Үйде жатпа!
8.13K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡📆📆📆📆📆 19 сәуір

🏛1735 жылы 19 сәуірде Орынбор қаласының негізі қаланды. Қазір қала Ресейдің бір бөлігі болғанымен, біздің халқымыз үшін бұл қаланың тарихи маңызы зор. Мұнда 1913 жылы тұңғыш “Қазақ” газеті басылып шығарылды. Сонымен қатар 1917 жылы бірінші және екінші жалпықазақ съезі өтіп, нәтижесінде Қазақ ұлт-азаттық “Алаш” партиясы құрылып, Алаш Орда республикасы жарияланды. 1920-1925 жылдары Орынбор Қазақстанның астанасы болды. 1925 жылы Кеңес өкіметінің шешімімен Орынбор мен оның облысы Ресейге өтіп, астана Қызылорда қаласына көшірілді.

Тағы қай қала Қазақстанның астанасы болды?

📖1928 жылы 19 сәуірде ағылшын тіліндегі алғашқы Оксфорд сөздігі басылып шықты. Аталмыш сөздіктің бірінші басылымында 500 мыңға жуық сөз және 5 мыңнан астам автордың 20 мыңға жуық шығармасынан 2 млн-ға жуық дәйексөз болды. Оксфорд – халықаралық дәрежедегі ағылшын тіліндегі ең танымал әрі ең ірі академиялық сөздіктерінің бірі. Бүгінде ағылшын тілі 54 елдің ресми тілі болып есептеледі. Бұл тілде шамамен 1,5 миллиард адам сөйлейді. Өткен жылдың соңында Oxford Qazaq Dictionary алғашқы қазақ-ағылшын сөздігі жарыққа шыққанын атап өткен жөн. Осылайша, қазақ тілі әлемнің 100 маңызды әрі базалық тілдерінің сөздік құрамын біріктіретін жалпы жаһандық тілдік корпусқа енді.

👀Сәуір айының үшінші сенбісінде көңілді мереке — Дүниежүзілік цирк күні аталып өтеді. Цирк — адамзат тарихындағы ең көне өнер түрлерінің бірі саналады. Себебі акробаттар, жонглёрлар, ат үстінде өнер көрсететіндер мен сайқымазақтар жайлы деректер Ежелгі Дүние дәуірінен бастау алады. Алайда қазіргі заманғы цирктің негізі XVIII ғасырдың соңында қаланды. Оның негізін қалаушы — ағылшын шабандозы Филип Астлей саналады. Ол тәжірибе арқылы аттар үшін ең қолайлы шеңбер диаметрі — 13 метр екенін анықтаған. Бұл өлшем жылқыларға толық шабыс кезінде оңай қозғалып, трюктер жасауға мүмкіндік береді. Бүгінде әлемдегі цирктердің көпшілігінде арена дәл осы өлшеммен жасалады.

Сізге қазақ цирк өнерпаздарының қайсысы ұнайды?


👥19 сәуір — қос тұлғаның туған күні. Бүгін пианист, ұстаз, Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірова 68 жасқа толды. Ол 20 жылға жуық Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметін атқарды. Өнер иесінің бастамасымен “Классика” музыкалық агенттігі құрылды. Сонымен қатар ол бірнеше халықаралық жобаны жүзеге асырды. Соның ішінде Францияда өткен “Kazakh Seasons” фестивалін, 18-ден астам елде ұйымдастырған концерттерін, 30-дан астам жарыққа шығарған компакт-дискілері мен Қазақстанның өнер иелері туралы түсірген 20-дан астам музыкалық фильмдерін атап өтуге болады. Сонымен қатар бүгін америкалық актриса, “Алтын глобус” сыйлығының иегері Кейт Хадсон 46 жасқа толды. Мансап жолында ол 30-дан астам фильмге түсті. Ал сән журналдары әртісті бірнеше мәрте әлемдегі ең әдемі әйел деп атады.

Сізге Кейт Хадсонның қандай фильмдері ұнайды?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Қазақстанастанасы #Оксфордсөздігі #цирккүні #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ЖәнияӘубәкірова #КейтХадсон
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍3👌2
💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆

Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз.


АЛМАТЫ:

👏Айжан-Сара Жәнсейітованың «Жанымның сыбыры» көрмесі
⠀
Алматыдағы Almaty Gallery көрме залында суретші Айжан-Сара Жәнсейітованың «Жанымның сыбыры» атты жеке көрмесі ашылды. Экспозицияда автордың 50 кескіндемелік туындысы ұсынылған. Әрбір шығармада өмір жолындағы таңдау тақырыбы көтеріледі — адам жарық пен қараңғының қайсысын таңдайды, тағдыр соған қарай өрбиді. Суретшінің айтуынша, бұл — жанның үнсіз әңгімесі, жүректен шыққан ішкі сыбыр. Көрермен туындыларды жай ғана тамашалап қоймай, олардың астарына үңіліп, ой түйгенін қалайды. Осы мақсатта Айжан-Сара әрбір жұмысына шағын әдеби эсселерді тіркеп отырған.
⠀
Өтетін орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 19 және 20 сәуір, 11:00 – 19:00

🤙"Zat" көрмесі
⠀
“Zat” көрмесінде көрермен күнделікті тұрмыстағы заттардың мүлде басқа қырынан таныстырылуына куә болады. 13 заманауи қазақстандық суретші мен дизайнердің қолында қарапайым бұйымдар — жиһаз, кескіндеме, зергерлік әшекейлер, керамика мен жарық инсталляциялары — жаңа мағынаға ие болады. Әрбір зат тек тұрмыстық қызметімен шектелмей, автордың ішкі жан толғанысын, ой-толғамын жеткізетін ерекше көркем образға айналған.

