Үйде жатпа!
8.12K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Онда біреуден туып ал” атты фильміне арналады.

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/QUyIInByrBw

#Ондабіреудентуыпал #комедия #мелодрама #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #женщина #дети
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥8😁4❤2🤝2🤩1👌1
💡📆📆📆📆📆 10 наурыз

🙏1932 жылы 10 наурызда Түркістан және Ақтөбе облыстары құрылды. Түркістан облысы бастапқыда Оңтүстік Қазақстан деп аталып, 1962 жылы Шымкент деп өзгертілді. 1992 жылы оған қайтадан алғашқы аиауя берілді. 2018 жылы облыс орталығы Түркістанға көшіріліп, атауы да Түркістан облысы болып өзгертілді. Ал Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін алды. Ақтөбе облысы Қазақстан аумағының 11 пайызын алып жатыр және елдегі ең үлкен облыс саналады.

Ақтөбе және Түркістан облыстарының тұрғындарын бүгінгі күнмен шын жүректен құттықтаймыз!


👋10 наурыз – Халықаралық мәрттік күні. 2007 жылы АҚШ-тың веб-қосымша жасаушысы Кевин Ловер бұл күнді әзіл ретінде белгілеуді ұсынған еді. Алайда Твиттердің арқасында бастама қолдау тауып, бүкіл әлемге тарап кетті. Бұл күннің таңдалуы да тегін емес: 10 наурыз – нағыз мәрттіктің символына айналған Чак Норристің туған күні. Америкалық актер интернет мемдеріндегі ең атақты қаһарман ретінде танымал.

Ал сіз үшін ең мәрт, ең керемет адам кім?


👀 Бүгін бейнеойын әуесқойлары Марио күнін атап өтеді. Қызыл кепкасы мен көк комбинезонын киген пысық мұртты сантехник Nintendo жанкүйерлерінің сүйікті кейіпкеріне айналды. Ал Super Mario ойыны Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең көп сатылған ойын ретінде енген. Бұл күннің таңдалуы да қызық: ағылшын тілінде 10 наурыз – MAR10 деп қысқартылып жазылады, ал бұл атау атақты кейіпкердің есіміне ұқсас. Nintendo да бұл дәстүрді қолдап, мереке құрметіне ойыншыларға әдеттегіден екі есе көп алтын ұпай сыйлайды.

Сіз Super Mario ойнап көрдіңіз бе?



👥Бүгін қазақ өнерінің қос саңлағының туған күні. 102 жыл бұрын режиссер, сценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Сұлтанахмет Қожықов (1923-1988) дүниеге келді. Оның шығармашылық шыңы – аңызға айналған “Қыз Жібек” фильмі болды. Бұл туынды Тбилисиде өткен Бүкілодақтық кинофестивальде үш бірдей марапатқа ие болды. Қожықов заман тынысын терең сезініп, қазақ халқының шынайы тұрмысын, салт-дәстүрін экранда шебер бейнелей білді. 80 жыл бұрын кино және театр актері, Қазақстанның халық әртісі Құман Тастанбеков (1945-2017) дүниеге келді. Ол “Қыз Жібек” фильмінде Төлегеннің рөлін сомдап, нағыз халық жұлдызына айналды. Көрермендер оны “Қазақтың Төлегені” деп атап кетті. Ал оның экрандағы қосағы, Жібектің бейнесін жасаған Меруерт Өтекешова “Қазақтың Қыз Жібегі” атанды. Бұл – өнер тарихында қалған шынайы махаббат оқиғасы.

"Қыз Жібек" фильмін көрдіңіз бе?


#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Қазақстаноблыстары #Еңмәртадам #Бейнеойындар #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #СұлтанахметҚожықов #ҚазақтыңТөлегені
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13🔥6
💡💫💫💫💫💫💫💫

10–16 наурызға арналған қаржылай жұлдыз жорамал

♈️Ақшаға келгенде есептен жаңылыспаған дұрыс. Бірақ сіздің жағдайыңызда олар шытырман оқиғаны ұнататындай көрінеді. Осы аптада әмияныңыз “жоқшылық пен тоқшылықтың” арасында жүруі мүмкін. Жарқыраған әр затқа қызығып, лотерея билетінен үміт күтудің қажеті жоқ.

