Үйде жатпа!
8.12K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

🔥Такси жүргізушілері үшін салық мөлшері ұлғаймайды

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді❗️

🥳Елімізде балалардың қауіпсіздігін арттыратын арнайы SIM-карта енгізіледі

Расымен, қазіргі жағдайды ескерсек, өте қажет дүние екен✔️

✍️Алматыда мыңға жуық зейнеткерді жұмысқа орналастыратын жоба іске қосылмақ

Тамаша! 👍

🤗Қазақстандық пара биатлоншы Ербол Хамитов араға 31 жыл
салып Гауһар глобус жеңіп алды


Құтты болсын!🔥

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-47/

#Қазақстан #жаңалықтар #SIM-карта #балалар #такси #салық #зейнетер #ЕрболХамитов
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7👍6❤3👌2
💡📆📆📆📆📆 13 наурыз

🥪13 наурыз – Халықаралық диета күні. Бүгін Халықаралық диета күні атап өтіледі. Тағамның адам денсаулығына әсері ежелгі дәуірден белгілі. Ежелгі Грекия мен Рим тұрғындары өздерінің физикалық және психологиялық жағдайын жақсарту үшін әртүрлі диеталар ұстанған. Ал Спартада тағамды тым дәмді әзірлеген аспазды тамағымен бірге құздан лақтырып жіберген екен. Бүгінде диета түрлері сан алуан. Әр адам өзіне қолайлысын таңдап, дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыра алады. Егер сіз салмақ тастауды көздемесеңіз, ең болмағанда бір күндік жеңілдетілген тамақтану ағзаңызға пайдалы болатынын еске саламыз.

Сіз диетаның қай түрін ұстанасыз?




👀Бүгін — Дүниежүзілік эндометриоз туралы ақпараттандыру күні. Бұл гинекологиялық ауру әлем бойынша 176 миллионға жуық әйелде кездеседі. Дәрігерлердің айтуынша, эндометриозды уақытылы емдемеу - бала көтеруде қиындықтар туындатып, бедеулікке алып келеді. Ауруды өздігінен анықтау қиын болғандықтан, жыл сайын 13 наурызда әйелдер денсаулығына ерекше мән беріп, тұрақты түрде медициналық тексеруден өтуге шақырылады.

Өзіңізге әрдайым қамқорлық жасаңыз және деніңіз сау болсын



👤Бүгін қазақ музыка өнерінің аса көрнекті өкілі, композитор, қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі Мұқан Төлебаевтың (шын есімі – Мұхаммедсәлім) туғанына 112 жыл толды (1913-1960). 100-ден астам музыкалық шығарманың авторы, қазақ мәдениетінің дамуына зор үлес қосты. Мұқан Төлебаевтың ең үздік шығармасы – «Біржан – Сара» операсы. Бұл туынды ХХ ғасырдағы қазақ музыкасының ең биік жетістіктерінің бірі Е.Брусиловскиймен және Л.Хамидимен бірге Қазақ КСР Мемлекеттік Гимнінің (1945-1992) және Қазақстан Республикасының Гимнінің (1992-2006) музыкасын жазды.


👥1991 жылы 13 наурызда қазақтың екі атақты тұлғасы өмірге келді. Бүгін бокстан 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 34 жасқа толды. Ол бокстан әлем чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы, Азияның екі дүркін чемпионы. Ал кәсіпқойлар арасында IBF Inter-Continental чемпионы және IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы болды. Сонымен қатар бүгін эстрада әншісі әрі бірнеше әннің авторы Ернар Айдар да 34 жасқа толды. 2014 жылы ол “Алтын микрофон” ұлттық музыка байқауының “Үздік әнші жігіт” номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Ал 2016 жылы “Интернет таңдауы” номинациясында EMA Eurasian Music Award сыйлығын жеңіп алды.

Сізге Ернардың қай әндердің көбірек ұнайды?


#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #дұрыстамақтану #эндометриозмәселесі #Қазақстангимні #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #Олимпиадачемпионы #ЕрнарАйдар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏8🔥3⚡2👍2👌1
💡💡💡💡💡💡💡

Мотивацияны қалай оятамыз? ТОП-6 кеңес

📌 Кейде өзімізді шаршап, мақсатымыздан алшақтап кеткендей сезінеміз. Күнделікті өмірдің күйбеңі, сәтсіздіктер, қоршаған ортаның әсері мотивациямызды әлсіретіп жіберуі мүмкін. Бірақ кез келген адам бойындағы жігерді қайта оятып, алға ұмтылуға қабілетті. Бұл мақалада мотивацияны қайта жандандырудың тиімді жолдары туралы айтамыз.

1️⃣ Нақты мақсат қою

Мотивацияның негізгі қозғаушы күші – айқын мақсат. Егер сіз нақты не қалайтыныңызды білмесеңіз, күш-қуатыңыз да тез сарқылады. Сондықтан:
• Өзіңізге қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттар қойыңыз.
• Мақсатты «SMART» қағидаты бойынша анықтаңыз (Нақты, Өлшенетін, Қолжетімді, Маңызды, Уақытқа байланған).
• Әр мақсатыңыздың неге маңызды екенін түсініңіз.

2️⃣ Өзіңізді не ынталандыратынын анықтау

Әр адамның мотивация көзі әртүрлі:
• Ішкі мотивация – өзіңіздің даму жолыңыз, арманыңыз, ішкі құндылықтарыңыз.
• Сыртқы мотивация – марапат, бедел, әлеуметтік мойындау, материалдық табыс.

Егер сізді шынымен не жігерлендіретінін түсінсеңіз, алға жылжу әлдеқайда жеңіл болады.

3️⃣ Өзіңізді жеңімпаз ретінде елестету

Мидың жұмысы қызық: ол шынайы оқиғалар мен ойша елестеткен көріністерді бірдей қабылдайды. Егер сіз көз алдыңызға жетістікке жеткен сәтіңізді жиі елестетсеңіз, миыңыз соған сай әрекет етуге бейімделеді.

Қарапайым жаттығу:
• Көздеріңізді жұмып, арманыңыздың орындалғанын елестетіңіз.
• Сол сәттегі эмоцияларды сезініп көріңіз.
• Осы күйді жиі қайталаңыз – бұл миыңызды жеңіске бағдарлайды.

4️⃣ Кішкентай қадамдармен бастау

Көбіне адамдар бірден үлкен нәтижеге жетуді қалайды, бірақ алғашқы қиындықта-ақ мотивациясын жоғалтады. Сондықтан:
• Қарапайым және нақты әрекеттерден бастаңыз.
• Мақсатыңызды кішігірім бөліктерге бөліңіз.
• Әр жасалған қадам үшін өзіңізді марапаттаңыз.

Мысалы, кітап жазғыңыз келсе, бірден 300 бетті ойламаңыз. Күніне тек 1 бет жазуды әдетке айналдырыңыз.

5️⃣ Қоршаған ортаңызға мән беру

Қай ортада жүрсеңіз, сіздің ойлау жүйеңіз де соған сай қалыптасады. Сондықтан:
• Қолдаушы адамдармен араласыңыз.
• Жетістікке жеткен тұлғалардың кітаптарын оқыңыз, подкасттарын тыңдаңыз.
• Негативті ойлайтын адамдардан аулақ болыңыз.

6️⃣ Дене белсенділігі мен тәртіп

Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, физикалық белсенділік мотивацияны күшейтеді. Жаттығу жасағанда эндорфин (бақыт гормоны) бөлінеді, бұл сізге қуат береді.
• Таңертең жаттығу жасаңыз.
• Дұрыс тамақтаныңыз.
• Ұйқыңызды реттеңіз.

Мотивация – бұл тұрақты процесс. Кейде ол әлсірейді, бірақ оны қайта жандыруға әрдайым мүмкіндік бар. Өзіңізді дамытып, алға қойған мақсатыңызға сеніммен ұмтылыңыз!

#мотивация #қазынакеңес #мақсат #лайфхак
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥8👍4🤩3👌3
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

😻663 мың теңге: Елімізде ең жоғары жалақы алатын мамандықтар анықталды

Ал сіз қай салада жұмыс істейсіз? 💸

🙀Өзбекстанда өнер иелері концерт жарнамасында фонограмма қолданатынын көрсетуге міндеттелді

Мұндай бастама Қазақстанға қажет пе? Қалай ойлайсыз?😨

🙌2024 жылы Қазақстанға көшіп келгендердің саны 15,3%-ға артқан

Мәссаған😮

🥸Депутат халықты заңсыз несиелерден қорғайтын жаңа нормаларды қарастыруды ұсынды

Орынды ұсыныс екен!👍

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-48/

#Қазақстан #Жаңалықтар #еңжоғарыжалақы #айлық #Өзбекстан #фонограмма #несие #заңсыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7🔥3👌3🤩2
💡📆📆📆📆📆 14 наурыз

👥Бүгін — Көрісу күні. Бастапқыда бұл күн еліміздің тек батыс өңірінде ерекше мәнге ие болды. Ал қазір Қазақстанның барлық аймағында танылып келеді. Көрісу күні (қауышу күні, Амал мерекесі) – үлкендердің батасын алып, ұзақ ғұмыр тілеуге негізделген көне дәстүр. Наурыз мейрамына бір апта қалғанда, жұртшылық жаңа, сәнді киімдерін киіп, бір-бірімен көрісіп, қол алысады. Бұл күні адамдар: “Бір жасың құтты болсын!” деп жылы лебіздерін білдіреді.



👀Бүгін математиктер халықаралық π күнін атап өтеді. Бұл мейрамды алғаш рет америкалық физик Ларри Шоу ойлап тапқан. Ол 14 наурыз күнінің (3/14) π санының алғашқы сандарымен сәйкес келетінін байқаған. Көпшілік π санын мектеп бағдарламасынан 3.14159 деп білсе, қазіргі математиктер оны триллионға дейінгі дәлдікпен есептеп шығарған. Көптеген адам π туралы алғашқы түсінікті орта мектепте қалыптастырды. Оны 3,14159 деп біледі. Ал π санының ең көп цифрын жатқа айту бойынша әлемдік рекорд 67890 санды құрайды.


🥪14 наурызда фастфуд әуесқойлары бутерброд күнін атап өтеді. Әр халық аталмыш өнертабысты өзіне иемденуге тырысып бағады. Тіпті “бутерброд заңы” деген ұғым бар – яғни, бутерброд жерге құласа, міндетті түрде май жағылған бетімен түседі. Сол себепті көпшілік бұл тағамды әйгілі ғалым Николай Коперник ойлап тапқан деп санайды. Аңызға сүйенсек, ол бір кезде қамал коменданты болып тұрған кезде, қамалға індет тарайды. Сонда Коперник нанның үстіне май жағып жеуді ұсынады. Өйткені майы бар жағы еденге түссе, ондағы кірді бірден байқауға болады.

Сіздің сүйікті бутербродыңыз қандай?


👥14 наурызда дүниеге келген танымал адамдар. 146 жыл бұрын салыстырмалылық теориясының авторы, қазіргі теориялық физиканың негізін салушылардың бірі, Нобель сыйлығының лауреаты Альберт Эйнштейн (1879-1955) дүниеге келді. Ол әлемнің 20-ға жуық жетекші университетінің құрметті докторы әрі көптеген ғылым академиясының мүшесі. Эйнштейн физика бойынша 300-ден астам ғылыми еңбектердің, сондай-ақ тарих, философия, журналистика және басқа да ғылымдар саласындағы 150-ге жуық кітаптар мен мақалалардың авторы. Сонымен қатар бүгін 2004 жылы бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев 42 жасқа толды. Олимпиаданың соңғы күні Бақтияр Афиныда өткен ойында Қазақстан қоржынына жалғыз алтын медаль салып үлгерді. Ерекше техникасының арқасында ол үздік спортшы ретінде Вал Баркер кубогын жеңіп алды. Сондай-ақ Әлем чемпионаттарының қола жүлдегері, ал Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Көрісукүні #πсаны #Бутербродзаңы #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #Салыстырмалытеория #Олимпиадачемпионы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10😍3👏2😁1👌1🍌1
💡🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎞

🎬"Қожа: Жаңа саяхат" драмасы. Фильмде аңызға айналған достар Қожа мен Сұлтан қайта қауышып, қызық оқиғаларды бастан өткереді. Басты рөлдерде: Айқын Елубай, Олжас Қалғаппар, Ильяр Егінбай, Айым Құлымхан.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=btV-Ybj1TNY

🎬"Малай" мелодрамасы. Байдың баласы Чина сән-салтанатты өмірдің жетегінде кетіп, есіре бастайды. Оны дұрыс жолға салудың амалын таппаған олигарх әкесі үлкен бір қадамға барады. Ол психологпен бірлесіп, XIX ғасырдағы қазақ ауылының дәл көшірмесін кең далада тұрғызады. Ауылға тап болған Чина өткен ғасырға өтіп кеткендей күй кешеді. Басты рөлдерде: Жеңіс Омаров, Аида Құрманғалиева, Дулыға Ақмолда, Лаура
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=SmIhC6B7qak

🎬"Чёрный чемодан – Двойная игра" драмасы. Барлау қызметінің ерлі-зайыпты агенттері ұзақ жылдар бойы бақытты өмір сүріп келеді. Олар өзара сенім мен кәсіби адалдықты сақтай отырып, жұмыс пен жеке өмірдің арасындағы тепе-теңдікті таба білді. Алайда бір күні ер адам күрделі таңдау жасауға мәжбүр болады: ол өз отбасына адал бола ма, әлде Отан алдындағы парызын бәрінен жоғары қоя ма? Басты рөлдерде: Майкл Фассбендер, Кейт Бланшетт. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=csuf3OzxSYM

🎬"Крушение мира" фантастикасы. Кенеттен әлемнің ең ықпалды адамдары қауіпке тап болады – олар бірінен соң бірі тек байларды зақымдайтын белгісіз вирустың құрбанына айналады. Миллиардерлер бар байлығынан құтылуға тырысса, қарапайым адамдар да жаңа мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келеді. Бірақ бұл қауіпті ойын. Әлем хаосқа ұшырап жатқанда, жас кәсіпқой Лора аяқ астынан байып кетеді. Ол енді өз өмірін сақтап қалу үшін шындықты анықтауы тиіс.
Басты рөлдерде: Мэри Элизабет Уинстад, Рейф Спалл. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=RTwdOa4DwKA

🎬"Мелочи жизни" драмасы. Ирландия, 1985 жыл. Рождество қарсаңында көмір тасушы Билл Ферлонг жергілікті католик шіркеуінде үрейлі оқиғаның куәсі болады. Ол әділдік іздеп, қоғамға қарсы шығуға бел буады. Басты рөлдерде: Киллиан Мерфи, Эмили Уотсон. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=JmDOZQx20MA

🎬"Зверопоиск" мультфильмі. Мысқылға бейім аңшы-шошқа түрлі жануарды ұстаумен күн көреді. Бірақ оған аңшылық жасауға берілген жаңа тапсырма күтпеген достыққа ұласады.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=HGmt7inp2Es

🎬"Пигси: Путешествие сквозь время" мультфильмі. Қол жетпейтін болашақ. Жалқау әрі өзімшіл торай — капитан Пигси жақсы өмірге қол жеткізу үшін қауіпті оқиғаларға толы сапарға аттанады… Алайда нағыз бақыт оның ойлағанынан әлдеқайда жақын болып шығады.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=2g9J8q_nN7U
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥10❤4👏2👌1🆒1
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

😇Елімізде "Қазақстан балалары" бағдарламасы қабылданады

Тамаша!😍

👥"Air Astana" былтыр 9 млн адам тасымалдады

Мәссаған! 😮

🥸Қазақстан сырттан жұмыртқа әкелуге уақытша тыйым салады

Ескере жүріңіздер!📌

🤗Наурыз мерекесінде оқушылар бір мезгілде күй тартады

Тамаша көрініс болайын деп тұр👍

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-49/

#Қазақстан #жаңалықтар #Қазақстанбалалары #AirAstana #жұмыртқа #Наурызмерекесі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌9🔥3❤2👍2
💡📆📆📆📆📆 15 наурыз

🫠Бүгін Қазақстанда Қайырымдылық күні аталып өтеді. Бұл күн мейірімділік, ізгілік және көршімен тату қарым-қатынас сынды ізгі құндылықтарды насихаттауға арналған. Қазақстанның түкпір-түкпірінде өтетін түрлі қайырымдылық шаралары мен игі істер қоғамға жанашырлық пен өзара қолдаудың маңыздылығын ұғындыруға септігін тигізеді.

Баршаңызды осы мерекемен құттықтаймыз!

🥳Бүгін — Дүниежүзілік тұтынушылар құқығын қорғау күні. 1961 жылы 15 наурызда АҚШ президенті Джон Кеннеди сөз сөйлеп, “тұтынушы” түсінігіне анықтама берді. Ол аталған ұғымды 4 негізгі құқыққа бөліп қарастырды. Нақтырақ айтсақ, қауіпсіздік, ақпарат, таңдау және тыңдау құқығы. Осы жүйе арқылы әлемнің көптеген елінде тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңдар бекітілген. Қазақстанда да Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен Тұтынушылардың Ұлттық лигасы бар. Егер қандай да бір өнімге немесе қызметке көңіліңіз толмаса, кез келген уақытта осы ұйымдарға жүгінуіңізге болады.



🤗Бүгін – Халықаралық полицейлердің зорлық-зомбылығына қарсы күрес күні. Алғаш рет бұл күн 1997 жылы 15 наурызда аталып өтті. Оған швейцариялық полицейлердің екі баланы соққыға жыққан оқиғасы түрткі болған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, полиция тарапынан негізсіз күш көрсету, психологиялық қысым жасау және сөзбен кемсіту көптеген адамның моральдық және физикалық жарақат алуына, мүгедектікке ұшырауына, тіпті өлімге алып келуі мүмкін. Бұл күн – қоғамның полиция қызметкерлерінің жауапкершілігіне назар аударуына және зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын күшейтуіне бағытталған.


👥15 наурызда қазақтың екі көрнекті скрипкашысы туған күндерін атап өтеді. Бүгін Қазақстанның халық әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева 66 жасқа толды. Ол көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты, дипломанты және қазылар алқасының мүшесі. Халық әртісі “ХХ ғасырдың көрнекті 2000 музыканты” атты IBC Дүниежүзілік құрметті тізіміне енгізілген. Сонымен қатар Астана қаласының Құрметті тұрғыны. Сонымен қатар бүгін виртуоз скрипкашы, дирижер және Бирмингем консерваториясының профессоры Марат Бисенғалиев 62 жасқа толды. Ол Азия-Тынық мұхиты оркестрлері Альянсының директорларының бірі. 2010 жылы Марат Бисенғалиев тәуелсіз сауалнама бойынша Қазақстанда "онжылдықтың музыкалық символы" болып таңдалды. Ол өмірінің көп бөлігін шетелде өткізсе де, Қазақстан азаматы болып қала береді.

Туған күн иелеріне ұзақ өмір және шығармашылық табыс тілейміз!


#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Қайырымдылықкүні #Тұтынушықұқықтары #Полицейлікзорлық-зомбылық #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #Қазақскрипкашылары
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤10🎉3👍2👌2⚡1🔥1
💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆

Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз.


АЛМАТЫ:

🦋Асқар Есдәулеттің "көктемгі об'сракт " көрмесі

Қайталанбас қолтаңбасы бар қазақ суретшісі өз жұмыстарын алғаш рет кең ауқымды көрерменге ұсынады. Көрмеге автордың он жылдан астам уақыт бойы жасаған 50-ге жуық картинасы мен 15 мүсіні қойылады.

Өтетін орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 15 және 16 наурыз, 11:00 – 19:00

💪STANDUP – Еркін микрофон

Мұнда кез келген адамның өнер көрсетуіне мүмкіндік бар. Стендап-комик ретінде бақ сынап көргіңіз келе ме? Айтуға тұрарлық қызық оқиғаларыңыз бар ма? Ендеше осы кеште кәсіби комиктермен бір сахнада өнер көрсетуге асығыңыз! Сахнаға шығу үшін шоу басталардан жарты сағат бұрын есіміңізді жазып, сахнадағы жәшікке салсаңыз жеткілікті. Қаншалықты күлдірсеңіз, соншалықты ұзақ уақыт беріледі! Шоу соңғы комик өнер көрсеткенше жалғасады.

Жас шектеуі: 18+
Өтетін орны: Cheers, Шевченко көшесі, 100
Күні: 16 наурыз, 17:00

✌️"Әлемнің бір негізі” көрмесі

Катерина Никонорованың туындылары көрерменді уақыт кеңістігіне саяхатқа жетелеп, табиғат пен өркениет арасындағы байланысты зерттейді. Қазақстандық суретші Қатипа апай есімімен де танымал. Оның шығармашылығы ежелгі тәңіршілдік пен заманауи дүниетанымды тоғыстырып, рухани өткен мен бүгінгі өмірді астастырады.

Орналасқан жері: Esentai галереясы, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3 қабат)
Күні: 15 және 16 наурыз, 10:00 – 20:00

🤝"Шуақты қаладан жеткен отбасылық мұралар” көрмесі

Бұл көрмеде белгілі суретшілер Григорий мен Олег Пономаренконың жеке коллекциялары мен MPL Sarl қорының жинағынан алынған картиналары ұсынылады.

Өтетін орны: Ular Gallery, Панфилов көшесі, 92.
Күні: 15 наурыз, 12:00 – 18:00

🥸"Костюм киген адам” көрмесі

Қазақстандық суретші Басма өз еңбектерінде қарапайым адамның саясаткер, шенеунік не кәсіпкер болған сәтінен бастап қалай өзгеретінін бейнелейді. Костюм, жейде не галстук киген сәттен бастап, адам ақырындап өзге күйге ене бастайды. Уақыт өте келе, костюм адамға толық билік жүргізіп, оның санасын қарапайым халықтың мұң-мұқтажынан алшақтатады.

Өтетін орны: “Өнер” арт-кеңістігі, Шевченко көшесі, 51.
Күні: 15 наурыз, 10:00 – 19:00

🤗Виолетта Богданованың “Махаббат, өлім және бір бөлке нан” жеке көрмесі


Бұл көрме бар-жоғы үш туындыдан тұрады: бірі – махаббат, екіншісі – өлім, үшіншісі – жайлы ұйқы. Өлімнен қашып құтылу мүмкін емес, ал махаббаттан – мүмкін. Нан үшін жайлы ұйқы мен берекелі таң қажет.

Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79.
Күні: 15 және 16 наурыз, 12:00 – 17:00


АСТАНА:

👥"Портреттер емес" көрмесі

Белгілі грузин фотографы Гио Кардаваның жұмыстары көрерменді адам мен өнерге, тіпті өзіне де өзгеше қырынан қарауға шақырады. Бұл – өткен мен болашақтың, дәстүр мен жаңашылдықтың тоғысқан тұсы. Онда әрбір сурет терең ойға батырып, жүректен орын алады. Сондай-ақ өз алдына бөлек бір сыр шертеді.

Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1
Күні: 15 және 16 наурыз, 10:00 - 20:00


Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!

#Алматыафишасы #Астанаафишасы #Қайдабарукерек #тегін #көрмелер #STANDUP #стендап
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤10👍6😍4🤝3🔥1
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Қожа: Жаңа саяхат” атты фильміне арналады.

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/0G27_SdPeGc

#Қожажаңасаяхат #драма #қожа #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #меніңатымқожа
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤10👍5🔥4👌3⚡1
💡📆📆📆📆📆 16 наурыз

😻16 наурызда Қазақстанда Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аталып өтеді. Әсіресе, жаһандану жағдайында ұлттың ең басты айрықша белгілерінің бірі – оның мәдениеті мен өнері. Бүгінде егемендік сананы нығайту жолында қазақ халқы ұлттық дәстүрлерді қайта жаңғыртуға ерекше көңіл бөлуде. Осыған орай, бұл күн мәдениетіміз бен өнерімізді, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге арналып, ата-бабамыздан қалған рухани және мәдени мұраны терең сезінуге мүмкіндік береді.

Баршаңызды Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күнімен құттықтаймыз!

👏Бүгін, 16 наурыз – Қазақстанның Республикалық гвардиясы күні. 1992 жылы дәл осы күні құрылған бұл әскери құрылым елдің беткеұстар айбынына айналды. Гвардия сарбаздары мемлекет басшысы мен жоғары билік органдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, салтанатты рәсімдерге қатысады. Сонымен қатар олар Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаны күзетіп, стратегиялық маңызы бар нысандарды қорғайды. Төтенше жағдай кезінде заңда белгіленген тәртіппен арнайы іс-шараларға қатысуға міндетті. Гвардия қатарына кіру – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Үміткерлерді іріктеу — шақыру мерзімінен әлдеқайда ерте басталады. Үміткердің бойы 178 сантиметрден төмен болмауы, орта білімі болуы және толық отбасында тәрбиеленуі – басты талаптардың бірі.

Егер таныстарыңыздың арасында Республикалық гвардия сарбаздары болса, оларды кәсіби мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!



💪16 наурызда сурет салғанды ұнататындар түрлі-түсті қарындаш күнін атап өтеді. Қарапайым графит өзегі бар қарындаштар XVII ғасырда пайда болса, түрлі-түсті қарындаштар кейінірек пайда болды. Бастапқыда олар тек заттарды белгілеу үшін қолданылды. Ал ХХ ғасырдың басында түрлі-түсті қарындаштар көркем шығармашылық үшін таптырмас құрал болды. Бүгінде балаларға арналған сурет сабақтары, арт-терапия мен ересектерге арналған психологиялық оңалту курстары осы қарындаштарды пайдаланады.

Егер таныстарыңыздың арасында суретшілер бар болса, оларды мерекесімен құттықтап қойыңыз!


👀Бүгін әйелдер қауымы тушь күнін атап өтеді. 1917 жылы дәл осы күні “Maybelline” компаниясы жаңа косметикалық өнім – кірпікке арналған тушьты нарыққа шығарды. Бұл өнімнің пайда болуы қызық оқиғамен байланысты. Нью-Йорк фармацевті Т.Л. Уильямс қарындасы Мэйбел кірпігін көмір ұнтағы мен вазелиннің қоспасымен бояйтынын байқайды. Осы әдістен шабыт алған ол заманауи тушьтың алғашқы нұсқасын жасап, оны қарындасының құрметіне “Maybelline” деп атайды.

Сізге қандай тушь ұнайды?


#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Мәдениетжәнеұлттықсалт-дәстүркүні #Республикалықгвардия #Алғашқықарындаш #Алғашқыкірпіккеарналғантушь
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤5👌3🔥1🤩1
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Малай” атты фильміне арналады.

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/xU5dKQ8SVM0?feature=share

#малай #комедия #семейный #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #холоп
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥10❤4👍4
💡💫💫💫💫💫💫💫

17-23 наурызға арналған қаржылай жұлдыз жорамал

♈️Бұл аптадағы қаржылай жағдайыңыз “америкалық әткеншек” секілді құбылмалы болмақ: бірде биікке көтеріліп, бірде күрт төмендеп, әбігерге салуы мүмкін. Сол себепті асығыс шешімдерден және күмәнді инвестициялардан аулақ болыңыз. Әсіресе, “кепілді пайда” уәде еткен ұсыныстарға алданбаңыз – тегін ірімшік тек қақпанда болатынын ұмытпаңыз.

♉️Қаржыңыз үздіксіз шығыннан шаршағандай… Әмияныңызға біраз демалыс беріп, шығындарыңызға қайта көз жүгіртіңіз. Жоспарлы түрде қаржыңызды басқарсаңыз, күтпеген қиындықтардан аман өтесіз. Есіңізде болсын, ең құнды инвестиция – өзіңізге салынған инвестиция.

♊️Бұл аптада қаржы мәселесі сіз үшін басты тақырыпқа айналуы мүмкін. Сыртқы қысымға еріп, қымбат көлік немесе жылжымайтын мүлік алу үшін несие алуға асықпаңыз. Оның орнына, нақты мақсаттарыңызды айқындап, қаражатыңызды ақылмен басқарыңыз. Депозитке ақша жинауды да ұмытпаңыз.

♋️Жұлдыздар қаржылай тәуекелдерден аулақ болуға кеңес береді. Егер біреу сізге “ерекше табысты” жобаға ақша салуды ұсынса, мұқият ойланған жөн. Ұшатын велосипед немесе күннен қуат алатын қолшатыр сынды “керемет” идеялар қаржылай қиындықтарға әкелуі мүмкін. Оның орнына, жинаған қаражатыңызды нақты әрі пайдалы мақсаттарға бағыттаңыз.

♌️Сән-салтанатқа деген құштарлығыңыз қаржылай қиындықтарға әкелуі мүмкін. Алтын жалатылған дәретхана немесе соңғы үлгідегі смартфон – инвестиция емес. Қалауыңызды бақылауда ұстап, қаражатыңызды пайдалы әрі ұзақ мерзімді мақсаттарға бағыттаңыз.

♍️Сіз бәрінің мінсіз болғанын қалайсыз, бірақ осы ұмтылыс кейде артық шығынға ұрындыруы мүмкін. Сондықтан мінсіздікке емес, сапа мен қажеттілікке мән беріңіз. Нақты жоспар құрып, соған сәйкес әрекет етсеңіз, қаржыңыз да, көңіл күйіңіз де тұрақты болады.

♎️Айналаңыздағы адамдарға ұнауға тырысып, қаржылай жағдайыңызды қиындатып алуыңыз мүмкін. Дүкенге кірген сайын таныстарыңызға сыйлық ала беруді доғарыңыз. “Жоқ” деп айтуды үйреніп, қаржыңызды үнемдеуге тырысыңыз.

♏️Бәрін өз бақылауыңызда ұстау – қаржылай шығындарға әкелуі мүмкін. Бәрін басқаруға тырыспай, ақшаны ақылмен жұмсаған жөн. Кейде қаржы ағымына ерік беріп, оның сіз үшін жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау әлдеқайда тиімді.

♐️Саяхатқа деген құштарлығыңыз күтпеген шығындарға әкелуі ықтимал. Экзотикалық бағытқа билет сатып аларда бюджетіңізді бір қарап шығыңыз. Әр теңгені саналы түрде жұмсап, қаржылай қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етіңіз.

♑️Табысқа жетуге деген талпынысыңыз — шамадан тыс шығындалуға итермелеуі мүмкін. Әсер қалдыру үшін қымбат заттар алуға асықпаңыз – шынайы құндылықтар материалдық игіліктерден әлдеқайда маңызды. Ақшаны жүйелі түрде жұмсап, болашаққа инвестиция жасаңыз.

♒️Жаңалыққа және ерекше нәрселерге деген қызығушылығыңыз күтпеген шығындарға әкелуі мүмкін. Кезекті гаджет сатып аларда немесе жаңа қызметке жазыларда оның расымен қажет екеніне көз жеткізіңіз. Қалауыңыз бен қажеттілігіңізді ажыратып, ақшаны саналы түрде басқаруды үйреніңіз.

♓️Қиялға бейім болуыңыз — шынайы қаржылай жағдайыңызды елеусіз қалдыруы мүмкін. Бұл аптада армандардан гөрі нақты есепке мән беріңіз. Бюджет құрып, шығындарыңызды жоспарласаңыз, қаржылай тұрақтылығыңызды сақтай аласыз.

Ендеше, аптаңыз сәтті, қардыңыз тұрақты болсын!

Ескерту: Есіңізде болсын, жұлдыз жорамал ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалады. Қаржылай шешімдерді ақылға салып, нақты жағдайларға байланысты қабылдаңыз.

#Жұлдызжорамал #Апталықжұлдызжорамал #Қаржы #Болжам
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌6👍4🔥4❤2🤩2