Үйде жатпа!
8.13K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

🗣️Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерге қойылатын талаптарды күшейтпек

Мәссаған!😶

💸Мұнай бағасының ауытқуы ішкі бензин құнына әсер етпейді — Энергетика министрі

Министрлік ескерту жасапты📍

👀Алдағы уақытта Қазақстанда күн суытып, кей өңірлерде үсік жүреді

Жылы киініп жүріңіздер!🙌🏻

📚Асхат Аймағамбетов магистратура мен докторантураға түсу кезінде ағылшын тілінен емтихан тапсыруды алып тастауды ұсынды

Бұған не дейсіз? 🤔

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-73/

#Қазақстан #жаңалықтар #Қаржынарығы #банк #Мұнай #бензин #ауарайы #магистратура #докторантура #ағылшынтілі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3👌3🔥2❤1
💡📆📆📆📆📆 24 сәуір

👀24 сәуір — Халықаралық жастар ынтымақтастығы күні. Бұл мереке жастардың әлеуметтік, экономикалық және психикалық мәселелеріне назар аударуға шақырады. Сонымен қатар, халықтар арасындағы достықты нығайту, жастардың құқықтары үшін бірлесе күресу және олардың мәселелерін шешуде бірігу мақсатын көздейді. Кез келген мемлекеттің болашағы – белсенді де бастамашыл жастардың қолында.

Сіздің ойыңызша, қазір Қазақстан жастары қандай мәселелерге тап болып жатыр?


💪24 сәуір — Халықаралық шу туралы хабардар ету күні. Ірі қалаларда тұратын адамдар тек ауа ластануымен емес, сонымен қатар түнде де толастамайтын шудың әсерінен зардап шегеді. Көлік пен өндіріс орындарының дауысы, көрші пәтерлерден немесе мейрамханалардан естілетін қатты музыка, жол жөндеу жұмыстары – мұның бәрі адамның өнімділігінің төмендеуіне, физиологиялық және психологиялық сырқаттарға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайға жол бермеу үшін дыбыс деңгейінің рұқсат етілген мөлшерін сақтау қажет.

👤Сонымен қатар бүгін Халықаралық мүсін күні аталып өтеді. Бұл мереке мүсін өнерінің мәнін түсіндіру, адамдардың осы өнер түрі жайлы білімін арттыру мақсатында белгіленген. Бүгінде әр қалада өзіндік бірегейлік пен ерекшелік сыйлайтын мүсіндер орнатылған.

Дүниежүзіндегі ең әйгілі мүсіндерді білесіз бе?


👥24 сәуір — қос тұлғаның туған күні. 142 жыл бұрын қазақ дәрігері, педагог, Алаш-Орда халық кеңесінің мүшесі Халел Досмұхамедов (1883-1939) дүниеге келді. Өз ғұмырының көп бөлігін медицина саласына арнаған Халел қазақ ғылымының дамуына айрықша үлес қосты. Ол ұлттық мектеп жүйесін қалыптастыруға, қазақша ғылыми терминологияны жасауға белсене атсалысты. Оның еңбектері отандық оқулықтар тарихында ерекше орын алады. Кеңестік билік оны жалған саяси айыппен тұтқындап, Алматы түрмесінде қайтыс болған. 1958 жылы толық ақталды. Сонымен қатар бүгін француз сәнгері Жан-Поль Готье 73 жасқа толды. Ол — жоғары сән әлеміне жаңаша серпін берген дизайнер, Jean Paul Gaultier S.A. сән үйінің негізін қалаушы және президенті. Сонымен қатар «Бесінші элемент» сияқты танымал фильмдерге костюмдер жасаған, режиссёрлермен тығыз жұмыс істеген.

Сіздің қалаңызда Халел Досмұхамедовтің есімімен аталған қандай орындар бар?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Жастаркүні #Дыбыстанқорғаукүні #Мүсінөнерікүні #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ХалелДосмұхамедұлы #ЖанПольГотье
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12👌2
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

👀Қазақстанда ипотека мен несие рәсімдеу шарттары қиындайды

Талаптары күшейіп жатыр екен📌

👤Елімізде дәрумендерге бақылау күшейтіледі: Денсаулық сақтау министрлігі жаңа ережелерді таныстырды

