Үйде жатпа!
8.13K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎞

🎬"Тәуіп&Шәріп" комедиясы. Есқара мен Шәріп – алаяқтықты кәсіп еткен айлакер жандар. Олар өздерін атақты әртістер ретінде көрсетіп, шалғай ауылдарда концерттер ұйымдастырады. Ән мен күйге шөліркеген аңғал жұртты арбаумен қатар, ескі мотоциклді сирек кездесетін бағалы көлік деп алдап сатады. Басты рөлдерде: Шерпбаев Бағлан, Бейбітов Есқара.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=FzROSvqmok8

🎬"Режиссер" драмасы. Басты кейіпкердің асқақ арманы бар – ол режиссер болуды аңсайды. Бірақ бұл жолда оны сан түрлі қиындық күтіп тұр, ең ауыры – отбасынан алыстау. Жүрегіндегі сағыныш пен жанын жегідей жеген күмәндарға қарамастан, ол мақсатына жету үшін барын салады. Басты рөлдерде: Рүстем Жаныаманов, Жанна Сейтхан, Еркебұлан тоқи, Нияз Әбдіғаппар.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=UhMM-qhahWI

🎬"Қош бол дегім келмейді" мелодрамасы. Бұл – махаббат, сынақтар және тағдырмен ымырасыз күрес туралы хикая. Басты кейіпкерлер – Ақжол мен Чолпон бір-бірін шынайы сүйгенімен, өмірдің қатал сынақтары оларды екіге айырады. Басты рөлдерде: Болсун Расылбеков, Бегайым Асанакунова.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=QKkH47sQco0

🎬"Мастер" боевигі. Левон Кейд – қарапайым құрылысшы. Алайда, құрылыс директорының қызын белгісіз біреулер ұрлап кеткенде, ол көмекке дәл Левонды шақырады. Енді өткенді жасырған бетпердені шешіп, өзінің нағыз қабілеттерін көрсетуге тура келеді. Басты рөлдерде: Джейсон Штайт, Джейсон Флеминг. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=8hb0s4sFxm0

🎬“Дольче!” боевигі. Қалыңдығын дәл үйлену күні жоғалтқан жігіт оны қайтару үшін о дүниеге аттанады. Бұл сапарда оған жұмбақ таксист жолсерік болады. Басты рөлдерде: Винсент Кассель, Росси де Пальма. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=-Wwn48c7vOE

🎬"Семь вуалей" драмасы. Жас театр режиссері Жанинге бұрынғы ұстазының ең әйгілі қойылымын қайта жаңғырту тапсырылған. Бірақ бұл жұмыс оны өткеннің тереңіне жетелеп, мұқият құрған әлемін шайқалтуы мүмкін. Басты рөлдерде: Аманда Сайфред, Ребекка Лиддьярд. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=K39-EsUgNBI

🎬"Тайна в ее глазах" триллері. Екінші баласы дүниеге келгеннен кейін Анетт жұмысын тастап, балаларымен бірге қала шетіне көшеді. Ол мұны күйеуі Беннің шығармашылықпен алаңсыз айналысуы үшін жасайды.
Басты рөлдерде: Дейзи Ридли, Шазад Латиф. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=gn8lsu43F-k

🎬"Лучше всех" комедиясы. Сәтсіз қарақшылықтан кейін полициядан қашуға мәжбүр болған әкесі мен ұлы ерекше қажеттілігі бар жастарға арналған жазғы лагерьді уақытша паналайды. Басты рөлдерде: Артюс, Кловис Корнияк. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=kVhsGokOdP0

🎬"Девушки на балконе" комедиясы. Үш құрбы үйдегі көршілерінің жеке өміріне үнемі араласады. Алайда бір қарапайым тұрмыстық жанжал уақыт өте келе нағыз қанды қырғынға ұласады.Басты рөлдерде: Сухейла Якуб, Ноеми Мерлан. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=aPfoff-x-qs

🎬"Ужасающие" қорқынышты фильмі. Бойжеткен ежелгі картинаны қалпына келтіру үшін Италияның шағын қалашығына келеді. Алайда кенептегі бейнені ашқан сайын, оны сұмдық түстер азаптай бастайды. Оның санасындағы құбыжықтар шынайылыққа еніп, айналасындағы адамдарға қатер төндіреді. Басты рөлдерде: Клаудио Натан Брезци, Джанлуиджи Кальвани. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=rXUUZ4070kA

🎬"Питер Пэн. Кошмар в Нетландии " қорқынышты фильмі. Венди Дарлинг бауыры Майклды іздеуге шығады, өйткені оны Питер Пэн ұрлап әкетті деп ойлайды. Басты рөлдерде: Дженни Миллер, Кирстон Вэйр. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=jwnG-0ntQy8

#киножаңалықтары #аптапремьералары #Алматыафишасы #Қазақстанафишасы #Тәуіп&Шәріп #Режиссер #Қошболдегімкелмейді
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5😍2⚡1👍1
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

⁉️БЖЗҚ алаяқтық әрекеттеріне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

