Алтынсарин академиясы
6.35K subscribers
1.78K photos
191 videos
10 files
345 links
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми Telegram-арнасы

Официальный Telegram-канал Национальной академии образования им. Ы.Алтынсарина
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Мемлекет басшысы: «Ұстаздық – жай мамандық емес, бұл – ұлы миссия»

«Әлем тарихында білім-ғылымды басты орынға қойып, дамудың даңғыл жолына түскен, орасан зор табысқа жеткен елдер аз емес. Білім мен ғылым Қазақстан дамуының қозғаушы күші болуға тиіс. Алдағы жылдары осы міндетті орындауға бар күш-жігерімізді салып жұмыс істеуіміз керек. Бұл – Мемлекет басшысы ретінде мен үшін мызғымас басымдық.

Мен Қазақстан ұстаздарының қажырлы еңбегін жоғары бағалаймын, сіздер жас буынға беріп жатқан білімнің күшіне сенемін. Шын мәнінде, ұстаздық – жай мамандық емес, бұл – ұлы миссия. Адам қандай жетістікке жетіп, биікке шықса да, ұстазының алдында өмір бойы шәкірт болып қалады.

Қазақстанның жарқын болашағы Сіздердің табанды еңбектеріңізге тікелей байланысты. Себебі, сіздер тұтас ұлтты оқытып, тәрбиелеп жатсыздар. Осы жауапкершілікті терең сезініп, қастерлі міндетті абыроймен атқара бересіздер деп сенемін.

Сіздердің еңбектеріңіз ең жоғары құрметке лайық.

Мен бүгінгі Тамыз конференциясына орай бір топ ұстазды мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойдым.

Бес мұғалімге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы беріледі.

Баршаңызға құтты болсын!

Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!

Көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр шәкірттеріңіз көбейе берсін!

Жаңа оқу жылы табысты болсын!»

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Глава государства: «Педагог – это не просто профессия, это великая миссия»

«В истории немало примеров того, как разные страны благодаря фокусу на образовании и науке смогли выйти на новую траекторию своего развития и добиться значительного прогресса. В ближайшие годы нам необходимо мобилизовать еще больше сил и ресурсов для того, чтобы именно образование и наука стали движущей силой развития нашей страны. Для меня как Главы государства это незыблемый приоритет.

Я высоко ценю труд казахстанских учителей и верю в силу знаний, которые вы передаете молодому поколению. Действительно, педагог – это не просто профессия, это великая миссия. Каких бы высот ни достиг человек, он на всю жизнь остается учеником своего учителя.

Светлое будущее Казахстана напрямую зависит от вашей самоотверженной работы, от полученных от вас знаний и ценностей. Уверен, что вы глубоко осознаете всю возложенную на вас ответственность и продолжите достойно трудиться на благородной ниве просвещения.

Ваш труд достоин самых высоких почестей.

По случаю сегодняшней Августовской конференции мною подписан Указ о присуждении ряду педагогов государственных наград.

Пяти учителям будет присвоено почетное звание «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы».

Желаю успехов в вашей деятельности!

Пусть ваши ученики будут образованными, прогрессивными и интеллектуальными!

С новым учебным годом!»

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Конференцияда Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Қызылорда облысындағы №290 келешек мектебінің директоры Мөлдір Смаханова, Астана қаласындағы Urban School директоры Александр Лукашевич, Ақтөбе политехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Дархан Шаңбаев сөз сөйледі.

В ходе конференции выступили министр просвещения Гани Бейсембаев, директор школы № 290 Кызылординской области Молдир Смаханова, директор школы Urban School города Астаны Александр Лукашевич, мастер производственного обучения Актюбинского политехнического колледжа Дархан Шанбаев.

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ ұстазға мемлекеттік наградаларды табыстады

t.me/aqorda_resmi
👍1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
За выдающиеся достижения в образовании и особые заслуги перед Республикой Казахстан Президент Касым-Жомарт Токаев вручил государственные награды ряду педагогов

t.me/aqorda_resmi
👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Біз бір ел, бір халық болып, Әділетті, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін нақты реформаларды қолға алдық. Бұл – ауқымды әрі күрделі жұмыс. Бүгінге дейін біраз шаруа атқарылды. Елдегі саяси жүйе толық жаңғырды. Ұлттық экономиканың жаңа бағдары айқындалды. Қоғамымыз дамып, азаматтардың сана-сезімі өзгеруде.

Мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шықты. Билікте де «отбасылық жүйе» жоқ. Азаматтарды қызметке тағайындау кезінде ең алдымен олардың білімі мен кәсіби білігі ескеріледі.

Қазір елімізде рухы азат, ойы еркін ұрпақ өсіп келеді. Заңды сыйлау, тәртіпке бағыну қоғамның мызғымас қағидасына айнала бастады. Бір сөзбен айтқанда,Қазақстан жаңа сипатты ел болу жолына бет бұрды.

Бірақ өзгерістерді жасау – бір бөлек болса, оны біржола орнықтыру – бір басқа мәселе.Ол үшін, ең алдымен, қоғам санасы түбегейлі жаңғыруы қажет.Осы ретте сіздерге, яғни ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеледі.Себебі, нағыз «Адал азамат» мектеп қабырғасында қалыптасады
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Мектептің жаны – мұғалім» деген. Біз өркениетті ел боламыз десек, ұстаздарға барынша жағдай жасауымыз керек.

Мен білім беру саласына айрықша мән беремін. 2019 жылы Президент ретінде қабылдаған алғашқы шешімдердің бірі ұстаздарға қатысты болғанын білесіздер.

Қазір – білім мен ғылымның заманы. Жаһандану дәуірінде озық білімді игерген, жаңа технологияны меңгерген елдің ұпайы түгел болады. Бүгін саналы ұрпақ тәрбиелей алсақ, ертең заман көшінің басында жүреміз. Сондықтан осы саланы қолдау мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болып қала береді.

Соңғы жылдары бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылды. 2019 жылдан бері білім саласының бюджеті үш есе артты. Осы уақытта 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1200 мектеп ашылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жалпы саны 217 мектеп құрылысы жоспарланды. Қазір 128 мектеп салынды. Бұдан бөлек, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаржысына алпыстан астам мектеп салынды. Тағы 30-ға жуығы салынып жатыр.

«Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң қабылданды. «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы белгіленді. Бүгінде 74 мұғалім осы құрметті атаққа ие болды. Былтыр 2 ұстаз «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды. Бұл – барша педагогтер қауымына көрсетілген зор құрметтің белгісі.

Мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсарту әрдайым басты назарда. Соңғы төрт жылдың ішінде олардың жалақысы 2 есе өсті. Қазіргі таңда 500 мыңнан астам ұстазға үстеме ақы төленеді.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Тағы бір маңызды міндет – қала және ауыл мектебіндегі білім беру деңгейін теңестіру.

Соңғы төрт жылда 4 мыңнан астам ауыл мектебінің материалдық-техникалық қоры жаңғыртылды.
Оның басым көпшілігі – ауыл мектептері. Ауылдағы білім ошақтарына күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңадан кітапханалар, асханалар мен спорт залдары салынып жатыр. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.

Баланың бәрі – бірдей. Ауыл баласы мен қала баласының білім алу мүмкіндігі де бірдей болуы керек. «Келешек мектептері» жобасының негізгі мақсаты да – осы.