Дұрыс шешім екен👍

📚Аягөздік оқушы Марс климатын болжайтын жасанды интеллект бағдарламасын жасады

Жас ғалымның болашағына сәттілік тілейміз!😍

🥸Биыл 3 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи Отанымен қауышты

Тамаша!🙌🏻

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-74/

#Қазақстан #Жаңалықтар #ипотека #несие #дәрумендер #Денсаулықсақтауминистрлігі #Марс #жасандыинтеллект #этникалыққазақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤3👌2👎1🎉1
💡📆📆📆📆📆 25 сәуір

⚽️Бүгін — Қазақстан футболы күні. 2002 жылы 25 сәуірде Стокгольмде Қазақстан футбол одағы Еуропалық футбол қауымдастығына қабылданып, УЕФА-ның 52-ші мүшесі болды. Қазіргі таңда Қазақстан әлемдік рейтингте 103-орында тұр, соңғы бір жылда 9 сатыға көтерілген.
Ұлттық құраманың тарихындағы ең көп ойын өткізген футболшы – Самат Смақов, оның еншісінде 76 матч. Ал Бахтиёр Зайнутдинов 14 голмен ұлттық құраманың ең үздік сұрмергені атанып отыр.

Сіз қай команданың жанкүйерісіз?


💃25 сәуір — Халықаралық қыздар күні. Баланың дүниеге келуі отбасына қуаныш пен бақыт сыйлайды. Әсіресе, қыздың дүниеге келуі әр шаңыраққа ерекше мейірім мен тыныштық әкеледі. Қыз – болашақ отбасының ұйытқысы, анасының басты көмекшісі. Әкенің қызына көрсеткен қамқорлығын ештеңемен салыстыруға келмейді. Дәстүр бойынша ұлдарға қатал тәрбие мен тәртіп қажет. Ал қыздар махаббатты, нәзіктік пен сүйіспеншілікті сезінгені абзал.

Барлық әйелді қыздар күнімен құттықтаймыз!


🌡Бүгін — Халықаралық ДНҚ күні. 1953 жылдың 25 сәуірінде Кембридж ғалымдары Nature журналында ДНҚ молекуласының құрылымы туралы зерттеу нәтижелерін жариялады.
Адам ағзасында шамамен 40 триллион жасуша бар, әрқайсысы 1,5 гигабайт көлеміндегі генетикалық ақпаратты сақтайды. Жер бетіндегі адамдардың ДНҚ-сы 99,9% ұқсас, ал әр адамның бірегейлігі небәрі 0,1% ғана. ДНҚ молекуласы жоқ жалғыз жасушалар – қызыл қан түйіршіктері. Адам геномы жануарлар мен өсімдіктердің кейбір түрлерімен де ұқсас: шимпанземен – 95%, тышқанмен – 70%, бананмен – 50%.

Қазақтарға генетикалық жағынан ең жақын халықтар кімдер?

👥25 сәуір — қос бірдей атақты актердің туған күні. 132 жыл бұрын қазақ кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі Қалыбек Қуанышбаев (1893-1968) дүниеге келді. Қырық жылдық сахналық өмірінде ол 150-ден астам рөлді сомдап, 10 фильмге түскен. “Төреуіш” және “Шаншарлар” атты екі сатиралық жыр жинағын жазды. Ол Қазақстанның және КСРО-ның еңбек сіңірген халық әртісі. Сонымен қатар бүгін мансап жолында жағымсыз кейіпкерлерді сомдаған әлемнің үздік актері Аль Пачино 85 жасқа толды. Өнер иесі “Оскар” және көптеген беделді кәсіби марапаттардың иегері. Ол 60-тан астам фильмде басты рөлді сомдаған. Аль Пачино заңды түрде шаңырақ көтермегенімен, оның үш баласы бар.

Сізге Аль Пачиноның қай фильмі ұнайды?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #қазақстандықфутбол #қыздаркүні #ДНҚкоды #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ҚалыбекҚуанышбаев #АльПачино
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍3👌3
💡🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎞

🎬"90+1" спорттық драма. Жас футболшы – ел үміт артқан дарынды ойыншылардың бірі. Сарапшылар оны ұлттық құраманың болашағы деп бағалап отыр. Алайда финалдық матч кезінде оның өмірі күрт өзгереді: дәл сол сәтте ата-анасы жол апатына ұшырайды. Әкесі оқиға орнында қаза табады, ал анасының өмірін аман алып қалу үшін қымбат ем қажет. Енді кейіпкердің алдында күрделі таңдау тұр – бала күнгі арманынан бас тартып, отбасына тірек бола ма, әлде қос бағытты қатар алып жүрудің жолын таба ма? Басты рөлдерде: Керемқұлов Қуаныш, Сакатов Алматы, Артур Асқарұлы, Рамазан Жаннұр.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=-cf4sRC1Ys4

