Алтынсарин академиясы
6.34K subscribers
1.78K photos
191 videos
10 files
345 links
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми Telegram-арнасы

Официальный Telegram-канал Национальной академии образования им. Ы.Алтынсарина
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ ұстазға мемлекеттік наградаларды табыстады

t.me/aqorda_resmi
👍1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
За выдающиеся достижения в образовании и особые заслуги перед Республикой Казахстан Президент Касым-Жомарт Токаев вручил государственные награды ряду педагогов

t.me/aqorda_resmi
👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Біз бір ел, бір халық болып, Әділетті, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін нақты реформаларды қолға алдық. Бұл – ауқымды әрі күрделі жұмыс. Бүгінге дейін біраз шаруа атқарылды. Елдегі саяси жүйе толық жаңғырды. Ұлттық экономиканың жаңа бағдары айқындалды. Қоғамымыз дамып, азаматтардың сана-сезімі өзгеруде.

Мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шықты. Билікте де «отбасылық жүйе» жоқ. Азаматтарды қызметке тағайындау кезінде ең алдымен олардың білімі мен кәсіби білігі ескеріледі.

Қазір елімізде рухы азат, ойы еркін ұрпақ өсіп келеді. Заңды сыйлау, тәртіпке бағыну қоғамның мызғымас қағидасына айнала бастады. Бір сөзбен айтқанда,Қазақстан жаңа сипатты ел болу жолына бет бұрды.

Бірақ өзгерістерді жасау – бір бөлек болса, оны біржола орнықтыру – бір басқа мәселе.Ол үшін, ең алдымен, қоғам санасы түбегейлі жаңғыруы қажет.Осы ретте сіздерге, яғни ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеледі.Себебі, нағыз «Адал азамат» мектеп қабырғасында қалыптасады
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Мектептің жаны – мұғалім» деген. Біз өркениетті ел боламыз десек, ұстаздарға барынша жағдай жасауымыз керек.

Мен білім беру саласына айрықша мән беремін. 2019 жылы Президент ретінде қабылдаған алғашқы шешімдердің бірі ұстаздарға қатысты болғанын білесіздер.

Қазір – білім мен ғылымның заманы. Жаһандану дәуірінде озық білімді игерген, жаңа технологияны меңгерген елдің ұпайы түгел болады. Бүгін саналы ұрпақ тәрбиелей алсақ, ертең заман көшінің басында жүреміз. Сондықтан осы саланы қолдау мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болып қала береді.

Соңғы жылдары бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылды. 2019 жылдан бері білім саласының бюджеті үш есе артты. Осы уақытта 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1200 мектеп ашылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жалпы саны 217 мектеп құрылысы жоспарланды. Қазір 128 мектеп салынды. Бұдан бөлек, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаржысына алпыстан астам мектеп салынды. Тағы 30-ға жуығы салынып жатыр.

«Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң қабылданды. «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы белгіленді. Бүгінде 74 мұғалім осы құрметті атаққа ие болды. Былтыр 2 ұстаз «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды. Бұл – барша педагогтер қауымына көрсетілген зор құрметтің белгісі.

Мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсарту әрдайым басты назарда. Соңғы төрт жылдың ішінде олардың жалақысы 2 есе өсті. Қазіргі таңда 500 мыңнан астам ұстазға үстеме ақы төленеді.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Тағы бір маңызды міндет – қала және ауыл мектебіндегі білім беру деңгейін теңестіру.

Соңғы төрт жылда 4 мыңнан астам ауыл мектебінің материалдық-техникалық қоры жаңғыртылды.
Оның басым көпшілігі – ауыл мектептері. Ауылдағы білім ошақтарына күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңадан кітапханалар, асханалар мен спорт залдары салынып жатыр. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.

Баланың бәрі – бірдей. Ауыл баласы мен қала баласының білім алу мүмкіндігі де бірдей болуы керек. «Келешек мектептері» жобасының негізгі мақсаты да – осы.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мектеп әр бала үшін қауіпсіз жер болуға тиіс.
«Зорлық-зомбылыққа, әлімжетікке, яғни буллингке, қатігездік пен озбырлыққа мүлде жол берілмеуі керек.

