Үйде жатпа!
8.12K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

🦷Қазақстанда тіс дәрігерлерінің табысы соңғы бес жылда 210 млрд теңгеге жетті

Табыстары 1,5 есеге өсіпті😍👍

📝Қазақстандықтар қосымша құн салығын 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлейді

Ескере жүріңіздер!✔️

📌Депутат зейнеткерлердің қарызын кешіруді ұсынды

Бұған не дейсіз?🤔

💡Пәтеріне шектен тыс адам тіркеген пәтер иелеріне жаза күшейтіледі — Жұманғарин

Жаңа заң енгізілмек📌

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-43/

#Қазақстан #Жаңалықтар #тісдәрігерлері #құнсалығы #зейнеткер #қарыз #СерікЖұманғарин
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8👎2🔥2👌2😨1
💡📆📆📆📆📆 6 наурыз

💪108 жыл бұрын 1916 жылғы Орталық Азия көтерілісіне қатысушылардың барлығына рақымшылық жарияланды. Патша әскеріне қарсы күрескен бұл көтерілістің жетекшілерінің бірі – Амангелді Иманов еді. Монархияны құлатуға әкелген 1917 жылғы Ресейдегі ақпан төңкерісі Қазақстанға да әсер етті. Уақытша үкімет бұрынғы билік құрылымдарының орнына облыстық және уездік комиссариаттар құруға кірісті. Торғай облысының комиссары болып Әлихан Бөкейхан, Жетісу облысының комиссары Мұхамеджан Тынышпаев, Орал облысының комиссары Халел Досмұхамедұлы, Қостанай уезінің комиссары Ахмет Бірімжанұлы тағайындалды.

🦷Бүгін — Халықаралық тіс дәрігерлері күні. 1790 жылы 6 наурызда америкалық Джон Гринвуд стоматологиялық борды ойлап тапты. Осы тұста өнертапқыштың құрметіне орай аталған күн тіс дәрігерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілді. Ал электр құрылғысы пайда болғанға дейін бір ғасырдан астам уақыт оны аяқпен қозғалтуға тура келді. Қазіргі таңда Қазақстанда 1500-ден астам мемлекеттік және жекеменшік стоматологиялық клиника жұмыс істейді. Ал елдегі тіс дәрігерлерінің жалпы саны – шамамен 6000 адам.

Егер таныстарыңыздың арасында тіс дәрігерлері болса, кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз!


⚽️Бүгін футбол жанкүйерлері ХХ ғасырдың ең үздік кәсіпқой клубы “Реал Мадридтің” туған күнін атап өтеді. 1902 жылы 6 наурызда құрылған команда өз тарихында 68 жүлдені жеңіп алды. Рекордтық көрсеткіштерін атап өтетін болсақ, 36 мәрте Ла Лига титулына, 20 мәрте Король кубогына, 13 мәрте Испания Суперкубогына және 1 мәрте Лига кубогына ие болды. Ал корольдік клуб турнирінде 15 рет топ жарды.

Сіз қай футбол клубының жанкүйерісіз: Реал әлде Барселона?


👥Бүгін — танымал екі адамның туған күні. 550 жыл бұрын итальяндық мүсінші, суретші, сәулетші, ақын және ойшыл Микеланджело (1475-1564) дүниеге келді. Ол адамзат тарихындағы ең ұлы шеберлердің бірі. Оның мүсіндері, туындылары және сәулет өнерінің танымалдығы бүкіл әлемде кең етек жайды. 226 жыл бұрын ағылшын саяхатшысы және суретшісі Томас Уитлам Аткинсон (1799-1861) өмірге келді. Қазақ даласына саяхат жасағаннан кейін ол 1858 жылы Лондонда қазақтардың өмірі мен тұрмысы, салт-дәстүрі және шаруашылығы туралы екі томдық кітап шығарды. Ол — “Штурм ночного аула”, “Бой кыргызских всадников” картиналарының авторы. Сондай-ақ қазақ аңыздары мен әңгімелерін де жарыққа шығарды.