🎬"Гәп" комедиясы. Бес отбасы ай сайын кезек-кезек үйде бас қосып, сән-салтанаты келіскен дастархан жаяды. Уақыт өте келе бұл кештер бақталастықтың алаңына айналып, әр жұп өзгелерден асып түсуге тырысады. Бірде келесі кездесу иелері кештің Камбоджада өтетінін жария етеді. Алайда шетелдегі демалыс күтпеген оқиғалар тізбегіне ұласып, күлкіге толы, оқыс жағдайлармен жалғасады. Басты рөлдерде: Берік Айтжанов, Қанат Әлжаппаров, Нұргүл Даубаева, Құралай Анарбекова.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=O9TWc9qaYG0

🎬"Қызыл дамбал" мелодрамасы. Отбасындағы зорлық-зомбылықтан жапа шеккен бірнеше әйел бас қосып, “кек алушылардың” құпия тобына айналады. Олар бұрынғы күйеулерін тауып, жазалауға кіріседі. Бұл топтың айрықша белгісі – қызыл дамбал. Қоғамдағы үнсіз қасіретті бейнелеген бұл фильм – ауыр тақырыпты батыл көтерген ерекше туынды. Басты рөлдерде: Диана Сұлтанғазиева, Ержан Жаманқұлов, Гүлмира Хасанова, Жансая Құрманқызы. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=2nKS1EC6GwE

🎬"Расплата 2" боевигі. Кристиан Вульф Қаржы министрінің жұмбақ өлімінің сырын ашу үшін қайта оралады. Тосын оқиғаның артында кім тұрғанын анықтау мақсатында ол туған бауырымен күш біріктіріп, заңсыз амалдарды да шебер қолданады. Күн өткен сайын олар шындыққа жақындай түседі. Бірақ осы сәтте қастарына қанішер қылмыскерлер түсіп, тергеуді тоқтатуға барын салады. Басты рөлдерде: Бен Аффлек, Джон Бернтал. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=5UZCdPUt_40

🎬"Крутой поворот" триллері. Джош әйелі мен алты жасар ұлын ертіп, жаңа үйге көшіп келеді. Жаңа өмір тыныш әрі бақытты болады деп үміттенген отбасы кенеттен қайғылы оқиғаның куәсі болады: үй жанындағы қауіпті бұрылысқа келген көлік апатқа ұшырап, жасөспірім көз жұмады. Артынша дәл осындай апат қайталанып, Джош бұл жерді өзгелер үшін қауіпсіз етуге бел байлайды. Бірақ оның бұл әрекеті ақиқаттың тереңіне жетелеп, өзге сұмдықтарды ашуы мүмкін. Басты рөлдерде: Бен Фостер, Коби Смулдерс. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=9H_K0bBkOgU

🎬"Коллекционер душ" триллері. Қыздарға арналған мектепте жоғалған оқушы қыздардың ісі елді елең еткізеді. Бір қыз өлі күйінде табылып, тергеу басталады. Қанішердің қалдырып кеткен белгі-жұмбақтары арқылы полиция ізге түседі, бірақ іс тығырыққа тіреледі: күдіктінің бірнеше тұлғасы, алайда бір ғана қолтаңбасы бар. Қылмыскер шынымен кім және ол қыздардың жанын не үшін жинайды? Басты рөлдерде: Жанин Чан, Ван Чуаньцзюнь. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=tdGbWZ0qSE8

🎬"Как перевоспитать дракона" мультфильмі. Аспан патшалығында абыр-сабыр. Ұшқалақ су атбасы мен аңғал да батыл Айдаһарша жасырын күшке ие көне жәдігерлерді іздеуге аттанады. Бұл құпия артефакттерді Көктегі ханзада зұлымдардың көзінен жасырып қойған еді. Алайда енді оларды табу үшін екі достың басынан талай сынақ өтеді. Егер жәдігерлер жаман ниеттілердің қолына түссе – жер бетіне зор қауіп төнбек. Екеуінің бастан кешкен қызықты да қауіпті сапары күлкі мен шытырманға толы.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=OFk8yqcQM38


#жаңафильмдер #аптаныңпремьералары #Алматыафишасы #Қазақстанафишасы #90+1 #Қызылдамбал #Гәп
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌5👍4
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

💃1 маусымнан бастап Абу-Даби – Алматы бағыты бойынша жаңа рейс іске қосылады

Енді туристер саны да артатын шығар👍

👥Заңсыз активтердің 1,4 млрд теңгесі медициналық мекемелердің құрылысына жұмсалмақ

Тамаша!