Абай болыңыздар!‼️

⚽️Қазақстанда жеті футбол клубы жекеменшікке берілуі мүмкін

Жақында сатылымға шығарылуы мүмкін💴

🤍Елімізде +25 градусқа дейін күн жылынады

Күн суытып кетіп еді, жақсы болды👍

✖️Экология министрлігі киік атудан бас тартпақшы

Жақсы бастама🔥

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-56/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Футбол #БЖЗҚ #алаяқтар #Экологияминистрлігі #киік
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🔥4⚡3👌2❤1
💡📆📆📆📆📆 29 наурыз

🗣29 наурыз – музыка әуесқойлары Халықаралық фортепиано күнін атап өтеді.
Pianoforte (итал. piano – «ақырын», forte – «дауысты») аспабын ойлап тапқан шебер – Бартоломео Кристофори (1655-1731) саналады. Фортепианоның 70%-ы ағаштан жасалса, қалған 30%-ы мыс, шойын және киізден құралады. Ұзақ уақыт бойы шеберлер ақ пернелерді піл сүйегінен жасаған, алайда пластиктің пайда болуымен қолжетімді әрі арзан материалға көшті.
Қазіргі таңда фортепианода 88 перне (36 қара, 52 ақ) бар, ал педальдары киіз балғалар арқылы 224 ішекті іске қосады.

👤29 наурыз – Өзін-өзі тану күні. Адамның өз болмысын тануы – өмір бойы жалғасатын үдеріс. Бұл жолда ежелгі гректерден келе жатқан «Өзіңді таны» ұстанымы әлі де өзекті. Психологтар адамның өзін-өзі іздеуі мен күнделікті тұрмыс-тіршілігі арасында үйлесім болуы керектігін айтады. Өйткені өмір тек материалдық игіліктерге ұмтылумен өтіп кетпеуі тиіс – олар бірер жылда ескіреді, ал өзіндік даму мен рухани өсу әрқашан құнды.
Ал сізде өзін-өзі тануға уақыт бар ма?

👀Бүгін фантастика жанрының жанкүйерлері Халықаралық су перілері күнін атап өтеді. 2018 жылдың 29 наурызында АҚШ-та құпияға толы көгілдір көзді, құйрықты қыз туралы «Сирена» телесериалының премьерасы өткен еді. Адамның денесіне ұқсас, бірақ аяқ орнына балықтың құйрығы бар жаратылыстар тек әртүрлі халықтардың аңыз-әңгімелерінде ғана емес, тарихи жазбаларда да кездеседі. Көптеген теңізшілер, соның ішінде Христофор Колумб та өздерінің борттық журналдарында су перілерін көргенін жазған. Ал олардың мумиялары тіпті ХХ ғасырдың кейбір мұражайларында сақталған деседі. Ғалымдар адамзат эволюциясының белгілі бір кезеңінде біздің арғы ата-бабаларымыз суды мекендеген болуы мүмкін деген болжам жасайды. Тіпті кейбіреулері терең мұхит түбінде әлі күнге дейін тіршілік етуі ықтимал деген пікір бар.

Ал сіз қалай ойлайсыз, су перілері шын өмірде болған ба, әлде олар жай ғана ертегі кейіпкерлері ме?

👥29 наурыз – танымал екі қазақтың туған күні. Белгілі суретші Ботагөз Ақанаева 54 жасқа толды. Оның еңбектері Кастеев атындағы өнер мұражайында, Третьяков галереясында, Испаниядағы Виллафамес заманауи өнер мұражайында, Монреаль қаласының муниципалды мұражайында, Канада генерал-губернаторының мұражайында және әлемнің көптеген елдеріндегі жеке коллекцияларда сақтаулы. Суретші “Мата мен керамиканы қолдана отырып, бедерлі кескіндеме жасау” патентінің иегері. Сонымен қатар бүгін кино актері Төлепберген Байсақалов 51 жасын атап өтеді. Оған кең танымалдық 2008 жылы Канн кинофестивалінде «Ерекше көзқарас» аталымы бойынша Гран-при жеңіп алған «Қызғалдақ» фильмі арқылы келді. Сонымен бірге, ол «Рэкетир», «Елки», «Тараз» сынды танымал фильмдердегі рөлдерімен де көрерменге жақсы таныс.

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Музыка #Мотивация #Фантастика #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #БотагөзАқанаева #ТөлепбергенБайсақалов
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🔥4👌2
💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆

Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз.


АЛМАТЫ:

👏Асқар Есдәулеттің "көктемгі об'сракт " көрмесі

Қайталанбас қолтаңбасы бар қазақ суретшісі өз жұмыстарын алғаш рет кең ауқымды көрерменге ұсынады. Көрмеге автордың он жылдан астам уақыт бойы жасаған 50-ге жуық картинасы мен 15 мүсіні қойылады.

Өтетін орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 29 наурыз және 30 наурыз, 11:00–19:00

🤩"Шуақты қаладан жеткен отбасылық мұралар” көрмесі

Бұл көрмеде белгілі суретшілер Григорий мен Олег Пономаренконың жеке коллекциялары мен MPL Sarl қорының жинағынан алынған картиналары ұсынылады.