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #1916жылғыкөтеріліс #Тісдәрігерікүні #РеалМадрид #Туғанкүндер #Танымаладамдар #Микеланджело #ТомасУитламАткинсон
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12🔥3👏2👌2
💡😎😎😎😎😎

Оскар тарихындағы ең жас лауреат: Эдриен Броудидің жетістік жолы

Эдриен Броуди – Голливудтың ең талантты актерлерінің бірі. Ол 2003 жылы 29 жасында “Оскар” сыйлығын жеңіп, кино тарихындағы ең жас лауреат атанды. Араға 22 жыл салып ол режиссер Брэйди Корбенің “Бруталист” фильміндегі рөлі үшін “Оскарға” қайта ие болды. Оның өмір мен өнер жолы оңай болмады, бірақ ол өз мақсатына жету үшін ешқашан шегінген емес.

Сәтсіздіктерден басталған жол

Броуди жас кезінен актер болуды армандады. Ол 1973 жылы Нью-Йоркте дүниеге келді. Оның анасы – атақты фотожурналист, ал әкесі – тарих пәнінің мұғалімі. Бала күнінде ол сиқыршы болуды армандап, кішігірім қойылымдар ұйымдастыратын. Бірақ тағдыр оны үлкен сахнаға дайындап жатқанынан актер хабарсыз еді.

Актерлікке қызығушылығы ерте басталғанымен, оның мансабы бірден өрлей қоймады. Ол көптеген кастингтен өтпей, бір емес, бірнеше рет сәтсіздікке ұшырады. Бірақ ол мұны жеңіліс деп қабылдаған жоқ – керісінше, әрбір бас тарту оның ішкі жігерін арттыра түсті.

“Пианист” және өмірін өзгерткен рөл

Эдриен Броуди Голливудта көп жылдар бойы елеусіз рөлдерді сомдап жүрді. Бірақ 2002 жылы режиссер Роман Поланскидің «Пианист» фильміне түсу мүмкіндігі пайда болды. Бұл рөл үшін ол бар күшін салды – 14 келіге арықтап, өмірінің бір бөлігін жалғыздықта өткізді. Актер өз кейіпкерінің азабын жүрегімен сезіну үшін жеке өмірін құрбан етті.

Оның осы рөлі үшін алған «Оскар» сыйлығы тарихта қалды. Броуди бұл марапатты 29 жасында иеленіп, жүлдені алған ең жас актер атанды. Бұл оның табандылығы мен еңбегінің жемісі еді.

Голливудтағы сынақтар мен жаңа мүмкіндіктер

Оскардан кейін оның мансабы өрлеуі тиіс еді, бірақ бәрі ойдағыдай болмады. Бірнеше фильмдері сәтсіздікке ұшырады, Голливуд оны ұмыта бастағандай болды. Бірақ Броуди мойыған жоқ. Ол әрдайым жаңа мүмкіндіктер іздеп, әртүрлі жанрларда өз бағын сынады.

“Мен әрбір қиындықты жаңа мүмкіндік ретінде қабылдаймын”, – дейді Броуди.

Мақсатқа жету құпиясы

Эдриен Броудидің өмір жолы көпшілікке маңызды сабақ береді:

✅ Сәтсіздік – соңғы нүкте емес, үлкен жеңістердің бастауы. Әрбір сәтсіздік – келесі үлкен жетістікке жасалған қадам.
✅ Мақсатқа жету үшін күресу керек. Броуди рөлге ену үшін өз өмір салтын өзгертуге де дайын болды.
✅ Еңбек — бәрін жеңбек. Жай ғана талант жеткіліксіз. Оны еңбектің күшімен ұштау керек.
✅ Егер сен өзіңе сенсең, бүкіл әлем сені мойындайды.

Қорытынды

Эдриен Броуди – қиындықтардан қорықпайтын, мақсатына берік адам. Ол бізге армандардан бас тартпау керегін дәлелдеді. Ал сіз мақсатыңызға жету үшін қаншалықты күресуге дайынсыз?