♉️Сіздің үнемшілдігіңіз көпке үлгі. Дегенмен ақша жинаймын деп, өзіңізді ұмытып кетпеңіз. Сондай-ақ дүкен аралап жүріп, ақшаны судай шашуға да жол бермеңіз. Қаржыны үнемі қадағалап отырған жөн.

♊️Қолыңызға ақша түссе, лезде жоқ болады. Бұл аптада да солай – қайда, неге жұмсау керегі туралы ой көп, бірақ оны қайдан табамын деген сұрақ екінші кезекте қалып қояды. Бәрін рет-ретімен жасаңыз, әйтпесе айдың соңын тез дайындалатын кеспемен қарсы алуыңыз мүмкін.

♋️Ақша туралы ойласаңыз, басыңыз ауыра ма? Түсінеміз, кейде қолыңызға тиген ақша лезде ғайып болып жатады. Бірақ жағдайды ушықтырмаңыз! Үйде, сөмкеңізде, қалтаңызда бұрыннан қалған тиын-тебеніңіз болуы мүмкін. Іздеп көріңіз – бір шыны кофе алуға жетіп қалар.

♌️Сіздің әмияныңыз – үлкен сахна, ал ақшаңыз – көрермен көзінен жасырынуды жақсы көретін актер. Осы аптада жұлдыздар өзгелердің көңілін бағып, оларға демеуші болудан бас тартуды ұсынады. Достарыңыз кофе ақшасын өздері төлесін, ал сіз болашағыңызға инвестиция жасаңыз (немесе, ең болмағанда, жаңа шұлық сатып алыңыз).

♍️Сіз ақшаны есеппен жұмсайсыз, бұл – керемет қасиет. Бірақ кейде өзіңізді де еркелеткен дұрыс. Осы аптада қаржыңызды пайдаңызға жұмсаудың оңтайлы сәті туады – жақсы кітап алыңыз, біліміңізді толықтырыңыз. Ал жеңілдікке бола несие алудың қажеті жоқ.

♎️Сіздің қаржыңыз – құбылмалы ауа райы секілді: бірде көп, бірде аз. Бюджетті дұрыс басқаруды үйренетін уақыт келді. Егер бірдеңе алғыңыз келсе, алдымен “Маған бұл шынымен керек пе?” деп ойланыңыз. Бес минуттан кейін де сол пікірде болсаңыз, онда алуыңызға болады.

♏️Ақша көбейтудің жолын жақсы білесіз. Алайда күмәнді ұсыныстарға еріп кетуден сақ болыңыз. Егер “ештеңе салмай-ақ табыс табуыңызға мүмкіндік бар” деген әңгімені құлағыңыз шалса, бірден ат басын бұрыңыз. Есіңізде болғай, тиімді инвестиция – өзіңізді дамыту.

♐️Ақша есеп білетіндерде жиналады. Ал “Жалақы қайда кетті?” деген сұраққа “Қайдан білейін, бірақ жақсы көңіл көтердік!“ деп жауап беретіндерде тұрақтамайды. Осы аптада эмоцияға еріп, қажетсіз зат алудан аулақ болыңыз. Әсіресе, мынау “керемет мүмкіндік” деп сендіруге тырысатын адамдарға еріп кетпеңіз.

♑️Сіз қаржыңызды дұрыс басқара аласыз. Бірақ кейде өзіңізге еркіндік беруді де ұмытпаңыз. Мәселен, 3000 теңгені әдеттегі түскі асқа емес, көңіліңізді көтеретін бір ұсақ-түйекке жұмсап көріңіз. Ақша тек болашаққа емес, бүгінгі жайлылығыңызға да қызмет етуі керек.

♒️Сіздің қаржыға қатысты ойларыңыз тым ерекше. Сондықтан сіз көп жағдайда не байып кетесіз, не үлкен қарызға батасыз. Осы аптада “кепілді пайда” ұсынатын күмәнді бастамалардан аулақ болыңыз. Қалтаның жайына бір қарап, асығыс шешім қабылдаудан аулақ болыңыз.