Орналасқан жері: Efes Art Space, желтоқсан даңғылы, 137
Күні: 19 және 20 сәуір, 10:00 – 19:00

💫"Ancient Futures: Мұраны, Қолөнерді және Экологияны Зерттеу» көрмесі
⠀

Бұл көрме – өткен мен болашақтың арасындағы көпір. Мұнда ежелгі дәстүрлі білім мен қазіргі биотехнологиялар тоғысады. Шеберлер мен зерттеушілердің еңбектері арқылы көрермен мәдениеттер мен дәуірлердің қиылысында тұрған, табиғатпен үйлесімді өмір сүру жолын іздейтін көркем әрі философиялық ойға бойлайды.
⠀
Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79
Күні: 19 және 20 сәуір, 12:00 – 17:00


☀️Саунд-арт инсталляция «T1/2»
⠀
«T1/2» — бұл Камилла Нарышева мен Вики Кларктың бірлескен жобасы, Семей ядролық сынақ полигонында жасалған далалық жазбаларға негізделген. Инсталляция — көрінбейтін, бірақ сезілетін іздерді тасымалдайтын, жердің жады мен үнсіз шежіресін жеткізетін дыбыстың мүмкіндігін зерттейді.
⠀
Өтетін орны: 101 Dump Gallery, Панфилов көшесі, 101, домофон 1
Күні: 19 және 20 сәуір, 14:00 – 22:00

🔥Георгий Макаровтың “Бір Тау жайлы хикая” көрмесінің ашылуы

Суретшінің туындылары сізге бірегей әлемнің есігін ашады – мұнда Тау бейнелі баяндаудың басты кейіпкеріне айналып, абстракция мен фигуративтік үндесіп, терең мағыналы көркем образдар тудырады. Сізді мәтін, дыбыс пен бейнелер тоғысқан ерекше атмосфера күтеді.

Орны: Ular галереясы, Панфилов көшесі, 92
Күні: 19 сәуір, 12:00-18:00

💐Spring Art Fair көрмесі
⠀
Spring Art Fair — көктемнің шуағындай жарқын өнер мерекесі. Бұл алаңда Қазақстанның танымал суретшілері мен жас таланттары өздерінің ең үздік туындыларын ұсынады.
⠀
Өтетін орны: Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3-қабат)
Күні: 19 және 20 сәуір, 10:00 – 20:00



АСТАНА:

👀“Тезек” көркем фильмінің көрсетілімі
⠀


⠀
Өтетін орны: LM Kulanshi Art, Hayat тұрғын үй кешені, Қасым Аманжолов көшесі, 22А
Күні: 19 сәуір, 14:00

👤"Портреттер емес" көрмесі

Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1
Күні: 19 және 20 сәуір, 10:00 - 20:00

🙌SONS OF THE SHAMAN көрмесі

Өтетін орны: LM Kulanshi Art, Hayat тұрғын үй кешені, Қасым Аманжолов көшесі, 22А
Күні: 19 және 20 сәуір, 10:00 - 16:00


Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!

#Алматыафишасы #Астанаафишасы #қайдабарукерек #көрмелер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11🤝3❤2😍1
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Мафия” атты фильміне арналады

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/5eFtidKKy_Q

#мафия #триллер #маньяк #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #детектив  #қазақстан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5⚡2❤1🔥1👌1
💡📆📆📆📆📆 20 сәуір

🌝20 сәуір — Өмірдің мәнін іздеу күні. Бұл күні адамдарға бір сәт болса да ішкі әлеміне үңіліп, «Мен кіммін? Бұл өмірге не үшін келдім?» деген сұрақтарға жауап іздеуге мүмкіндік беріледі. Бір адам өмірінің мағынасын кәсіби жетістіктен тапса, енді бірі – адал да тәрбиелі ұрпақ өсіруден көреді. Әр дін де өмірдің мәнін өзінше түсіндіреді.

Ал сіз өмірдің мәні неде деп ойлайсыз?

📚Бүгін кітап сүйер қауым – Халықаралық климаттық фантастика күнін атап өтеді. Климат-фантастика немесе қысқаша Cli-Fi деп аталатын бұл жанр жаһандық жылыну мен климат өзгерістерін сипаттайды. Бұл күннің мақсаты – климаттың өзгеруінен туындайтын қауіптерді көркем шығармалар мен фильмдер арқылы адамзатқа жеткізу. Егер біз қазірден бастап әрекет етпесек, болашақта қандай қауіптер күтіп тұрғанын осы жанр жақсы ашады.
⠀
Cli-Fi жанрындағы қандай кітаптар мен фильмдерді ұсына аласыз?