Өтетін орны: Ular Gallery, Панфилов көшесі, 92.
Күні: 29 наурыз, 12:00 – 18:00

😍“30 жасқа дейінгі 30 тұлға” көрме-жәрмеңкесі

Бұл мәдени жоба Алматы қаласының ең үздік 30 жас суретшісін таныстыруды мақсат етеді. Қатысушылардың жасы 30-дан аспауы тиіс. Жоба аясында жас дарындарды қолдау мақсатында бірқатар көрмелер ұйымдастырылады.

Өтетін орны: “Өнер” арт-кеңістігі, Шевченко көшесі, 51
Күні: 29-30 наурыз, 10:00 – 19:00

🗣Катерина Никонорованың «lovinnale» көрмесі

Суретшінің жаңа коллаждар топтамасы – оның шығармашылық өмірінің бір сәтін бейнелейді. Бұл туындылар көрерменді махаббаттың нәзік иірімдеріне жетелеп, сезім әлеміне бойлататын ерекше сапарға шақырады. Автор драмалар мен жаңалықтар, кездесулер мен сынақтар арқылы махаббаттың мәнін шартты белгілер арқылы бейнелеп, оны барынша ықшам әрі терең түрде жеткізуді көздейді.

Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79
Күні: 29-30 наурыз, 12:00 – 17:00

АСТАНА:

👀"Портреттер емес" көрмесі

Белгілі грузин фотографы Гио Кардаваның жұмыстары көрерменді адам мен өнерге, тіпті өзіне де өзгеше қырынан қарауға шақырады. Бұл – өткен мен болашақтың, дәстүр мен жаңашылдықтың тоғысқан тұсы. Онда әрбір сурет терең ойға батырып, жүректен орын алады. Сондай-ақ өз алдына бөлек бір сыр шертеді.

Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1
Күні: 29 және 30 наурыз, 10:00 - 20:00


Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!

#Алматыафишасы #Астанаафишасы #Қайдабаруғаболады #Тегін #Көрмелер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥8❤4👍3🤩2
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Режиссер” атты фильміне арналады.

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/fo-AvRZAeEY

#режиссер #драма #такси #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #таксист
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌5👍4❤2🤩2🔥1
💡📆📆📆📆📆 30 наурыз

🥳Бүгін мұсылмандар қасиетті Рамазан айының аяқталуын айғақтайтын Ораза айт мейрамын атап өтеді. Бұл – жан тазарып, сабыр мен рухани кемелдікке жетуге шақыратын ұлық мереке. Айт намазы таңертең әр аймақта күннің шығуына байланысты түрлі уақытта оқылады. Ораза айт – ізгілік пен мейірімділікке толы күн. Бүгін адамдар бір-біріне қамқорлық танытып, мұқтаж жандарға қол ұшын созады. Атаулы мереке мұсылмандарды ренішті ұмытуға, кешірімді болуға, жан дүниесін ізгілікке бөлеуге үндейді. Өйткені Рамазан айындағы ораза – Ислам дініндегі бес парыздың бірі.

Барша мұсылман қауымын осы мейраммен құттықтаймыз!

🥸2001 жылдың 30 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық “Болашақ” стипендиясы түлектерінің қауымдастығы құрылды. Бұл ұйым “Болашақ” бағдарламасы арқылы білім алған жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғап, олардың елдің қоғамдық өміріне белсене араласуын қамтамасыз етуді мақсат етеді. Бүгінде “Болашақ” бағдарламасы бойынша 11 мыңнан астам маман даярланып, олардың көпшілігі өз саласында табысты тұлғаға айналды.

Егер таныстарыңыздың арасында “Болашақ” бағдарламасының түлектері болса, оларды осы айтулы күнмен құттықтай аласыз!

😍Бүгін ерекше күн – Саябақта серуендеу күні. Қазіргі таңда қала тұрғындары күйзеліс пен депрессияға жиі ұшырайды. Зерттеулер көрсеткендей, жасыл аймақтарда серуендеуді әдетке айналдырған адамдар өздерін әлдеқайда бақытты сезінеді.
Дәрігерлердің пікірінше, күніне 30 минут жаяу жүру — артық салмақтан арылуға, иммунитетті нығайтуға және жалпы денсаулықты жақсартуға көмектеседі.

Сіз қай саябақта серуендегенді ұнатасыз?

🤩2012 жылдың 30 наурызында қазақстандық “Аңшы бала” фильмі Голливудта өткен International Family Film Festival халықаралық кинофестивалінде “Үздік шетелдік драма” номинациясын жеңіп алды. Фильмде қалада өскен баланың ауылдағы өмірге бейімделуі, жаңа ортаға үйрену барысында бастан кешкен оқиғалары баяндалады. “Аңшы бала” Қазақстан, Мысыр және Ресей кинофестивальдерінде де жүлделі орындарға ие болды.

Егер фильмді әлі көрмесеңіз, оны YouTube платформасынан таба аласыз!

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Ораза2025 #Білім #Мотивация #Аңшыбала #кинофестиваль
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9👍3👌3🔥2😍2
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Қош бол дегім келмейді” атты фильміне арналады.

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/UcA-yyPtXVs

#Қошболдегімкелмейді #мелодрама #трагедия #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #бокс #балет #любовь
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌5🎉2🤩2🔥1😍1
💡💫💫💫💫💫💫💫

31 наурыз – 6 сәуір аралығына арналған қаржылай жұлдыз жорамал

♈️Бұл аптада қаржылай жағдайыңыз покер ойыны сияқты құбылып тұрады: бірде ұтасыз, бірде ұтыласыз. Ең бастысы – өз мүмкіндіктеріңізді ұмытпаңыз. Қиын сәтте достарыңыздан қарызға ақша алып, пицца жеуге әбден болады!

♉️Торпақ, сіз осы аптада алтын теңге тауып алған сараң адамға ұқсайсыз. Бірақ жинаған ақшаңызды жастықтың астына тығып қоймаңыз! Одан да пайдалы нәрсеге жұмсаңыз. Мысалы, жаңа аяқ киім алсаңыз, кездесулерде ыңғайсыз жағдайға қалмайсыз.

♊️Осы аптада қаржылай шешімдеріңіз сіздің әңгімеден әңгімеге секіргеніңіз сияқты жиі өзгереді. Сауда жасағанда абай болыңыз – «жақсы жеңілдік» деп керексіз заттарды алып қоймаңыз. Ақшаңызды оңды-солды шашпаңыз – банк картаңыз мұндай күтпеген шығындарды ұнатпайды!

♋️Шаяндар, бұл аптада өзіңізді нағыз қаржылай ізкесушідей сезінесіз. Ақшаны ойламаған жерден – ескі күрте қалтасынан немесе диван жастығының арасынан тауып алуыңыз ғажап емес. Бірақ кейде қаражат іздегенше, ата-анаңыздан сұрау әлдеқайда оңайырақ болатынын да ұмытпаңыз.

♌️Арыстандар, осы аптада сіз қаржы әлемінің патшасы боласыз. Дегенмен шығындарыңыз да патшаға лайық болуы мүмкін. Барлық табысыңызды сән-салтанатқа жұмсамай, қаржылай тепе-теңдікті сақтауға тырысыңыз. Кейде үнемдеу де үлкен даналықтың белгісі!

♍️Бикештер, сіз осы аптада демалысқа шыққан есепшідей боласыз. Барлық қаржы жоспарыңыз нақты есептелген, бірақ кейде өзіңізге еркіндік беруді де ұмытпаңыз. Мысалы, кейде пайдасыз, бірақ көңіліңізді көтеретін бір нәрсе сатып алу да өз-өзіңізге жасаған инвестицияның бір түрі.

♎️Таразылар, бұл аптада қаржылай шешімдеріңіз көңіл күйіңізге тікелей байланысты болмақ. Көзіңізге әдемі бір зат түсе қалса, оны алудан тартынбаңыз. Бірақ ұмытпаңыз: сұлулық әрдайым ақшаға тәуелді емес – кейде жай ғана көтеріңкі көңіл күйдің өзі жеткілікті.

♏️Сарышаяндар, осы аптада сіз қаржы әлеміндегі нағыз ниндзя боласыз – ақшаңызды ешкімге байқатпай жинап, көбейте аласыз. Дегенмен инвестиция жасағанда аса сақ болыңыз. Әрбір жарқыраған нәрсе алтын емес, кейде ол алдын ала ойластырылған айла болуы мүмкін.

♐️Мергендер, бұл аптада сіз несие картасымен жүрген саяхатшыға ұқсайсыз. Жаңа әсерлерге ақша жұмсаудан қорықпаңыз, бірақ бюджетті де бақылауда ұстаңыз. Әйтпесе келесі айда «саяхатыңыз» дүкен сөрелерін айналсоқтаумен шектелуі мүмкін.

♑️Тауешкілер, бұл аптада сіз қаржылай тәртіпті қатаң сақтайтын ұстаздай боласыз. Шығындарыңызды саралап, жаңа бюджет жоспарын құруға таптырмас уақыт. Дегенмен, тым қатал болудың да қажеті жоқ – кейде өзіңізге аздап еркіндік беріп, сүйікті балмұздағыңызды алып жеген де артық етпейді.

♒️Суқұйғыштар, осы аптада сіз жаңа табыс көздерін іздейтін өнертапқыш сияқты боласыз. Бәлкім, қажетсіз болып қалған заттарыңызды сатып көрерсіз? Кейде күтпеген дүниелердің өзі сұранысқа ие болып шығады – тіпті ескі кәдесыйларыңыздың өзі біреуге бағалы болуы мүмкін!

♓️Балықтар, осы аптада қаржылай жағдайыңыз теңіздей құбылмалы болады – кейде тыныш, кейде толқындай көтеріледі. Сауда жасағанда эмоцияға берілмеңіз, қажетсіз дүниелерге ақша жұмсаудан сақ болыңыз. Дегенмен ең терең теңіздің түбінде де інжу жатады – мүмкін, сіз үшін бұл сәтті келісім немесе табысты мүмкіндік болар!


Сәтті апта және қаржылай табыс тілейміз!

Есіңізде болсын, жұлдыз жорамал ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалады. Қаржылай шешімдерді ақылға салып, нақты жағдайларға байланысты қабылдағаныңыз жөн.


#жұлдызжорамал #Апталықжұлдызжорамал #Қаржы #Болжамдар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7❤3👎3⚡1👍1👌1
💡📆📆📆📆📆 31 наурыз

✍️31 наурыз – сақтық үшін деректерді көшіру күні. Дүниежүзіндегі әр төртінші адам деректерінің сақтық көшірмесін жасайды. Сондықтан телефонның жоғалуы немесе жүздеген маңызды байланыстар, құжаттар мен фотосуреттер сақталған қатқыл дискінің істен шығуы көпшілік үшін үлкен трагедияға айналады. Бұл күннің белгіленуі кездейсоқ емес. Файлдарды сақтық көшірмелеудің маңыздылығын еске салу идеясы Күлкі күні қарсаңында туындаған. Өйткені дәл осы уақытта компьютерлерге арнайы жасалған 1 сәуірлік вирустар шабуылдап, көптеген жүйенің істен шығуына себеп болады.

Сіз өз деректеріңіздің сақтық көшірмесін жасап жүрсіз бе?

👀Бүгін әлемде әртүрлі көздер күні аталып өтеді. Бұл күн гетерохромиясы бар жандарды қолдауға арналған. Гетерохромия – көздің қарашығының әртүрлі түсте болуы. Ғылым бұл құбылыстың сырын әлі толық аша қойған жоқ. Ежелгі дәуірде мұндай ерекшелігі бар адамдарға тылсым қабілеттер телініп, оларды өзгелерді ішінен көре алады деп сенген. Кейбір халықтар арасында тіпті зұлым күштермен байланысы бар деген түсінік қалыптасқан. Ал бүгінде әртүрлі көз түсі – адамның даралығын айқындайтын ерекше белгі ғана емес, сұлулықтың өзіндік бір көрінісі саналады. Әр адам қайталанбас тұлға. Егер сіздің көзіңіздің түсі әртүрлі болса, оны жасырудың қажеті жоқ, керісінше, ерекше даралығыңыздың белгісі ретінде қабылдаңыз.

Сіз түрлі көзді танымал адамдардан кімді білесіз?

🔥1889 жылдың 31 наурызында Парижде Эйфель мұнарасының салтанатты ашылуы өтті. Гюстав Эйфельдің туындысы алғашында Бүкіләлемдік көрменің қақпасы ретінде салынған еді және оны 20 жылдан кейін бұзу жоспарланған болатын. Алайда Францияның жазушылары мен суретшілері бұл құрылысқа қарсы шықты. Олар мұнараның металл конструкциясы қаланың ерекше сәулеттік стиліне зиян тигізеді деп алаңдады. Бүгінде Эйфель мұнарасы – Париждің символына айналған, әлемдегі ең көп суретке түсірілетін әрі ең танымал көрнекі орындардың бірі.

Сіздің немесе таныстарыңыздың осы әйгілі мұнарамен түскен суреті бар ма?

🚗1901 жылдың 31 наурызында алғашқы Mercedes-Benz автомобилі жарыққа шықты. Инженер Вильгельм Майбах әзірлеген Mercedes-35hp моделі заманауи автокөліктердің бастауы саналады. Алғашында ол жарысқа арналған көлік ретінде жасалғанымен, кейіннен жол қозғалысына бейімделді. Бұл автомобиль 5 913 текше сантиметрлік төрт цилиндрлі қозғалтқышпен жабдықталған және сол заман үшін таңғаларлық 75 км/сағ жылдамдыққа жете алатын.

Сізге қай автокөлік бренді көбірек ұнайды: Mercedes пе, әлде BMW ме?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #деректердісақтапқалу #әртүрлікөздер #әлемдегікөрнекіорындар #алғашқыавтомобиль
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😍8👍4🔥4⚡1👌1
💡💡💡💡💡💡💡

Сәуір айына жоспарды қалай тиімді құруға болады? ТОП-5 кеңес

🔑 Жоспарлау – уақыт пен ресурсты тиімді пайдаланудың кілті. Сәуір айында өз мақсатыңызға жету үшін нақты, құрылымды жоспар қажет. Төменде айлық жоспарды тиімді құруға көмектесетін негізгі қадамдарды ұсынамыз.

1️⃣ Айдың басты мақсаттарын анықтау 🎯

Сәуір айында қандай нәтижеге қол жеткізгіңіз келеді? Жеке және кәсіби мақсаттарды айқындап алыңыз. Олар:
• 💼 Карьера: жаңа жоба бастау, белгілі бір жұмысты аяқтау, білім алу.
• 🏋️‍♂️ Денсаулық: спортпен айналысу, дұрыс тамақтану, денсаулық тексерісінен өту.
• 📖 Жеке даму: кітап оқу, жаңа дағды үйрену, шығармашылық жобаларға уақыт бөлу.
• 💰 Қаржы: табысты арттыру, бюджетті реттеу, қажетсіз шығындарды қысқарту.

2️⃣ Уақытты дұрыс бөлу ⏳

Көптеген адамдардың қателігі – тым көп мақсат қою немесе нақты жоспар жасамау. SMART әдісі бойынша жоспар құру тиімді:
• S (Specific) – Нақты 🎯 (мысалы, “спортпен айналысу” емес, “аптасына 3 рет жүгіру”).
• M (Measurable) – Өлшенетін 📏 (қанша рет, қанша уақыт, қандай нәтиже?).
• A (Achievable) – Қол жетімді ✅ (шынайы ма, мүмкін бе?).
• R (Relevant) – Маңызды 🔥 (осы айда сізге не қажет?).
• T (Time-bound) – Уақытпен шектелген ⏰ (мерзімі нақты болуы керек).

3️⃣ Айды апталарға бөлу 🗓
• ➊-апта: Айға кіріспе. Негізгі жоспарларды анықтап, жұмысқа кірісу.
• ➋-апта: Негізгі жұмысты орындау, алғашқы нәтижелерді тексеру.
• ➌-апта: Прогресті бағалау, қажет болса, түзетулер енгізу.
• ➍-апта: Қорытынды жасау, аяқталмаған істерді бітіру.

4️⃣ Күнделікті жоспар жасау 📝

Әр күнді нақты жоспарлау үшін “ 3 негізгі міндет” әдісін қолдануға болады. Яғни, күн сайын ең маңызды үш тапсырманы орындауға назар аударыңыз.

5️⃣ Мотивацияны сақтау және қадағалау 🚀
• 📊 Трекер жүргізіңіз: күнделікті немесе апта сайынғы нәтижелерді белгілеп отырыңыз.
• 🎁 Өзіңізді марапаттаңыз: жоспарланған істерді орындасаңыз, өзіңізге кішкентай сыйлық жасаңыз.
• 🔄 Икемді болыңыз: егер бірдеңе ойдағыдай болмаса, өзіңізді кінәлаудың орнына, жоспарды қайта қарап, жаңа стратегия ойластырыңыз.

✅ Қорытынды

Сәуір айын тиімді өткізу үшін нақты мақсат қойып, уақытты дұрыс жоспарлау маңызды ⏳. Апталық және күнделікті тапсырмаларды жүйелі орындау арқылы ай соңында үлкен нәтижеге қол жеткізе аласыз 🚀. Бастысы – өзіңізге сену және жоспарды орындауға деген жауапкершілікті сақтау! 💪🔥

#қазынакеңес #жоспар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🔥5❤1👌1🆒1
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз ✅

📝“Декретке миллионмен” шығу жүйесі жойылады: Еңбек министрлігі жаңа ережелерді бекітті

Мәссаған😯

⏰Қазақстанда пайызсыз несие беру жүйесі енгізілуі мүмкін

Жақсы бастама болар еді👍

🔥890 573 теңге: Қазақстанда сақтандыру және қаржы саласындағы қызметкерлері ең жоғары жалақы алатыны анықталды

Ең жоғары және ең төмен жалақы алатын маман иелері белгілі болыпты📌

✅Қазақстанда автосақтандыру ережесі өзгереді

Ескере жүріңіз!‼️

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-57/

#Қазақстан #Жаңалықтар #Декреткемиллионмен #Еңбекминистрлігі
#жалақы #пайызсызнесие #автосақтандыру
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤3🔥2👎1👌1
💡📆📆📆📆📆 1 сәуір

🙈1 сәуір – күлкі мен әзілге толы ерекше күн. Бұл мереке ресми күнтізбеге енбесе де, әлемнің көптеген елдерінде кеңінен тойланады. Осы күні жасалған әзілдер мен қалжыңдар адамдарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұмытылмас әсер қалдырады. Мысалы, 2013 жылы Google компаниясы “Google Nose” атты жаңа қызметтің іске қосылғанын жариялайды. Олар аталған технология иістерді тікелей пайдаланушы құрылғысына жеткізуге мүмкіндік беретінін айтады. Көптеген адам жаңа қызметті сынап көру үшін сілтемеге өткен, алайда олар шынайы хош иістің орнына 1 сәуірге арналған қалжың хабарламасын алған.

Егер сіз де қызықты оқиғалардың куәсі болсаңыз, бөлісе отырыңыз.



🐦‍⬛️1 сәуірде халықаралық құстар күні аталып өтеді. Аталған күннің мақсаты – құстардың түрлері мен көп түрлілігін сақтау. Бүгінде әлем бойынша 10 мыңға жуық құс түрі бар, алайда олардың 1200-ден астамы Қызыл кітапқа енген. Яғни, әрбір сегізінші құс түрі жойылу қаупінде тұр. Ғалымдар егер құстар жоғалып кетсе, оның экологиялық тепе-теңдікке ауыр зардаптары болатынын ескертеді. Мұндай өзгерістердің салдары адамзат үшін де күтпеген қиындықтарға алып келуі мүмкін.

Осындай бастамаларды қолдайсыз ба?



👀Бүгін доллардың пайда болған күні. 1778 жылы 1 сәуірде Оливер Поллок есімді көпес америкалық валютаға $ таңбасын беруді ұсынды. Оны бухгалтерлік кітапшаларындағы кіріс мөлшерін белгілеу үшін пайдаланды. Содан бері доллардың сыртқы дизайны үнемі өзгеріп отырды. Онда ер адамдар, ел президенттері, тіпті бір рет Вашингтонның жұбайы да бейнеленді. Банкноттың бірінші түсі қара болды. Бірақ оларды қолдан жасау оңай болғандықтан, жасыл түске өзгертілді. Сонымен қатар масондық Ұлы мөр бірде жоғалып, қайта пайда болды. Тек $ белгішесі әрдайым өзгеріссіз қалды.

Ал сіз теңге белгісін кім ойлап тапқанын білесіз бе?


👥1 сәуірде өмірге келген қазақтың атақты тұлғалары. 100 жыл бұрын дирижер, композитор, домбырашы, Қазақстанның халық әртісі Нұрғиса Тілендиев (1925-1998) дүниеге келді. Өнер иесі “Алтын таулар” операсының, “Достық жолымен” балетінің, “Ата толғауы”, “Аққу” оркестрлік поэмаларының, 40-қа жуық ән мен романстардың авторы. Сонымен қатар ол 100 спектакльге, көркем фильмдерге, деректі және анимациялық фильмдерге ән шығарды.
Сонымен қатар бүгін орта салмақта жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 32 жасқа толды. Жәнібек – әуесқой бокста Азия және әлем чемпионы атанып, кәсіби рингте бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Ол орта салмақтағы әлемдегі ең үздік 5 боксшының қатарына кіреді.

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Күлкікүні #Құстаркүні #Алғашқыдоллар #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #НұрғисаТілендиев #ЖәнібекӘлімханұлы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15🔥4❤2⚡1👌1
💡🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴

Көшпелі қазақтардың көші-қон экономикасы: маусымдық көшу және оның әлеуметтік-экономикалық салдары

📌 Көшпелі қазақ қоғамының экономикасы мен әлеуметтік құрылымы табиғи шарттар мен экологиялық жағдайларға тікелей байланысты болды. Көшпелі өмір салты, өз кезегінде, экономикалық ресурстарды тиімді пайдалану және табиғи ортаға бейімделу мақсатында қалыптасты. Көшпелі қазақтар үшін маусымдық көші-қон маңызды экономикалық және әлеуметтік фактор ретінде қызмет атқарды. Бұл жүйе тек мал шаруашылығын ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік құрылымды да реттеп отырды. Маусымдық көшу мен оның әлеуметтік-экономикалық салдарын түсіну қазақтардың дәстүрлі шаруашылығын және қоғамын тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.

1️⃣ Көшпелі өмір салты және маусымдық көші-қон

Қазақтардың көшпелі өмір салты табиғаттың түрлі маусымдық өзгерістеріне сәйкес болды. Олар жайылымдарды тиімді пайдалану мақсатында маусым сайын белгілі бір бағытта көшіп отырды. Жазда, әсіресе мал басының көп бөлігі жайқалып өсу үшін, қазақтар көктемде таулы аймақтарға, ал қыста жайылымдардың жақсы жағдайы мен су көздерінің көп болуына байланысты далалы, жазық жерлерге көшкен.

Көшіп-қону үрдісі тек мал шаруашылығына негізделген шаруашылық тәсілдеріне ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік құрылымға да әсер етті. Мұндай көшпелі жүйе қазақ қоғамында бүкіл шаруашылықты ұйымдастыру мен әлеуметтік қатынастарды реттеуге мүмкіндік берді.

2️⃣ Маусымдық көшу: әлеуметтік факторлар мен қажеттілік

Көшпелі қазақ қоғамында маусымдық көші-қон көптеген әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерді қанағаттандырды. Біріншіден, ол мал шаруашылығының тиімділігін арттырды. Малдың жем-шөбі мен суын табу үшін үлкен қашықтықтарға көшіп-қону қажет болды. Бұл үрдіс қазақтардың табиғатпен үндестігін, жер ресурстарын үнемді пайдалануын қамтамасыз етті.

Екіншіден, көші-қон әлеуметтік құрылым мен отбасы өмірінің бөлінісіне әсер етті. Көшпелі қазақтардың отбасы мүшелері белгілі бір көші-қон жүйесіне сәйкес еңбек етті. Әйелдер мен балалар ауыл шаруашылығымен айналысып, ер адамдар көшіп-қону жұмыстарын атқарды. Бұл қоғамның әлеуметтік құрылымының тиімді болуына себеп болды.

Үшіншіден, көшпелі өмір салты тұрмыстық қажеттіліктерді қамтамасыз ете отырып, қазақтардың материалдық мәдениетін қалыптастырды. Көшпелі халықтың өмірі өзара көмекке негізделген, яғни әрбір отбасы бір-біріне қол ұшын беріп, тұрмыс мәселелерін бірге шешті. Бұл әлеуметтік ынтымақтастықты арттырып, тұрмыс жағдайының жақсаруына ықпал етті.

3️⃣ Маусымдық көшу және экономикалық әсерлері

Маусымдық көші-қон қазақтардың экономикасына айтарлықтай әсер етті. Біріншіден, көші-қон мал шаруашылығының тиімділігін арттырды. Малшылар үнемі жаңа жайылымдарға көшіп отырып, малды күтіп-баптау мен өнімділігін қамтамасыз етті. Бұл жағдай табиғат ресурстарын теңдестіре пайдалану арқылы ұзақ мерзімді экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Екіншіден, көші-қон белгілі бір географиялық аумақтардағы жергілікті шаруашылықтың дамуына әсер етті. Әрбір көші-қонның өзіндік экономикалық салдары болды, өйткені көші-қон барысында жаңа жерлерде жаңа мүмкіндіктер ашылып, ескі өңірлерде қолданылмайтын ресурстарды игеру жүзеге асты. Мал шаруашылығымен қатар, көші-қон жолдары сауданы да жандандырып, сауда жолдарының дамуына ықпал етті. Көшпелі қазақтар өздері көшіп жүрген жерлерде саудамен айналысып, түрлі тауарлармен алмасу процесін жүзеге асырды.

Үшіншіден, маусымдық көші-қонның ауыл шаруашылығына да тигізген әсері болды. Егіншілікке тәуелді шаруалар да көші-қон арқылы өнімдерін нарыққа шығаруға мүмкіндік алды. Әсіресе, көші-қонның маусымдық қарқыны ауыл шаруашылығы өнімдерінің тасымалын жеңілдетіп, ауылдық экономикада жаңа мүмкіндіктер туғызды.

4️⃣ Көшпелі қазақ қоғамында көші-қонның әлеуметтік салдары

Маусымдық көші-қонның әлеуметтік салдары да айтарлықтай болды. Біріншіден, көші-қон ерлер мен әйелдер арасындағы еңбек бөлінісін нығайтты. Әрбір отбасы мүшесі көші-қонға бейімделіп, жұмысқа жұмылдырылды. Әсіресе ерлердің көшіп-қону жұмыстарына қатысуы қазақ қоғамындағы еркектердің көшбасшылық рөлін көрсетеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌5👍3
Тағы да сәлем қыздар мен жігіттер! Естеріңізге сала кетейік, кімдер комментті көп жазады, солар да киноға тегін билет алады!

1 мамыр күні сәуір айында “ең белсенді болған оқырманға” билет табыстаймыз!

Бізде тағы бір жақсы жаңалық бар! Ең белсенді оқырмандарымызды ынталандыруды жөн көрдік. Әр айдың соңында біз ең көп коммент жазған 5 жеңімпазды анықтаймыз, оларға кез келген қаладағы кез келген фильмге, театрға 2 билет немесе кітап 10.000 тг дейінгі соммаға беріледі.

Шарт - біздің жазбамыз шыққаннан кейін екі күннен кешіктірмей пікірлер қалдыру керек.

Бізді мақтаудың қажеті жоқ, біз әрқашан объективті сынды қабылдаймыз.
Біз өз тарапымыздан сіздерді пайдалы ақпаратпен байытуға уәде береміз. Жақын арада оқырмандарымызға киноға, музыкаға арналған жаңа бөлімдер сыйлаймыз.
Сонымен, ең белсенді комментаторларға арналған жаңа байқау басталды, оның қорытындысын 1 ақпан шығарамыз. Коммент жазыңыздар!

Бүгін біз наурыз айында белсенділік танытқан оқырмандарымызды марапаттаймыз!

Шарттарымыз бойынша 5 жеңімпаз анықталды. Оларға кез-келген қаладағы кез-келген фильмге,театрға 2 билет немесе кітап беріледі. Жеңімпаз наурыз айындағы комментарийлер саны бойынша анықталды.

Пікірлер ұпайлық жүйе бойынша бөлінді👇🏻
1. Смайлик үшін - 1 балл
2. Қысқаша жазылған пікір - 2 балл
3. Толық пікір - 3 балл

Сонымен, қараша айындағы жеңімпаздарымыз:
1️⃣ ҚАНАТГАУҺАР
2️⃣ @aagwwd
3️⃣ @Ulbosyn2019
4️⃣ Палымбетова
5️⃣ Zhansaya

(Кестеде толық мәліметтер берілген.)

1 сәуірден бастап сәуір айының комментерін санауды бастаймыз.

Ең үздік комментарий үшін
Гүлназ оқырманымызға тағы да 2 билет бергіміз келеді.

Сәуір айында бізде 6 жеңімпаз болады.
Қаладан тыс жерде тұратын және кинотеатрға немесе театрға бара алмайтындар үшін де мүмкіндіктер бар. Ол кезде ұтқан билет сомасындағы балама жүлде табыстай аламыз.

Ескерту:
❗️ 1 посттың астындағы 2 пікірден артық саналмайды.

❗️Комментарийда спам жасамаңыз, ол үшін сізді блоктайтын боламыз.


Құрметпен,
"Үйде жатпа!" командасы☑️
🔥8👍4🎉2