♓️Жұлдыздар ескертеді: интернет-дүкеніндегі “соңғы мүмкіндік”, “ең тиімді жеңілдік” деген жарнамалар көбіне сіздің әмияныңызға ғана салмақ түсіреді. Осы аптада ойланбай сауда жасаудан бас тартып, қаржыңызды жүйелеуге тырысыңыз. Ең болмаса, ақшаңыздың қайда кетіп жатқанын ойша бақылап отырыңыз.

Қорытынды:

Бұл апта қаржы тұрғысынан қызыққа толы болмақ. Бірақ әмиянға қол салмас бұрын ақылға жүгінуге кеңес береміз! Сонда бәрі ойдағыдай өтетіні сөзсіз.


Ескерту: Есіңізде болсын, жұлдыз жорамал ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалады. Қаржылай шешімдерді ақылға салып, нақты жағдайларға байланысты қабылдаңыз.

#Жұлдызжорамал #Апталықжұлдызжорамал #Қаржы #Болжам
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍16👌6❤2👎2🔥1👏1
💡📆📆📆📆📆 11 наурыз

🗣Бүгін — Дүниежүзілік мұсылман мәдениеті, бейбітшілік, диалог және кино күні. 2010 жылы Калифорниялық жазушы әрі продюсер Жавед Мұхаммед негізін қалаған бұл күн мұсылман халықтарының мәдениеті туралы кеңінен ақпарат таратуға бағытталған. Оның басты мақсаты – ислам әлемінің мәдени ерекшеліктері мен сан қырлы келбетін көрсету, сондай-ақ өнердің түрлі түрлері арқылы өзге дін өкілдерімен диалог орнатуға және өзара түсіністікке жол ашу.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?


💪11 наурыз – Дүниежүзілік су құбыры күні. Су құбырларының тарихы тереңде жатыр. Мысырда біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жылдары-ақ саздан және ағаштан жасалған құбырлар арқылы сарайларға су жеткізілгені белгілі. Бүгінде бұл күннің мақсаты – әлемде, соның ішінде Қазақстанда да, таза ауызсу мен санитарияға қолжетімділік мәселесі әлі толық шешілмегенін еске салу. Қазіргі таңда 2 миллиардтан астам адам тұрақты су көзінсіз өмір сүріп жатыр. Табиғи ресурстарды үнемдеу – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз. Егер краныңыздан су тамшылап тұрса, оны дереу жөндеңіз немесе сантехник шақырыңыз. Мұны жасау үшін арнайы “Дүниежүзілік су құбыры күнін” күтудің қажеті жоқ.

Сіз тұратын жерде су құбыры мәселесі шешілді ме?

🌛Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл Жарты Ай қоғамы 88 жылдығын атап өтіп жатыр. 1937 жылы 11 наурызда республикалық ұйым КСРО-ның Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары негізінде құрылды. Ал ел тәуелсіздік алғаннан кейін толық дербес ұйымға айналды. Қоғамның басты миссиясы – адамдардың азабын жеңілдету, төтенше жағдайлардың алдын алу және ешқандай ұлтқа, нәсілге, жынысқа, дінге, саяси көзқарасқа немесе әлеуметтік мәртебеге қарамастан, адамзатқа құрмет сезімін қалыптастыру.

Қызыл жарты ай қоғамында жұмыс істейтін достарыңыз болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз!

💋Бүгін бүкіл әлем ғашықтары Ромео мен Джульетта күнін атап өтеді. 1302 жылы 11 наурызда Ромео Монтегю мен Джульетта Капулетке құда түсіпті. Аты аңызға айналған екі ғашықтың бейнесі жер бетінде әр кезеңдегі адамдарды алалаушылықтар мен фанатизмі бойынша түрлі бейнелерді қалыптастырып келеді. Адамзат қанша уақыт өтсе де, соғыстар, жікке бөлінушілік пен фанатизм бар жерде, бұл қос ғашықтың бейнесі жаңа қырынан көрініс таба береді. Ромео мен Джульетта бізге адамның өшпенділік пен зұлымдық үшін емес, сүйіспеншілік үшін жаратылғанын еске салады. Итальяндық Веронада бұл кейіпкерлердің танымалдылығы соншалық, Джульетта клубының пайда болуына себеп болды. Қала ғашық жандардың сүйікті орындарының бірі.

Барша ғашықтарды көктемнің кезекті мерекесімен құттықтаймыз!

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #мұсылманмәдениеті #ҚызылЖартыАй #сумәселесі #РомеоменДжульеттакүні #ғашықтар
🔥7👍6❤3👌2👏1🤩1
💡💡💡💡💡💡💡

Soft skills vs. Hard skills: Әр маман үшін қай дағды маңызды?

Бүгінде кез келген маманның жетістігі тек кәсіби біліктілікке ғана байланысты емес. XXI ғасырда технология дамып, жұмыс күші автоматтандырылып жатқанда, табысты болу үшін тек техникалық білім жеткіліксіз. Сондықтан дағдылар екіге бөлінеді:

✅ Hard skills – белгілі бір саладағы техникалық білім мен кәсіби дағдылар. Олар нақты міндеттерді орындауға қажет және оқу арқылы меңгеріледі. Мысалы, бағдарламалау, қаржылық есеп немесе жобалау қабілеті.

✅ Soft skills – коммуникация, креативтілік, эмоциялық интеллект, командада жұмыс істеу сияқты тұлғалық қасиеттер. Бұл дағдылар адамның жұмысқа деген көзқарасын, шешім қабылдауын және ортаға бейімделуін анықтайды.

💡 Жасанды интеллект дәуірінде Soft skills неге маңызды?

Алдағы 5-10 жылда көптеген техникалық мамандықтарды автоматтандыру мүмкін. Бірақ адамдар роботтармен бәсекеге түсу үшін soft skills жоғары болуы қажет. Яғни, эмоциялық интеллект, шығармашылық ойлау, тиімді қарым-қатынас орнату – болашақта еңбек нарығында сұранысқа ие басты дағдылар.

Кез келген маманға қажет 4 басты Soft skills («4 C» моделі)

1️⃣ Сыни ойлау (Critical thinking) – ақпаратты сараптау, логикалық шешім қабылдау және кез келген жағдайды жан-жақты талдау қабілеті.

2️⃣ Шығармашылық (Creativity) – стандартты емес ойлау, жаңа идеялар ұсыну және өзгерістерге икемді болу дағдысы.

3️⃣ Координация (Coordinating with others) – топтық жұмысты ұйымдастыру, әріптестермен өзара әрекеттесу және ортақ мақсатқа жетуге бағытталған жұмыс.

4️⃣ Коммуникация (Communication) – келіссөз жүргізу, ойды нақты жеткізу және тиімді байланыс орнату қабілеті.

🔹 Қорытынды: Бәсекеге қабілетті болу үшін техникалық білімді ғана емес, тұлғалық қасиеттер мен Soft skills дағдыларын дамыту маңызды. XXI ғасырдың табысты маманы – тек өз саласының шебері емес, сонымен қатар, өз ойын еркін жеткізе алатын, креативті және икемді тұлға.

#қазынакеңес #лайхак #мамандық #кәсіп
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥8👌4❤3👍2🤩2
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

💪“Болашақ” бағдарламасы бойынша бакалаврға 10-20 грант бөлінеді – Саясат Нұрбек

Санаулы грант кімдерге бұйырар екен?👍

👏“Келешек” бағдарламасымен жоғары білімге 50% жеңілдік алуға болады

Жақсы мүмкіндік екен!🔥

🥳Көктемгі каникулда оқушылар 11 күн демалады

Тамаша!📆

🤩14 наурыздан бастап жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталады

Биыл Наурыз мейрамы ерекше аталып өтпек😍

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-46/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Болашақ #Келешек #жеңілдік #грант #Наурызмейрамы #наурызнама
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥8👍5🤩2👌2
💡📆📆📆📆📆 12 наурыз

✍️2012 жылдың 12 наурызында Қазақстан Болон білім беру декларациясына қосылып, 47-ші қатысушысы атанды. Осылайша, Қазақстан Орталық Азия мемлекеттері арасында алғаш болып еуропалық білім беру кеңістігінің толыққанды мүшесі ретінде танылды. Бұл оқиғадан бұрын еліміздегі 145 жоғары оқу орнының 30-ы Болон декларациясының негізі болып табылатын Ұлы университеттік хартияға қол қойған еді. Осы қадам қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінің халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік берді.



👩‍💻12 наурыз — Дүниежүзілік кибер-цензураға қарсы күрес күні. Адамзат тарихында билік иелері әрдайым адамдар мен БАҚ өкілдерінің ой еркіндігін шектеуге тырысты. Бүгінде тоталитарлық мемлекеттерде цензура билік басындағылардың өз идеологиясын таратуы мен басқару тетігін сақтап қалуының бір құралына айналған. Қазіргі заманауи технологиялар дәуірінде интернет арқылы ақпарат тарату еркіндігіне шектеу қойылып жатыр. Кейбір елдерде билік өкілдері ғаламтордағы мазмұнға түрлі тыйымдар салу арқылы ақпарат ағынын бақылауға тырысып келеді.

😢12 наурыз — Мұңаюға тыйым салу күні. Қыстың ұзаққа созылған суығы мен күн сәулесінің жетіспеушілігінен көктемнің алғашқы айында көптеген адам жабырқаңқы көңіл күйге түседі. Психологтар депрессияға бейім жандарға өз сезімдерін талдап, көктемгі күйзелістің нақты себебін анықтауға кеңес береді. Көбіне мұндай күйдің ешқандай күрделі себептері болмайды. Ол негізінен көктемде ағзадағы гормоналды өзгерістерге, дәрумендер мен минералдардың тапшылығына және басқа да объективті факторларға байланысты болады. Бірақ бұлардың барлығымен оңай күресуге мүмкіндік бар.

Барша оқырманымызға көтеріңкі көңіл күй тілейміз!

😋Бүгін жеміс жақсы көретін жандар Дүниежүзілік ананас күнін тойлайды. 1970 жылы 12 наурызда DEN MONTE GOLD деп аталатын ананастың ең дәмді сорты шығарылды. Аталған жеміс көпшілікке ерекше дәмі мен ағзаға тигізетін пайдасы арқылы танымал болды. Бұл жеміс дәрумендер мен минералдарға бай, сондай-ақ асқорыту жүйесіне оң әсер етеді. Ананасты жиі тұтынатын адамдар асқазан-ішек жолы проблемасынан алдын алады. Сонымен қатар ананас салмақ тастауға да зор әсерін тигізеді. Өйткені ананас — диеталық өнім. Оның құрамында ағзаны тазартатын жасұнық бар.

Сізге қай жеміс көбірек ұнайды: ананас әлде банан?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Болондекларациясы #кибер-цензура #Психология #ананаскүні
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7😍4❤2🔥2🎉2👌1
💡📰📰📰📰📰📰

Экономикалық соғыс: Сирек кездесетін металдардың Дональд Трампқа не қажеті бар
 
‼️ Менделеевтің периодтық жүйесіндегі 17 элемент бүгіндері геосаяси шиеленістің көзіне айналғанына біраз болды. Онысы, әсіресе әлемдегі екі ірі держава – АҚШ пен Қытай текетіресі барысында ушыға түсуде. Қытайға жол бергісі жоқ АҚШ-тың тура осы сирек кездесетін металдарға келгенде аспан асты еліне күні түсіп тұрған жайы бар. Өйткені Америка тұтынатын бұл шикізаттың 70 пайызы Қытайдан келеді. Экономикалық соғыс жағдайында Бейжің мұндай ықпал тетігін ұтымды пайдаланып бағуда. Сол себепті АҚШ ах ұрып, жан-жақтан сирек кездесетін металдарды жанталаса іздеуге кіріскен.

◾️ АҚШ пен Қытайдың экономикалық соғысындағы басты «қару»

Бүгіндері Украинаға қолқа салып отырған Дональд Трамп алғашқы президенттік мерзімінде де бұл мәселені тереңнен қаузаған. Ол кезде АҚШ президенті ұлттық қауіпсіздік қызметіне қандай шикізат маңызды екенін зерттеуге бұйрық береді. 2018 жылдың күзінде Қорғаныс министрлігі осы бұйрыққа жауап ретінде «өнеркәсіп дәрумендері» деп аталатын сирек кездесетін металдар көптеген қару-жарақ жүйелері, жаңа техологиялар үшін маңызды элемент болып табылатынын айтып, есеп береді. Осы есепте бұл шикізатты басты сатушы ел – Қытай екені айтылады. Сондықтан осы тараптан қауіп бары да ескертіледі. Трамп әкімшілігінің алаңдаушылығы бекер болған жоқ: сирек кездесетін металдар АҚШ пен Қытайдың сауда соғысында «қаруға»айналды. 2019 жылдың мамырында Қытай тауарларына салынатын баж салығының өсуіне және телекоммуникациялық жабдық өндірушісі - Huawei-дің қара тізімге енуіне жауап ретінде Қытайдың мемлекеттік медиасы АҚШ-қа сирек кездесетін металдарды жеткізуге тыйым салу идеясын алға тартты. Бұл сөз жүзінде доқ көрсету болғанымен, АҚШ осы сәтте орнынан қозғалып кетті. Сөйтіп Ақ үй сирек кездесетін металдарды жеткізу тізбегін әртараптандыруға жанталаса ұмтылды. 2019 жылдың маусымында Трамп әкімшілігі маңызды минералдармен қамтамасыз ету жөніндегі стратегияны жариялады, ал қараша айында АҚШ Австралиямен осы шикізатты жеткізудің жаңа көздерін әзірлеу бойынша тұрақты серіктестік туралы келісімге қол қойды. 2022 жылы Lynas атты австралиялық компания Қытайдан тыс сирек кездесетін металдарды әлемдегі ең ірі қайта өңдеушізауытты Техаста салу үшін 120 миллион доллар болатын Пентагонмен арадағы келісімшартқа қол жеткізді.
 
◾️ Украинада қанша қор бар?

Бірақ, Украина аумағындағы пайдалы қазбалар кен орындарының көп бөлігі КСРО ыдырағанға дейінгі уақытқа жатады және қазір елде сирек кездесетін металдардың нақты қоры туралы мәлімет жоқтың қасы. Ашық дереккөздерде болмағанымен, Украинаның өзінде ол бар даболар.  Алайда сарапшылар АҚШ көз тігіп отырған 500 млрд долларлық көлемді бір Украинаның қамтамасыз етуі екіталай екенін айтады.

Ресей АҚШ-қа сирек кездесетін металдарды беруге дайын

Трамптың Украинамен арадағы келіссөздерде аталған шикізат түрі сөз бола салысымен, Владимир Путин 24 ақпанда Кремльде шұғыл жиын өткізді.

Келесі күні оның баспасөз хатшысы Ресейде сирек кездесетін металдар көп екенін және бұл АҚШ-пен арада "ынтымақтастықтың кең перспективаларын ашатынын» айтып, баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Путин Трампен осы мәселеге қатысты телефон арқылы да сөйлесті. Әрине, бұл Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты бейбіт жолмен шешу келіссөздері болғанымен, оның арғы жағындай осындай сипатта сауда жүруде. Ресейдің бұлай алға ұмтылатындай жөні бар. Өйткені сирек кездесетін металдар қоры бойынша Ресей әлемде Қытайдан кейінгі екінші орында тұр. Осылайша АҚШ көңілінен шықса, Ресей санкциялар құрсауынан сытылып шығамын ба деп дәмеленеді, әрине. Сарапшылар осындай айқын мүддедегі Ресей өз қорын зорайтып көрсету үшін Қазақстанға да қол салуы мүмкін деген қауіпті айтып қалуда.

«Қазақмыс» кен орындарын Ресейге сатып жатқаны рас па?

Сирек кездесетін металдар қайда қолданылады?

Ақпараттың жалғасын төмендегі сілтемеден оқи аласыздар✔️

https://zhatpa.kz/ujde-zhatpa/ekonomikaly-so-ys-sirek-kezdesetin-metaldardy-donald-tramp-a-ne-azheti-bar/

Авторы: Кәмшат Тілеуханқызы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌8🔥3😨2🤔1
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

🔥Такси жүргізушілері үшін салық мөлшері ұлғаймайды

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді❗️

🥳Елімізде балалардың қауіпсіздігін арттыратын арнайы SIM-карта енгізіледі

Расымен, қазіргі жағдайды ескерсек, өте қажет дүние екен✔️

✍️Алматыда мыңға жуық зейнеткерді жұмысқа орналастыратын жоба іске қосылмақ

Тамаша! 👍

🤗Қазақстандық пара биатлоншы Ербол Хамитов араға 31 жыл
салып Гауһар глобус жеңіп алды


