Үйде жатпа!
8.14K subscribers
5.41K photos
175 videos
39 files
1.86K links
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Download Telegram
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

👀Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев әлем чемпионатына жолдама алған 40 футболшыға көлік сыйлады

Мәссаған, жақсы бастама екен👍

👥Жолдардың қауіпсіздігін бағалайтын ұлттық бағдарлама іске қосылды

Тамаша!🔥

💪Депутаттар екінші деңгейлі банктерге тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысуды ұсынды

Ұсыныс қолдау тапса, халық үшін баспана алу жеңілдей түспек📌

🙃Антифрод-орталық 2,5 млрд теңгенің алаяқтық жолмен ұрлануына тосқауыл болды

Ұлттық банк есебі жарияланыпты📍

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-top-3-zha-aly-y/

#Қазақстан #Өзбекстан #Президент #ШавкатМирзияев #Жолдар #қауіпсіздік #екіншідеңгейлібанк #баспана #Антифродорталық #алаяқтық
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👌2
💡📆📆📆📆📆 12 маусым

🤓12 маусым – Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні. Қазіргі таңда кейбір өндіріс орындары арзан жұмыс күшін пайдалану мақсатында кәмелетке толмағандарды еңбекке жегіп жүр. Сол себепті бала мүддесіне қайшы келетін және оның өмір сүру сапасына кері әсерін беретін кез келген еңбек күшін түбегейлі жою керек. Қазақстан заңнамасы бойынша, 14 жасқа толған оқушыларға денсаулығына зиян келтірмейтін, әрі сабақтан бос уақытта ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі. 14 пен 16 жас аралығындағы балалар аптасына 24 сағаттан артық жұмыс істей алмайды, ал 16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін бұл шектеу 36 сағатты құрайды. Ең бастысы — жұмысқа қабылдау кезінде кәмелетке толмаған баламен және оның ата-анасымен немесе қамқоршысымен міндетті түрде еңбек шарты жасалуы тиіс.


🙃1864 жылы 12 маусымда Ресей империясының әскері Азиядағы отарлау саясатын жалғастыра отырып, сол уақытта Қоқан хандығының құрамында болған Түркістанға басып кірді. Бұл шайқаста Қожа Ахмет Яссауидің киелі кесенесінің күмбездері зеңбірек оғына ұшырап, қабырғалары қатты зақымданды. Кейін орыс әскері Әулие-Атаны, Шымкентті, содан соң Ташкентті алды. Әскери басшылықтың әрекеттері қатал түрде жүргізілді. Әскери жорыққа қатысқан белгілі ғалым, офицер Шоқан Уәлиханов бас орыс генералына үзілді-кесілді наразылығын білдіріп, бірнеше қызу талқылардан кейін орыс әскеріндегі қызметінен бас тартты.



👀Бүгін швейцариялық пышақтың пайда болған күні. 1897 жылы 12 маусымда швейцар өнертапқышы Карл Элзенер ағаш сапты, екі жүзді, бұрағышы, консерв ашқышы, бізі мен тығын ашары бар әмбебап пышаққа патент алды. Бұл туындыны әскери адамдар сатып алғандықтан, Швейцарияда оны “солдат пышағы” деп атап кетті. Айта кетейік, швейцариялық пышақтың прототиптері ежелгі Рим дәуірінде де болған.

Үйіңізде швейцар пышағы бар ма?

👥12 маусым — әлемге танымал екі сұлудың туған күні. Бүгін бразилиялық супермодель Андриана Лима 44 жасын атап өтеді. Ол Victoria's Secret және Maybelline компанияларының бет-бейнесі ретінде танымал. Forbes журналының 2014 жылы шыққан рейтингі бойынша ол әлемдегі ең жоғары жалақы алатын модельдердің бірі болды. 2015 жылы оның табысы 9 миллион долларды құрады. Сонымен қатар бүгін америкалық актриса әрі модель Коди Хорн 37 жасқа толды. Ол сән әлемінде Ralph Lauren брендінің моделі ретінде танылса, кино сүйер қауымға 2012 жылы жарық көрген “Супер Майк” фильміндегі басты әйел рөлі арқылы белгілі.

Сізге қай актриса ұнайды: Адриана Лима немесе Коди Хорн?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #балаеңбегі #Түркістандыштурмдау #Швейцарпышағы #Туғанкүндер #Танымаладамдар #АдрианаЛима #КодиХорн
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍2🔥1👌1
💡💡💡💡💡💡💡

АҚШ, Канада, Франция: Дарынды жастарға арналған 8 үздік стипендиялық бағдарлама

📚 Бүгінде шетелде тегін білім алудың мүмкіндіктері көп. Жекеменшік қорлар мен университеттердің гранттарынан бөлек, әлемнің бірқатар елінде шетелдік студенттерді тартуға бағытталған мемлекеттік стипендиялық бағдарламалар бар. Бұл оқу ақысын, тұру және жол шығындарын толықтай немесе ішінара қамтиды. Төменде әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің ең танымал мемлекеттік стипендияларын жинақтадық.

🇺🇸 Fulbright бағдарламасы — АҚШ үкіметі қаржыландыратын стипендия

1946 жылы құрылған бұл бағдарлама әлемнің түкпір-түкпірінен үміткерлерді ашық байқау арқылы таңдайды.

📍Не қарастырылады:

• АҚШ университеттеріндегі магистратура бағдарламаларының оқу ақысы
• Ай сайынғы стипендия (тұрмысқа қажетті)
• Медициналық сақтандыру
• Ұшу және көлік шығындары

🔎 Талаптары:

• Жоғары білім немесе АҚШ бакалаврына тең дәрежесі болуы
• Кемінде екі жылдық жұмыс тәжірибесі
• Бұған дейін АҚШ-та жоғары білім алмаған болуы тиіс

🇬🇧 Chevening – Ұлыбритания үкіметінің стипендиясы

Көшбасшылық қабілеті бар студенттерге Ұлыбританияда тегін білім алуға мүмкіндік беретін халықаралық бағдарлама.

📍 Не қарастырылады:

• Оқу ақысы
• Ай сайынғы стипендия
• Ұшу шығындары
• Виза алу үшін төлем
• Chevening іс-шараларына қатысу гранты

🔎 Талаптары:

• Бакалавр дәрежесі
• Ең аз дегенде екі жылдық жұмыс тәжірибесі
• Ұлыбритания университетінен шақырту қағазы

🇰🇷 Global Korea Scholarship — Оңтүстік Корея үкіметінің стипендиясы

Жас көшбасшыларды қолдап, елге дарынды студенттерді тарту мақсатында құрылған бағдарлама.

📍 Не қарастырылады:

• Ұшу шығындары
• Ай сайынғы стипендия және ғылыми жобаға арналған қаржы
• Тіл курстары мен оқу ақысы
• Медициналық сақтандыру

🔎 Талаптары:

• Орта білім туралы аттестат
• 25 жасқа дейінгі үміткерлер
• Жақсы денсаулық жағдайы
• Үздік академиялық көрсеткіштер

🇹🇷 Türkiye Bursları – Түркия үкіметінің стипендиясы

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген жастарға Түркия университеттерінде білім алуға арналған толық қамтылған бағдарлама.

📍Не қарастырылады:

• Ай сайынғы стипендия (700–3000 түрік лирасы аралығында)
• Ұшу және жатақхана шығындары
• Тегін оқу және тіл курстары
• Медициналық сақтандыру

🔎 Талаптары:

• Жас шектеулері бағдарламаның түріне қарай өзгереді
• Жоғары академиялық көрсеткіштер және белсенділік

🇨🇦 Vanier Canada Graduate Scholarships — Канада үкіметінің аспиранттарға арналған стипендиясы

2008 жылы бекітілген бағдарлама әлемнің үздік жас ғалымдарын Канадаға тартуға бағытталған.

📍 Не қарастырылады:

• Жылына 50 000 доллар стипендия

🔎 Талаптары:

• Зерттеу саласы: гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары, инжиниринг, денсаулық сақтау
• Бұл – үміткердің PhD деңгейіндегі алғашқы оқуы болуы тиіс
• Өте жоғары академиялық нәтиже

🇭🇺 Stipendium Hungaricum – Венгрия үкіметінің стипендиясы

Бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларына түскісі келетін шетелдік студенттерге арналған.

📍Не қарастырылады:

• Оқу ақысы
• Ай сайынғы стипендия (120–580 еуро аралығында)
• Тұру және медициналық сақтандыру

🔎Талаптары:

• 18 жастан жоғары
• Жақсы үлгерім

🇫🇷 Eiffel Excellence Scholarships – Франция үкіметінің стипендиясы

Француз жоғары оқу орындарының әлемнің үздік студенттерін тартуына мүмкіндік беретін бағдарлама.

📍Не қарастырылады:

• Магистратура үшін – ай сайын 1181 еуро
• Докторантура үшін – ай сайын 1400 еуро

🔎Талаптары:

• Зерттеу саласы: құқық, экономика, менеджмент, инженерия, жаратылыстану немесе саясаттану

🇳🇱 Holland Scholarship – Нидерланды үкіметінің стипендиясы

Нидерландыда бакалавриат немесе магистратура бойынша оқығысы келетін шетелдік азаматтарға арналған.

📍 Не қарастырылады:

• Бірінші оқу жылында 5000 еуро көлемінде стипендия

🔎Талаптары:

• ЕО азаматтығы болмауы тиіс
• Бағдарламаға қатысушы университеттердің күндізгі оқу түріне өтініш беру

📌 Егер сіз шетелде оқуды армандайтын болсаңыз, бұл бағдарламалар – нақты мүмкіндік бермек.

#оқу #шетел #стипендия
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👌2🤩1
💡📰📰📰📰📰📰

Баршаға сәлем, қымбатты оқырман!

Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍

🤩Қазақстанда үй сатып алуда қолма-қол есеп айырысуға тыйым салынады

Жаңа заң мақұлданыпты📌

👏Қазақстандық дәрігер ұшақта жолаушының өмірін құтқарып қалды

Дәрігердің ерлігі көпшілікке үлгі🙌🏻

👍Жетісу облысында кәсіпкерден 10 миллион теңге бопсалаған блогер сотталды

Кейінгі уақытта Қазақстанда блогерлердің бопсалауға байланысты ұсталу деректері жиілеп кетті😨

👀Мәжіліс депутаты банктік шоттардың толық бұғатталуы азаматтарды қиын жағдайға қалдырып жатқанын айтты

Сіз не дейсіз?🤔

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-103/

#Қазақстан #Жаңалық #үй #қолмақолесепайырысу #дәрігер #ұшақ #банктікшот
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍1👌1
💡📆📆📆📆📆 13 маусым

👏13 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымы бастамасымен халықаралық альбинизм туралы ақпарат тарату күні аталып өтеді. Альбинизмге шалдыққан адамдардың терісі ерекше ақшыл, шашы — қардай аппақ, ал көздері өте ашық түсті болып келеді. Мұндай адамдар әлі күнге дейін қоғамда ерекше көзқарасқа ұшырап жатады. Мәселен, сырт келбеттеріне байланысты олар айналасындағылардың таңданысы мен түсінбеушілігін, тіпті қорқынышын тудырады. Алайда бұл өзгешелік ұзақ әрі мағыналы өмір сүруге кедергі емес. Мұндай жандарға қолдау көрсету, оларды қабылдай білу — қоғамның адамгершілік деңгейін көрсетеді. Сондықтан да альбинизмі бар адамдарға түсіністікпен қарап, олар үшін қолайлы әлеуметтік орта қалыптастыру — бәріміздің ортақ міндетіміз.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?


🙌Бүгін — Халықаралық тігін машинасы күні. 1790 жылы 13 маусымда ағылшын өнертапқышы Томас Сент алғашқы тігін машинасының құрылымына патент алды. Олар бастапқыда қарапайым әрі біршама шектеулі болса да, киім тігетін адамдардың жұмысын едәуір жеңілдетті. Кейінірек Исаак Меррит Зингер есімді өнертапқыш бұл саланың дамуына айрықша үлес қосты — ол тұрмыстық қолданысқа арналған сенімді тігін машиналарын жасап шығарды.

Егер таныс тігіншілерді білсеңіз, мерекесімен құттықтап қойыңыз!


👀8 жыл бұрын Димаш Құдайберген 2017 MTV Global Chinese Music Awards байқауында “Шетелдік үздік танымал әнші” номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Байқаудың ресми сайтында дауыс беру 22 мамыр мен 10 маусым аралығында өтіп, жеңімпаздардың есімі 13 маусымда белгілі болды. Димаш “Ең үздік шетелдік танымал әнші” және “Ең танымал жаңа әнші” номинациялары бойынша Азияның 8 танымал әншісімен бәсекеге түсті. Еске салайық, Димаш өзінің жеңіс жолын “Жас қанат 2012” байқауында бас жүлдеден бастаған.

👥13 маусым — екі атақты адамның туған күні. 32 жыл бұрын қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тен (1983-2018) дүниеге келді. Ол әлем чемпионаттарының жүлдегері, Төрт құрлық чемпионаты мен Азия ойындарының жеңімпазы, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы және Қазақстанның бес дүркін чемпионы болды. Өкінішке қарай, ол автокөлігінің айнасын ұрлап жатқан қылмыскерлерді тоқтатуға тырысқанда қастандықпен өлтірілді. Алматы қаласында оның құрметіне ескерткіш орнатылған. Сонымен қатар бүгін америкалық актер Крис Эванс 44 жасқа толды. Ол Marvel фильмдеріндегі Капитан Америка рөлімен танымал. Жасы қырықтан асса да, актер 50-ге жуық фильмге түсіп үлгерген.


#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Альбинизмтуралыақпарат #Тігінмашинасыныңөнертабысы #ДимашҚұдайберген #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ДенисТен #КрисЭванс
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌4❤1👍1
💡🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎞

🎬"Тимбилдинг" комедиясы. Компания басшысы қызметкерлерін тауға тимбилдингке алып барады. Бастапқыда көңілді басталған демалыс тамаданың ойыны арқылы күрт өзгереді: әркімге лотерея билеті таратылып, біреуі 680 миллион теңге ұтып алады. Осы сәттен бастап достық пен бірлікке құрылған ұжымда ашкөздік пен қызғаныш өршіп, жайлы кеш — үлкен ақшаның айналасындағы алапат тартысқа, адам жанының қараңғы қырларын ашатын гладиаторлық майданға айналады.
Басты рөлдерде: Марат Әміраев, Мирас Исаев, Анна Козлова, Әсел Қостаубаева. Жас рейтингі: 16+

Біздің кино шолу мына жерде: https://youtube.com/shorts/-jnObrA8rMc?si=I2T5Qgh_Y093ydLp

🎬"Как приручить дракона" фантастикасы.
Олух аралында баяғыда ұмытылған үрей қайта оянып, викингтер мен айдаһарлардың тағдырына қауіп төндіреді. Осындай сын сағатта тапқыр жас викинг Иккинг пен сирек кездесетін Түнгі қаһар тұқымынан шыққан айдаһар — Беззубиктің достығы екі халықтың да болашағын айқындайтын шешуші күшке айналады. Басты рөлдерде: Мейсон Темз, Нико Паркер.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=5QrRs2-o6Qs

🎬"Материалистка" мелодрамасы. Люси — кәсіби неке агенті. Ол махаббатты есеппен құруға болады деп ойлайды және бұл істе өзінен асқан маман жоқ екенін жақсы біледі. Алайда өзі әлі күнге дейін жалғыз. Бір күні өмірінде сымбатты миллионер Рэнди пайда болып, оған назар аударады. Артынша, күтпеген жерден бұрынғы сүйіктісі Джон да оралады. Сол кезде Люси шын махаббат ешқандай жоспар мен формулаға бағынбайтынын түсінеді. Басты рөлдерде: Педро Паскаль, Крис Эванс, Дакота Джонсон. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=qMjFn6X3wqg

🎬"Торнадо" боевигі. Әкесінен айырылған Торнадо қылмыскерлерден кек алуға бел буады. Банданың ұрлаған алтынын тартып алған ол самурай өнерін жетік меңгерген жауынгер ретінде қылмыстық әлемге қарсы тұрады. Бұл — тек кек емес, әділет үшін басталған күрес. Өмір мен өлім таразыға тартылған шайқаста тірі қалу — жалғыз мақсат. Басты рөлдерде: Мицуки Кимура, Тим Рот. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=sXXL65bRFT0

🎬"Жизнь Чака" фантастикасы. Чактың айналасындағы әлем біртіндеп көз алдында құлдырап бара жатқандай. Көшелерде, ғимараттарда оған алғыс айтылған жазбалар пайда бола бастайды. Чак кім? Оның бүкіл әлеммен қандай байланысы бар? Уақыт пен кеңістікке сыймайтын естеліктер, жүректегі терең сезімдер мен өмірдің ұмытылмас сәттері бұл оқиғаны шынайы әрі ерекше етеді. Басты рөлдерде: Том Хиддлстон, Карен Гиллан. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ZPFJYnVaZaU

🎬"Синистер. Из тьмы" қорқынышты фильмі. Швециядағы табиғи қорықта бір әйел із-түзсіз жоғалады. Қорықшы Ангелика бұрынғы жігіті, кинолог Виктордан көмек сұрайды. Олар бірге үңгірлерді зерттеп жүріп, кек алуға құмар рухпен бетпе-бет келеді. Басты рөлдерде: Оскар Скагерберг, Питер Мерлин. Жас рейтингі: 18+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=GNdtvJzXCnQ

#жаңафильмдер #аптаныңпремьералары #аптаныңпостері #Қазақстанкинотеатрлары #Тимбилдингфильмі #Какприручитьдракона2025
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍4👌1
💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

👥Алматыда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Абай болыңыздар! ‼️

👥Қазақстанда жолды бүлдіретін ауыр көліктерді автоматты түрде анықтайтын жүйе енгізіледі

Тамаша!👍

👏26–28 маусым аралығында Алматыдағы Республика сарайында “Korea–Kazakhstan Culture and Trade Week” атты ауқымды шара және сауда апталығы өтеді

Сіз де барып көріңіз📌

😁Автобуста әйелмен болған жанжалдан кейін қазақстандық жігіт әлемдік модельдік агенттікпен келісімшартқа отырды

Мәссаған, керемет мүмкіндік екен🔥

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-top-3-zha-aly-y-2/

#Қазақстан #Жаңалық #Алматы #алаяқтық #жол #KoreaKazakhstanCultureandTradеWeek #қазақстандықжігіт #модель
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍2👌1
💡📆📆📆📆📆 14 маусым

🌝Бүгін — Дүниежүзілік қан доноры күні. 14 маусымда өмірге қауіп төндірмей, қан құюға мүмкіндік беретін қан топтарын ойлап тапқан австриялық дәрігер Карл Ландштайнер (1868–1943) дүниеге келді. Бұл күні ауқымды жиналыстар мен салтанатты концерттер өткізілмейді. Өйткені бұл адам өмірін құтқаруға арналған бастама болып келеді. Донорлар – өмір мен үміттің арасында көпір болып тұрған қарапайым батырлар. Қан қорлары – тек солардың арқасында толығып отырады.

Оқырмандарымыздың арасында донорлар болса, сіздерге алғыс білдіреміз!


🔥Бүгін — Халықаралық блогерлер күні. 2004 жылдың 14 маусымында 40 елден 500 адам бірігіп, блогерлердің өз күні болуы тиіс деген шешімге келді. Бүгінде әрбір адамның жеке блогы бар немесе өзіне қызық блогтарды оқып отырады. Олар көп жағдайда жаңа әрі ерекше дүниелерді жариялап отырады. Сәйкесінше, бұл жеке дамуға және жаңалықтардан дер кезінде хабардар болуға көмектеседі.

Қазақстандық блогерлерден кімді оқисыз?

👏14 маусымда Халықаралық монша күні де аталып өтеді. Моншаға бару денеге жеңілдік, ал жанға тыныштық пен шабыт сыйлайды. Ежелгі дәуірден бері халқымыз бу мен судың шипалы күшін білген. Оған тарихи ескерткіштер дәлел. Археологтар Қазақстан аумағындағы ежелгі қалаларда қоғамдық моншалар әрқашан көрнекті орындардың қатарында болғанын айтады.

Сіз моншаны ұнатасыз ба?


👥14 маусымда саясатқа қатысы бар екі танымал тұлға өмірге келді. 97 жыл бұрын Куба революциясының атақты коменданты Эрнесто Че Гевара (1928-1967) дүниеге келді. Әлемде оның беделіне тең келетін тұлға аз. Ол Латын Америкасының бірнеше елінде революциялық қозғалыстарға қатысып, халық үшін жанын аямаған. Сонымен қатар бүгін миллиардер, АҚШ президенті Дональд Трамп 79 жасқа толды. Президент болмай тұрып Трамп бизнесте үлкен жетістіктерге жетіп, тележүргізуші ретінде де танымал болды. Өткен жылы Республикалық партиядан президенттікке үміткер ретінде демократ Камала Харристі айқын басымдықпен жеңіп, Ақ үйге қайта оралды. Forbes басылымының биылғы дерегі бойынша, оның байлығы 5,1 миллиард долларды құрайды.

Сізге қай саясаткер ұнайды: Эрнесто Че Гевара немесе Дональд Трамп?

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Доноркүні #Блогерлеркүні #Буменмоншакүні #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ЭрнестоЧеГевара #ДональдТрамп
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍4👌1
💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆

14-15 маусым күндері Алматы мен Астанада қайда тегін баруға болады?

Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астанада тегін баруға болатын таңдаулы іс-шаралар топтамасын дайындады. Өкінішке қарай, басқа қалалардан нақты мәлімет түспеді. Егер сіз өз қалаңызда өтетін көрмелер мен мәдени іс-шаралардан хабардар болсаңыз, бізбен пікір алаңында бөлісуді ұмытпаңыз.

АЛМАТЫ:

🧠"Қиял ойлар" көрмесі

Бұл көрмеде ұсынылған туындылар көрерменді өзінің ішкі әлеміне үңілуге, көзге көрінетіннің ар жағындағы нәзік болмысты түйсінуге жетелейді. Әр сурет — қарапайым не күрделі оқиғалардың жан мен санаға әсер ететін тұстарын дәл ұстап, көзге ілінбес мағына мен астарды тереңнен жеткізеді. Сюжеттердің ауқымы — шынайылық, түс және миф аралығындағы кеңістік.

Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 14 және 15 маусым, 11:00 – 19:00

👀Ашық аспан астындағы кино көрсетілімі

Жаздың нағыз қызған шағы. Аптап ыстықта күндіз серуендеу қиындай түспек. Ал кешкі салқынмен қыдыру сәнге айналмақ. Алайда бұған қамығудың қажеті жоқ — өйткені бұл мезгіл ашық аспан астында кино көруге таптырмас сәт. Жұлдызды аспан астында тек отандық жаңа туындылар көрсетіледі. Ендеше оларды таза ауада көріп, жазғы кешті әсерлі естеліктерге айналдырыңыз.

Орны: Жас көрермен театрының алдындағы алаң, Абылай хан даңғылы, 38
Күні: 14 маусым, 19:00

👣GIRLHOOD көрмесі

Көрмеге қойылған суреттер әйелдер арасындағы рухани жалғастықты бейнелейді. Суретші туындыларын өзіне ғана тән шеңберге тұйықтамайды, керісінше, жаңа көзқарас көкжиегін ашады. Мұнда бұрыннан берілген өмірлік тәжірибе әр көрерменнің жан дүниесіне жақын, жеке мәнге ие құбылыс ретінде қабылданады.

Орналасқан жері: Esentai галереясы, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3 қабат)
Күні: 14 және 15 маусым, 10:00-22:00


🙌“Нүкте мен Сызық” көрмесі

Бұл — ұстаз бен шәкірттің, Арыстанбек Шалбаев пен Айша Бақтығұлованың арасында өрбіген шығармашылық диалог. Мұндағы абстракт өнер пішін туралы емес, ішкі күй туралы сыр шертеді. Авторлардың туындылары — ақылмен емес, жүрекпен сезінуге шақыратын, әлемді эмоция арқылы бейнелейтін шығармалар. Нүкте мен сызықтың үйлесімі — түйсік пен қабылдаудың өзіндік тіліне айналған көркем әлем.

Өтетін орны: Efes Art Space, Желтоқсан даңғылы, 137
Күні: 14 және 15 маусым, 10:00 – 19:00

🙌“Baqsylyq” көрмесі

Бұл көрмеде көрермендер Қазақстанның заманауи өнер өкілдерінің туындылары арқылы Орталық Азия халықтарының қазіргі мәдени мұрасы мен шаманизм ұғымының тарихи-әлеуметтік байланыстарын тамашалай алады. Сондай-ақ қонақтарды сан түрлі тосын өнер нысандары күтеді. Олардың қатарында XVIII ғасырдан бастау алатын көне зергерлік бұйымдар секілді мәдени артефактілер де бар.

Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79-үй
Күні: 14 және 15 маусым, 12:00 – 17:00


АСТАНА:


👤"QAZAQ CONTENT" көрмесі

Көрмеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген суретшілердің жұмыстары қойылады. Бұл – стильдік емес, мағыналық үндестікке негізделген экспозиция. Жобаның өзегі – халықтың рухани болмысы мен ішкі әлемін бейнелейтін мазмұн. Бұл – ұлттың өмірбаяны іспетті көркем әңгіме.

Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1
Күні: 14 және 15 маусым, 10:00 - 20:00


Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!


#Алматыафишасы #Астанаафишасы #қайдабарукерек #тегін #ашықаспанастындағыкинокөрсетілімі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤10
💡📰📰📰📰📰📰

Ресейлік әнші федералды арна эфирінде қытайлықтарды ренжітті

Қызықты болса, біздің видеомызды соңына дейін қарап, лайк басып, парақшамызға тіркеліңіз👍

https://youtube.com/shorts/7bom8PnmZLI

#миабойка #жаңалықтар #новости #певица #үйдежатпа
#рек #китайцы #қытайлықтар #әнші
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌5👍2❤1
💡📆📆📆📆📆 15 маусым

👩‍⚕️Маусым айының үшінші жексенбісінде Медицина қызметкерлері күні аталып өтеді. Бұл кәсіби мереке 1998 жылы Қазақстан Президентінің Жарлығымен бекітілген. Осы күні Армения, Беларусь, Молдова, Украина және Ресей елдеріндегі медицина қызметкерлері де құттықтаулар қабылдайды.
“Медицина” сөзі көне грек тілінен аударғанда “емдеу өнері” дегенді білдіреді. Ал ондай өнерге ие жандар – қай кезде де қоғам үшін аса қажетті адамдар. COVID-19 пандемиясы медицина мен дәрігерлердің қоғамдағы рөлінің қаншалықты маңызды екенін тағы бір дәлелдеді.

Егер жақындарыңыздың арасында дәрігерлер болса, міндетті түрде құттықтаңыз!

🗣Маусым айының үшінші жексенбісінде сондай-ақ Халықаралық Әке күні де аталып өтеді. Бұл күннің мақсаты – отбасының асыраушысы ғана емес, бала тәрбиесіне де белсене араласатын әкелердің отбасындағы ерекше рөлін атап өту. Отбасының тірегі саналатын әкенің балалардың психологиялық және физикалық дамуына тигізер ықпалы зор.

Әкеңізді бүгінгі күнмен құттықтауды ұмытпаңыз!

👀15 маусымда белсенді өмір салтын ұстанатындар халықаралық серуендеу күнін атап өтеді. Жаяу серуендеу – дене бітімді сақтап қана қоймай, денсаулықты нығайтып, психоэмоционалды күйді теңестіретін тәсіл. Сондай-ақ табиғатпен үндесу жан мен тәннің саулығын қалпына келтіреді. Ғалымдардың зерттеуінше, аптасына үш рет қырық 40 жаяу жүретін адамдардың интеллектуалды қабілеті әлдеқайда жоғары болады екен.

Ал сіз жаяу жүргенді ұнатасыз ба?


👥15 маусымда ер адамдардың кемшіліктері күні аталып өтеді. Әйелдердің пікірінше, еркектердің басты кемшілігі: өзімшілдік, жалқаулық, дөрекілік, жалқаулық, көп жағдайда үнсіздік танытуы, тұрмыстық істерге икемсіздігі, қиялының төмен болуы және ішімдікке құмарлығы. Иә, ешбір адам мінсіз болмайды. Алайда бір-бірінің жағымсыз әрекеттері мен кемшіліктеріне шыдай алмаған көптеген ерлі-зайыптының жолы екіге бөлініп жатады. Десе де, бұл кемшіліктер ер адамның жақсы қасиеттерінің қасында түкке тұрғысыз боп қалуы да мүмкін. Еріне деген махаббаты мен құрметі жоғары әрбір әйел даналығының арқасында таңдауы түскен адамын еш ұрыс-керіссіз әрі үйлесімді қарым-қатынаста жақсы жаққа өзгерте алады. Бүгін жұбайыңызға жай ғана оның жақсы адам екенін айтып, жылы сөзіңізді арнаңыз. Осы әрекетті жиі қайталайтын болсаңыз, оның сізге деген қарым-қатынасының өзгергенін байқайсыз. Әрі сіз үшін көп нәрсе жасауға дайын болады.

#Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Медицинақызметкерлерікүні #Әкекүні #Серуендеукүні #Еразаматтардыңкемшіліктері
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9👏3👌2