🤩Олимпиада және Паралимпиада жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы табысталды

49 спортшы олжалы болды😍


Құлаққағыс📌

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-75/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Алматы #Абу-Даби #жаңарейс #Заңсызактив #медицина #Олимпиада #Паралимпиада #eGov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5👌1
💡📆📆📆📆📆 26 сәуір

🫠Бүгін — Халықаралық радиациялық апат және техногендік катастрофа құрбандарын еске алу күні. 1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль атом электр станциясында жарылыс болып, адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апат орын алды. Қоршаған ортаға радиоактивті заттар таралып, пайда болған бұлт Украина, Ресей, Беларусь пен Еуропаның бірнеше еліне дейін жетті. Осы тұста оқиға орнына табан тіреген қызметкерлер одан көп зардап шекті. Оның ішінде Қазақстанның 30 мың өкілі болды. Чернобыль мен Семей ядролық полигонының тарихы адамзатқа мұндай апаттардың зардабын еңсеру үшін ондаған жыл қажет екенін көрсетті.

😁Сәуірдің соңғы сенбісінде Дүниежүзілік ветеринарлар күні аталып өтеді. Адамзат ежелден мал мен үй жануарларын қадір тұтып келген, сондықтан ветеринар мамандығы әрдайым құрметті кәсіп саналған. Бұл туралы балаларға арналған ертегілер мен фильмдердегі Айболит пен Дулитл секілді кейіпкерлерге деген сүйіспеншіліктен-ақ аңғаруға болады. Бүгінде Қазақстанда шамамен 15 мың ветеринар жұмыс істейді. Алайда бұл салада маман тапшылығы әлі де сезіледі. Егер таныстарыңыздың арасында ветеринарлар болса, кәсіби мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!


🤩26 сәуір – Дүниежүзілік зияткерлік меншік күні. Зияткерлік меншікті қорғаудың басты құралдары — авторлық құқық, жеке тауар белгілері, сондай-ақ әртүрлі патенттер. Олар инновацияларды ілгерілетуге мүмкіндік беріп, инвестиция тартуға жол ашады, жобалар авторларының еңбегін өтеуге және ынталандыруға ықпал етеді. Егер сізде өзіндік өнертабысыңыз, жеке кәсібіңіз болса немесе енді бастағалы жүрсеңіз — зияткерлік меншігіңізді қорғауды ұмытпаңыз. Бұл үшін Ұлттық зияткерлік меншік институтына тіркелуге болады.

👥26 сәуірде өмірге келген атақты адамдар. 125 жыл бұрын ХХ ғасырдағы қазақ мәдениетінің іргетасын қалаған ұлттық әдебиет классигі Сәбит Мұқанов (1900-1973) дүниеге келді. Оның кітаптары әлемнің 46 тіліне аударылып, АҚШ Конгресінің және Австралияның Ұлттық кітапханасының төрінен орын тапты. Сонымен қатар бүгін америкалық актер, продюсер және модель Ченнинг Татум 45 жас мерейтойын атап өтеді. Ол 40-тан астам фильмде, оның ішінде “Сиқырлы Майк”, “Мачо және Ботан”, “Қымбатты Джон”, “Ақ үй Даун” және басқа да фильмдерде басты рөлді сомдады. Өнер иесі 2007 жылы Сергей Бодровтың “Моңғол” эпопеясында Шыңғысханның рөлін сомдауы керек болған. Алайда соңғы сәтте оның орнына Асано Таданобу ойнап шықты.

Сіздің қалаңызда Сәбит Мұқановтың есімімен аталған қандай орындар бар?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #радиацияқұрбандары #зияткерлікменшік #ветеринаркүні #Туғанкүндер #Танымаладамдар #СәбитМұқанов #ЧеннингТатум
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6👌1
💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆

Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз.