Құтты болсын!🔥

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-47/

#Қазақстан #жаңалықтар #SIM-карта #балалар #такси #салық #зейнетер #ЕрболХамитов
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7👍6❤3👌2
💡📆📆📆📆📆 13 наурыз

🥪13 наурыз – Халықаралық диета күні. Бүгін Халықаралық диета күні атап өтіледі. Тағамның адам денсаулығына әсері ежелгі дәуірден белгілі. Ежелгі Грекия мен Рим тұрғындары өздерінің физикалық және психологиялық жағдайын жақсарту үшін әртүрлі диеталар ұстанған. Ал Спартада тағамды тым дәмді әзірлеген аспазды тамағымен бірге құздан лақтырып жіберген екен. Бүгінде диета түрлері сан алуан. Әр адам өзіне қолайлысын таңдап, дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыра алады. Егер сіз салмақ тастауды көздемесеңіз, ең болмағанда бір күндік жеңілдетілген тамақтану ағзаңызға пайдалы болатынын еске саламыз.

Сіз диетаның қай түрін ұстанасыз?




👀Бүгін — Дүниежүзілік эндометриоз туралы ақпараттандыру күні. Бұл гинекологиялық ауру әлем бойынша 176 миллионға жуық әйелде кездеседі. Дәрігерлердің айтуынша, эндометриозды уақытылы емдемеу - бала көтеруде қиындықтар туындатып, бедеулікке алып келеді. Ауруды өздігінен анықтау қиын болғандықтан, жыл сайын 13 наурызда әйелдер денсаулығына ерекше мән беріп, тұрақты түрде медициналық тексеруден өтуге шақырылады.

Өзіңізге әрдайым қамқорлық жасаңыз және деніңіз сау болсын



👤Бүгін қазақ музыка өнерінің аса көрнекті өкілі, композитор, қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі Мұқан Төлебаевтың (шын есімі – Мұхаммедсәлім) туғанына 112 жыл толды (1913-1960). 100-ден астам музыкалық шығарманың авторы, қазақ мәдениетінің дамуына зор үлес қосты. Мұқан Төлебаевтың ең үздік шығармасы – «Біржан – Сара» операсы. Бұл туынды ХХ ғасырдағы қазақ музыкасының ең биік жетістіктерінің бірі Е.Брусиловскиймен және Л.Хамидимен бірге Қазақ КСР Мемлекеттік Гимнінің (1945-1992) және Қазақстан Республикасының Гимнінің (1992-2006) музыкасын жазды.


👥1991 жылы 13 наурызда қазақтың екі атақты тұлғасы өмірге келді. Бүгін бокстан 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 34 жасқа толды. Ол бокстан әлем чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы, Азияның екі дүркін чемпионы. Ал кәсіпқойлар арасында IBF Inter-Continental чемпионы және IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы болды. Сонымен қатар бүгін эстрада әншісі әрі бірнеше әннің авторы Ернар Айдар да 34 жасқа толды. 2014 жылы ол “Алтын микрофон” ұлттық музыка байқауының “Үздік әнші жігіт” номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Ал 2016 жылы “Интернет таңдауы” номинациясында EMA Eurasian Music Award сыйлығын жеңіп алды.

Сізге Ернардың қай әндердің көбірек ұнайды?


#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #дұрыстамақтану #эндометриозмәселесі #Қазақстангимні #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #Олимпиадачемпионы #ЕрнарАйдар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏8🔥3⚡2👍2👌1
💡💡💡💡💡💡💡

Мотивацияны қалай оятамыз? ТОП-6 кеңес

📌 Кейде өзімізді шаршап, мақсатымыздан алшақтап кеткендей сезінеміз. Күнделікті өмірдің күйбеңі, сәтсіздіктер, қоршаған ортаның әсері мотивациямызды әлсіретіп жіберуі мүмкін. Бірақ кез келген адам бойындағы жігерді қайта оятып, алға ұмтылуға қабілетті. Бұл мақалада мотивацияны қайта жандандырудың тиімді жолдары туралы айтамыз.