#қазынакеңес #лайфхак #мотивация
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍6🔥3👌3
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

🫣“Алматы жастары” бағдарламасы бойынша өтініш 14-26 наурыз аралығында қабылданады

Бағыңызды сынап көріңіз!😍

🤫Ипотеканың жылдық мөлшерлемесі 25%-дан 20% төмендетілуі мүмкін

Тамаша мүмкіндік болар еді👍

🔥17 мыңнан астам әскери қызметшіге "кредиттік демалыс" берілді

Оның жалпы сомасы 7 млрдқа жуық екен📍

🧐Қостанайда бесінші сынып оқушысының әзілінен кейін ата-анасы жауапқа тартылды

Ол "мектепті террористер басып алды" деп, полицияға хабар берген екен😨

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-44/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Алматыжастары #пәтер #ипотека #әскериқызметші #кредиттікдемалыс #оқушы #әзіл #террорист
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8👏3🔥2👌1
💡📆📆📆📆📆 7 наурыз

🤝1994 жылы 7 наурызда Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш парламентіне сайлау өтті. Нәтижесінде 176 депутат сайланды: олардың 42-сі президенттік тізім бойынша, 75-і қоғамдық бірлестіктерден, 59-ы өзін-өзі ұсынған депутаттар болды. 1994 жылдың сәуірінде жаңа парламент өз жұмысын бастады. Қазір Қазақстан Парламенті 50 сенатор және 98 мәжіліс депутатынан тұрады. Өткен жылдың наурызында мәжіліске соңғы сайлау өтіп, оған 7 партия мен өзін-өзі ұсынған үміткерлер қатысты.



🌿Бүгін вегетариандар өсімдіктер қуаты күнін атап өтеді. Бұл күн жануарлардан алынатын өнімнен толық бас тартуға шақырмайды. Алайда күнделікті ас мәзіріне көкөністерден, шөптерден және жемістерден дайындалатын тағамдарды қосуды еске салады. Шөп-шалаңнан дайындалған тағамдар қоректік заттарға бай. Сондықтан ол балаларға да, ересектерге де пайдалы. Біздің заманымыздың вегетариан жұлдыздарының арасында Брэд Питт, Леонардо Ди Каприо және Джулия Робертс бар.

Сіз еттен бас тарта алар ма едіңіз?


📱Бүгін телефон құралының пайда болған күні. 1876 ​​жылы 7 наурызда америкалық Александр Белл телеграфтың жетілдірілген үлгісін патенттеп, араға үш күн салып, сынақтан сәтті өтті. Қазіргі смартфондар алғашқы телефон құрылғыларына мүлде ұқсамайды. Дегенмен, спираль сымы бар ескі дискілі телефонның өзіне тән ерекше тартымдылығы бар.

Сіздің телефоныңыз қай брендтікі?



👥7 наурыз — танымал қос қазақтың туған күні. 77 жыл бұрын жазушы, ақын, журналист Жарасқан Әбдірашев (1948-2001) дүниеге келді. Оның “Әзілің жарасса” кітабы қазақ әдебиетіндегі эпиграмма жанрын қалыптастырды. Сондай-ақ көптеген шығармасы шет тілдеріне аударылып, жарық көрді. Ол мансап жолында “Тамаша” театрының бас редакторы қызметін атқарған. Өнер иесі белгілі кинорежиссер — Рүстем Әбдірашевтың әкесі. Бүгін Қазақстан Республикасының тұңғыш Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов 61 жасқа толды. Шаңғы әлеміндегі ең құрметті спортшылардың бірі – төрт дүркін әлем чемпионы, Олимпиадада төрт мәрте күміс және екі мәрте қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар спортшы — Көкшетау қаласының Құрметті азаматы.

Қысқы Олимпиадада медаль жеңіп алған тағы қандай спортшыларды білесің?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #ҚазақстанныңбіріншіПарламенті #вегетариандармерекесі #алғашқытелефон #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ЖарасқанӘбдірашев #ВладимирСмирнов
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤3👌3🤩2
💡🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎞

🎬"Жеті гүл" лирикалық комедиясы. Жұлдыз – алты қыздың анасы, қазір жетінші сәбиіне аяғы ауыр. Күйеуі көптен бері ұл аңсап жүргендіктен, оның көңілін құлазытқысы келмейді. Сөйтіп ол тағы да қыз босанған соң, күтпеген қадамға барады — өз нәрестесін көршісінің жаңа туған ұлына жасырын ауыстырып жібереді.

Басты рөлдерде: Олжас Абай, Ұлбосын Шалқарова, Мадина Оспан, Нұрсұлтан Үсенов.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=MeOH2rRPo6E

🎬"Онда біреуден туып ал" мелодрамасы. Салтанат – білімді, табысты, тәуелсіз әйел, бірақ… жалғыз. 38 жасқа толған кезде ол жалғыздықты жеңуге бел буады. Жан жарын табу – ұзақ әрі белгісіз жол, ал бала сүю – әлдеқайда нақты шешім болып көрінеді. Оның үстіне, жақын құрбысы заманға сай ұрықтандыру әдістерін ұсынса, анасы мен әжесі “өзі үшін” бала сүюдің еш әбестігі жоқ екенін ашық айтады. Басты рөлдерде: Тәуекел Мүсілім, Жұлдыз Әбдукаримова, Мағауия Хамзин, Күннұр Қалмырза. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=7ioMRKCewO8

🎬"В потерянных землях" фантастикасы. Адамзат өркениеті жойылғаннан кейін жер бетіне қайтадан сиқыр мен жын-перілер оралады. Құдіретті сиқыршы Сұр Элис патшайымның құпия тапсырмасымен Жердің соңғы қаласынан шығып, қатерге толы Жоғалған өлкелерге аттанады. Оған жұмбақ жолсерік Бойс серік болады. Екеуінің мақсаты – толған айға дейін адамды айуанға айналдыра алатын тылсым күштің көзін табу. Алайда олардың ізіне қатігез кресшілер әскері түседі, ал әрбір бұрылысында қараңғылық тудырған жаратылыстар тосып тұр. Бірақ кері шегінуге жол жоқ. Өйткені Сұр Элис бір ғана нәрсені біледі: оның орындаған әрбір тілегінің салдары сұмдық болады. Басты рөлдерде: Милла Йовович, Дэйв Батиста. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=CBhKztVy1HQ

🎬"Мики 17" фантастикасы. “Бір рет қолданылатын қызметкер” Микки мұзды әлемді отарлауға қатысады. Ол қайтыс болған сайын санасы жаңа денеге жүктеледі.
Басты рөлдерде: Роберт Паттинсон, Марк Руффало. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=A9qLQ7zCJTc

🎬"Особо опасный пассажир" триллері. Авиамаршал қылмыскерді шағын ұшақпен алып бара жатып, тұзаққа түседі. Ол ұшқыштың өзін басқа адам ретінде көрсетіп жүргеніне күмәндана бастайды. Басты рөлдерде: Марк Уолберг, Мишель Докери. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Tvh5QqM9jrM

🎬"Чокнутые" қылмыстық комедиясы. Бұрынғы қылмыскер Винсент тыныш өмір сүруді армандайды. Ол Жаңа жылды отбасымен атап өтуді жоспарлайды, алайда есігін қаққандар тек туыстары ғана емес, сондай-ақ бұрынғы “әріптестері” де болып шығады. Басты рөлдерде: Эд Харрис, Билл Мюррей. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=18-LFxMlu58

🎬"Бабушка на миллион" драмасы. М атты жігіттің өміріндегі жалғыз қызығушылығы – видеойындар, бірақ стрим арқылы ақша табу оңай шаруа емес. Әкесі жағынан қайтыс болған атасы үйін оған күтім жасаған немересіне мирас еткенін білгенде, М шешесі жағынан әжесіне қамқор болуға бел буады. Себебі жақында оның қатерлі ісіктің төртінші сатысына шалдыққаны анықталған еді.
Жігіт әжесінің жанына көшіп барып, оның сүйікті мұрагері атанып, үйді иеленуге мықтап бекінеді. Басты рөлдерде: Путтипонг Ассаратанакул, Уша Сеамхум. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=F9HlNQffFVY

🎬"Королевские приключения" мультфильмі. Ертегі әлеміндегі бір патшалықта жас, бірақ өте қыңыр ханшайым Злата өмір сүреді. Оның дүниедегі ең қатты сүйетін нәрсесі – өзі еді, ал айлакер сарай шонжарлары мұны өз пайдасына асыратын. Алайда бір күні оның бағында бағбан Мирослав пайда болады. Ол ханшайымға көмектесуді ұйғарып, оны сарайдан ұрлап әкетеді. Олар бірге қызық, бірақ қауіпті сапарға аттанады. Бұл жолда Злата тек айналасындағы әлемді сүюді үйреніп қана қоймай, бағбанның сұмдық құпиясын да ашуы керек.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=7fl6krbT0aA
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5👍3🤩2👌2
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

📱Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5%-ға дейін көтерді

Сүлейменов базалық мөлшерлеме әлі де көтерілуі мүмкін екенін айтты📌

🤝Әуежайда кепілге алынған адамды құтқарған Мұса Әбдірайым “Ерлігі үшін” медалімен наградталды

Бүгін аталған оқиға дүйім жұртты дүрліктірген еді😨 Кепілге алынған адамды құтқарған ағамыз марапат алыпты👍

😍Қазақстандағы әйелдер саны 10 млн адамға жетеді

Тамаша!😍

🥹1 қыркүйектен бастап мектеп асханаларында кейбір тағам түрлерін сатуға тыйым салынады

Ережемен таныстыңыз ба?🤔

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-45/

#Қазақстан #жаңалықтар #Ұлттықбанк #базалықмөлшерлеме #МұсаӘбдірайым #әуежай #әйелдерсаны #асхана #мектеп
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍2👌2🔥1🆒1
💡📆📆📆📆📆 8 наурыз

🥀Бүгін — Халықаралық әйелдер күні. Бұл күн әйелдердің қоғамдағы рөлі мен еңбегін дәріптеуге арналған. 1908 жылы 8 наурызда Нью-Йоркте зауытта жұмыс істейтін әйелдер жалақыларын көтеруді талап етіп, жаппай шеру өткізген еді. Сол кезде әйелдердің еңбегі өте төмен бағаланып, теңсіздік айқын сезілетін. Ал 1910 жылы әйгілі қоғам қайраткері, феминист Клара Цеткин 8 наурызды әйелдердің құқықтары үшін күрес күні ретінде атап өтуді ұсынды. Бүгінде бұл күн халықаралық деңгейде аталып өтеді.

Оқырмандарымызды осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!



📺Бүгін Қазақ телевизиясының құрылғанына 67 жыл толды. 1958 жылдың 8 наурызында Алматы студиясында алғашқы сынама телехабар эфирге шықты. Бұл – Қазақ телевизиясының негізі қаланған күн. Сол жылы Қарағанды ​​мен Өскеменде, ал бір жылдан кейін Жезқазғанда, екі жылдан кейін Петропавлда, одан әрі бүкіл Қазақстанда телестудиялар ашыла бастады. Бүгінде елімізде 14 ұлттық телеарна бар. Жалпы, қазақстандық телеарналардың саны 30-дан асады, ал олардың үшеуі шетелге хабар таратады.

Сіз қай телеарнаны жиі қарайсыз?



✍️1010 жылдың 8 наурызында атақты парсы ақыны Әбілқасым Фирдоуси 35 жыл бойы жазған ұлы шығармасы – “Шахнаме” (“Патшалар кітабы”) дастанын аяқтады. Бұл – бір автордың қолынан шыққан ең ұзақ поэма, көлемі жағынан Гомердің “Илиадасынан” үш есе үлкен. Дастан 62 оқиғадан, 990 тараудан және шамамен 50 000 ұйқасқан қос жолдан тұрады. Оның негізгі бөлігі батырлар дәуіріне арналған, яғни Манучехр патшаның билігінен бастап, Александр Македонскийдің жорықтарына дейінгі кезеңді қамтиды. Фирдоусидің мақсаты – ежелгі Персияның “алтын дәуірі” туралы тарихи жадыны сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу болды. Ол жаңа буын өткеннен сабақ алып, болашақта әділетті және кемел қоғам құру үшін қажетті білім алсын деп үміттенді.

👥8 наурыз — қазақтың атақты қос тұлғасының туған күні. 136 жыл бұрын Алаш қозғалысының қайраткері, жазушы, ұстаз Жүсіпбек Аймауытов (1889-1930) дүниеге келді. Ол қазақ тіліндегі драма мен романның негізін қалаушылардың бірі. Ал Мұхтар Әуезов оны ұстазым деп атаған. Сондай-ақ педагогика, психология, этика бойынша оннан астам кітаптың, жүздеген ғылыми басылымдардың, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. 1930 жылы кеңес билігі оны контрреволюциялық әрекет жасады деген айыппен ату жазасына кесіп, шығармаларын ұзақ жылдар бойы жариялауға тыйым салды. Тек 1988 жылы ғана ақталып, еңбектері қайта жарық көре бастады. 79 жыл бұрын кинорежиссер, сценарист және жазушы Сатыбалды Нарымбетов (1946-2021) дүниеге келді. Оның “Аманат” фильмі 2015 жылы “Оскар” сыйлығына “Үздік шетелдік фильм” номинациясы бойынша ұсынылған. Нарымбетов бірнеше көркем және деректі фильм түсіріп, бірнеше проза жинағын шығарды. Ол – көптеген мемлекеттік және кәсіби марапаттардың иегері.

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Халықаралықәйелдеркүні #Қазақтелевизиясы #Еңұзақпоэма #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ЖүсіпбекАймауытов #СатыбалдыНарымбетов
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤10🔥3🤩2🥰1👏1
💡🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴

🌷 Әйелдердің өнертабыстары болмаса, өміріміз қандай болар еді?

Сіздерді 8 наурыз, Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз🌸

Қызықты болса, біздің видеомызды соңына дейін қарап, лайк басып, парақшамызға тіркеліңіз👍

https://youtube.com/shorts/t8b3bFbsOAg

#8марта #жаңалықтар #новости #женщины #үйдежатпа
#рек #девушки #девушка #изобретения #праздник
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥8👍5❤4😍2👌1
💡📆📆📆📆📆 9 наурыз

🧠9 наурыз — Ерекше ойлайтын адамдар күні. Көп жағдайда, белгілі бір стандарттар мен қалыптасқан көзқарастардан тыс ойлайтын адамдар жиі сынға ұшырап жатады. Сондықтан оларға қоғам көп жағдайда салмақты қарамайды. Алайда дәл осындай жандар адамзатқа ең ірі жаңалықтар мен маңызды ашылулар сыйлап, есімдерін тарихқа мәңгі қалдырды. Ерекше ойлайтын адамдарды біріктіретін басты қасиет – олардың кең дүниетанымы. Сол себепті жаңалықтардың жаршысы болуыңыз үшін әрдайым ізденіс пен даму үстінде болуыңыз қажет.



🕺Сонымен қатар бүгін — халықаралық ди-джейлер күні. Бұл күннің мақсаты – қайырымдылық шараларына назар аудара отырып, диджей жұмысының маңыздылығын атап өту. 2002 жылы ЮНЕСКО аталғаү мерекені тойлауға рұқсат берді. Яғни, жыл сайын мереке қарсаңында концерттерден түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалып отырады. Қазақстанда бұл мамандық 20 жыл бұрын пайда болып, жас ұрпақтың ерекше символының біріне айналды.

Егер таныстарыңыздың арасында ди-диджейлер болса, мерекесімен құттықтап қойыңыз!

🌸Бүгін әлемге әйгілі Барби шуыршағының туған күні. 1959 жылы 9 наурызда Нью-Йорктегі көрмеде барлық қыздың арманы мен сүйікті қуыршағы алғаш рет таныстырылды. Ең бірінші шыққан Барби ересек әйелге ұқсады. Себебі оның шашы қара, ал макияжы бет-әлпетін үлкен көрсетті. Сондай-ақ үстіне ақ-қара аралас купальник киген болатын. Осылайша Барби уақыт өте келе аққұба сұлуға айналды. Оның киімінің дизайнын Ив Сен Лоран мен Жан Пол Готье тікті. Ал зергерлер арнайы бұйымдарын жасады.

Сізде қуыршақ Барби болды ма?



👥9 наурыз — атақты екі адамның туған күні. 91 жыл бұрын әлем тарихында ғарыш кеңістігіне тұңғыш рет ұшқан адам Юрий Гагарин (1934-1968) дүниеге келді. 1961 жылы 12 сәуірде Байқоңыр ғарыш айлағынан “Восток-1” ғарыш кемесі ұшырылды. Оның бортында Гагарин болды. Ұшу уақыты 108 минутты құрады. Ол әлемнің көптеген қаласының құрметті азаматы атанды. Сонымен қатар бүгін монумент суретшісі, гобелен киізінен жасалған көптеген картинаның авторы Әлімбай Бапанов 72 жасқа толды. Оның туындылары Қазақстан, Ресей, Украина, Польша, Дания, Испания музейлерінде, сонымен қатар Франция, Америка, Лихтенштейн, Түркия, Германия, Швеция, Швейцария елдерінің жеке коллекцияларында сақтаулы тұр. Сондай-ақ ол бірнеше кәсіби және мемлекеттік марапаттардың иегері.

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #ерекшеойлайтынадамдар #диджейкүні #Барбиқуыршағы #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ӘлімбайБапанов #алғашқығарышкер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤5👌3😍2🔥1🎉1
💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆

Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге қалдыра аласыз.


АЛМАТЫ:

🌻Асқар Есдәулеттің "көктемі об'сракт " көрмесі

Жарқын, қайталанбас, ерекше қолтаңбасы бар қазақ суретшісі өз жұмыстарын алғаш рет кең ауқымды көрерменге ұсынады. Көрмеде автордың он жылдан астам уақыт бойы жасаған 50-ге жуық картинасы мен 15 мүсіні қойылады.

Өтетін орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 9 және 10 наурыз, 11:00 – 19:00

🥀Саид Атабековтың “Мың салт аттының дұғасы” көрмесі

Қазақстанның заманауи өнерінде жетекші орын алатын суретшілердің бірі дәстүр мен заманауи құндылықтардың өзара байланысын зерттейді. Оның туындылары ұлттық бірегейлік, мәдени кодтар және жаһандық өзгерістер аясындағы ойларға жетелейді.

Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140 а/3
Күні: 9 және 10 наурыз, 12:00 – 18:00

💐"Әлемнің бір негізі” көрмесі

Катерина Никонорованың туындылары көрерменді уақыт кеңістігіне саяхатқа жетелеп, табиғат пен өркениет арасындағы байланысты зерттейді. Қазақстандық суретші Қатипа апай есімімен де танымал. Оның шығармашылығы ежелгі тәңіршілдік пен заманауи дүниетанымды тоғыстырып, рухани өткен мен бүгінгі өмірді астастырады.

Орналасқан жері: Esentai галереясы, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3 қабат)
Күні: 9 және 10 наурыз, 10:00 – 20:00

🌝"Күн шуақты қаладан жеткен отбасылық мұралар” көрмесі

Бұл көрмеде белгілі суретшілер Григорий мен Олег Пономаренконың жеке коллекциялар мен MPL Sarl қорының жинағынан алынған картиналары ұсынылады.

Өтетін орны: Ular Gallery, Панфилов көшесі, 92.
Күні: 10 наурыз, 12:00 – 18:00

👤"Костюм киген адам” көрмесі

Қазақстандық суретші Басма өз еңбектерінде қарапайым адамның саясаткер, шенеунік не кәсіпкер болған сәтінен бастап қалай өзгеретінін бейнелейді. Костюм, жейде мен галстук киген сәттен бастап, адам ақырындап өзге күйге ене бастайды. Уақыт өте келе, костюм адамға толық билік жүргізіп, оның санасын қарапайым халықтың мұң-мұқтажынан алшақтатады.

Өтетін орны: “Өнер” арт-кеңістігі, Шевченко көшесі, 51.
Күні: 10 наурыз, 10:00 – 19:00

🫶Виолетта Богданованың “Махаббат, өлім және бір бөлке нан” жеке көрмесі

Бұл көрме бар-жоғы үш туындыдан тұрады: бірі – махаббат, екіншісі – өлім, үшіншісі – тыныш ұйқыға арналған. Өлімнен қашып құтылу мүмкін емес, ал махаббаттан – мүмкін. Нанға тыныш ұйқы мен берекелі таң қажет.

Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79.
Күні: 9 және 10 наурыз, 12:00 – 17:00


АСТАНА:

😻ANAU MYNAU көрмесі

Бұл көрме Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 35 дарынды суретшіні біріктіреді. Олар кескіндеме мен графика бағытында жұмыс істейді. Жас авторлардың еңбектерінен әлемді тануға, өз орнын табуға және өнер арқылы үнін жеткізуге деген ұмтылыстарын сезінуге болады.

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1
Күні: 9 және 10 наурыз, 10:00 - 20:00

👏Мерекелік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі

Елорда тұрғындары мен қонақтары Қазақстанның түрлі өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдерін сатып ала алады.

Өтетін орны: ТРЦ Koktal, Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а.
Күні: 9 наурыз, 10:00 - 22:00

Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!

#Алматыафишасы #Астанаафишасы #қайдабарукерек #тегінкөрмелер #Коньки #мұзайдыны
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12❤7🔥6😍1
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Онда біреуден туып ал” атты фильміне арналады.

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/QUyIInByrBw

#Ондабіреудентуыпал #комедия #мелодрама #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #женщина #дети
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥8😁4❤2🤝2🤩1👌1