🔥1991 жылдың 20 сәуірінде Атыраудағы Теңіз кен орнында алғашқы өнеркәсіптік мұнай өндірілді. Бұл – әлемдегі ең терең орналасқан мұнай кен орны саналады. Теңіздің барланған қоры 3 миллиард тоннаны құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша ол әлемдік жіктемеде алып кен орындар қатарына жатады. 1993 жылы Қазақстан мен америкалық “Шеврон” компаниясы арасында бірлесіп игеру туралы келісімге қол қойылып, еліміздегі ең ірі мұнай өндіруші кәсіпорын – “Теңізшевройл” құрылды.

Егер Теңізде жұмыс істейтін таныстарыңыз болса, бүгінгі мерекесімен құттықтап қойыңыз!


👤2001 жылы 20 сәуірде аты аңызға айналған The Beatles тобының негізін қалаушылардың бірі — сэр Пол Маккартни Ұлыбританиядағы алғашқы музыкант-миллиардер атанды. Ол бірнеше рет Гиннес рекордтар кітабына енген. Соның ішінде қазіргі заманның ең табысты музыканты әрі композиторы ретінде.
Биыл ең бай музыканттар рейтингінде миллиардерлер қатарында алтауы бар: рэпер Джей Зи ($2,5 млрд), Тейлор Свифт пен Рианна ($1,4 млрд), Брюс Спрингстин ($1,2 млрд), Пол Маккартни ($1,2 млрд) және композитор Эндрю Ллойд Уэббер ($1 млрд).
⠀
Ал сіз өміріңізде қанша ақша тапқыңыз келеді?

#Күнтізбе #Мереке #ЕрекшеКүн #ӨмірдіңМәні #КлиматФантастикасы #ҚазақстанМұнайы #МузыкантМиллиардер #ТеңізКенОрны #ПолМаккартни #КлиФай #СаналыӨмір #20Сәуір #ТарихиКүн
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11👌2❤1
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Шымылдық” атты фильміне арналады

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/BKVwzrs2L38

#Шымылдық #комедия #любовь #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #узбекистан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌4👍3
💡💫💫💫💫💫💫💫

21–27 сәуірге арналған қаржылай жұлдыз жорамал

♈️Бұл аптада Тоқтылардың ақшасы тентек күшіктей — бірде жоғалып, бірде тосыннан қайтып келеді. Артынан жүгіріп, ұстауға тырыспаңыз — одан пайда жоқ. Ең дұрысы — шыдам мен сабырға “инвестиция” салыңыз. Апта соңына қарай күтпеген жерден табыс түсіп, “Мүмкін, еңбегім зая кетпеген шығар?” деп, өзіңізге риза болуыңыз әбден мүмкін.

♉️Торпақтардың қаржылай жағдайы бұл аптада жылы көрпедей жайлы болады — өзіңізге сенімді жүресіз. Бірақ сәл ұқыпсыздық танытсаңыз, салқындық сезілуі мүмкін. “Пайдалы” деген сылтаумен кезекті қажетсіз затқа ақша жұмсаудан сақтаныңыз. Оның орнына өз көңіл күйіңізге пайдасы тиетін нәрсеге қаржы бөліңіз — бұл әлдеқайда орынды шешім.

♊️Бұл аптада қаржыңыз құм сағаттай сырғып өтуі мүмкін. Бір жағынан табыс келіп жатса, бір жағынан қалай кеткенін де аңғармай қаласыз. Әмиянға жалынудың қажеті жоқ — ол бәрібір өз білгенін істейді. Одан да шығындарыңызды дәптерге түртіп жүріңіз. Сонда қайда, неге кетіп жатқанын байқап қалуыңыз мүмкін.

♋️Бұл аптада ақшаға аса сақтықпен қараңыз. Қаржыңыз дәл сіздің мелодрама көргеннен кейінгі көңіл күйіңіз секілді — құбылмалы әрі болжау қиын. Сенімсіз істерге ақша салмаңыз, “ертең қайтарам” деген достарға қарыз беруден аулақ болыңыз. Одан да өзіңізге бір жылы нәрсе алып, көңіліңізді көтергеніңіз жөн.

♌️Бұл аптада тек ерекше мінезіңізбен ғана емес, қаржылай жағынан да жарқырайсыз. Бірақ жылтырақ дүниелер мен көңілді кештерге бар қаржыны құртып алу қаупі бар. Есіңізде болсын: алтын тек мойныңызда ғана емес, банк шотыңызда да жарқырауы тиіс. Қуаныш пен ұқыптылықтың арасынан үйлесім табыңыз — сонда әмияныңыз да, өзіңіз де риза боласыз.

♍️Бұл аптада Бикештер әр тиынды есептейтін болады — тіпті калькулятордың өзі демалыс сұрап қалуы мүмкін. Алайда мұнтаздай ұқыптылығыңыз өз жемісін береді: өзгелер байқамаған тұстан үнемдеудің жолын табасыз. Дегенмен, өзіңізді ұмытпаңыз — болмашы бір қуанышқа ақша жұмсауды қалыс қалдырсаңыз, кейін сол ақшаны көңіл көтергіш дәрі-дәрмекке жұмсауға тура келуі мүмкін.

♎️Таразыларға жұлдыздар ақшаны көңіл күйге немесе соңғы көрген телехикаяның әсеріне қарап жұмсамауға кеңес береді. Қаржы тұрақтылық пен нақты жоспарды жақсы көреді. Егер «алсам ба, алмасам ба?» деп екіұдай болып жүрсеңіз, кішкене үзіліс жасап ойланыңыз: шынымен керек зат па, әлде кезекті қалау ғана ма?

♏️Сарышаяндар осы аптада қаржылай қуаттың күрт артқанын сезінуі мүмкін — тіпті бір қазына сандығын тауып алғандай күй кешесіз. Бірақ абай болыңыз: ақшаны тым қатты ұстап қалуға тырысу — оның өз еркімен кетуіне себеп болуы мүмкін. Бір сәт дем алып, көңіліңізге қуаныш сыйлайтын дүниеге ақша жұмсаңыз — бұл өз бақытыңызға салынған инвестиция болмақ.

♐️Мергендер бұл аптада қаржы тақырыбына тым биіктен қарап кетуі мүмкін. Жерге дер кезінде түскен дұрыс, шоттағы қалдықты да ұмытпай бақылап отырған жөн. Жұлдыздар ескертеді: аяқ астынан жасалған сауда-саттық сіздің бюджетті көпіршік секілді жарып жіберуі мүмкін.

♑️Тауешкілер осы аптада қаржылай жоспар құруда ерекше мұқият болмақ — тіпті кәсіби есепшілер де қызыға қарауы мүмкін. Алайда жұлдыздар кенеттен болатын қуанышты шығындар үшін аздаған орын қалдыруды ұсынады. Кейде жоспарланбаған сатып алу жоспарланғанынан әлдеқайда көп қуаныш сыйлайды. Есіңізде болсын: ақшаны басқару — өнер, ал фанатизм — сол өнердің жауы.

♒️Суқұйғыштар осы аптада ерекше немесе жаңашыл бір нәрсеге ақша салғысы келуі мүмкін… мысалы, криптовалюта сатып алу немесе ұшатын мысық өсіретін стартапқа инвестиция құю (әзіл әрине!). Ең бастысы — шешім қабылдамас бұрын асықпай ойланыңыз және бұл саладан хабары бар адамдармен кеңескеніңіз жөн.

♓️Балықтар бұл аптада қаржы өзенінде тыныш жүзіп келе жатқандай күй кешеді… бірақ кенеттен күтпеген шығындар дауылы соғуы мүмкін. Жұлдыздар «құтқарушы парашют» — яғни, шағын резервтік қор ұстап жүрген дұрыс дейді.

Аптаңыз сәтті өтсін әрі қаржыңыз еселене берсін!

Есіңізде болсын, жұлдыз жорамал ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалады.Қаржылай шешімдерді ақылға салып, нақты жағдайларға байланысты қабылдағаныңыз жөн.

#Жұлдызжорамал #Апталықжұлдызжорамал #Қаржы #Болжамдар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7👌4👏3❤2
💡📆📆📆📆📆 21 сәуір

👏21 сәуір – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы құрылым – Мемлекеттік күзет қызметінің кәсіби мерекесі. Бұл қызмет 1995 жылы құрылған. 2014 жылдан бастап оның құрамына Республикалық ұлан мен Президент күзеті қызметі енді. Сонымен қатар Мемлекеттік күзет қызметінің жанынан «Көкжал» арнайы мақсаттағы тобы құрылған. Ұйымның құрылымы мен штаттық саны тікелей Мемлекет басшысының шешімімен бекітіледі.

Мемлекеттік күзет қызметіндегі достарыңыз болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз!

🙌21 сәуірде Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық шығармашылық және инновация күні аталып өтеді. Бұл күннің негізгі мақсаты — адамның шығармашылық қабілетін дамытып, оның талантын жүзеге асыруға мүмкіндік жасау. Бүгінде креативті индустриялардың ғаламдық ауқымдағы экономикалық үлесі 3,6 трлн АҚШ долларын құрайды. Ғылым мен техникадағы инновациялық жетістіктер адамдардың өмір сапасын жақсартуға ықпал етсе, экономикалық салада – ашаршылық пен кедейшілік мәселелерін шешуге жол ашады.

😻Бүгін тәтті әуесқойлары халықаралық пірәнік (прияник) күнін тойлайды. Осыған ұқсас тәтті нан өнімі туралы алғашқы деректер ежелгі Египет пен Рим жазбаларында кездеседі. Тарихта бұл тағам мерекелік символға айналған, өйткені оның құрамындағы заттар арзан әрі күнделікті қолданыстағы өнімдерге жатпаған. Бүгінгі таңда пірәніктер үлкен және кішкентай болып келеді. Сонымен қатар салмасына бал, қант, джем, жаңғақ және т.б. заттар қосылады.

Сізге пірәніктің қай түрі ұнайды?

💪Бүгін әлемдегі ең көне әрі ең әйгілі қалалардың бірі Рим 2778 жылдығын атап өтеді. Аңызға сүйенсек, қаланың негізін қалаған Ромул мен Рем есімді ағайынды бауырлар Тибр өзенінің бойынан жаңа қоныс іздеп, дәл осы жерде қала құрған. Тарихшылар Римнің негізі біздің дәуірімізге дейінгі 753 жылдың 21 сәуірінде қаланған деп есептейді. Қазіргі таңда Рим – Италияның астанасы. Оның сәулеті мен өнер туындылары бүкіл әлемдік мәдениетке орасан зор әсер етті. Ежелгі Рим форумының және Колизейдің қирандылары бір кездегі ұлы империяның даңқын көрсетеді. Ал Ватикан – католик шіркеуінің орталығы, өзінің Әулие Петр соборы және музейлерімен туристерді көптеп тартады.

Римге барғыңыз келе ме?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Президенткүзеті #Шығармашылықкүні #Прәніккүні #Танымалқала
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9👌2
💡💡💡💡💡💡💡

Сіз кімсіз: Экстраверт, интроверт әлде амбиверт?

Адам табиғаты – тұңғиық. Біреулер айналасына жарық шашып, ортаның шырайын кіргізіп жүрсе, енді біреулер өз ішкі әлемінде тұнып тұрған тереңдікпен өмір сүреді. Ал үшіншілері осы екеуінің арасын ұштастырып, кез келген жағдайға бейім бола алады. Бұл – адамның психологиялық типіне байланысты өрбиді. Себебі адам табиғатынан экстраверт, интроверт немесе амбиверт болады.☝🏻
⠀
📍Экстраверттер – өмірге ғашық жандар. Олар үшін әрбір таң – жаңа мүмкіндік, әрбір кездесу – шабыт. Олар көпшіліктің ортасында қуаттанып, адамдармен араласудан ерекше ләззат алады.
⠀
Негізі экстраверт болсаңыз, өмір сүру жеңілірек. Себебі мұндай адамдар эмоциясын сыртқа шығара алады. Мәселен, ашу-ыза, реніш сынды жағымсыз дүниелер орын алған сәтте, бірден шешуге тырысады. Ішінде сақтамайды. Өмірге тек позитивпен қарайды.
⠀
Бұған қоса олар діттеген мақсаттарына жетпейінше, тыным таппайтын жандар. Олар тәуекел етуден қорықпайды. Әрдайым жаңа мүмкіндіктерді іздеп жүреді. Келеңсіздіктер болған жағдайда, беріле салмайды. Күреседі. Талпынады. Осылайша, әрекетіне қарай белгілі бір деңгейде жетістікке жете алады.
⠀
📍Ал интроверттер «ішімдегіні тап» деп тұратын, томаға-тұйық адамдар. Олар көп жағдайда сезімдерін іште сақтап, өздеріне берілген мүмкіндіктерден айырылып қалып жатады. Олар өте сабырлы болып келеді.
⠀
Интроверт адам жалғыз қалудан қорықпайды. Керісінше, жалғыздық оларға күш береді. Кез келген іске зейінін қойып, салмақты түрде қарайды. Эмоцияға беріліп, бірден шешім шығармайды. Олар бәрімен бірдей ашылып сөйлесе алмайды. Белгілі бір адамдармен ғана қатынас құра алады. Интроверттер жалғыз қыдырып, тыныштықта сүйікті ісімен шұғылданғаннан ләззат алады.
⠀
📍Ал амбиверттер – қос әлемнің тоғысқан тұсы. Олар кейде экстраверт секілді ортада жарқырап жүрсе, кейде интроверттей тұйықталып, тыныштықты қалайды. Амбиверттер – икемді әрі жан-жақты адамдар. Олардың көңіл күйі мен әрекеті жағдайға, көңіл ауанына байланысты құбылып отырады. Бірде толқын болып жағаға ұрса, бірде терең тұңғиыққа батып кетуі мүмкін.

Амбиверттер ең бастысы – өз жүрек қалауын басшылыққа алады. Оларға мәжбүрлі әлеуметтік байланыс емес, шынайы ішкі үндестік керек. Сол үндестікпен өмір сүргенде ғана олар өздерін жайлы сезінеді.
⠀
📌 Ал сіз адамдардың қай санатына жатасыз?

Сізді шабыттандыратын не – адамдар ма, әлде жалғыздық па?
Қуанышыңызды бөліскіңіз келе ме, әлде іште сақтайсыз ба?
⠀
Өзіңізді тану – өмірді танудың алғашқы қадамы. Ал өзіңізді тапсаңыз – бақыттың кілтін тапқаныңыз.

#қазынакеңес #интроверт #экстроверт
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11👌2
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

🤩Қазақстанда үйленген жас жұбайлардың жартысы ажырасып кеткен

Елімізде ажырасу жағдайлары көбейіп кетіпті📍

🤗Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы қайтадан суыта бастайды

Синортиктер ескерту жасады🔎

👏Яндекс такси мен Индрайвер жүргізушілерінің жасырын табысы тексеріледі

Жаңа талап орнамақ🖇️

✊Қазақстандық оқушылар әлемнің үздік инженерлерінің қатарына енді

Керемет! Құтты болсын! 😍

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-71/

#Қазақстан #Жаңалықтар #ажырасу #жасжұбай #ауарайы #Яндекс #Индрайвер #инженерлер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤2👌2
💡📆📆📆📆📆 22 сәуір

🌏22 сәуірде БҰҰ бастамасымен халықаралық Жер-Ана күні аталып өтеді. Жер шары және оның экожүйесі адамдардың түрлі әрекетінен зардап шегіп жатыр. Бұл күннің мақсаты – адамзаттың назарын экологиялық проблемаларға аудару және әрбір адамның жер бетін сақтау жөніндегі міндеттерін жүзеге асыруға шақыру. Бұл Жер-Анаға ризашылық білдірудің тамаша сәті. Қазіргі таңда жер жасы шамамен 4,5 миллиард жыл деп болжануда.

Қазақстанда қандай экологиялық проблемалар бар?



👀1985 жылы 22 сәуірде Ақтөбеде Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова атындағы мұражай ашылды. Әлия 1925 жылы Ақтөбе облысы Хобда ауданына қарасты Бұлақ ауылында дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде мергендер мектебін тәмамдап, жаудың 78 солдаты мен офицерін жойған. 1944 жылдың қаңтарында, Жеңіс күнін көрмей, майдан даласында ерлікпен қаза тапты. 1977 жылы Роза Рымбаева Болгарияда өткен “Алтын Орфейя” фестивалінде “Әлия” әнін орындап, гран-при иеленді. Бұл – кеңестік эстрада тарихында сирек кездесетін жағдай: ән қазақ тілінде шырқалып, бүкіл Одаққа кеңінен танылды.

Сіздің қалаңызда Әлия Молдағұлованың есімі берілген қандай орындар бар?



👥22 сәуір — атақты екі актердің туған күні. 97 жыл бұрын 30-дан астам фильмге түскен Қазақстанның халық әртісі Нұрмұхан Жантөрин (1928-1990) дүниеге келді. Ол “Созвездие — 1990” халықаралық фестивалінде “Сұлтан Бейбарыс” фильміндегі рөлі үшін “Актерлік өнерге қосқан ерекше үлесі үшін” сыйлығымен марапатталды. “Оның уақыты келеді” фильмінде ол алғаш рет кинотеатрда бірнеше рет қойылған Шоқан Уәлихановтың бейнесін жасады. Сонымен қатар Аблайханов қазақтың әйгілі батысындағы “Атаманның ақырында” фильміндегі ролін тамаша ойнап шықты. Көпшілік оны “Қозы Көрпеш пен Баян сұлу” фильміндегі Қодар ретінде де еске алады. Атырау облыстық филармониясы мен Ақтаудағы музыкалық-драма театры өнер иесінің есімімен аталады. Сонымен қатар бүгін кино тарихындағы ең ұлы актерлердің бірі Джек Николсон 88 жасқа толды. Ол “Оскар” сыйлығына 12 рет ұсынылып, үш рет жеңіске жетті. Мансап барысында Джек 70-тен астам фильмге түсті.

Сізге Джек Николсонның қай фильмі ұнайды?


#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Жеркүні #ӘлияМолдағұлова #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #НұрмұханЖантөрин #ДжекНиколсон
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤3👌1
💡🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴

Қазақ халқында “байлық нышаны” қандай белгілермен анықталды?

📍Қазақтар - ежелден көшпелі халық, Көк Түріктің ұрпағы. Территориясы Алтайдан Каспийге дейінгі үлкен аумақты алып жатыр. Ежелгі көшпенділердің мұрасын сақтаған, қазақ халқының мәдениеті салт-дәстүр мен жора-жоралғыларға бай келеді.

🟢 Қазақ қауымының осы күнге дейін сақтап келе жатқан баспана түрі - киіз үй. Киіз үй-көшуге қолайлы, жиналып-құрастырмалы, жазда-салқын, қыста-жылы баспана. Бұл ағаштан, әртүрлі үй жануарларының терілерінен жасалады. Киіз үй қанатына байланысты, алтықанатты, он екі қанатты және т.б. атаулармен аталады.

▪️Бұрынғы кездері ақсүйектер, байлар, билер мен хан, патшалар өздерінің ордаларында яғни, үлкен киіз үйлерде өмір сүрген. Бұл қазақ халқының бай болғанының нышаны. Қазақ халқының ең қадірлі ұғымдарының бірі- шаңырақ. Шаңырақ сөзін әртүрлі мағынада қолданады.

▪️Мысалы: “Әке-шаңырақтың негізгі тірегі”, бұл тіркесте шаңырақ сөзі “отбасы” ұғымын білдіріп тұр. Сонымен қатар, шаңырақ- киіз үйдің тірегі, төбесі. Қазақ халқында шаңырақ-киелі ұғым ретінде қалыптасқан және ол туралы әртүрлі мақал-мәтел, тыйым сөздер көп кездеседі. Қазіргі күнге дейін қазақтардың басынан қандай күн өтпеді...

▪️Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман да, қиыншылық, аштықта да, репрессия кезінде де, қайғылы соғыс жылдарында да өмір сүрді, мойымады, талмады. Бұл қазақтардың төзімділігінің белгісі. Қонақжайлылық- қазақтардың ерекшеленетін қасиеттерінің бірі. Ежелден келе жатқан қалыптасқан қонақжайлылық қанымызға сіңіп кеткен.

▪️«Тас түскен жеріне ауыр, қонақ қонған жеріне ауыр» демекші, қазақтар өздеріне қарағанда, қонақтардың жағдайын көбірек ойлаған. Үй иесі үйіндегі қонақтың кеткенінше, барлық қажеттілігін әкеліп, денсаулығына жауап беретін болған. Бұл қазақтардың қонақжайлылығының айқын бейнесі. Қазақ еліне,тарихына қызығатын әрбір адам алдымен, қазақтардың салт-дәстүрлері жайлы білуі шарт. Қазақтарда салт - дәстүрдің түрлері өте көп. Ол әртүрлі жағдайларға байланысты, тақырыптарға сай әрбір қазақ жадында сақталып қалған.

▪️Мысалы: «Қыз ұзату», «Жар-жар», «Шілдехана», «Тұсаукесер», «Сүндет той». Бұл салт - жоралғылардың өзіндік ерекшелігі мен мән - мағынасы бар. Ежелден келе жатқан бұл дәстүр қазірге дейін сақталып келеді. Қазақ халқында өзін - өзі ұстай білу ережелері де аз емес.

#қазынакеңес #байлық #той
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤1👌1
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

👀Гарвард университеті Трамп әкімшілігін сотқа берді

Мәссаған😮

👥1 мамырдан бастап жедел жәрдем шақырудың жаңа ережесі енгізіледі

Енді жаңа өзгеріс бойынша жұмыс істейді‼️

🥸Белгілі блогер Daricorn тәртіп бұзғаны үшін айыппұл арқалады

Бұл блогердің де басы даудан арылмады ғой🤔

🤗“Алматы жастары” бағдарламасы бойынша 3400 жастың өтініші мақұлданды

Әр қазақ үйлі болсын!🤲🏻

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-72/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Гарвардуниверситеті #Трампәкімшілігі #жеделжәрдем #Daricorn #Алматыжастары
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤1👌1
💡📆📆📆📆📆 23 сәуір

📖23 сәуірде ЮНЕСКО-ның бастамасымен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні аталып өтеді. Бұл күн шығармаларда авторлық құқықты сақтау мен қорғаудың қаншалықты маңызды екенін еске салады. Сонымен қатар кітап адамзат білімін толықтырудың ең сенімді тәсілі екенін мойындайды. Мүмкіндігінше жақсы кітаптарды талғап оқуға тырысыңыз. Ал біз өз тарапымыздан сіздің дамуыңызға үлес қосатын пайдалы кітаптарды ұсынамыз. Есіңізде болсын, “Адам кітап оқуды тоқтатқанда, ойлауды да тоқтатады”.

Сізге кітапты қандай форматта оқыған ұнайды? Қағаз бетінен бе әлде электронды түрде ме?



📚2004 жылы 23 сәуірде Астанада Ұлттық академиялық кітапхана құрылды. 2010 жылы аталған кітапхана Орталық Азиядағы бірінші мекеме болып кітаптарды монорельс арқылы оқу залына қоймадан бірнеше минут ішінде жеткізуге мүмкіндік беретін Telelift жүйесін орнатты. Мұнда 770 мыңнан астам кітап бар. Оның қызметін жыл сайын 25 мыңнан астам оқырман пайдаланады.

Осы кітапханаға барып көрдіңіз бе?



👀23 сәуір — Түркияның Ұлттық егемендігі мен балалар күні. Түркияның азаттық соғысынан кейін Республика құрылып, 1920 жылы 23 сәуірде Анкарада Түркия Парламенті, Түркия Ұлттық Мәжілісі ұйымдастырылды. Содан бері бұл күн Ұлттық егемендік күні болып жарияланды. Ал 1927 жылдан бастап аталған күн балаларды қорғау күні ретінде де тойланып келеді. 23 сәуірде елдегі барлық шенеунікті, соның ішінде президент пен премьер-министрдің орнын балалар алмастырады.

Түріктердің арасынан таныстарыңыз болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз!



👥23 сәуір — қос тұлғаның туған күні. 107 жыл бұрын қазақ жазушысы, Қазақстанның Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов (1918-2006) дүниеге келді. Ол Партизан қозғалысының мүшесі, Екінші дүниежүзілік соғыстың ең қиын кезеңдерін, қарапайым жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін шынайы суреттеген көптеген шығарманың авторы. Оның көптеген туындысы орыс, украин және басқа тілдерге де аударылған. Сонымен қатар бүгін палестиналық-голландиялық қаны бар америкалық модель Джиджи Хадид 30 жас мерейтойын атап өтеді. Ол әлем бойынша ең жоғары жалақы төленетін модельдердің бірі. Сонымен қатар 2015 жылғы Pirelli күнтізбесіне түсірілген Victoria's Secret моделі Том Фордтың бірнеше желісінің бет-бейнесі. 2016 жылы Fashion Awards сыйлығында “Жылдың үздік халықаралық моделі” атанды. 2023 жылы ол $12 миллион табыс тапқан.

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #кітапкүні #Ұлттықкітапхана #Түркиямерекелері #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ҚасымҚайсенов #ДжиджиХадид
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤2👌2🎉1
💡📰📰📰📰📰📰

Табыс & Шығыс айдары:

Қоғамда адамдық қасиеттің кемшін тартуына ақша жетіспеушілігі себеп боп жатқандай

💸 “Табыс & Шығыс” айдарында біз жасы, жынысы, мамандығы, тұрғылықты жері әртүрлі Қазақстан азаматтарының бір айда тапқан табысы мен шығынын есептейміз. Кіріс пен шығынды жатқа білу қаржы сауатын арттырып, қарыздан құтылып, табысты болуға жетелейді.  

🔎 Бүгінгі кейіпкеріміз – Зейнеп Ұласбекқызы. Кеңсе менеджері боп істейтін ол, мемлекеттік мекемеден тұрақты жалақы алады. 31 жастағыЗейнеп үш баланың анасы. Екі дипломы бар. Бұрын декреттік демалысында түрлі тәттіні тапсырысқа жасап, аз-маз шағын кәсіппен де айналысып көрген. Қазір отбасымен Түркістан қаласында өз үйінде тұрады. Сондықтан пәтер жалдауға шығын шықпайды. Тұңғышы мемлекеттік ақысыз мектепте білім алса, қалғандары балабақшада. Жолдасы да тұрақты табыс тауып келеді.

💰 Отбасының бір айдағы табысы:

Жұмыстағы жалақы – 230 000 теңге
Қосымша табыс – жоқ
Жолдасының табатыны – 350 000 теңге
Жолдасының қосымша табатыны 50-100 000 теңге
 
Жалпы табыс – 630 000 теңге
 
💰Отбасының бір айдағы шығыны:

Азық-түлікке кететін шығын – 350 000 теңге
Кредиттерді өтеу – 100  000 теңге
Дәрі-дәрмекке шамамен -  10 000 теңге
Түскі асқа – 1500 теңге
Жол шығыны – 2000 теңге
Балабақша төлемақысы – 15 000 теңге
Күнделікті дүкенге кететін ақша – 2000 теңге
Коммуналды шығындар –  30 000 теңге
Киім-кешек  - 20 000 теңге
Той, туған күн шығындары –50 000-80 000 теңге
Балалар мен өзінің күнделікті қалта шығындары – 5000 теңге
Балаларға витаминдер алуға – 20 000-30 000
Сән салонына – 10 000 теңге
Күтім заттарына – 15 000 теңге
 
 
💴 Жалпы шығын – айына 660 000 теңге

Бір айдағы сальдо – 20 000-30 000 теңге
 
🗣️Зейнептің түсініктемесі:

Үш баласы бар отбасы болғандықтан, бізде шығын көп. Сәйкесінше жинаққа деген артық қаражат қолда қалмайды. Ең бастысы қаржы түскен бойда, базалық қажетке мақсатты түрде жұмсай білу керек. Ақша жетпей қалған тұсында қарыз не несие алуымыз шығын мен кірістің теңеспеуінен болып отыр. Қазіргі заманда төлемнің көпшілігі электронды болғандықтан, есеп жүргізу қиын емес. Тіпті шығындарды жазуға арнайы уақыт бөлмесеңде, барлығы көз алдыңда көрініп тұрады. Сондықтан “ақша қайда кетіп жатыр” деген сұрақ туындамайды. Бәрі айқын. Біз ата-анамызбен бірге тұратын болғандықтан, олардың да табысы отбасы мүддесіне жұмсалады. Дегенмен әр адамның жеке қажеттіліктері барын ескерсек, шығынға шығын қосылмақ.

Жалпы қазіргі жалақы мөлшері мен қымбатшылық екеуі өзара сәйкес келмейтінін анық байқауға болады. Бұл жерде тұтынушылық деңгейдің жоғары не орта болуының қатысы жоқ. Маңыздысы адам жұмыссыз қалмаса болды деп ойлаймын. Ал, жоғары білімі не белгілі бір жұмыс түрін жетік меңгермеген жан кез келген уақытта табыссыз қалуы мүмкін. Сондықтан ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүретін енжарлықтан қашық болған жөн. Ақша жетіспеушілігі кесірінен адамдар қазір тек өзінің бас пайдасын жоғары қоятын болған. Содан әділдік деген ана жерден сығалап қарап қала береді.

Маңайымызды қазір тек пайда көруді, ақша жасап қалуды көздейтіндер көбейген секілді сезіледі. Бір-біріне жаны ашу  мен көмек қолын созу азайып барады. Мейірім деген шуақ сезім тапшы болып бара жатыр. Ең жаманы, осы адамдық асыл қасиеттердің кемшін тартуына ақша жетіспеушілігі себепші боп жатқан жоқ па деген ой мазалайды екен. Әрине, ең бастысы амандық пен саулық. Басты байлық материалдық дүние еместігін ұмытпау да керек деп ойлаймын.
 
📞 Өз отбасыңыздың бір айдағы қаржылық картинасымен бөліскіңіз келсе, «Табыс & Шығыс» айдарының колумнисті Мөлдір Бегімбетке хабарласыңыздар: WhatsApp +7 775 609 75 45

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/tabys-amp-shy-ys-ajdary-3/
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6👌3💔1