1️⃣ Нақты мақсат қою

Мотивацияның негізгі қозғаушы күші – айқын мақсат. Егер сіз нақты не қалайтыныңызды білмесеңіз, күш-қуатыңыз да тез сарқылады. Сондықтан:
• Өзіңізге қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттар қойыңыз.
• Мақсатты «SMART» қағидаты бойынша анықтаңыз (Нақты, Өлшенетін, Қолжетімді, Маңызды, Уақытқа байланған).
• Әр мақсатыңыздың неге маңызды екенін түсініңіз.

2️⃣ Өзіңізді не ынталандыратынын анықтау

Әр адамның мотивация көзі әртүрлі:
• Ішкі мотивация – өзіңіздің даму жолыңыз, арманыңыз, ішкі құндылықтарыңыз.
• Сыртқы мотивация – марапат, бедел, әлеуметтік мойындау, материалдық табыс.

Егер сізді шынымен не жігерлендіретінін түсінсеңіз, алға жылжу әлдеқайда жеңіл болады.

3️⃣ Өзіңізді жеңімпаз ретінде елестету

Мидың жұмысы қызық: ол шынайы оқиғалар мен ойша елестеткен көріністерді бірдей қабылдайды. Егер сіз көз алдыңызға жетістікке жеткен сәтіңізді жиі елестетсеңіз, миыңыз соған сай әрекет етуге бейімделеді.

Қарапайым жаттығу:
• Көздеріңізді жұмып, арманыңыздың орындалғанын елестетіңіз.
• Сол сәттегі эмоцияларды сезініп көріңіз.
• Осы күйді жиі қайталаңыз – бұл миыңызды жеңіске бағдарлайды.

4️⃣ Кішкентай қадамдармен бастау

Көбіне адамдар бірден үлкен нәтижеге жетуді қалайды, бірақ алғашқы қиындықта-ақ мотивациясын жоғалтады. Сондықтан:
• Қарапайым және нақты әрекеттерден бастаңыз.
• Мақсатыңызды кішігірім бөліктерге бөліңіз.
• Әр жасалған қадам үшін өзіңізді марапаттаңыз.

Мысалы, кітап жазғыңыз келсе, бірден 300 бетті ойламаңыз. Күніне тек 1 бет жазуды әдетке айналдырыңыз.

5️⃣ Қоршаған ортаңызға мән беру

Қай ортада жүрсеңіз, сіздің ойлау жүйеңіз де соған сай қалыптасады. Сондықтан:
• Қолдаушы адамдармен араласыңыз.
• Жетістікке жеткен тұлғалардың кітаптарын оқыңыз, подкасттарын тыңдаңыз.
• Негативті ойлайтын адамдардан аулақ болыңыз.

6️⃣ Дене белсенділігі мен тәртіп

Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, физикалық белсенділік мотивацияны күшейтеді. Жаттығу жасағанда эндорфин (бақыт гормоны) бөлінеді, бұл сізге қуат береді.
• Таңертең жаттығу жасаңыз.
• Дұрыс тамақтаныңыз.
• Ұйқыңызды реттеңіз.

Мотивация – бұл тұрақты процесс. Кейде ол әлсірейді, бірақ оны қайта жандыруға әрдайым мүмкіндік бар. Өзіңізді дамытып, алға қойған мақсатыңызға сеніммен ұмтылыңыз!

#мотивация #қазынакеңес #мақсат #лайфхак
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥8👍4🤩3👌3
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

😻663 мың теңге: Елімізде ең жоғары жалақы алатын мамандықтар анықталды

Ал сіз қай салада жұмыс істейсіз? 💸

🙀Өзбекстанда өнер иелері концерт жарнамасында фонограмма қолданатынын көрсетуге міндеттелді

Мұндай бастама Қазақстанға қажет пе? Қалай ойлайсыз?😨

🙌2024 жылы Қазақстанға көшіп келгендердің саны 15,3%-ға артқан

Мәссаған😮

🥸Депутат халықты заңсыз несиелерден қорғайтын жаңа нормаларды қарастыруды ұсынды

Орынды ұсыныс екен!👍

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-48/

#Қазақстан #Жаңалықтар #еңжоғарыжалақы #айлық #Өзбекстан #фонограмма #несие #заңсыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7🔥3👌3🤩2