АЛМАТЫ:

🌷"Zat" көрмесі

“Zat” көрмесінде көрермен күнделікті тұрмыстағы заттардың мүлде басқа қырынан таныстырылуына куә болады. 13 заманауи қазақстандық суретші мен дизайнердің қолында қарапайым бұйымдар — жиһаз, кескіндеме, зергерлік әшекейлер, керамика мен жарық инсталляциялары — жаңа мағынаға ие болады.

Орналасқан жері: Efes Art Space, Желтоқсан даңғылы, 137
Күні: 26 және 27 сәуір, 10:00 – 19:00

🔥"Volcano" заманауи керамика көрмесі

Санкт-Петербургтен келген керамист-суретші Екатерина Тюмина бірнеше жыл бойы жанартаудың атқылау үдерісін зерттеп, осы тақырыпқа арналған жұмыстарын ұсынады. Табиғаттың бұл қуатты құбылысын – лаваның ағысы тудырған күш пен энергияны терең ұғынып, суретші оны өз бойынан өткізе отырып, көркем түрде бейнелеген.
Өтетін орны: «Өнер» арт-кеңістігі, Шевченко көшесі, 51.
Күні: 26 наурыз, 10:00 – 19:00

🙌Айжан-Сара Жәнсейітованың “Жанымның сыбыры” көрмесі
⠀
Алматыдағы Almaty Gallery көрме залында суретші Айжан-Сара Жәнсейітованың «Жанымның сыбыры» атты жеке көрмесі ашылды. Экспозицияда автордың 50 кескіндемелік туындысы ұсынылған. Әрбір шығармада өмір жолындағы таңдау тақырыбы көтеріледі — адам жарық пен қараңғының қайсысын таңдайды, тағдыр соған қарай өрбиді.
⠀
Өтетін орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 26 және 27 сәуір, 12:00 – 17:00

😻"Ancient Futures: мұраны, қолөнерді және экологияны зерттеу” көрмесі
⠀
Бұл көрме – өткен мен болашақтың арасындағы көпір. Мұнда ежелгі дәстүрлі білім мен қазіргі биотехнологиялар тоғысады. Шеберлер мен зерттеушілердің еңбектері арқылы көрермен мәдениеттер мен дәуірлердің қиылысында тұрған, табиғатпен үйлесімді өмір сүру жолын іздейтін көркем әрі философиялық ойға бойлайды.
⠀
Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79
Күні: 26 және 27 сәуір, 12:00 – 17:00


👏"T1 / 2" саунд-арт инсталляциясы
⠀
“T1/2” — бұл Камилла Нарышева мен Вики Кларктың бірлескен жобасы, Семей ядролық сынақ полигонында жасалған далалық жазбаларға негізделген.
⠀
Өтетін орны: 101 Dump Gallery, Панфилов көшесі, 101, домофон 1
Күні: 26 және 27 сәуір, 14:00 – 22:00

🗣Георгий Макаровтың “Бір Тау жайлы хикая” көрмесінің ашылуы

Суретшінің туындылары сізге бірегей әлемнің есігін ашады – мұнда Тау бейнелі баяндаудың басты кейіпкеріне айналып, абстракция мен фигуративтік үндесіп, терең мағыналы көркем образдар тудырады.

Орны: Ular галереясы, Панфилов көшесі, 92
Күні: 26 сәуір, 12:00-18:00

👀Spring Art Fair көрмесі
⠀
Spring Art Fair — көктемнің шуағындай жарқын өнер мерекесі. Бұл алаңда Қазақстанның танымал суретшілері мен жас таланттары өздерінің ең үздік туындыларын ұсынады.

Өтетін орны: Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3-қабат)
Күні: 26 және 27 сәуір, 10:00 – 20:00


АСТАНА:

🙏SONS OF THE SHAMAN көрмесі

Нигериялық суретші Мосес Зибор мен қазақстандық суретші Сәулет Жәнібектің бұл көрмесі көрерменді руханият, дәстүр мен бірегейлік жайлы сұхбатқа шақыратын мәдениеттер арасындағы сапарға жетелейді.

Өтетін орны: LM Kulanshi Art, Hayat тұрғын үй кешені, Қасым Аманжолов көшесі, 22А
Күні: 26 және 27 сәуір, 10:00 - 16:00


👤"Портреттер емес" көрмесі

Белгілі грузин фотографы Гио Кардаваның жұмыстары көрерменді адам мен өнерге, тіпті өзіне де өзгеше қырынан қарауға шақырады.

Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1
Күні: 26 және 27 сәуір, 10:00 - 20:00

Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!

#Алматыафишасы #Астанаафишасы #қайдабарукерек #тегін #көрмелер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍4🔥2🤝2👏1
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Қызыл дамбал” атты мелодрама фильміне арналады

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/M8QOZSM9CsM

#Қызылдамбал #мелодрама #мстители #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #насилие #қазақ #борьба
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌7👍4🤔1
💡📆📆📆📆📆 27 сәуір

👍27 сәуір – Дүниежүзілік графикалық дизайн күні. Графикалық дизайнердің міндеті — сөздерді, кескіндерді, анимацияларды және дыбыстарды көпшілікке тартымды әрі әсерлі етіп жеткізу. Бұл өнер әлеуметтік желілерде, кітаптардың беттелуінде, презентацияларда, интернет парақшаларында және түрлі жарнамалық өнімдерде көрініс табады. Сол себепті дизайнерлердің еңбегі бүгінгі таңда көптеген салада жоғары сұранысқа ие. Ал аталған мамандықты меңгеру үшін өзіндік талғам мен көзқарас, төзімділік пен еңбекқорлық болуы қажет.

Егер таныстарыңыздың арасында дизайнерлер болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!


🙌Бүгін байланыс қызметкерлері “Морзе әліппесі” күнін атап өтеді. Себебі 1791 жылы 27 сәуірде электрлік телеграфтың атасы атанған америкалық өнертапқыш Самуэль Морзе дүниеге келген еді. Оның өнертабысы хабарламаларды үлкен қашықтыққа әп-сәтте жеткізуге мүмкіндік берді.
Оған дейін адамдар барабан соғу, түтін шығару, семафор белгісі сияқты түрлі тәсілдермен немесе дәстүрлі хат жазу арқылы байланысатын. 1844 жылы түпнұсқалық демонстрацияда пайдаланылған сымдар мен магниттер смартфонның экрандық пернетақталарына енгізілді. Бірақ Морзе әліппесінің 21 ғасырда да маңыздылығы жоғары екенін атап өткен жөн.

Ал сіз Морзе әліппесін білесіз бе?


🫢Бүгін жануарларды жақсы көретін жандар Дүниежүзілік тапир күнін атап өтеді. Тапир – Оңтүстік-Шығыс Азия мен Оңтүстік Америкада мекендейтін, шөппен қоректенетін қызық әрі сүйкімді сүтқоректі жануар. Олар Жер бетінде шамамен 55 миллион жылдан бері өмір сүріп келеді. Табиғи ортада тапирлердің басты жаулары – ягуарлар, қолтырауындар мен анакондалар. Алайда оларға ең үлкен қауіп адамдар тарапынан төнеді. Адамдар тапирлерді еті мен терісі үшін аулайды, сондай-ақ олардың табиғи мекен ету ортасы – ормандарды жойып жатыр. Бұл күннің мақсаты – көпшіліктің назарын тапирлердің жойылып бара жатқанына аудару. Өйткені олардың жойылу қарқыны табиғи түрде көбейу мүмкіндігінен әлдеқайда жоғары.

Қазақстанда қорғауға мұқтаж қандай жануарларды білесіз?


😻Бүгін — памперстің пайда болған күні. 1965 жылы 27 сәуірде америкалық Pampers компаниясы бір рет қолданылатын балалар жаялықтарына ресми патент алды. Бұл идея химик Виктор Миллзге тиесілі. Үш немересін бағып жүрген ол, үнемі жаялық ауыстырудың қиындығын көріп, нәрестелерге арналған арнайы сіңіргіш қабатты ішкиім ойлап табады. Үй жағдайындағы алғашқы сынақтар бұл өнертабыстың қаншалықты қолайлы әрі қажет екенін дәлелдеді. Бүгінде Виктор Миллздің ойлап тапқан жөргектері әлем бойынша миллиондаған ата-ананың өмірін жеңілдетіп отыр.

Сіз қай фирманың жөргектерін ұнатасыз?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #графикалықдизайн #Морзеәліпбиі #жануарлардықорғау #жөргектіңөнертабысы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤2👌2
💡🎞🎞🎞🎞🎞

💎 Бүгінгі кино шолуымыз “Гәп” атты комедия фильміне арналады

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/sHQT_rcfYWI

#Гәп #комедия #понты #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #пафос #қазақ #деньги
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤1