Үйде жатпа!
8.13K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡📆📆📆📆📆 5 сәуір

😼Бүгін Қазақстанда көші-қон полициясы күні аталып өтеді. 1993 жылы 5 сәуірде Министрлер кабинеті “Қазақстан Республикасындағы төлқұжат жүйесі туралы ережені” қабылдады. Соның нәтижесінде мемлекеттің паспорттық-визалық қызметі қайта құрылды. Бұл жаңалық Республикаға шетел азаматтарының көптеп келуінен, азаматтық алу, уақытша тіркеу, төлқұжат беру, тұрғылықты жерін тіркеу және басқа да маңызды мәселелерді шешу негізінде туындады.

Көші-қон полициясының қызметкерлерін білсеңіз, мерекесімен құттықтап қойыңыз!


👏5 сәуірде Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық адамгершілік күні аталып өтеді. Негізгі адамгершілік қағидаттары “Алтын ережеге” сүйенеді, ол басқа адамдарға өзің қалай қарым-қатынас жасағанын қаласаң, дәл солай қарау керегін үйретеді. Бұл қағида – өзгенің құқығына, сезіміне, сеніміне құрметпен қарау, бейбітшілік пен келісімге негізделген қарым-қатынас орнату деген сөз.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?



🤩1920 жылы 5 сәуірде Қазақстанның түкпір-түкпірінен әрі көршілес елдерден он мыңдаған адам келетін Бурабай курорты ашылды. Табиғатымен, көлдерімен, өсімдігі мен жануарлар әлемінің алуан түрлілігімен танымал Бурабай «Қазақстанның інжу-маржаны» және «Қазақтың Швейцариясы» деген атауларға ие. Бурабай ұлттық паркінде 14 ірі көл бар, олардың ішінде Бурабай, Шортан, Қатаркөл және басқа да көптеген ұсақ көлдер орналасқан. Бурабайдың негізгі әрі ерекше белгісі – Көкшетау тауы. Оның биіктігі — 947 метр.

Сізге қай мекенде демалған ұнайды: Бурабай әлде Алакөл?


🫂5 сәуір — атақты екі тұлғаның туған күні. Бүгін америкалық рэпер, продюсер және сәнгер Фаррелл Уильямс 52 жасқа толды. Ол 4 мәрте Грэмми сыйлығын және басқа да беделді марапаттарды иеленді. 2023 жылы Уильямс Louis Vuitton ерлер киімі желісінің креативті директоры болды. Сонымен қатар бүгін “777” лақап атымен белгілі қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыржан Жүкембаев 34 жасқа толды. Ол кәсіпқой рингте 22 мәрте жеңіске жетті. Оның 16-ысын нокаутқа жіберді. Ал әуесқой ретінде 225 жекпе-жек өткізіп, оның 200-інде есе жібермеді.

Батыржаннан әлем чемпионы атағын күтеміз!

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #миграциялықполиция #адамгершілік #Қазақстанныңінжумаржаны #Туғанкүндер #Танымаладамдар #ФарреллУильямс #БатыржанЖүкембаев
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🔥2👌1
💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆

Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз.

АЛМАТЫ:

🌝"Қарағым-ай" көрмесінің ашылуы

Индира Элиф Бадамбаева мен оның ең үздік жиырма шәкіртінің туындыларынан нәзіктік пен жылылықтың лебі еседі. Бұл – бүгінде сілкіністер мен жоғалтуларды бастан кешіп жатқан әлемге аса қажет қасиет. “Қарағым-ай” көрмесі – шығармашылықтың өмірді жаңғыртатын құдіретін дәлелдейтін оқиға. Мұнда қазақтың терең тамырлы мұрасы заманауи мазмұнмен үйлесіп, дәстүр әр суретшінің жүрек көзінен өткен дара көзқараспен толықтырылады.
Кіру тегін, тек ашылу күнінде.

Өтетін орны: ҚР Орталық мемлекеттік музейі, Самал-1 ықшамауданы, 44-үй
Күні: 5 сәуір, 14:00

🔥Gorilla Winter Jungle

Спорт пен музыканы тоғыстырған ерекше фестиваль қайта оралады. Сізді Қазақстанның үздік райдерлерінің экстремалды трюктары мен таза тау ауасындағы жанды концерттер күтеді. Шаңғы тебуді қалайтындар үшін арнайы пакет ұсыныстар қарастырылған.

Өтетін орны: Шымбұлақ тау-шаңғы курорты, Керей мен Жәнібек хандар көшесі, 558/1.
Күні: 5 және 6 сәуір, 11:00 – 19:00

🧠"06+BAIQOÑYR: ой кеңістігі”
көрмесі

Бұл жоба алты жыл қатарынан Адамзаттың ғарышты бағындыруына арналған Ғарышкерлер күнін қарсы алудың бастауы болып келеді. Көрме-байқаудың басты мақсаты – Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері мен магистранттарының, сондай-ақ Б. Тұрғынбай шеберханасының жас оқытушылары мен түлектерінің шығармашылық шабытын оятып, олардың көркемдік қабілетін дамыту.

Өтетін орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 5 және 6 сәуір, 11:00 – 19:00

👀Георгий Макаровтың “Бір Тау жайлы хикая” көрмесінің ашылуы

Суретшінің туындылары сізге бірегей әлемнің есігін ашады – мұнда Тау бейнелі баяндаудың басты кейіпкеріне айналып, абстракция мен фигуративтік үндесіп, терең мағыналы көркем образдар тудырады. Сізді мәтін, дыбыс пен бейнелер тоғысқан ерекше атмосфера күтеді.
Арнайы қонақ — Bye, Ella музыкалық жобасы.

Өтетін орны: Ular Gallery, Панфилов көшесі, 92-үй.
Күні: 5 сәуір, 14:00

💃Би терапиясы

Мұнда денеңізді еркін сезініп, өз орныңызға бой үйретуге, тәніңізбен байланыс орнатуға көмектесетін би техникасы көрсетіледі. Осыдан кейін сізді шипалы би ағынына жетелейді. Рухыңызды бидің тілімен жеткізіп, денеңізге ерік беріңіз – сонда жаныңыз жаңа кеңістіктерге жол ашады.

Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79-үй.
Орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79
Күні: 6 сәуір, 15:00

🤫"30-дан 30-ға дейін” көрме-жәрмеңкесі

Бұл мәдени жоба Алматы қаласының ең үздік 30 жас суретшісін таныстыруды мақсат етеді. Қатысушылардың жасы 30-дан аспауы тиіс. Жоба аясында жас дарындарды қолдау мақсатында бірқатар көрме ұйымдастырылады.

Өтетін орны: “Өнер” арт-кеңістігі, Шевченко көшесі, 51 30-дан 30-ға дейін" көрме-жәрмеңкесі
Күні: 5 және 6 сәуір, 10:00 – 19:00

🤩Катерина Никонорованың «lovinnale» көрмесі


Суретшінің жаңа коллаждар топтамасы – оның шығармашылық өмірінің бір сәтін бейнелейді.

Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79
Күні: 5 және 6 сәуір, 12:00 – 17:00


АСТАНА:

👏"Портреттер емес" көрмесі

Белгілі грузин фотографы Гио Кардаваның жұмыстары көрерменді адам мен өнерге, тіпті өзіне де өзгеше қырынан қарауға шақырады.

Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1
Күні: 5 және 6 сәуір, 10:00 - 20:00

Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!

#Алматыафишасы #Астанаафишасы #қайдабарукерек #тегінкөрмелер #GorillaWinterJungle #битерапиясы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤11👍5🥰2
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Азартник” атты фильміне арналады.

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/Wc11smrUmBg

#Азартник #драма #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #криминал
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8👌2
💡📆📆📆📆📆6 сәуір

🌛6 сәуірде БҰҰ бастамасымен Халықаралық спорт күні аталып өтеді. Ойындар, спорттық жарыстар мен дене шынықтыру сабақтары — адамзат дамуына айрықша үлес қосып келеді және әлі де өз маңызын жоғалтқан емес. Спорт – білім беру, даму мен бейбітшіліктің бір құралына айналып, жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейлерде ынтымақтастықты, татулықты, төзімділікті, түсіністік пен әлеуметтік интеграцияны нығайтуға ықпал етеді.

Сізге қай спорт түрі көбірек ұнайды?


🕺6 сәуірде тағы бір спортқа қатысты күн – Дүниежүзілік үстел теннисі күні аталып өтеді. Пинг-понг атауымен де танымал бұл спорт түрі тек кәсіби спортшылардың ғана емес, қарапайым халықтың да арасында кең танымал. Қолжетімді ойын ретінде үстел теннисі жасы, жынысы, дайындығы немесе физикалық жағдайы әртүрлі адамды – тіпті мемлекет басшыларын да – өзіне тартып, жанкүйерлер қатарын көбейтіп келеді.

🧠2022 жылғы 6 сәуірде қазақстандық шахматшы қыз Бибісара Асаубаева алғаш рет Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Ол әйелдер арасындағы блиц шахматтан әлем чемпионы атанған ең жас шахматшы ретінде танылып, тарихқа енді. Гиннестің дүниежүзілік рекордтар ұйымы Бибісараға 2021 жылдың желтоқсанында Польшада өткен шахматтан әлем чемпионатындағы жеңісі үшін арнайы сертификат табыстады.

👥6 сәуір – қос бірдей суретшінің туған күні.
542 жыл бұрын әйгілі италиялық суретші әрі сәулетші Рафаэль Санти (1483–1520) дүниеге келді. Қысқа ғұмырында ол әлемге танымал суретшілердің біріне айналды. Оның “Сикстин мадоннасы” картинасы – әлемдегі ең танымал туындылардың бірі саналады және баға жетпес өнер туындысы болып есептеледі. Сондай-ақ бүгін қазақтың белгілі суретшісі, этнограф-қарутанушы ғалым Қалиолла Ахметжан 76 жасқа толды. Оның картиналары Қазақстанда ғана емес, Англия, АҚШ, Швеция, Пәкістан, Германия сияқты елдердің мұражайлары мен жеке коллекцияларында сақтаулы. Ол «Жараған темір кигендер (батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері)» атты әйгілі монографияның және 70-тен астам ғылыми мақаланың авторы.

Сіз білетін қазақ суретшілерінен кімдерді атай аласыз?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #спорткүні #үстелтеннисі #БибісараАсаубаева #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #РафаэльСанти #ҚалиоллаАхметжан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11👌2
💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Ғашығым” атты фильміне арналады.

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/rI-04vIHmI0

#Ғашығым #мелодрама #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #любовь
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9👌3❤1🔥1
💡💫💫💫💫💫💫💫

7-13 сәуірге арналған қаржылай жұлдыз жорамал

♈️Бұл аптада қаржы жағынан өзіңізді нағыз батыр сезінуіңіз мүмкін. Бірақ бірден мантияңызды киіп, аспанға ұшуға асықпаңыз! Сіздің күшіңіз тек диванның астынан ақша табуға ғана жететін болуы мүмкін. Сондықтан қалтаңызды жақсылап тексеріп шығыңыз!

♉️Торпақтар, сіздің ақшаға деген махаббатыңыз, тамаққа деген сүйіспеншілігіңізбен тең түседі. Апта соңында өзіңізге “қаржылай той” жасап жіберуіңіз әбден мүмкін. Бірақ сақ болыңыз — барлық жиған-тергеніңізді бір отырғанда “жеп” қоймаңыз!

♊️Бұл аптада сіз қаржы әлемінің жұлдызына айналуыңыз ғажап емес. Идеяларыңыз күлкі шақыруы мүмкін, бірақ бұл олардың жаман екенін білдірмейді. Ең бастысы – өз “керемет” жоспарларыңызды достарыңызбен бөлісіңіз, олар қолдап та, күліп те алады!

♋️Қаржылай ахуал теңіздей болады — кейде тыныш, кейде бұрқанып, толқып кетуі мүмкін. Бірақ дағдарыс кезінде де табыс табуға болатынын ұмытпаңыз. Осы аптада сізге бұрынғы бір қарыз қайтып келуі мүмкін.

♌️Арыстандар, сіздің патша мінезіңіз басқалардың назарын өзіңізге аудартады, бұл қаржыңызға әсер етуі мүмкін. Бірақ ұмытпаңыз: патшалар да кейде өз шығындарын қысқартуға мәжбүр болады. Мүмкін, үлкен ас орнына қарапайым кешкі ас таңдаған дұрыс болар.

♍️Бикештер, сіздің жоспар құрып, бәрін ретке келтіруге деген бейімділігіңіз осы аптада әбден кәдеге жарайды. Бірақ кейде есеп-қисапты шетке ысырып қойып, бір сәтке болсын өмірдің қызығына берілген де дұрыс. Аптасына тым болмаса бір рет демалып, өмірдің рахатын сезініңіз.

♎️Қаржылай шешімдеріңіз той дастарқанындағы тәтті тағам секілді — алғашқыда дәмді, кейін сәл өкініш туғызуы мүмкін. Кейде қымбат қызықтардан бас тартып, өзіңізге пайдалы дүниеге көңіл бөлген жөн. Мысалы, көктемге жаңа аяқ киім алыңыз.

♏️Осы аптада сіз нағыз қаржы ізіне түсетін сарапшыға айналасыз. Ішкі түйсігіңіз ақшаны қайда сақтап, қайда жұмсамау керегін айтып тұрады. Бірақ әр ұсынысты күдікпен қабылдаудың қажеті жоқ — бәрі бірдей тұзақ емес.

♐️Мергендер, сіздің көтеріңкі көңіл күйіңіз күтпеген шығындарға апаруы мүмкін. Бірақ уайымдамаңыз! Осы аптада сіз тіпті әзіл-қалжыңыңыз арқылы да табыс таба аласыз. Қаржылай “жоспарларыңызды” достарыңызға айтсаңыз, олар күлкіден көздеріне жас алады!

♑️Тауешкілер, қаржы мәселелеріндегі табандылығыңыз көпшілікті тәнті етеді. Дегенмен кейде демалып, өзіңізге кішкене қуаныш сыйлаған да артықтық етпейді. Ең қатал есепші де кейде балмұздақ жеп, көңіл серпілтуді ұмытпауы керек.

♒️Осы аптада сіз қаржы саласында нағыз жаңалық ашатын өнертапқышқа айналасыз. Бірақ абай болыңыз: барлық идея бірдей жемісті бола бермейді. Кейде сенімді, бұрыннан таныс тәсілдерді қолданған әлдеқайда тиімді болуы мүмкін.

♓️Балықтар, бұл аптада түйсігіңіз керемет жұмыс істейді. Қайда табыс бар, соны дөп басасыз. Бірақ армандарға терең сүңгіп кетпеңіз — қиялды шындыққа айналдыру үшін нақты жоспар мен есеп қажет. Қиялыңыз қанат жайсын, бірақ күнделікті шығынды да ұмытпаңыз.

Апталарыңыз сәтті өтсін, қаржыларыңыз әрқашан тұрақты болсын!

Ескерту: Есіңізде болсын, жұлдыз жорамал ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалады. Қаржылай шешімдерді ақылға салып, нақты жағдайларға байланысты қабылдаңыз.

#Жұлдызжорамал #Апталықжұлдызжорамал #Қаржы #Болжам
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤6👌2👀1
💡📆📆📆📆📆 7 сәуір

👩‍⚕️Бүгін — Дүниежүзілік денсаулық күні. 1948 жылы 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрылды. Бұл күн денсаулығыңызға өз бетіңізше қамқорлық танытуға шақырады. Өйткені кейде мейірбикелер дәл уақытында көмек беріп үлгермеуі мүмкін. Дәрігер толық емдеп, бастапқы денсаулығымды қалыпқа келтіреді деген жансақ пікірден арылған жөн. Есіңізде болсын, денсаулық — адамның ең үлкен байлығы. Сол себепті оған күтім жасау – өмір сапасына жасалған маңызды инвестиция.

Баршаңызға зор денсаулық тілейміз!



👀7 сәуірде жануар жанашырлары халықаралық құндыз күнін атап өтеді. Бір ғасыр бұрын құндыз жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған еді. Өйткені Еуропа мен Ресейдің көптеген елі оның бездері мен құнды терісін емдік мақсатында жаппай қолданды. Құндыз – ерекше тіршілік иесі. Ол адам секілді қоршаған ортаны өз қажетіне қарай өзгерте алады: бөгет салады, жерді батпаққа айналдырады, ін қазады. Әлемдегі ең үлкен құндыз бөгеті Канаданың ұлттық парктерінің бірінде орналасқан, ұзындығы — 850 метр.

Құндыз Қазақстанның қай аймақтарында кездеседі?


👤2021 жылы 7 сәуірде ұлы дала жыршысы Жамбыл Жабаевтың өлеңдері алғаш рет венгр тілінде жеке жинақ болып жарық көрді. «Жамбыл жырлары — Dzsambul muvei» атты жинақ қазақ халқының рухани мұрасын шет елге таныстыруға бағытталған жоба аясында, Жамбылдың 175 жылдығына орай басылып шыққан. Онда ақынның қазақ тіліндегі түпнұсқа жырларымен қатар, венгр тіліне тәржімаланған нұсқалары мен терең зерттеулер қамтылған. Айта кетейік, Венгрия — Түркі мемлекеттері ұйымына бақылаушы ел ретінде енген, алдағы уақытта ұйымның толыққанды мүшесі болуға ниетті.

Түркі мемлекеттерінің ұйымына қай елдер кіреді?



👥7 сәуір — қос тұлғаның туған күні. 154 жыл бұрын шетелде кең танымалдыққа ие болған тұңғыш қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1871-1948) дүниеге келді. Аты аңызға айналған балуан классикалық күрестен кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионатында 5 рет жеңіске жетіп, француз күресінен әлем чемпионы атанды. Ол Қазақстанда күрестің қалыптасуы мен дамуына, оның ішінде қазақ күресін насихаттауға зор үлес қосты. Спортшы туралы фильмдер түсірілді. Жыл сайын оны еске алу мақсатында турнирлер өтеді.
Сонымен қатар бүгін фильмнің атыс-шабыс бағытында танымал болған кейіпкерлердің бірі Джеки Чан 71 жасқа толды. Ол 100-ден астам фильмде ойнады. Өнер иесі әлемдегі ең атақты азиялық актерлердің бірі. Ол киноға түсуден бөлек, ән айтумен де айналысады. Киноға қосқан үлесі үшін “Оскар” сыйлығын иеленіп, MBE және ЮНИСЕФ ізгі ниет елшісі атанды.

Қалаңызда Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімімен аталған қандай көшелер мен ғимараттар бар?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Денсаулықкүні #Жануарлардықорғау #Түркіынтымақтастығы #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ҚажымұқанМұңайтпасұлы #ДжекиЧан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6❤5👍3👌2🥱1🐳1
💡💡💡💡💡💡💡

Тайм-менеджмент: Уақытты қалай тиімді басқаруға болады?

🕗 Тайм-менеджмент — бұл уақытты дұрыс басқара отырып, әр күніңізді өнімді өткізу. Бұл әдісті күнделікті өмірде тұрақты түрде қолдансаңыз, көптеген мақсатқа қол жеткізуге болады.

Жұмысқа барып-келумен 🕺 ғана шектеліп қалмай, денсаулығыңызға, демалысыңызға🧘🏻‍♂️, спортқа🏋🏻🏊🏻‍♀️, отбасыңызға👨‍👩‍👦‍👦 және рухани дамуыңызға 🤹🏻‍♀️🎨 да уақыт таба аласыз.

Тайм-менеджменттің түрлі әдіс-тәсілдері бар. Сондықтан, осы әдістерге назар аударайық.⬇️

📌 Жоспар құрыңыз. Мақсаттарыңызды және міндеттеріңізді нақты анықтап алыңыз.

📌 Жоспарлау — уақытты тиімді басқарудың маңызды бөлігі. Қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттарды жазып, күнделікті, апталық, айлық және жылдық жоспарлар жасап шығуыңыз, күнделікті уақытыңыздың бос өтпеуіне көмектеседі.

📌 Әр жоспарға қажетті уақытты анықтап, нақтылап қойыңыз. Бұл сіздің жауапкершілігіңізді арттырады. Күнделік, стикерлер немесе электронды құралдар (мысалы, Trello, Mind Map) арқылы бұл процессті тиімді ұйымдастыруға болады.

✅ Сонымен қатар, уақытты басқаруда Эйзенхауэр матрицасын қолдануды ұсынамыз.

📌 Бұл әдіс АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэрдің есімімен танымал. Ол көптеген тапсырмаларды түрлі санаттарға бөліп, тиімді басқарған.

1️⃣ Жедел және маңызды тапсырмалар.
2️⃣ Маңызды, бірақ жедел емес тапсырмалар.
3️⃣ Жедел, бірақ маңызды емес тапсырмалар.
4️⃣ Маңызды емес және жедел емес тапсырмалар.

📌 Ақ параққа төрт санатқа бөліп жазып, тапсырмаларыңызды ұйымдастырыңыз.

📌 Алдымен жедел әрі маңызды тапсырмаларды орындаңыз, себебі бұл сіздің болашағыңыз үшін ең маңызды істер. Оларды кейінге қалдыруға болмайды.

📌 Маңызды, бірақ жедел емес тапсырмаларды өз ыңғайыңызға қарай орындайсыз.

📌 Жедел, бірақ маңызды емес тапсырмаларды орындауға көп күш жұмсамай, қажет болған жағдайда басқа адамға тапсырған жөн.

📌 Шұғыл емес және маңызды емес тапсырмаларды тізімнен алып тастауға болады.

Бұл әдіс уақытты тиімді пайдалану үшін өте маңызды.

#қазынакеңес #лайфхак #менеджмент #уақыт
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤4👌3
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.

Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз✔️

🙀Қазақстанның Ұлттық қорынан алынған қаражат көлемі 1,45 трлн теңгеге жетті

Мәссаған😮

🤝Шымкентте қызғалдақ терген әйел қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Абай болыңыздар!‼️

👍Қазақстандықтар мамырда 12 күн демалады

Тамаша😍

🫲Қостанайлық әйел өзін Киану Ривз деп таныстырған алаяқтың құрығына түсе жаздады

Абырой болғанда, ол ақша аударып үлгермепті😯

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-n-zha-sy-zha-aly-a-toly-boldy/

#Қазақстан #жаңалықтар #Ұлттыққор #қызғалдақ #КиануРивз #алаяқ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤3👌2
💡📆📆📆📆📆 8 сәуір

🍀8 сәуір — Халықаралық фэн-шуй күні. “Фэн-шуй” адамды сыртқы әлеммен үйлесімді өмір сүруге үйрететін ежелгі даосизм ілімі. “Фэн” аудармасы “жел” болса, ал “шуй” - ағындар деген мағынаны білдіреді. Бұл тәжірибенің негізі - адам мен табиғат арасындағы энергия алмасуда тепе-теңдікті сақтау. Ілімнің қалыптасуы 3500 жылдан асады.

Фэн Шуй туралы толық ақпарат білгіңіз келсе, пікірге “иә” деп жаза кетіңіз. Сұранысқа байланысты алдағы уақытта жазба жариялаймыз.



💐Сонымен қатар бүгін халықаралық сығандар күні тойланады. Бұл мерекенің әлемдік деңгейде аталып өтуінің себебі бар. Сығандардың әлі күнге дейін өз мемлекеті болмағандықтан, бүкіл Жер ғаламшары олардың Отаны болып саналады. Аталған мерекені тек сығандар емес, олардың ерекше мәдениетіне қызығушылық танытатын жандар да атап өтеді. Бүгін көптеген елде сыған мәдениетіне арналған түрлі концерт пен фестиваль өтеді.

Сізге сығандардың билері мен әндері ұнай ма?



🔥Бүгін тағы бір қызықты күн — өрт сөндіру сатысының пайда болған күні. 1766 жылы 8 сәуірде АҚШ-та арнайы жобаланған өрт сөндіру сатысына патент алғаш рет тіркелді. Оның пайда болуына көп қабатты үйлердің салынуы себеп болды. Биіктігі 10 метр болатын сатылар, адам өмірін сақтап қалудың маңызды құралына айналды. Олардың ұзындығы қазір 112 метрге жетеді.

Әрқашан сақ болыңыз және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз!




👥8 сәуірде өмірге келген атақты тұлғалар. Бүгін Қазақстанның халық чемпионы Геннадий Головкин 43 жасқа толды. Қазір оның еншісінде 45 жекпе-жек, ​​43 жеңіс (37 нокаутпен), 1 тең ойын, 2 жеңіліс бар. GGG тарихта орта салмақтағы ең жоғары нокаут пайызы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енген. Спортшымыз 2024 жылдан бастап Ұлттық Олимпиада комитетін басқарады. 35 жыл бұрын K-Pop әншісі, продюсер, радиожүргізуші Ким Чен Ын (1990-2017) дүниеге келді. Ол танымал SHINee бойзбенінің бас вокалисті, сонымен қатар SM the Ballad жобасының мүшесі болды. Джонгхённың өлімі бүкіл әлемнің бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен таралып, корей ойын-сауық индустриясының шынайы көрінісін ашып, оның денсаулыққа психикалық әсері туралы пікірталас тудырды.

GGG қоштасу жекпе-жегін өткізеді деп ойлайсыз ба?


#күнтізбе #8сәуір #феншуй #ggg #өрт
👍7🔥4❤2👌2
💡🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴

Қаңлылардың көшпенді экономикасына енгізген жаңалықтары

📍Қаңлылар – Қазақстанның оңтүстігіндегі ежелгі көшпенді және отырықшы халықтардың бірі, олардың экономикасы өз кезеңінде жоғары дамыған әрі әртүрлі салаға негізделген болатын. Қаңлы тайпаларының экономикасын зерттеу олардың мәдениетінің тереңдігін, сондай-ақ көшпенді және отырықшы өмір салтының үйлесімділігін көрсетеді.

1️⃣ Көшпенді мал шаруашылығы

Қаңлылардың экономикасының негізін мал шаруашылығы құраған. Олар негізінен жылқы, сиыр, түйе, қой мен ешкі өсірген. Бұл малдар тек азық-түлік көзі ғана емес, сонымен қатар көлік, киім және тұрмысқа қажетті басқа да заттар өндіруде пайдаланылған.

Жылқы шаруашылығы қаңлылар үшін ерекше маңызды болды, өйткені жылқының терісі мен еті тамақ ретінде, ал жүні мен терісі киім мен төсеніштер жасау үшін пайдаланылған. Жылқыларды олар көбіне әскери мақсаттарда, әсіресе жорықтарда қолданған.

Түйе мен сиыр қаңлы экономикасында маңызды рөл атқарды, әсіресе олар сауда мен көлік үшін қолданылды.

2️⃣ Отырықшы шаруашылық пен егіншілік

Қаңлылардың кейбірі отырықшы өмір салтын ұстанған және егіншілікпен айналысқан. Олар ауыл шаруашылығында егістік жерлерін пайдалану арқылы астық, тары, арпа, бидай және сұлы өсірген. Отырықшы тұрғындар жер өңдеумен қатар, күріш пен бұршақ сияқты өнімдер де өндірген.

Егіншілікпен айналысатын қаңлылар үшін өзендер мен арық жүйелері өте маңызды болды, өйткені олар суару мақсатында осы жүйелерді пайдаланып, жаздың ыстық кезінде егіншілікті тиімді жүргізген.

3️⃣ Сауда және қолөнер

Қаңлы қоғамының маңызды ерекшелігі – сауда мен қолөнердің дамуы. Қаңлылар өздерінің мал өнімдерін, астықтарын, тұрмыстық заттарын басқа халықтармен саудалаған. Сауда олардың экономикалық жағдайын нығайтып, байлық жинауға мүмкіндік берген.

Қаңлы тайпаларының қолөнер өнімдері де жоғары бағаланған. Олар металл бұйымдар, әсіресе қола мен темірден жасалған құралдар мен әшекейлерді шебер жасаған. Қаңлылардың өздеріне тән қыш ыдыстар, тоқыма өнімдері, зергерлік бұйымдар саудада үлкен сұранысқа ие болған.

Қаңлы қоғамы көне заманның сауда жолдарында маңызды роль атқарды. Олар Жібек жолы арқылы Қытай, Орта Азия, Иран және басқа да елдермен сауда жасаған. Қаңлылар көптеген тауарларды – жібек, қолөнер бұйымдары, асыл тастар, жеміс-жидектер мен дәмдеуіштерді алмасқан.

4️⃣ Ауыл шаруашылығының жаңашылдығы

Қаңлылардың экономикасында жаңашылдық пен прогресшіл көзқарас айқын көрінді. Олар алғашқы ирригациялық жүйелерді жасап, оларды егіншілікке пайдаланған. Бұл жүйелерді, сондай-ақ жер өңдеу әдістерін жетілдіру арқылы, қаңлылар жоғары өнімділікке қол жеткізді.

5️⃣ Әскери экономика

Қаңлылардың әскери экономикасы да маңызды аспект болды. Көшпенді қоғам болғандықтан, олардың әскерінің күш-қуаты мал шаруашылығымен тығыз байланысты болды. Жылқы мен түйе сияқты көлік құралдары әскери жорықтарда басты рөл атқарды. Қаңлы әскерлері әскери тактикасы мен жылқыларының жылдамдығы арқасында көптеген жеңістерге жетті.

Қаңлының әскери қуаты тек қорғанысқа ғана емес, сонымен қатар олардың көрші мемлекеттермен сауда-саттық жүргізу кезінде маңызды болды.

#көшпенділерэкономикасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6🔥4👌3❤1😨1
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

😚Астанада өтетін Дженнифер Лопестің концерті ел қазынасына 400 миллион теңге табыс түсірмек

Министрліктің айтуынша, шетелден 15 мыңға жуық адам келуі мүмкін👍

🤩11 сәуірден бастап Қазақстанның футболына арналған коллекциялық монеталар сатыла бастайды

Тамаша!😍

🫠Алматыдағы Ботаникалық бақ уақытша жұмыс істемейді

Құлаққағыс!📌

Қазақстанда жасанды интеллект туралы заң әзірленеді

🤝ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары еңбек саласына қатысты маңызды тақырыпты талқылады🔺

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-62/

#Қазақстан #жаңалықтар #ДженниферЛопес #концерт #футбол #монета #Ботаникалықбақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5👌3
💡📆📆📆📆📆 9 сәуір

🤩1870 жылы 9 сәуірде Адай көтерілісін басу үшін Маңғыстауға Ресей әскерлері енгізілді. Кіші жүздегі халық толқуларының басты себептері – патша үкіметінің жаңа салық түрлерін енгізуі және қазақтардың ата-қоныстарының шекараларын өзгертуі болды. Шамамен 10 мың адам қатысқан бұл көтеріліс қатал түрде басып-жаншылды. Дегенмен Ресей билігі белгілі бір дәрежеде ымыраға баруға мәжбүр болды. Қуғын-сүргіннен қауіптенген көтеріліс басшылары мен көптеген адайлықтар Хиуа хандығының аумағына кетіп қалды. Бұл оқиға – ХІХ ғасырда қазақ халқының патша билігіне қарсы соңғы қанды көтерілісі ретінде тарихта қалды.

🤝9 сәуір – Автономды сенсорлы меридиан реакциясы халықаралық күні. Бұл құбылыс – адамның таныс әрі жағымды дыбыстарға (сыбырлау, сықырлау, қытырлау секілді) жауап ретінде бастың желке тұсынан бастап бүкіл денені жайлап өтетін шымырлауды сезінуімен байланысты. Мәселен, жаңа затты орауышынан шешкен кездегі дыбыс немесе қағаздың сытырлаған үні көпшіліктің есінде ерекше әсер қалдырады. Осындай қарапайым бейнероликтер миллиондаған қаралым жинайды, себебі олар адамның бойында тыныштық пен ләззат сезімін оятады.

Ал сізде қандай дыбыстан денеңіз шымырлайды?

👍9 сәуір – Халықаралық Топ-менеджер күні. Бұл күні компанияның даму бағытын айқындайтын, маңызды стратегиялық шешімдер қабылдайтын жоғары деңгейлі басшылардың кәсіби мерекесі аталып өтеді. Топ-менеджерлер — ірі кәсіпорындардың коммерциялық және әкімшілік қызметін басқарушылар. Олардың жетістікке жетуі көбіне сәтті жобаларды жүзеге асырумен байланысты. Бұл – жоғары жалақы мен беделге ие мамандық. Алайда ол үлкен жауапкершілік пен күйзеліске толы қызмет екенін де ескерген жөн.

Біздің арнаға жазылыңыз, дамыңыз, топ-менеджер болуға талпыныңыз!

👥9 сәуір – танымал екі тұлғаның туған күні. 689 жыл бұрын атақты қолбасшы Темір (Темірлан) дүниеге келді. Ол Осман империясымен, Алтын Ордамен, Моғолстанмен, Үндістанмен және өзге де көптеген мемлекетпен соғысып, ірі жеңіліс көрмеген. Темір Самарқандты астана еткен Әмір Темір империясын құрды. Оның әскери жорықтары Азия, Кавказ және Ресей тарихына зор ықпал етті. Темір Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салуға тікелей қатысып, құрылысшыларға нақты нұсқаулар бергені белгілі. Бұл кесене кейін қазақ хандары мен билері, батырлары мәңгі дамыл тапқан киелі мекенге айналды. 92 жыл бұрын әйгілі француз театр және кино актері Жан-Поль Бельмондо (1933-2021) дүниеге келді. “Профессионал”, “Әйел – ол әйел”, “Мұрагер” секілді фильмдерімен танымал актер аға буын көрермендердің сүйікті тұлғасына айналды. Ол Францияның жоғары марапаттары мен кәсіби сыйлықтарына ие болған.

Ал сіз Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып көрдіңіз бе?

#күнтізбе #9сәуір #кесене #Маңғыстау
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8👌3🔥2❤1
💡📰📰📰📰📰📰

Декреттік төлем сәуірден бастап өзгереді. Енді жүкті әйелдер қанша ақша алады?

📌 2025 жылдың 8 сәуірінен бастап жүктілік, босану бойынша төлемдер, сондай-ақ баланы бағып-қағуға қарастырылатын жәрдемақыны есептеу тәсіліне енгізілген өзгерістер өз күшіне енді. Бұл өзгерісті енгізуге декреттік демалыс төлемдері көлемін жасанды жолмен көтермелеу жағдайларының анықталуы, осыған байланысты қылмыстық істердің қозғалуы түрткі болған. «Үйде жатпа» сайты енді жүкті келіншектер қанша алатынын жаңа тәсілмен есептеп көрмек.

Негізінен, Қазақстандағы жүкті келіншектердің мына төлемдерді алуға құқығы бар:

1) Жұмыс істейтін әйелдер:

• Жүктілік және босануға байланысты әлеуметтік төлем, бұл - декреттік демалысқа арналған ақы. Қазақстанда декреттік демалысқа қалыпты босану жағдайында 126 күн беріледі. Оның ішінде 70 күн жүктілік және 56 күн босанғаннан кейін кезеңге қарастырылады. Төлем сомасы соңғы 12 айдағы орташа табысының көлеміне қарай есептеледі.
• Бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақы. Бұл – мемлекетпен белгіленген сома әрі бала санына қарай ол сәл-пәл өзгеріп отырады.
• Баланы 1,5 жасқа дейін күтуге арналған жәрдемақы. Төлем сомасы соңғы 24 айдағы орташа табысының көлеміне қарай есептеледі.

2) Жұмыс істемейтін әйелдер:

• Бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақы.
• Баланы 1,5 жасқа дейін күтуге арналған жәрдемақы.

🔺Өзгеріске ұшыраған не нәрсе?

1)Бұрын әйел адамның табысы қанша болса, соның 12 немесе 24 ай көлемін алып есептей беретін, ешқандай шектеу болмайтын. Ал енді декреттік демалыс кезеңіндегі әлеуметтік төлем мен босануға байланысты жәрдемақыны есептеу кезінде жұмыс беруші санына қарамастан, ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 7 еседен аспайтын көлемін қамтитын орташа айлық табыс қарастырылады. Яғни, бірнеше жерде жұмыс істеп, айына 595 мың теңге тапқан әйелдің декреттік демалыс төлемі 2 249 000 теңгені қамтымақ (бір реттік). Ал әйелдің ай сайынғы табысы 595 мыңнан асып, 600 мың, 700 мың немесе 1 млн теңгені құраса, белгіленген сомадан (595 мың теңгеден) асқан бөлігі есепке алынбайды.

Мұндай шектеу, негізінен бұрыннан бар-тұғын. Бірақ ол тек бір жұмыспен қамтушыға қатысты қарастырылып келген. Яғни, бірнеше жерде жұмыс істеу арқылы әйел адам бұл шекті әр жұмысында сақтай алатын. Мәселен, жинақталған бір айлық табысы 1 млн теңге болатын әйелдің декреттік демалыс төлемі 4-5 млн теңгеге дейін шығып кететін. Енді мұндайға жол жоқ.

2)Декреттік демалысқа шыққаннан кейінгі әлеуметтік аударымдар есепке алынбайды

Жүктілік және босану бойынша төлемдер есебінен енді сақтандыру жағдайы туындаған кезеңнен кейінгі әлеуметтік аударымдар алынып тасталып отыр (яғни, декреттік демалысқа шыққаннан кейінгі). Ал декреттік демалыс кезеңінде есепке алынбаған аударымдар бала күтімі бойынша төлемді есептегенде де қарастырылмайтын болады.

Айта кетсек, бұрын декреттік демалысқа шыққаннан кейін де әйел адамдар әлеуметтік аударымдар жасата беретін, сөйтіп бала күтіміне есептелетін жәрдемақы сомасын арттыруға мүмкін алатын.

Жұмыс істемейтін әйелдерге қатысты ешқандай өзгеріс жоқ.

‼️ Олар мемлекет белгілеген төлемдерді алады.

• Бала босанғанда берілетін жәрдемақы: бірінші, екінші және үшінші балаға - 38 АЕК, яғни 2025 жылғы есеп бойынша 149 416 теңге.
• Төртінші және одан көп балаға – 63 АЕК, яғни 2025 жылғы көлеммен есептегенде 247 716 теңге.
1,5 жыл бойындағы бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы:

• бірінші балаға – 5,76 АЕК (2025 жылы - 22 649 теңге).
• екінші балаға – 6,81 АЕК (2025 жылы - 26 777 теңге).
• үшінші балаға – 7,85 АЕК (2025 жылы - 30 867 теңге).
• төртінші және одан көп балаға – 8,90 АЕК (2025 жылы - 34 995 теңге).
Бұл арада жұмыс істемейтін әйел алғашқы сәбиін дүниеге әкелгенде жалпы сомасы 557 мың теңге көлемінде мемлекеттік төлем (бір реттік) алады (22 ай барысында).

(дереккөз – Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылғы 18 наурыздағы бұйрығы, ол 2025 жылдың 8 сәуірінен бастап өз күшіне енді)

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/dekrettik-t-lem-s-uirden-bastap-zgeredi-endi-zh-kti-jelder-ansha-a-sha-alady/

Авторы: Кәмшат Тілеухан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤3👎1👌1