу сценарийлері мен бейнематериалдарды;
✅ білім саясатын жасаушыларға Еуропа мектептеріндегі пилоттық жобалардан алынған деректер мен сабақтарды;
✅ барлық мүдделі тараптарға әртүрлі оқушылар тобына арналған оқыту тәжірибесі мен инновациялық шешімдерге қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады.
👍1
🚀 FUTURE CLASSROOM LAB: ПЕРВЫЙ ШАГ К ИННОВАЦИЯМ В КАЗАХСТАНСКОМ ОБРАЗОВАНИИ

📡 Состоялась онлайн-встреча с представителями Future Classroom Lab (FCL) — инновационной образовательной лаборатории, созданной European Schoolnet в Брюсселе. Обсудили участие казахстанских педагогов в их вебинарах, семинарах и курсах повышения квалификации.

💡 Поводом послужила апробация модели FCL в апреле–мае 2025 года в рамках научной программы BR21882231 на базе специальной школы-интерната №1 г. Астана. Это был первый шаг к внедрению новых подходов к обучению с использованием технологий и трансформации учебной среды.

🔍 Что такое Future Classroom Lab?
FCL — это уникальное образовательное пространство, созданное более десяти лет назад, которое помогает педагогам переосмыслить роль технологий, пространства и методов обучения.

Лаборатория предоставляет:
✅ учителям и руководителям школ — практические рекомендации, учебные сценарии и видео, как внедрять инновации в обучении;
✅ политикам — данные и уроки, извлечённые из пилотных проектов в школах по всей Европе;
✅ всем заинтересованным — доступ к опыту преподавания и инновационным решениям для самых разных групп учеников.
📢 Тамыз саммиті-2025: «Келешек мектептері» бойынша панельдік секция басталды

🏫 Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА ұйымдастыруымен «Келешек мектептері: стратегиялық мақсаттар мен нақты нәтижелер» тақырыбында панельдік секцияның бірінші күні басталды. Шараға еліміздің барлық өңірлерінен 145 мектеп директоры қатысуда.

📚 Бүгін секция барысында директорлар «Келешек мектептерінің моделі», «МЖБС және үлгілік оқу жоспарының негізгі ерекшеліктері», «Педагогтерді оқыту», «Академиялық адалдық қағидаларын сақтау», «Мектеп аккредитациясына дайындық» тақырыптары бойынша ақпараттар алады.

🤖 Сонымен қатар, мектеп жабдықтарын тиімді пайдалану, қосымша білім беру (робототехника, дрон, қыш және тігін шеберханалары, спорт секциялары мен клубтар) жүйесін ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылайды. Мектеп басшыларына арналған қаржылық сауаттылық бойынша тәуекел-менеджермен арнайы кездесу өтеді. Жасанды интеллектті мектеп практикасына енгізу мәселесіне арналған шеберлік сабақтары, топтық жұмыс және жоба қорғау сессиялары жоспарланған.

🚶‍♂️ Күн соңында қатысушылар елорданың бірнеше мектебіне барып, әртүрлі форматтағы мектептердің тәжірибесімен таныса алады.

🗓 Панельдік секция 14-тамызға дейін жалғасады.
📢 Августовская конференция педагогов-2025: стартовала панельная секция по проекту «Келешек мектептері»

🏫 Сегодня начался первый день панельной сессии на тему «Келешек мектептері: стратегические цели и конкретные результаты», организованной Национальной академией образования имени Ы. Алтынсарина. В мероприятии участвуют 145 директоров школ из всех регионов страны.

📚 Сегодня в рамках секции директора школ обсудят ключевые направления развития: «Модель школ будущего», «Ключевые особенности ГОСО и типовой учебной программы», «Подготовка педагогов», «Соблюдение принципов академической добросовестности» и «Подготовка к аккредитации школ».

🤖 Кроме того, будут рассмотрены вопросы эффективного использования школьного оборудования, организации дополнительного образования (робототехника, дроны, гончарные и швейные мастерские, спортивные секции и кружки). Для руководителей школ состоится специальная встреча с риск-менеджером по вопросам финансовой грамотности. Запланированы мастер-классы, групповые работы и защита проектов по внедрению искусственного интеллекта в школьную практику.

🚶‍♂️ Также участникам будет предоставлена возможность посетить школы города Астаны для изучения различного опыта работы.

🗓 Заседание панели продлится до 14 августа.
📢 Тамыз конференциясы-2025: «Ауыл мектебі – сапа алаңы» панельдік секциясы басталды

🏫 Республикалық тамыз конференциясы аясында «Ауыл мектебі – сапа алаңы» тақырыбындағы №16 панельдік секция жұмысыбасталды. Шара Ақмола облысы, Ақмол ауылының мектеп-гимназиясында өтуде. Секцияны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА «Еsen Foundation» және «Qulynzhon» Bilim beru qory қолдауымен өткізуде.

📚 Секция жұмысына еліміздің әр өңірінен ауыл және шағын жинақты мектеп директорлары, педагогтер, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының өкілдері және сарапшылар қатысуда. Қатысушылар ауыл мектептерін дамыту, әдістемелік қолдау, инклюзияны енгізу, білім сапасын арттыру, цифрландыру, инновациялық тәсілдерді қолдану бағыттарында тәжірибе алмасады.

🗣 Секция барысында ауыл мектептерін дамытуға арналған өзекті тақырыптар талқыланды. Қатысушылар «Ауыл мектебі – сапа алаңы» тұжырымдамасының ғылыми-әдістемелік негіздері мен алғашқы нәтижелері, эксперименттік алаңдар құру тәжірибесі, инклюзивті білім беру ортасын дамыту, Microsoft Teams негізінде оқу процесін цифрландыру, жасанды интеллектіні оқытуда қолдану, сондай-ақ физика мен робототехниканы кіріктіре оқытудың тиімділігі жайлы тәжірибелерімен бөлісті.

🌱 «Ауыл мектебі – сапа алаңы» бастамасы – ауыл және шағын жинақты мектептердің білім сапасын арттыруға бағытталған жоба. Ол ауыл мектептерін заманауи білім беру ортасымен, STEM-кабинеттерімен, шығармашылық шеберханалармен және цифрлық құралдармен жабдықтауды көздейді. Бағдарлама аясында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, инновациялық әдістемелер енгізу және оқушыларға білімге тең қолжетімділік жасау басты мақсат болып табылады. Жоба ауылдық білім беру сапасын жүйелі жақсартуға, оқушылардың әлеуетін толық ашуға және жергілікті қоғамдастықты дамытуға ықпал етеді.