Соңғы екі жылда өскелең ұрпақтың құқығын қорғау үшін нақты шаралар қабылданды. Атап айтқанда, кәмелет жасына толмағандарға қатысты жасалған кез келген зорлық-зомбылық үшін берілетін жаза қатайды, бала құқықтары жөніндегі уәкілдің құзіреті кеңейді.

Сондай-ақ тағы бір өзекті мәселе. Балалардың өз-өзіне қол жұмсау жағдайларының, яғни суицидтің алдын алу бойынша жүйелі жұмыс істеліп жатыр. Еліміздегі барлық мектепте «111» психологиялық қолдау қызметінің QR-коды орнатылды.

Жаңа оқу жылынан бастап мектептер мен колледждерде әлімжеттікке, буллингке қарсы «ДосболLIKE» атты бағдарлама іске қосылады.
Негізгі мақсат – балалар мен жеткіншектер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Бұл бағыттағы маңызды жұмыс тоқтамайды, жасөспірімдердің құқығы мен мүддесін қорғау мәселесі әрдайым мемлекет назарында болады.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Необходимо ускорить внедрение цифровых технологий и искусственного интеллекта в образовательный процесс.

Мир вступил в новую технологическую эпоху, главными признаками которой становятся стремительное развитие инноваций и внедрение искусственного интеллекта. Поэтому понятия «прогрессивная нация» и «технологическая нация» сегодня являются тождественными.

Наша задача – адаптироваться к глобальным тенденциям. Для этого крайне важно нарастить темпы цифровой трансформации системы образования. Дальнейшая цифровизация и внедрение искусственного интеллекта способны внести решающий вклад в преодоление образовательного неравенства и значительно повысить качество обучения.

Сегодня свыше 95% школ Казахстана обеспечены скоростным интернетом. Предстоит довести этот показатель до 100%.
Для этой цели можно использовать возможности спутниковых систем. Это не просто технический вопрос равного доступа к инфраструктуре, а исключительно важный идеологический принцип социальной справедливости.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мұғалімнің құқығын қорғау мәселесі әрдайым басты назарда болуға тиіс. Мен сөз басында ұстаздардың өз міндетінен тыс жұмыстардан босатылғанын айттым. Бірақ, кейде жергілікті билік өкілдері заң талаптарын өрескел бұзып жатады. Прокуратура органдары мұндай заң бұзушылықтарға тосқауыл қоюы керек

Сондай-ақ балаларға қатысты кез келген жазатайым жағдай үшін де мұғалімді жазалау орынсыз деп санаймын. Мектептен тыс жерде, ата-аналардың жауапсыздығынан оқыс оқиға болса, оған ұстаз жауапты емес. Алматы облысында түлектер арасында болған қайғылы жағдай үшін директор мен мұғалімдер жауапқа тартылып, жұмыстан шығарылды. Министрлік олардың мүддесін қорғап қалды. Дұрыс. Біз мұндай келеңсіздікке жол бермеуіміз керек.

«Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізу қажет деп санаймын.
Forwarded from БОРТ N1 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Қазақстан педагогтері бұрын-соңды болмаған қолдау көріп отыр», – дейді 40 жылдық өтілі бар биология пәнінің мұғалімі Гүлжайна Имашпаева.

«Педагоги Казахстана видят небывалую поддержку», – учитель биологии с 40-летним стажем Гульжайна Имашпаева.
Forwarded from БОРТ N1 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қостанай облысынан келген тәрбиеші Анжелика Королева еліміздегі мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілін үйрету жөнінде айтты.

Воспитатель из Костанайской области Анжелика Королева об изучении казахского языка в дошкольных организациях страны.
Forwarded from БОРТ N1 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
« 41 жылдық еңбек жолымда Мемлекет басшысының алғаш рет кәсіптік және техникалық білім беруге назар аударғанына куә болдым»

Абай облысынан келген колледж директорының орынбасары Оралхан Сартаев халықаралық конкурстардағы жетістіктері туралы әңгімеледі.


«Работая 41 год, вижу, что впервые Глава государства обратил внимание на систему технического и профессионального образования»

заместитель директора колледжа области Абай Оралхан Сартаев рассказал о достижениях на международных конкурсах.